1. Ригведа: Тәңірлерге тағзым ету үшін жазылған 1017 мадақ жырларынан тұратын кітап. Әр мадақ жыры он шақты баптардан тұрады. Бұл мадақ жырлары он кітапқа бөлінген (мандала). Ригведаның айрықша бір әдеби көркемдік ырғағы болғандықтан, ол жоғары дауыспен оқылады. Аталмыш кітап Ведалардың ішіндегі ең маңыздысы әрі ең көнесі. Бұл кітапта шүкіршілік айту, тілек тілеу, қасиеттеп ұлықтау және қарғыс айту секілді дұғалар қамтылған.
2. Самоведа: Ән-күйлер ведасы. Бұл Веданың мәтіні үш сатыдан тұрады. Біріншісі Ригведадан алынған аяттардан, екіншісі әр түрлі тақырыптағы аяттардан, ал үшіншісі ән-күй мадақтауларынан тұрады. Ол құрбандық кезінде монахтар тарапынан оқылады.
3. Яджурведа: Құрбандыққа қатысты формулалардың Ведасы. Қара және Ақ Яджурведа болып екіге бөлінеді. Кейбір бөлімдері проза жанрында, кей бөлімдері поэма түрінде жазылған; құрбандыққа қатысты сөздер мен дұғалар қамтылған. Мадақтау өлеңдерін құрбандық кезінде дауысты қатты шығармай, ыңылдап айтады.
4. Атхарведа: Ғарыштық (әлемге қатысты), мистикалық бөлімдерден және магиямен байланысты дұғалардан тұрады. Брахмандар бұл жазбаларды түрлі жағдайларда оқуға мәжбүр. Ол өзге Ведалардан кейінгі кезеңдерде жазылды. Бұл Веда 730 мадақтау жырларынан тұрады. Онда халықтың наным-сенімдері, дәрігерлік, сиқыршылық сияқты мәселелер қамтылды.
Ведаларда мадақ жырлар, жалбарынулар, дұғалар, өмір қағидаттары, тылсым дүние, магия сияқты мәселелер орын алады. Халық «Ведалар «Риши» деген табиғаттан тыс күштермен байланыс орнатушы данагөйлерге аян етілген» деп сенді. Негізінде индуизм қасиетті жазбалары тек Ведалардан тұрмай, сонымен қатар кең көлемді коллекцияны да құрайды. Бұл колекцияны екіге бөліп қарастыруға болады:
Шрути (аянмен келгендер).
Смрити (дастан түріндегілер).
Ведалар б.з.д. 600 жылдары Самхиталардың ішінде топтастырылғанға дейін ауыздан-ауызға жетіп отырды.
Ведалар қасиетті мәтіндердің толықтырушысы дәрежесіндегі Брахмандар, Упанишадтар мен Араниакалар шрутиге (аянмен келгендер мағынасында); Махабхарата мен Рамаяна дастандары, Ману заңнамасы, Пураналар Смритиге кіреді.
Ведалардан кейін үнді діні мен философиясында Упанишадтар маңызды орынға ие. Упанишадтар, Тәңір, әлем, рух, өлімнен кейін, өмірдің жалғасы және тағдыр мәселелері қолға алынған. Салттары бойынша жүзден астам Упанишад бар. Бірақ бұлардан елу данасы, Монғол билеушісі Шах Жиханның қорғауымен парсы тіліне аударылған. Упанишадтар ХІХ ғасырдың басында парсы тілінен латын тіліне аударылған. Упанишадтарда жазылған мәліметтер, қысқаша түсіндірмелер түрінде «сутралар түрінде» бір түсіндірмесі Бадараян тарапынан «Брахмасутра» деген атпен жинақталған. Бұл түсіндірмеде әлемнің басталуы Брахма, әлемнің келешегі жайында мәліметтер бар.
Махабхарата дастаны 240 000 өлең жыр шумақтарынан тұрады және дүниенің ең ұзын дастаны. Пандаваларға қарсы каурвалардың соғысы жайында айтылады. Үнділердің аңызға айналған қаһармандық аңыздарын қамтиды.
Бұл дастанның бір бөлімінің тақырыбы Бхагавад – Гита. Гита Кришнаның өлеңі дегенді білдіреді (Кришна, Тәңір Вишнудың енгендігі (хулул) туралы аңызға айналған патша). Гитада Аржуна мен Кришнаның әңгімесі айтылады және Тәңірді табу жолы ретінде йогаға тоқталады.
Маңызды дастандардан бірі Рамаяна. Риши Валмики тарапынан жазылғандығы алға тартылады. Мұның б.э.д. ІХ ғасырда жазылғандығы қабыл етіледі. Бұл дастан Тәңір Вишнудың аватарасы болған Раманың өмірбаяны. 24 000 өлең шумақтарынан тұрады. Тулсидас тарапынан түсіндірмесі жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |