Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет22/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
синтаксис кітап

Батырлық майданда сыналады.
Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше 
тұлғада бастауыш болыпта көптік мағынада жұмсалуы мүмкін: Қалың қой қыбыр етпей 
тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы … шалшық суларға кіріп, 
көлбей-көлбей жатып апты. 
Тəуелдік жалғауы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тəн екенін 
білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі: Шешем қатты сағынып 
жүрген сиақты. Əкеңіз кім болған еді? Кімнің ісі көп болса, соның күші көп болады. 
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары-зат 
есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу,сілтеу жəне кім? не? Деген сұрау 
есімдіктері. Бұлардың ішінде əсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі 
кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын 
түрлендіруші сөздер болып табылады. Жіктеу жəне өздік есімдіктерінің бастауыш 
болуына мысалдар: Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…Біз барлаушылармыз. Сіз кейін 
қалған соң, мен алдыңызды оралта беремін. Біз сірə, атты мықтап шаршатып 
алатын шығармыз… Қалқам, Айша, сен шаруаңа бар, мен де демалайын. 
Сілтеу, сұрау жəне басқа есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар: Бұл - 
Байжанның талай келген үйі. Мынау- қай ауыл? Əркім əр түрлі шаруамен 
қарбаласады
Заттың сындық, сандық, қимылдық сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде 
бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп 
(заттан) айтылады. 
Сапалық есімдерден болған бастауыштар.  Заттың сындық сапасын білдіретін 
сын есімдер, ойды ықшамды етіп сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдермен 
қатарласып түрмай-ақ, дара күйінде бастауыш жəне толықтауышта болуы мүмкін. 
Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, олар əрі заттық, əрі 
сындық мағынада жұмсалады. Сонда сын есімдер əдетте қандай заттардың сындық 
сапасы болып жұмсалатын болса, сондай заттардың бастауыштық қызметін атқарып 
тұрады.Терең көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан 
оны бастауыш қызметінде Терең батырады (мақал) десек, алдымен «Терең су 
батырады» деп түсінеміз.
Заттардың ондай сындық сапасы сындық сапасы синтаксистік қызметте бір ғана 
конкретті заттың орнына жұмсалмай, жалпылық мағынада, біртектес көп заттың 
орнына жұмсалмай, жалпылық мағынада, біріктес көп заттың орнына жұмсалады. 
Тек сын есімдерден болған жер, су аттары мен басқа жалқы есімдер ғана даралық
мағынада жұмсалады. Ондайда олар орнықты заттық мағынаға ие болып, зат есім 
қатарына қосылады. 
Сын есімдер тəуелдік, көптік жалғауларда тұрып та бастауыш қызметінде 
жұмсалады. Бірақ ол қағида сын есімнің бастауыш болуының бірден –бір шарты 
еместігін көруге болады.


Сын есім (есімшелер де) көптік, тəуелдік жалғауларсыз-ақ субстантивтеніп 
бастауыш болу үшін, олар бастауыштық əуенмен, дауыс ырғағы арқылы басқа 
сөздерден оқшауланып тұрулары керек. Есімше де бастауыш болғанда, сын есімдей, 
қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Есімсшеден болатын 
бастауыштардың ерекшеліктері мынадай: 
а) Баяндауышы етістік, зат есім, есімдіктерден болған сөйлемде есімше бастауыш 
қимыл иесі-кісі (сұрағы-кім? Не қылған? ) орнына жұмсалады.
ə) Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың 
мағынасында жұмсалады. (сұрағы не? Не қылған? Не еткен?)
б) Көптік жалғаудағы есімшілер бастауыш болғанда, олар əр уақытта қимыл иесі - кісі-
мағынасында жұмсалады: Егін оратындар əрі кетті де, астық таситындар қырман 
басында қалды. 
в) Тəуелдік жалғауларда турып бастауыш болған есімшілер əр уақытта зат есім 
мағынасында жұмсалады (сұрағы-нем? нең? несі? не қылған? не еткен?)
Субстанивтеніп бастауыш болатын сөз табының бірі сан есім. Есептік сандар 
бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас мағынасында жұмсалады: 25 үшке 
бөлінбейді. Оннан төрті алсаң, алты қалады.
Жинақтау, реттік сандар ол қызметте көбінесе кісі туралы айтылған есім болады
Төр бөлмеден шыққан үшеу де ұзын столға ұзақ отырып қалды. 
Жинақтау, есептік сан есімдер III жақтық тəуелдік жалғауда көбінесе бөлшектеу, 
кейде жинақтау мағынада бастауыш болады. 
Жалпы алғанда, субстантивтенген бастауыштар мақалды-мəтелді сөйлемдерде 
көбірек кездесді де, сөйлем арқылы айтылатын ойды ықшамды етуде үлкен қызмет 
атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет