Хлорлы фениламмоний алу. Пробиркаға 2-3 мл анилин құйып, шайқай отырып,оған 2-3 мл концентрациялы тұз қышқылын қосқанда, экзотермиялық реакция жүреді.Қоспа суыған кезде хлорлы фениламмоний тұзының кристалдары түзіледі.Алынған тұз суда жақсы ериді және сілтімен әрекеттесіп, қайтадан анилин түзіледі.Ол үшін тәжірибеден түзілген тұзды суда ерітіп көруге болады.Алынған ерітіндіге аздап натрий гидроксидін қосып шайқаса, қоспадан қайтадан май сияқты анилин бөлініп шығады:
C 6H 5-NH 2+HCI→[C 6H 5-NH 3]+CI-
[C 6H 5-NH 3]+CI- +NaOH→C 6H 5-NH 2 + NaCI + H 2O
Формальдегид әсерінен конденсациялануы. Пробиркаға 5-6 мл су құйып, оның үстіне 5-6 тамшы анилин тамызып шайқайды.Суда анилин нашар ериді.Осы ерітіндіге 2-3 мл 10% формалин қосса, біраз уақыттан кейін, қоспада ақ түсті тұнба түзіледі.Ортаға байланысты әр түрлі құрылысты анилин формальдегидті (бакелиттей) смола түзеді.
Бұл конденсация реакциясын қарапайым түрде былай белгілейді:
C 6H 5-NH 2 +O = C Н2 C 6H 5-N= CH2 + H 2O
n (C 6H 5-N= CH2) → (C 6H 5-N= CH2) n
Достарыңызбен бөлісу: |