125
жоқ болғанымен, əдістеме ғылымында зерттеуші ғалымдар зерттеу
нысанасының ерекшеліктеріне қарай түрлі жіктемелерді ұсынады [185; 186;
187; 188; 189; 190; 191; 192].
Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда
алынатын білім берік бекітіледі, яғни білімдік базасы терең орнығады. Əдетте,
адамдардың коммуникативтік қарым-қатынасында сөздік қордың көлемі жəне
əрбір сөздің ішкі мағыналық-құрылымдық мазмұнын түсіну
маңызды орын
алады. Осыған байланысты екінші тілді – шет тілді меңгерту əдістемесінің
теориясы мен практикасында лексикалық дағды ұғымы қалыптасқан. Бірақ бұл
ана тілі мектептерінде білім алушылардың білім деңгейін анықтайтын басты
əдістемелік меже ретінде алынбайды. Өйткені психолингвистика ғылымы
бойынша ана тілінде сөйлеушінің жəне білім алушының санасында лексикалық
тілдік бірлік жəне оның басқа сөздермен тіркесу
қабілеті адамның туа бітті
санасымен бірге орнығады. Сондықтан ана тілінде сөйлейтін жеке адамның
лексикалық білімі – оның сөздік байлығының көлемі. Қазіргі кезеңдегі қоғам
мүшелерінің, оның ішінде мектеп оқушыларының
сөздік байлығы біркелкі
деңгейде емес. Қазақ тілінде білім алушының күнделікті сөйлеуі мен ана тілі
арасындағы арасалмақты бірдейлестіру үшін (қазақ тілінің лексикалық байлығы
– оны білу көлемі – білген көлемін сөйлеу актісінде пайдалану) мектеп
жүйесінде білім беруге арналған дидактикалық
базада тапсырмалар мен
жаттығуларды күрделендіру, жаңғырту жəне ұлғайту маңызды сипатқа ие
болып отыр. Əсіресе саяси-əлеуметтік мəнге ие жаңа сөздерді меңгертуде
тапсырмалар мен жаттығуларды көбейту мен түрлендіру қажет.
Ана тілінде білім алушының лексикалық байлығын одан əрі
дамытуда
жəне орнықтыруда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің бірізді, бірімен-бірі
сабақтасатын түрлерін анықтау маңызды. Зерттеудің нысанын кезең-кезеңімен
зерделеу, айқындау мақсаттарында жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде ана
тілінде білім алушының лексикалық байлығын жаңа сөздер арқылы дамыту мен
толықтыру үшін тапсырмалар жүйесін құруда мыналарға назар аудару керек:
Достарыңызбен бөлісу: