2-параграф. Тереңдетілген қоймалар
680. Қоймаға баратын қазбалар үсті, сыртқа ашылатын екі қабат есікпен жабдықталады. Сыртқы есік тұтас темірден немесе темірмен қапталған ағаштан, ал ішкі есік тордан жасалады.
681. Егер қоймаға кірер ауыздан ең жақын ЖМ сақтау камерасына дейінгі ара қашықтық 15 метрден артық болса, қойма екі кірер ауызбен қамтамасыз етіледі. Қойма жерасты қойма талаптарына сай желдетіледі.
682. Қоймаға баратын қазба ауызының алдына қазба биіктігінен 1,5 метр жоғары қорғаныш үймек орнатылады. Үймек ұзындығы қазбаның енінен үш есе ұзын болады, ал ені 1 метрден кем болмайды. Үймектің түбіндегі мөлшері топырақтың шынайы бұрышына сәйкес анықталады.
683. ЖМ сақтауға арналған камералар және оларға келетін қазбалар, жанбайтын немесе оттан қорғау құрамымен өңделген ағаш қатаймамен бекітіледі.
684. Тереңдетілген ЖМ қоймасының электр қондырғылары осы Қағидалардың 612-тармағының талаптарына сәйкес келеді. Тереңдетілген қойма қазбасының жарықтандыруын ажырату және қосу жер бетінен жүргізіледі.
Тұрақты электр қуаты болмаған жағдайда қоймаға жарық беру үшін кеніштердегі жеке аккумуляторлы шамдарды пайдалануға болады.
685. Әрбір қоймада ұйыммен телефон байланысы болады.
686. Тереңдетілген ЖМ қойма сақтағыштарының үстіндегі қабат 10 метрден артық болса, жай қорғағышпен жабдықталмайды.
Қоймада рельстік жол бар болса, олар жер бетінде орналасқан рельстен, құбырдан оқшауланады.
687. Тереңдетілген ЖМ қоймасы аумағы қоршалған жғадай қойма кірер ауыздары қоршау ішінде болуы шарт.
688. Күзетші бекеттері қоймаға кірер ауызда, желдеткіштер қазбасы ауызында, егер олар қоймаға кіре берістегі бекеттен көрінбейтін болса, қосалқы шығар ауызда орналастырылады.
689. Тереңдетілген қойма құрылымына қойылатын басқа талаптар жер бетілік қойма талаптарына сәйкес болады.
35. ЖМ қоймаларын найзағайдан қорғау тәртібі
690. ЖМ қоймаларын найзағайдан қорғау жергілікті жердің найзағай белсенділігіне қарамастан жобаға сәйкес жасалады.
691. Тұрақты, уақытша жербетілік, жартылай тереңдетілген және тереңдетілген (үстіндегі қабат қалыңдығы 10 метрден аз кезде) ЖМ қоймасы үшін, жер бетінде орналасқан ЖМ дайындау ғимараттары үшін, электр детонаторларымен соққыштар жасау пункттері үшін найзағайдың тікелей немесе қайталай соққан соққысынан қорғаныш салу міндетті.
692. Жарылыс жұмыстарын жүргізуші кәсіпорындардағы ЖЗ дайындау және жасайтын тұрақты пункттер жайдан қорғағышпен жабдықталады.
693. ЖМ сақтау контейнерлері алаңдары және ЖМ тиелген көлік құралдарының тоқтау талабы найзағайдың тікелей соққысынан қорғалады. ЖМ қысқа мерзімді қоймаларды (жүзетін қоймалардан басқалары) жайдан қорғағышпен жабдықтамауға рұқсат беріледі.
694. Найзағай кезінде адамдардың найзағайдан қорғаудың құрылғылары орналасқан аймақта жүруіне рұқсат берілмейді.
695. Қауіпті қадамдық қуаттарды төмендету үшін тереңдетілген, шашылған сәуле және шеңбер секілді шашыратылған жерлендіргіштер қолданылады.
36. ЖМ қоймаларын күзету тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
696. Барлық базистік және шығыс қоймалары, жер бетіндегі ЖЗ сақтау орынжайлары тәулік бойы күзетіледі.
697. ЖЗ қоймасының күзетілуін, құралдары мен қарауылдарды тексеру тәртібі «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының нормаларына сәйкес анықталады және жүзеге асырылады.
698. Күзеттің түрі, құрамы, саны, бекеттердің орналасуы мен қойманы күзету тәртібі жобамен белгіленеді. Күзетуді қатаңдату үшін блок бекеттерінде орналасатын қарауыл иттер пайдалануға болады.
2-параграф. Өткізу тәртібі
699. Рұқсат тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімінің 23-тарауында көрсетілген объектілерде енгізіледі және мынадай негізгі іс-шаралардың орындалуын қамтиды:
1) объектіге ену тәртібін белгілеу;
2) ЖЗ енгізу, әкелу, шығару және алып шығу тәртібін белгілеу;
3) өткізу тәртібін қамтамасыз ететін қызметтік үй-жайларды жабдықтау (қарауылдық және күзет үй жайлары, бақылау-өткізу және өту пункттері).
Өткізу тәртібі бойынша әзірленген іс-шараларды ұйым басшысы бекітеді және күзетілетін объектінің барлық қызметкерлеріне жарияланады.
4-бөлім. ЖМ жоғалуын техникалық тергеу тәртібі
700. Техникалық тергеу ЖЗ жоғалуының барлық жағдайларында жүргізіледі.
ЖЗ жоғалуы ретінде сақтау, тасымалдау, қолдану немесе есептеу тәртібінің бұзылуы салдарынан ЖЗ ұрлану, лақтыру және жоғалу (оның ішінде сапасын жоғалту) жағдайлары жатады.
Техникалық тергеудің мақсаты сақтау, тасымалдау, қолдану немесе есептеу тәртібінің бұзылуы салдарынан ЖЗ жоғалу жағдайлары мен себептерін анықтап, әрі қарай мұндай жағдайға жол бермеу болып табылады.
701. Ұйымдарда ЖЗ жоғалуының барлық жағдайлары туралы басшыға хабарлау тәртібі анықталады.
ЖЗ жоғалу туралы кәсіпорын басшысы тәулік ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесі мен ішкі істер органына хабарлайды. Ұйым басшысы ЖЗ жоғалуына байланысты өндірістік жағдайдың, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Комиссияның келуіне дейін оқиға болған орында, ЖЗ әрі қарай жоғалуына байланысты, адамдарды құтқару немесе авариялық жағдайды жою жұмыстарынан басқа барлық жұмыстар тоқтатылып, ЖЗ іздеу мен орнына қайтару шаралары жасалады.
702. ЖМ жоғалуына техникалық тергеу «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 15-тарауымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5-бөлім. Өндірістік бақылау тәртібі
703. Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды ұйым жетекшісінің шешімімен тағайындалған уәкілетті адамдар және (немесе) уәкілетті бөлім жүзеге асырады.
704. Өндірістік бақылаудың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалауын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу және талдау;
4) өндірістік жұмыстар қауіпсіздігіне әсер ететін жағдайлар мен бұзу себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының уақтылы жүргізілуін, өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды, техникалық құрылғыларды сынау және техникалық куәландыруды, өлшеудің бақылау құралдарын жөндеу және тексеруді бақылау.
705. Өндірістік бақылау туралы ереже пайдаланатын ұйымдармен барлық қауіпті өндірістік объектілерге әзірленеді.
706. Ұйымның техникалық басшысы анықтаған жағдайларда жекелеген қауіпті өндірістік объектілер үшін өндірістік бақылау туралы ереже әзірлеуге рұқсат беріледі.
707. Өндірістік бақылау туралы ереже қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасы өзгерген кезде қауіпті өндірістік объектілерде технологиялық процестер өзгерген кезде қайта қаралады.
708. Өндірістік бақылау туралы ережеге енгізілген өзгерістерді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
709. Өндірістік бақылау туралы ереже:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыру туралы мәліметтер;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке өндірістік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың, өндірістік бақылауды ұйымдастыруға жауапты адамдардың аты-жөні, олардың лауазымы, білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, орындалатын міндеттер көлемінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін соңғы тексеру күні;
3) қауіпті өндірістік объектілер саны;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері, бұзушылықтарды жою, қадағалау органдары жазбаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспары;
5) өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың, техникалық құрылғылардың жағдайы мен техникалық куәландырылуы туралы мәліметтер;
6) пайдаланатын ұйымдардың авария уақытындағы әрекеттерге дайындығын бағалау;
7) қауіпті өндірістік объектілерде болған авария, инциденттер және жазатайым оқиғаларды сипаттау, олардың туындау себептерін талдау және қабылданған шаралар;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде айналысатын басшыларды, мамандарды және басқа да жұмыскерлерді дайындау мен білімін тексеру туралы мәліметтер;
9) құжаттаманы сақтау орындары, осы құжаттаманың сақталуы мен уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ететін адамдар, көрсетілген құжаттамаларға өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі, көрсетілген құжаттардың өзектактендірілуін жүргізуді талап ететін себептер туындағаннан кейін құжаттаманы өзектендіруді өткізу мерзімдері;
10) өндірістік бақылауды жүзеге асыру тәртібі, бақылау шараларын жүргізу кезеңділігі, шараларды жоспарлау, қаржыландыру, шараларды орындау бойынша есептілік, тиімділікті бағалау, тиімділікті арттыру бойынша шаралар өңдеу, өндірістік бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдерді орындау тәртібін құрайды.
710. Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікке өндірістік бақылауды жүзеге асыратын адамдар:
1) қауіпті өндірістік объектілер жұмыскерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына бақылау жүргізеді;
2) пайдаланатын ұйым бөлімдерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияны жою бойынша шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастырады;
5) қауіпті өндірістік объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
6) авариялар, инциденттер, жазатайым оқиғалар себептерін техникалық тексеруге қатысады;
7) қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер, жазатайым оқиғалардың туындау себептеріне талдау жүргізеді және оларды тіркеу құжаттамаларын сақтауды жүзеге асырады;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді дайындау, қайта даярлау және білімін тексеруді ұйымдастырады;
9) жаңа технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды енгізуге қатысады;
10) қауіпті өндірістік объектілер жұмыскерлерінің назарына өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жеткізеді;
11) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және қайта қарауға қатысады;
12) пайдаланатын және мердігер ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын бағалау үшін құжаттармен танысуға құқылы;
13) қауіпті өндірістік объектілерге тәуліктің кез келген уақытында еркін кіруге құқылы;
14) ұйым басшысына ұсыныстар енгізеді:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының және нормаларының бұзылуын жою туралы;
қауіпті өндірістік объектілерде жұмыскерлер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзумен жүзеге асырылатын жұмыстарды немесе қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлерге, тұрғындарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсерін тигізуі мүмкін жұмыстарды тоқтату туралы;
қауіпті өндірістік объектілерде сәйкес біліктілігі жоқ, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша уақтылы дайындау, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы;
марапаттау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту туралы.
711. Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға жауапты адамның әрекеті, оның біліктілігіне қойылатын талаптар өндірістік бақылау туралы ережемен және онымен жасалатын келісімшартпен (шарт) айқындалады.
712. Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға жауапты адам:
1) қауіпті өндірістік объектілер құрылысы мен қайта құрылуына, қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бөлігінде жөнделуін;
2) авариялардың, инциденттер мен жазатайым оқиғалардың туындау себептерін жоюды;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын, сынауларды және өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстар мен техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруларды жүргізу, өлшеу құралдарын жөндеу мен тексереді;
4) пайдаланылатын техникалық құрылғыларға рұқсаттар мен сараптама қорытындыларының бар-жоғын бақылауды қамтамасыз етеді.
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша
үлгі
Жарылғыш материалдарды сынауды есепке алу журналы
______________________________________________________________
Ұйым қоймасының атауы
1. Жарылғыш заттар
р/с
№
|
Қоймаға түскен күні
|
Атауы
|
Түрі (ұнтақ тәрізді, оқталған, құйылған, ж.т.б)
|
Дайындаушы ұйым
|
Партияның нөмірі
|
Дайындау күні
|
Кепілдік сақтау мерзімі, айы
|
Сынау күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Келесі талаптар бойынша сынақтан өту, өтпеуі
|
|
Қаптаманың сыртқы түрін тексеру
|
Сырттай тексеру
|
Экссудация
|
Ылғалдық құрамы
|
Детонацияланудың толықтылығы
|
Патрондар арасында детонацияның берілуі
|
Сынақтан өтпеген ЖЗ туралы
ұйымдастырушының шешімі
|
құрғақ
|
Суға салынғаннан кейін
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
2. Бастамашыл құралдар
Р/с
№
|
Қоймаға түскен күні
|
Атауы
|
Дайындаушы ұйым
|
Партияның нөмірі
|
Дайындау күні
|
Кепілдік сақтау мерзімі, айы
|
Сынау күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Келесі талаптар бойынша сынақтан өту, өтпеуі
|
Сынақтан өтпеген ЫҚ туралы
кәсіпорын басшысының шешімі
|
Қаптамасының сыртқы түрін тексеру
|
Сырттай тексеру
|
Электрмен жарылу құралдары
|
Жарылыс дәрісін өткізу желісі
|
детонациялық сым (лента)
|
Пиротехникалық реле, ОЖ мен оқ-дәріні жандыру құралдары
|
|
Электрлік кедергі
|
Жанудың жылдамдығы, толықтығы мен бірыңғайлығы
|
Суда ылғандандырылғаннан кейін жану толықтығы
|
Детонацияны қабылдауы мен толықтығы
|
Суда ылғандандырылғаннан кейін детонациялану толықтығы
|
Ынталандыру қабілеті
|
әсердің тоқтаусыздығы
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
______________
* «ЖЗ сынауды есепке алу журналының» нысаны ЖЗ мен сынақтың тағайындалған түрлеріне байланысты өзгеруі мүмкін
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша
Үйлесімдік кестесі
Қауіптілік тобы (үйлесімді)
|
Заттар, бұйымдар
|
A
|
Бастамашыл жарылғыш заттар
|
B
|
Құрамында бастамашыл жарылғыш заттары бар бұйымдар
|
C
|
Лақтыратын жарылғыш заттар және басқа дефлагмандық жарылғыш заттар немесе құрамында осылары бар, өнімдер (түтінсіз дәрі )
|
D
|
Қайталама детонациялық жарылғыш заттар; түтінді оқ-дәрі, құрамында бастамашыл құралы және лақтыру заряды (детонациялық байлам) жоқ детонациялық жарылғышы заттарды қамтитын бұйым
|
E
|
Құрамында бастамашыл құралы жоқ, бірақ лақтыру заряды бар (жылдам тұтанғыш сұйықтығы барынан басқа) қайталама детонациялы заттарды қамтитын бұйымдар
|
F
|
Қайталама детонациялық ЖЗ, бастамалы құрал және лақтыру зарядтардв қамтитын немесе лақтыру зарядтарынсыз бұйымдар
|
G
|
Пиротехникалық заттар мен оларды қамтитын бұйымдар
|
N
|
Өте сезімтал емес детонациялық заттарды қамтитын бұйымдар
|
S
|
Кездейсоқ қосылу нәтижесінде кез келген қауіпті жағдайлар пайда болуы орама немесе жасап шығару арқасында шектелінетін, егер орама отпен зақымданса, жарылыс әсері немесе ұшуы шектелетін заттар немесе өнімдер, жақын жерден өрт сөндіруге қиындық туғызбайтын орамалар
|
Жарылыс жұмыстарының түрлері мен әдістері кестесі
№
|
Жарылыс жұмыстарының түрлері мен әдістері
|
Минималды рұқсат етілетін қауіпті аймақтың радиусы, м
|
1
|
2
|
3
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
Ашық жұмыстардағы жарылыс әдістері:
-
Сыртқы қуаттар, оның ішінде
Кумулятивтік
-
Теспелік (теспе) қуат
-
Қазандық теспесі
-
Кіші камералы қуат (жең)
-
Ұңғымалық қуаттар
-
Қазандық ұңғымалар
-
Камералық қуаттар
Жер асты жолдарындағы қойтастарды майдалау
Түбірлерді қопару
Орман өрттерімен күресте жер бетіне қорғаныш тілмесін салу
Балшықта себінді жасау кезіндегі жарылыс
Табандарды тереңдету жұмыстары:
6.1. Мұз қабығы жоқ су айдынындағы жарылыс:
тасты емес топырақ
тасты топырақ қуаттары:
Теспелік
Қойылу салмағы 100 кг дейін
Қойылу салмағы 100 кг артық
6.2. Мұз қабатымен, жарылатын топырақ құрамына қарамастан
Мұз жару жұмыстары:
7.1. Мұз қалыңдығы 1 м – ге дейін
7.2. Мұз қалыңдығы 1-2 м
7.3. Мұз кептелуі
7.4. Мұз анжыры
7.5. Мұз қалыңдығы 2 м көп және мұз кептелуінде қуат 300 кг артық
Металлмен жұмыс істеу:
8.1. Ашық полигондарда
8.2. Бронды апандарды жаруда
8.3. Зауыт алаңдарындағы жару кезінде
8.4. Ыстық сілемдерді жаруда
8.5. Бұйымдарды қалыптау кезінде
Ғимараттар мен құрылыстарды құлату
Іргетас майдалау
Қазандық қуатын жасау үшін теспені ату
Қазандық қуатын жасау үшін ұңғыманы ату
Мұнай, газ және артезиандық ұңғымаларды торпедалық атқылау мен жару
Сейсмикалық барлау үшін жару:
Шурфтарда және жер бетінде
ұңғымаларда
Құрылыс алаңдарындағы жарылыс жұмыстары
|
300
Жоба бойынша
200
200*
200*
200 кем емес**
300 кем емес
300 кем емес
400
200
50
100
100
50
200
300
200
100
200
200
50
300
Жоба бойынша
30
Жоба бойынша***
30
25
100
200
50
100
50****
100
30
Жоба бойынша***
|
Достарыңызбен бөлісу: |