Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Халықтың жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу бойынша ұйымдық және әдістемелік негіздер [10]



бет13/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

Халықтың жұмыспен қамтылуына зерттеу жүргізу бойынша ұйымдық және әдістемелік негіздер [10]:


Халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногындағы халықтың жағдайын толық және жан-жақты сипаттайтын және басқа да дереккөздерден алуға болмайтын ақпараттармен қамтамасыз ететін көлемді деректерді жинау әдістері мен дереккөздерінің бірі болып табылады.
Халықаралық стандарттар жүйелі және жиі қайталанатын негізде жиналатын ағымдағы мұқтаждықтар үшін ақпаратты, сондай-ақ неғұрлым ұзақ интервал арқылы алынатын, серпіннің терең құрылымдық талдауына арналған ақпаратты қамтамасыз етуге тиісті деректерді жинау бағдарламасынан басталады. Ағымдағы деректерді алу бағдарламасы үрдіс пен маусымдық тербелісті жақсы қадағалауға болатындай, белсенді халықты, жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қамтуы тиіс.
Осыған орай, жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері бойынша әсіресе халықты іріктемелі зерттеу еңбек рыногының статистикалық сипаттамасында ерекше роль атқарады. Олар:
- ақпаратты алудың сенімді және өзекті дереккөзі, себебі халық санағы тек мерзім-мерзіммен жүргізіледі, ал кәсіпорындарды зерттеудің және әкімшілік есептің әр түрлерінің, әдетте, зерттеу бірліктерін толығымен қамтылмауы және байқаудың санаулы бағыты болады;
- деректерді жинаудың барлық құралдарынан неғұрлым икемдісі, себебі зерттелетін құбылыстың алуан-түрлі аспектілерін зерделеуге, деректерге қойылатын талаптарға тез бейімделуге, ұсынған басқа зерттеулердің сұрақтарына және оларды басқа зерттеулердің сұрақтарына жауаптармен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өзінде халықаралық стандарттармен көзделген критерийлер негізіндегі бастапқы деректердің көбісін үй шаруашылықтары мүшелерінен тек жеке сауал алу кезінде алуға болады;
- елдің барлық халқын және экономикалық қызмет салаларын қамтуға қабілетті, сондай-ақ жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және экономикалық тұрғыдан енжар адамдар санын бірлесе және өзара қарама-қайшы өлшеуге жол бермейтін жалғыз дереккөз;
- жұмыс күші және олардың арасындағы санаттар ішіндегі өзгерістерді анықтаудың оңтайлы құрал, себебі үй шаруашылықтарын зерттеуді белгілі кезең жағдайын ғана емес, сонымен қатар серпінін көрсетуді жоспарлауға болады.
Бастапқы белгілер есебі мен статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдіснамалық ережелері мен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады, бұл еңбек рыногындағы негізгі индикаторлардың барлық тізбесін алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бойынша алынған ақпарат ұғымдар, анықтамалар және көрсеткіштер есептеуінің әдіснамасы бойынша халықаралық дәрежеде салыстырылады. Ол рыноктағы жұмыс күшінің жағдайы мен өзгеру үрдісін талдау, стратегияны анықтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен өңірлердің әлеуметтік даму бағдарламаларын дауындау, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау және еңбек рыногының ағымдық және болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу үшін қолданылады.
Зерттеу жүргізудің мақсаты – еңбек рыногының жағдайы жөнінде өзекті деректерді алу, атап айтқанда:
- экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) саны;
- жұмыспен қамтылған халық саны;
- жұмыссыздар саны;
- экономикалық тұрғыдан енжар халық саны;
- олардың әлеуметтік-демографиялық құрамы;
- олардың әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі мен топтамасы.
Зерттеудің міндеттері – халықаралық аналогтарға салыстырылатын еңбек рыногының индикаторларын (көрсеткіштерін) қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің нәтижелері жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санын, олардың жынысы, жасы, отбасы жағдайы, білімі және кәсіби құрамы, жұмыспен қамтылу санаттары мен жұмыспен қамтылмау мән-жайлары, қосымша жұмыспен қамтылу тәсілдері, жұмыс іздестіру жолдары бойынша бөлінуін бағалауға мүмкіндік береді, бұл нарықтық экономика жағдайында әсіресе маңызды, онда еңбек рыногы ұйымдасқан және ұйымдаспаған нысанда жұмыс істеуі мүмкін.
Халықтың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық мәселелері бойынша ақпараттар жинау тоқсан негізінде жүзеге асырылады. Бұл алынған көрсеткіштер едәуір инертті болуына және айдан айға өзгермеуіне байланысты.[10]
Зерттеудің кезеңі әрбір тоқсанның орташа айы, яғни ақпан, мамыр, тамыз және қараша айлары болып табылады, ал сыни (зерттелетін) аптамен есепті айдың соңғының алдындағы аптасы белгіленеді.
Әрбір үй шаруашылығында 15 жасқа толған, оның барлық мүшелері сұралады. Үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект. Үй шаруашылығы мүшелерінің отбасынан айырмашылығы туысқандық қатынаста болмауы да мүмкін екендігі.
Сұрау қою кезінде зерттеу кезеңінде уақытша болмағандарды қоса тұрақты (әдетте) тұратын адамдар есептеледі. Сұралатын өз уақытының көп бөлігін өткізетін пәтері, үйі, елді-мекені тұрақты тұрғылықты жері болып есептеледі. Бұл орын тіркелімге (тіркелуіне) сәйкес оның заңды тұрақты тұрғылықты жерімен сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін.
Осы үй шаруашылығының мүшелері болып есептелетініне және осы мекенжай олардың негізгі тұрғылықты жері болуына тәуелсіз ұзақ уақыт бойы болмаған адамдар туралы ақпарат жиналмайды. Оларға:
‑ оқу орны бойынша тұратын барлық оқу орындарының студенттері және оқитындары;
‑ басқа елді-мекендерде іссапарда немесе зерттелетін аптаға дейін шетелде алты ай және одан да көп уақыт болатындар;
‑ казармалар мен әскери аймақтарда Қарулы Күштердің мерзімді қызметіндегі әскери қызметшілер;
‑ ауруханада емделіп жүргендер (алты ай және одан да көп);
‑ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылу түрінде және жазасының мерзімін өтеп жүрген сотталғандар;
‑ зерттелетін аптаға дейін алты ай және одан көп басқа да шыққандар жатады.
Стандартталған және логикалық бірізділікпен орналасқан есепті белгілер жөніндегі сұрақтар мен жауптардың дайын мәтіндерін қамтитын пікіртерім Халықтың жұмыспен қатылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының стандартталған бланкілері бойынша жүргізіледі. Бұл барлық респонденттерге бірдей бірізділікпен бірдей сұрақтарды қоюға мүмкіндік береді. Стандартталған әдіспен әр түрлі респонденттерден қойылған бір немесе сол сұраққа берілген жауаптардың салыстырылуы қамтамасыз етілетін, интервьюерлердің жауаптарды жазып алуы жүргізіледі, сондай-ақ интервьюерлермен толтырылған бланкте механикалық қателерді жіберу мүмкіндігі азайтылады.
Дегенмен, соңғы жылдары бейресми жұмыспен қамтудың мәселелері мамандар назарының басты объектісі болғанмен, олар бүгінге дейін жеткіліксіз ғылыми зерттелген және өңделген, сонымен бірге ғылыми әдебиеттерде еңбек рыногының басқа аспектілеріне қарағанда анағұрлым аз жарияланады. Бұл зерттеу зерттеушінің көздерінен жасырылған объектінің өзінің сипатына және бейресми жұмыспен қамтудың саласы шегінің болмауына байланысты. Көлеңкелі экономиканың және бейресми сектордың, жасырын өндірістің ұғымдары тығыз шиеленіскен, олардың арасындағы шектері едәуір шартты.
Осы әдіснамалық ережелер Қазақстан Республикасы экономикасының бейресми секторындағы жұмыспен қамтуды статистикалық өлшеуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Олар бейресми сектордағы жұмыспен қамту статистикасына қатысты Еңбек Статистиктерінің 15-ші Халықаралық Конференциясымен (бұдан әрі – 15-ші ЕСХК) қабылданған Қарарына, сондай-ақ Еңбек Статистиктерінің 17-ші Халықаралық Конференциясымен мақұлданған бейресми экономикада жұмыспен қамтуды статистикалық анықтау бойынша басшылық ететін қағидаттарға негізделеді.
Осы әдіснамалық ережелер бейресми секторды, ондағы жұмыспен қамту тұрғысында зерделеуде бірінші кезеңі болып табылады. Әзірлеу кезінде Ұлттық шоттар жүйесінің қағидаттары, нарық өнімдерін өндіретін үй шаруашылықтарды, ауыл шаруашлығында шаруашылық жүргізетін ұйымдық нысандарын, дара негізде кәсіпкерлік қызметтің әртүрлілігін анықтау бөлігінде есептеледі.
Демек, «жалдамалы қызметкерлер» және «жалдамалы емес» үйде істеушілер арасындағы айырмашылық сыйлықақы нысанына және тауарды өткізуге байланысты жинақталады, яғни үйде істеуші басты өзінің еңбегін (факторлық қызмет көрсету) немесе өнімін (тауар немесе қызмет) сататынына байланысты.
Үйде істеуші жалдамалы қызметкер деп есептеу керек, егер:
- айқын немесе айқын емес еңбек шартының қалыптасуы;
- алынатын сыйлыақылар өндірілетін өнімне немесе жұмыс істелген уақытына байланысты.
Үйде істеуші өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлерге жатқызу қажет, егер:
- шарттар мен келісім-шарттар болмаған жағдайда, ал өткізу, өндіріс көлемі, және қаржыландыру туралы шешімдер үйде істеушіге жатады;
- үйде істеушіге өндірістік үдерісте қолданылатын капиталды жабдықтар жатады (немесе ол жалға береді);
- сыйақы сату сомасынан түскен кірістің немесе түсімнің бір бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет