9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі (прогрессивті аккомодация)



бет19/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
ответи сессии

Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі (прогрессивті аккомодация). Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан басталады делінеді.
2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі. Қазіргі қазақ тілінде б, в, г, ғ, д ұяңдарынан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады және бұларға дауыстылардан басталатын қосымшалар ретіне қарай жалғана береді. Бұған көз жеткізу үшін зат есімдерді тәуелдеп, етістіктерді есімше, әсіресе көсемше формаларында айтып көру жеткілікті: ас (зат есім), ас-ым, ас-ың, ас-ы; ас (етістік), ас-ар, ас-ып, ас-а.


37. Фонетикалық процестер: эпентеза және эпитеза
Эпентеза (гр. tpenthesis – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), көпене (копна), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы [3, 103].
Ай сәулесі көрінеді кестедей
Нәзік саусақ біздің қыздар тоқыған.
Алтын атырап күмбез болып көшкендей
Жарқ-жұрқ еткен тырактордың отынан. [4, 41]
Орыс тілінен енген трактор деген сөздегі дауыссыз дыбыстардың арасына ы дауысты дыбысы қыстырылып тұр. Негізінен өзге тілдегі кей сөздерді қазақ тіліне ұқсатып баламалап айту қазақ халқына тән қасиет. Бұл мысал соның айғағы болса керек.
Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңында қосылуы.
Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тұра (тұп-тура), немесе сазай (саза), тақтай (тақта), мүлдем (мүлде).
Шығуына шексіз-шетсіз егіннің
Мол болғаны қандай жақсы жеріңнің.
Ұша берсең, ұшы-қиыры көрінбес
Кең болғаны қандай жақсы көгіңнің! [4, 43]
Ұшы-қиыры деген сөз бен ұш-қиыр деген сөздің арасында мағыналық ерекшелік онша сезілмейді, тек оқылу барысында интонациялық өзгеріс анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет