АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Егер субъект нетто-негізде пайыздық тәуекелдермен басқарса, субъект 29 ҚСҚЕХС сәйкес хеджирлеу есебі үшін өлшемдерді әлеуетті түрде қанағаттандыра ала ма?



бет47/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95

Егер субъект нетто-негізде пайыздық тәуекелдермен басқарса, субъект 29 ҚСҚЕХС сәйкес хеджирлеу есебі үшін өлшемдерді әлеуетті түрде қанағаттандыра ала ма?
Ия. Бірақ біліктілік бөгеттерді алу хеджирлеу құралы туынды болып есептеледі, ол басқарудың қаупін таза құжатта сақтандырады, ол бухгалтерлік мақсатта бөгеттердің қатал бөлігінде белгіленеді. Ол актив, қарыз болжамдық қаржының ағынын немесе қаржының шығынын болжайды (29 ҚСҚЕХС 94, 29 ҚСҚЕХС AG141 және 29 ҚСҚЕХС AG154). 29 ҚСҚЕХС бөлімінде таза сақтандыру жағдайын белгілеу мүмкін емес, хеджирлеу кірісін байланыстыра алмау және сақтандырылған бөлімде шығындардың белгілену кезеңінің тиімділігін көрсетеді, сондықтан бұндай кіріс және шығыс артықшылық немесе жетіспеушілікте мойындалуы керек.
Салымдық пайызға қауіп төну таза хеджирлеу кезінде жиі табылады және құжат жүзінде көрсетіледі, 29 ҚСҚЕХС 98 дайын өлшемдердің бөгеттері есептеледі, белгілі бір теңестіруді белгілеу немесе қауіптің төнуін белгілеу ең соңында субъектінің артықшылығын немесе жетіспеушілігіне әсер етеді (29 ҚСҚЕХС 29.AG153) және субъектілер оны белгілейді және құжаттандырады. Сонымен қатар, Хеджирлеу есебіне өлшемдерді қанағаттандыру үшін ақпарат жүйелері тәуекелмен басқарудың ақша ағындарының және тиімділігіндегі сомалар мен мерзімдер туралы ақпараттандырылып отырылуы керек.
Егер басқару пайыздық тәуекелмен қаупі нетто-негізде Ғ.6.2. талданып қаралған болса, субъектінің хеджирлеуді есепке алуының мақсаты үшін назарға алатын басқа да ықпалдар болады.
Ғ.6.2. Нетто-негіздегі пайыздық тәуекел басқарылымындағы хеджирлеуді есепке алу мәселесі
Егер субъект нетто-негізде пайыздық тәуекелдерді басқаратын болса, хеджирлеуді есепке алудың өлшемдерін қанағаттандыру үшін, субъект пайыздық басқарудағы іс шараларды анықтау мен құжаттандыруда қандай мәселелерді қарастыру керек?
(а)-(l) сұрағында басты мәселелер көрсетілген. Біріншіден, (а) және (b) сұрақтары әлділ құн немесе ақша ағындарындағы хеджирлеу құралдары ретінде пайыздық тәуекелерді басқаруда қолданылатын туынды құралдарды анықтау мәселесін қарайды. Жоғарыда айтылғандай, әділ құн мен ақша ағындарының әділ құны хеджирлеуді есепке алу мен оның есебінің салдарындағы әр ауан өлшемдерге ие болады. Сондықтан, хеджирлеу есебіндегі өлшемдерді қанағаттандыруға қол жеткізу үшін, егер тәуекелі басқаруға қолданылатын туынды құралдарды анықтаса, ақша ағындарын хеджирлеу құралдары ретінде (с)-(l) сұрақтары ақша ағындарын хеджирлеуі есебінің әр алуан қырларын қарастырады. (с)-(f) сұрақтары 29 ҚСҚЕХС сәйкес ақша ағындарын хеджирлеу барысында хеджирлеу есебіне арналған өлшемдерді қарастырады, ал (g) және (h) сұрақтары есепке алудың талап етілген тәртібінің талқысынан тұрады. Және ең соңғы (i)–(l) ақша ағындарын хеджирлеуге қатысы бар басқа арнайыландырылған сұрақтарды қарастырады.
(а) сұрағы – нетто-негіздегі пайыздық тәуекелді қолданудағы туынды құрал брутто-негіздегі ақша ағындарын хеджирлеуде немесе әділ құнды хеджирлеуде хеджирлеу құралы ретінде 29 ҚСҚЕХС сәйкес анықталуы мүмкін бе?
Хеджирлеу анықтамасының екі түрі де 29 ҚСҚЕХС сай болуы мүмкін. Субъект пайыздық тәуекелді басқаруда қолданылатын туынды құралдың дайын операциялары, мысалы ақша қаражаттарының ағынын болжамды қайта инвестициялауға, қаржылық міндеттерді болжамды қайта қаржыландыру немесе мерзімін ұзарту және активтер мен міндеттемелердің ақша ағынындағы пайыздық мөлшерлемесіне ие болатын салдары бойынша ақша ағындарын хеджирлеу ретіндегі немесе міндеттемелердегі және мықты келісімдердегі активтердің әділ құнын хеджирлеу құралы ретінде анықтауы мүмкін.
Туынды құрал әділ құнның немесе ақша ағындарының хеджирлеуіндегі құрал ретінде қарастыратыны экономикалық мағынада мәні болмайды. Туынды құралдың әр жағдайларда таза тәуекелінің төмендеуі нәтижесіне ие болады. Мысалы, пайыздың өзгермелі мөлшері бойынша төлемдерді жүзеге асыру және бекітілген пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдерді алуды алдын ала қарастыратын пайыздық своп пайыздың өзгермелі мөлшерлемелі активімен немесе пайыздың бекітілген мөлшеріндегі міндеттмелердің әділ құнын хеджирлеу құралымен байланысты ақша ағындарын хеджирлеу құралы ретінде қарастыруы мүмкін. Сол және басқа жағдайларда пайыздық своптың әділ құны немесе ақша ағыны пайыздық мөлшерлеме өзгерісі тәуекелінің орнын толтырады. Бірақ есепке алу салдары (b) сұрағында анығырақ айтылған, әділ құнды және ақша қаражаттарын хеджирлеу құралы ретінде туынды құралына тәуелді түрде ажыратылады.
Мысал: қаржы департаменті екі жыл мерзіміндегі келесі активтер мен міндеттерге ие болады.





Пайыздың өзгермелі мөлшерімен




Бекітілген пайыздық мөлшермен




АБ




АБ

Актив

60




100

Қарыздар

(100)




(60)

Ақшалай ағын

(40)




40

Өзгермелі салымдық пайыз алу үшін және өзгермейтін салымдық пайызды төлеу үшін заңді тұлғалар 40АБ екі жылдық ауысымын шығарады.


Субъект пайыздық өзгермелі мөлшерлеме бойынша төлемдерді алуға және таза тәуекелдерді хеджирлеу үшін пайыздық бекітілген мөлшерлеме бойынша төлемдерді жүзеге асыруына сәйкес 40АБ негізгі шартт сомасында екі жылдық своп алады. Жоғарыда айтылғандай, бұл өзгермелі пайыздық мөлшерлемелі міндеттермен байланысты 40АБ мөлшеріндегі ақша қаражаттарын хеджирлеу ретіндегі 40АБ тең болатын бекітілген пайыздық мөлшерлемедегі активтердің әділ құнын хеджирлеу ретінде қарастырылуы және анықталуы мүмкін.
(b) сұрағы – Жалпы позицияның әділ құнын немесе ақша ағынын хеджирлеуде хеджирлеу құралы ретінде нетто-негізде пайыздық тәуекелді басқару үшін қолданылатын туынды құралды анықтауда шешім қабылдағанда, қандай түсініктерді есепке алу керек?
Қарастыруды талап ететін маңызды сәттері ақпараттық құралдардың қабілеттілігі мен тәуекелдің есебімен мерзімінен бұрын өтеудегі хеджирлеудің тиімділік бағасын қосады, және хеджирленетін баптардың әділ құнын немесе ақша ағынына сәйкесінше өзгеруге хеджирлеу құралдарының әділ құнының немесе ақша ағынының өзгерісіне жатқызылады.

Есепке алудың мақсатына жету әділ құнды хеджирлеу немесе ақша ағындарын хеджирлеу құралдары ретінде туынды құрал анықтамасының маңызды мәніне ие болады, себебі хеджирлеу есебінің талаптары, кірістер мен шығыстарды мойындаудың талаптары осы хеджирлеу санаттары үшін әр түрлі болып келеді. Әділ құнды хеджирлеу тиімділігіне қарағанда ақша қаражаттарының хеджирлеуінің тиімділігін көрсету жеңіл екендігі жиі болады.


Алдын-ала төлеудің әсері
Алдын-ала төлеудің қаупі көптеген қаржылық құралдардан туындайды, құралдың келістірілген құнын қозғайды және қаржылық ағынның уақытын таңдауда тиімділік тестіне келістірілген құн әсер етеді. Көптеген қаржылық құралдарға жататын мерзімінен бұрын төлеу тәуекелі құралдың әділқұнына және олармен байланысты ақша ағынына байланысты мерзімдерге ықпалын тигізеді, сонымен қатар, сәйкесінше, әділ құнды және ақша қаражаттарын хеджирлеу тиімділігінің бағасына да ықпал етеді.

Көп жағдайларда хеджирленетін құрал мерзімінен бұрын өтеу тәуекеліне ұшырағанда, әділ құнды хеджирлеу тиімділігіне қол жеткізу ақша ағындарын хеджирлеудің тиімділігіне қарағанда қиын болады. Әділ құнды хеджирлеу хеджирлеу есебінің өлшемдерін қанағаттандыру үшін, хеджирленетін баптың өзгерісін жоғары тиімділікпен орын толтыруымен туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралының әділ құнының өзгерісінің күтілуі қажет. (29 ҚСҚЕХС 98(b)). Егер, мысалы туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралы бекітілген мерзімдегі форвардтық келісімшартты көрсететін болса, ал хеджирленетін активтер қарызгердің қырызын мерзімінен бұрын өтеу тәуекеліне тап болатын болса, онда осы жағдайлардың орындалуы қиын болады. Бұдан өзге, мерзімінен бұран өтеу тәуекеліне, бекітілген пайыздық мөлшерлемелі активтер портфелі жағдайында қорытындыға келу оңай болмауы мүмкін, топ құрамындағы әрбір жеке баптың әділ құнының өзгерісі хеджирленетін тәуекелдер тобына жататын әділ құнның жалпы өзгерісі жобамен алғанда пропорционалды болады. Егер, тіпті, хеджирленетін тәуекел портфельдердегі әр баптардың әділ құнының өзгерісі пропорционалды болғанда, қорытындыға келу мүмкіндігіне ие болу үшін, пайыздың бағдарлық мөлшерлемесінің тәуекел өзгерісін көрсететін болса, жағдайлардан, купондардан, несиелерден, қарыздар түрлері мен басқа сипаттамалардан шыққан санаттар бойынша активтер портфелін бөлу қажеттігі туындауы мүмкін.

Форвардтық туынды құрал экономикалық мағынасында мерзімінен бұрын өтеу тәуекеліне ұшыраған активтерді хеджирлеу үшін қолданыла алуы мүмкін, бірақ ол пайыздық мөлшерлеменің азғантай өзгерісінде ғана тиімді болар еді. Мерзімінен бұрын өтеуге негізделген баға пайыздық мөлшерлемелер ережелеріне арналып жасалуы мүмкін және туынды құралдар позициясы пайыздық мөлшерлемелер жағдайларының өзгерісінің өлшеміне түзетіле алады. Егер субъект хеджирленетін позициялар өзгерісіндегі бейнесі үшін туынды құрал сомасын кезеңдік түзетуге бағытталған тәуекелді басқару стратегиясын ұстанса, субъект хеджирлеудің туынды құралдың сомасын келесі реттеуге дейінгі кезеңдегі аралықта ғана жоғары нәтижелі болатынын көрсетуі керек. Бірақ осы кезеңге тиімділікті күту әділ құны мен осы позицияларды ұстанудағы болашақ түзетулердің есебінсіз әділ құнының өзгерісі мүмкіндігіне ықпал ететін тәуекелдерге негізделуі керек.

Ақша ағынын хеджирлеу хеджирлеу есебінің өлшемдерін қанағаттандыруы үшін ақша қаражаттарының түсімін қайта инвестициялау немесе ақша қаражаттарының ағынын қайта қаржылауының сенімді болуын қосып алғанда ақша қаражаттарының болжамдалатын ағыны қажет (29 ҚСҚЕХС 98(с) және ақша қаражаттарының түсімдерін қайта инвестициялау немесе ақша қаражаттарының жылысталуын қайта қаржыландыруды қосып алғанда ақша қаражаттарының болжамдалған ағыны хеджирленетін баптар мен хеджирленетін құралдардың ақшалай ағынының өзгерісінің орнын толтырудың көзғқарасымен хеджирлеу жоғары нәтижелі болуы барынша сенімді болуы (29 ҚСҚЕХС 98(с)) хеджирленетін баптар мен хеджерленетін құралдардағы ақша ағынының өзгерісін орнын толтыру көзқарасымен қарағанда хеджирлеу нәтижелі болатыны күтіледі (29 ҚСҚЕХС 98(b)). Мерзімінен бұрын өтеу ақша ағындарының мерзіміне және болжамдалатын операцияның болуының мүмкіндігіне ықпалын тигізеді. Егер хеджирлеу нетто-негізде тәуекелмен басқару мақсатында орнатылса, есепке алу мақсатындағы хеджирленетін баптар ретінде жалпы ақша ағынының бөлшегімен байланыстағы болжамдалған операцияларды анықтау негізіне ие болу үшін, субъект брутто-негізде ақша ағындарының барынша мүмкін болған деңгейіне ие бола алады. Бұл жағдайда субъект жалпы ақша ағынының тәуекелмен басқару мақсатында ақша қаражаттарының нетто-ағынына тең болатын сомасы сияқты хеджирленетін баптар ретінде анықтай алады.



Жүйелер мәселелері

Әділ құнды хеджирлеу есепке алуы ақша ағынын хеджирлеуден айырмашылығы болады. Ережеге сай әділ құнды хеджирлеуге қарағанда, ақша ағындарын хеджирлеуді басқару мен бақылау мақсатындағы ақпараттық жүйені қолдану жеңіл болады.

Хеджирленетін баптар ретінде анықталатын активтер мен міндеттердің әділ құнын хеджирлеу есебінің аясында хеджирленетін тәуекел әрекетінің нәтижесінде хеджирлеу мерзімінің өткен уақытында әділ құнның есебімен қайта бағаланады. Мұндай өзгерістер орын алған уақыттарда оларға теңгерімдік құны түзетіледі және пайыздық мөлшерлер өзгерісіне сезімтал активтер мен міндеттер жағдайында хеджирленетін баптың нәтижелі пайыздық мөлшері мүмкін болады (29 ҚСҚЕХС 99). Әділ құнды хеджирлеу нәтижесінде әділ құнның өзгерісі субъекті олардың пайыздық нәтижелі мөлшерлемесін қайта санай алуы, пайда немесе шығындардағы әділ құнды реттеуінің келесі амортизациясын анықтауы үшін активтерді сату немесе міндеттерді өтеудегі пайдалар немесе шығындар мойындалуы керек болған соманы анықтау үшін, хеджирленетін активтер мен міндеттерге жатқызылуы керек (29 ҚСҚЕХС 99 және 29 ҚСҚЕХС 103). Хеджирлеу есебінің талаптарын орындау үшін, әдетте, хеджирленетін тәуекелдің әсерімен әділқұнының өзгерісін бақылауға арналған жүйе жасау керек, мұндай жеке баптардың өзгерісін тіркеу, хеджирленетін баптардың пайыздық нәтижелі мөлшерлемесін қайта санау және хеджирленетін баптардың барлық сәйкес мерзіміндегі пайда немесе шығынындағы өзгерісін амортизациялау қажет.

Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеуді есептеу барысында хеджирленген ретінде сипатталатын болжамды операцияларға қатысты ақшалай қаражат ағыны пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістерді көрсетеді. Туынды құралды хеджирлеудің әділ құнындағы өзгерістерді түзету, бастапқыда таза активтерде/капиталда мойындалады (29 ҚСҚЕХС 105 параграфы). Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеуді есептеу талаптарына сәйкес келу үшін хеджирлеу құралының әділ құнындағы өзгерістерден болатын таза активтердегі/капиталдағы мойындалған жинақталған пайда мен зарардың қашан кіріс немесе шығыс ретінде мойындалатынын анықтау қажет (29 ҚСҚЕХС 111 және 112 параграфтары ). Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу үшін осы анықтауды жүзеге асыратын жеке жүйе құрылуы тиіс. Жүйе туынды құралдың ақшалай қаражат ағынындағы өзгерістерді кестелеуде негіз болатын тәуекелдің нетто көлемінің аумағын анықтау үшін және осындай өзгерістердің пайдада немесе зарада мойындалуы үшін пайдаланылады.

Пайда немесе зарар құрамындағы мойындау мерзімі хеджирлеудің ақшалай ағын өзгерісінің тәуекеліне қатысты бабымен байланыс орнатылған кезде алдын ала анықталуы мүмкін. Хеджирленетін болжамданатын операциялар алдағы белгілеген нақты негізгі сомалармен байланысты болуы мүмкін. Бұл ауыспалы пайыз мөлшерлемесі бар және ақшалай қаражаттардың қайта қаржыландырылған түсімдері бар активтерден немесе міндеттемелерден тұрады. Олардың әрқайсысы пайыздық мөлшерлеменің өзгеру қаупіне әкеп соқтырады. Алдағы нақты мерзімдегі нақты шартты сомалар туынды құралдар болып табылатын хеджирлеу құралдарының шартты сомасына тең. 29 ҚСҚЕХС 111 сәйкес таза активтерде/капиталда мойындалған сомалар бірдей мерзімде пайда немесе шығын құрамында мойындалуы тиіс.

(c) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі нәтижесінде ақшалай ағындар өзгерісін хеджирлеу ретінде анықталса, құжаттамаға 29 ҚСҚЕХС 98(a) сәйкес нені қосу керек?

Құжаттамаға міндетті түрде келесіні қосу қажет.

Хеджирлеу қатынасы тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін қолданылатын ақшалай ағындардың кестесі.

Хеджирлеуге қатысты тәуекелдерді басқару бойынша субъектінің мақсаты мен стратегиясы – пайыздық тәуекелдің хеджирленуі жүзеге асырылатын тәуекелдерді басқару саласындағы субъектінің жалпы мақсаттары мен стратегиясы.

Хеджирлеу түрі – Хеджирлеу ақшалай ағындардың хеджирленуі ретінде құжатталады.

Хеджирленетін бап – Хеджирленетін бап, мысалы ай саынғы негізде кестеленген, болашақтағы белгілі бір кезеңде орын алу мүмкіндігі жоғары деп болжанатын операциялар тобы ретінде (ақшалай қаражат пайызы) құжатталады. Хеджирленетін бап активтердің пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауды қоса отырып, ақшалай түсімдерді қайта инвестициялаудан алынған пайыздық төлемдердің ағындарынан, сондай-ақ міндеттемелердің ақшалай қаражат төлемдерін қайта қаржыландырудан түсетін пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауды қоса отырып, құралуы мүмкін. (Е) сұрағында талқыланғандай, болжамды операциялар, егер жалпы әдіс бой ынша хеджирленетін ретінде анықталған соманы қамтитын белгілі бір болашақтағы кезеңдегі болу мүмкіндігі жоғары ақшалай қаражат ағынының жеткілікті деңгейі болса, онда олар ықтимал тестілеуден өтеді.

Хеджирленетін тәуекел – Хеджирленетін тәуекел ретінде анықталған тәуекел, белгіленген нарықтық пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің жалпы тәуекелінің бөлігі ретінде құжатталады. Хеджирлеу басында хеджирлеу тиімділігінің өлшемдерін орындауды қамтамасыз ету үшін пайыздық мөлшерлеме тәуекелінің бөлігі кіріс қисығы ретінде құжатталуы мүмкін.

Хеджирлеу құралы – Туынды құрал болып табылатын хеджирлеудің әрбір құралы алдағы уақытта белгіленген соманы хеджирлеу құралы ретінде құжатталады, ол өз кезегінде болашақта хеджирленетін болжамдық операцияларға сәйкес келеді.

Тиімділікті бағалау әдісі – Тиімділік тексерісі белгілі бір мерзімге қатысты туынды құралдардың ақшалай ағындарының өзгерістерін салыстыру түрінде құжатталады. Ақшалай ағындар өзгерісін өлшеу туынды құралдар мен хеджирленетін бабының кіріс қисығына сәйкес жүзеге асырылады.

(d) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындарды хеджирлеу ретінде анықталатын болса, субъект 29 ҚСҚЕХС 98(b) сәйкес өзгеріс өтемінің жоғары тиімділігін күтуге қатысты талаптарды қалай қанағаттандырады?

Субъект хеджирлеу ретінде анықталатын пайыздық тәуекел мен хеджирлеу құралының пайыздық тәуекелі арасында жоғары тарихи және болашақ күтілетін корреляцияны көрсететін талдауды жүргізе отырып, жоғары тиімділік күтімін ұсына алады. Туынды құрал болып табылатын, келісім-шарт жасау кезінде қолданылатын хеджирлеу коэффициентінің қолданыстағы құжаттамасы тиімділік күтімін көрсету мақсаттары ретінде қызмет атқаруы мүмкін.



(e) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындарды хеджирлеу ретінде анықталатын болса, субъект 29 ҚСҚЕХС 98 (c) сәйкес өзгеріс өтемінің жоғары тиімділігін күтуге қатысты талаптарды қалай қанағаттандырады?

Субъект мұны ақшалай ағындар мерзімдерінің кестесін дайындау арқылы жасай алады. Бұл активтердің немесе міндеттемелердің пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарау нәтижелерін қоса отырып, күтілетін ақшалай ағындардың жеткілікті жиынтық деңгейлерінің әрекет етуі туралы куәлік береді. Мұндай кесте басшылықтың өтінім берілген талаптарына бекітілуі тиіс.

Мысалы, субъект брутто-негізде 100АБ мөлшерінде ақшалай қаражаттардың жиынтық түсімін және брутто-негізде 90АБ мөлшерінде ақшалай қаражаттардың жиынтық төлемін алдағы белгілі бір уақытта болжай алады. Бұл жағдайда субъект алдағы уақытта хеджирленетін сала ретінде 10АБ ақшалай қаражаттардың валдық түсімдерінің болжамданатын қайта инвестициялануын анықтай алады. Егер келісімшартта 10АБ астам мөлшерде ақшалай қаражаттардың болжамданатын түсімі қарастырылатын болса, субъектінің 10АБ мөлшердегі ақшалай қаражаттардың валдық түсімі болжамдық қайта инвестициялауға қатысты жоғары ықтималдылыққа ие екендігі анықталады. Болжамданатын операцияларды орындаудың жоғары ықтималдылығы басқа да шарттарда қарастырылуы мүмкін.

(f) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындарды хеджирлеу ретінде анықталатын болса, субъект 29 ҚСҚЕХС 98(d) және 29 ҚСҚЕХС 98(e) сәйкес тиімділікті қалай бағалайды және өлшейді?

Тиімділікті міндетті түрде субъектінің жылдық және аралық қаржылық есептілікті дайындау мерзімінен бастап өлшеу қажет. Алайда, субъект айдың аяғында немесе қандай да есептік мерзімнің аяғында белгілі бір уақыт аралығында да тиімділікті есептей алады. Сонымен қатар тиімділік хеджирлеу құралы ретінде танылатын туынды құралдардың жағдайы өзгерген кезде өлшенеді.

Туынды құралдардың ақшалай ағындарының өзгерісі белгілі бір мерзімге сәйкес есептеледі және болжамданатын операциялардың ақшалай ағындарының өзгерістерінің есептерімен салыстырылады. Есептеулер хеджирленетін бабы мен хеджирленетін құралға қатысты қолданылатын кіріс қисығы негізінде орындалады.

Хеджирлеу тиімділігін анықтау үшін қолданылатын кестенің негізінде хеджирлеуден түскен пайда немесе шығындар пайда немесе шығын ретінде мойындалу мерзімін анықтауға болады.



(g) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындардың хеджирлеуі ретінде анықталатын болса, субъект хеджирлеуді қалай есепке алады?

Хеджирлеу келесі түрде 29 ҚСҚЕХС 106 – 29 ҚСҚЕХС 111 шарттарына сәйкес ақшалай ағындар қозғалысын хеджирлеу ретінде ескеріледі:

(a) Туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралдарынан түскен кіріс пен шығыстың бөлігі тиімділікті өлшеу кезінде таза активте/капиталда мойындалады; және

(b) Хеджирлеу құралдарынан түскен кіріс пен шығыстың тиімсіз бөлігі пайда немесе шығын құрамында мойындалады.

29 ҚСҚЕХС 111 сәйкес таза активте/капиталда мойындалған сомалар сол мерзімдегі пайда немесе шығын құрамында мойындалуы тиіс. Сәйкесінше, болжамданатын операция орындалған жағдайда, таза активте/капиталда бұрын мойындалған сомалар пайда немесе шығын құрамында мойындалуы тиіс. Мысалы, егер пайыздық своп болжамданатын ақшалай ағындардың сериясындағы хеджирлеу құралы ретінде анықталатын болса, своптың ақшалай қаражаттарының өзгерісі таза активтен/капиталдан алынып тасталынады.

(h) сұрағы – Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындарды хеджирлеу ретінде анықталатын болса, таза активте/капиталда мойындалған таза жинақталған кірістер мен шығындарды есепке алу тәртібі қандай?

Егер хеджирлеу құралының әрекет ету мерзімі мерзімінен бұрын тоқтатылған болса немесе хеджирлеу хеджирлеуді есепке алу талаптарына жауап бермейтін болса, таза жинақталған кіріс пен шығыс операция орындалмайынша (29 ҚСҚЕХС 112(a) және 29 ҚСҚЕХС 112(b)), таза активте/капиталда қала береді. Егер хеджирленетін болжамданатын операцияның орындалуы күтілмейтін болса, таза жинақталған кіріс пен шығыс пайда немесе шығындардың құрамында мойындалмайды (29 ҚСҚЕХС 112(c)).



(i) сұрағы – 29 ҚСҚЕХС 84 сәйкес, хеджирлеу қатынасы хеджирлеу құралы қолданыста болған кезде ғана анықталмайды. Егер хеджирлеу қатынасы ақшалай ағындарды хеджирлеу ретінде анықталатын болса, және хеджирлеу жоғары тиімді хеджирлеу талаптарына жауап бермейтін болса, 29 ҚСҚЕХС 84 хеджирлеу құралын қайта анықтауға тыйым сала ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 84 сәйкес, туынды құрал қалған қолдану мерзімінде ғана хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін емес. 29 ҚСҚЕХС 84 туынды құралды қолданудың бастапқы мерзімі туралы сөз қозғалмайды. Егер хеджирлеу тиімсіз болса, туынды құралдан түскен кіріс немесе шығыстың тиімсіз бөлігі пайда немесе шығын құрамында тікелей мойындалады (29 ҚСҚЕХС 106), және хеджирлеу қатынасын алдыңғы анықтау негізінде хеджирлеуді есепке алу жалғасын таба алмайды (29 ҚСҚЕХС 112). Мұндай жағдайда туынды құрал хеджирлеудің жаңа қатынасы аумағында хеджирлеу құралы ретінде перспективті түрде қайта анықталуы мүмкін. Туынды құрал қолданысының барлық мерзімінде хеджирлеу құралы ретінде қайта анықталуы тиіс.



(j) сұрағы – Егер туынды құрал таза пайыздық тәуекелді басқару үшін қолданылатын болса және болжамданатын пайыздық төлемдер бойынша ақшалай ағындарды хеджирлеу құралы ретінде анықталатын болса, болжамданатын операцияны орындау нәтижесінде актив немесе міндеттеме туындала ма?

Жоқ. (c) сұрағында сипатталған хеджирлеуге қатысты хеджирленетін бап болашақта белгіленген пайыздық төлемдерден құралған болжамдық операциялардың тобынан тұрады. Хеджирленетін болжамдық операциялар активтерді немесе міндеттемелерді мойындауға әкеп соқтырмайды, ал пайыздық мөлшерлемелер өзгерістерінің нәтижелері болжамданатын операция орындалған мерзімде пайда немесе шығындар құрамында мойындалады. Бұл осындағы сипатталған хеджирлеу түрлеріне қатысты болмаса да, егер керісінше туынды құрал келешекте болжанған қаржылық активті сатып алуды немесе қаржылық міндеттеменің шығарылуын хеджирлеу ретінде анықталған болса, соған қатысты таза активтерде/капиталда мойындалған пайда мен зарар сол кезеңде немесе хеджирленген болжамды операция кіріс немесе шығысқа ықпалын тигізетін кезеңдерде (пайыздық шығындар мойындалатын секілді кезеңдер) кіріс немесе шығыс ретінде мойындалады. Дегенмен, егер субъект кез-келген уақытта мойындалған таза активтер/капиталдың таза шығынының барлығы немесе бір бөлігі, келешектегі бір немесе бірнеше кезеңдерде жабылады деп күтпесе, ол жабылмайды деп болжанатын соманы кіріс немесе шығыс ретінде бірден қайта сыныптауы қажет.



(k) сұрағы – Жоғарыда (c) сұрақтың жауабында айтылғандай, сыныпталатын хеджирленетін бап ақшалай ағындар тәуекелінің бір бөлігі болып табылады. 29 ҚСҚЕХС хеджирленетін бап ретінде ақшалай ағын тәуекелінің бөлігін анықтауға рұқсат ете ме?

Ия. 29 ҚСҚЕХС болжамданатын операцияның ақшалай ағындарының тәуекел бөлігін хеджирлеуді қарастырмайды. Алайда, 29 ҚСҚЕХС 90 параграфында айтылғандай, қаржылық актив немесе міндеттеме тәуекелдерге қатысты хеджирленетін бап болуы мүмкін. Бұл жағдайда тиімділік өлшенуі тиіс. Активтер мен міндеттемелердің пайыздық мөлшерлемесін қайта қарау нәтижесінде туындайтын ақшалай ағындардың тәуекелдік бөлігін хеджирлеу мүмкіншілігі ақшалай ағындарды болжамданатын қайта инвестициялау нәтижесінде немесе қаржылық міндеттемелерді қайта қаржыландыру немесе мерзімін ұзарту нәтижесінде пайда болатын ақшалай ағындардың тәуекелдік бөлігі хеджирлеуге ұшырайтындығын білдіреді. Тәуекел көлемінің бір бөлігін хеджирлеу бабы ретінде сыныптау негізі тиімділікті бағалау мүмкіндігі болып табылады. Бұл бұдан әрі 29 ҚСҚЕХС 92 параграфы арқылы қолдау табады, мұнда қаржылық емес актив немесе міндеттеме тек қана тұтастай немесе шетел валютасының тәуекеліне арналып хеджирленуі мүмкін екендігі, бірақ ақшалай қаражат ағынының сәйкес бөлігін немесе арнайы тәуекелге қатысты әділ құндағы өзгерістерді бөлектеп, өлшеу қиындығына байланысты, оның бір бөлігіне арналып хеджирлеу мүмкін еместігі айқындалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет