Гомеостазды реттеу. Дененің қызметі мен зат алмасуының әртүрлі бұзылыстарын реттеуге бағытталған ем жүргізіледі. Осы мақсатпен белокты плазма алмастырушы заттар, су – тұзды және қышқыл – сілтілік тепе – теңдікті реттейтін сұйықтар, глюкоза ерітінділері, реологиялық заттар, дезагреганттар, антикоагулянттар,парентеральді қоректендіруге арналған заттар, сондай – ақ май эмульсиялары мен аминқышқылдарының ерітінділері қолданылады. Бұл өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қзыметін қамтамасыз етуге бағытталаған күрделі ем болып табылады.
Симптоматикалық ем – дененің бұзылған қызметтерін түзеуге бағытталған емнің шарасы(анальгетиктер,кардиотониктер, тыныс аналептиктері,гепатопротекторлар тағайындалады).
Ауруханада жедел хирургиялық инфекцияның алдын-алуы.
Хирургиялық инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болып табылады.Инфекциялар хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бүйрекке, өкпеге және басқаларға өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В,С және Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады.
Хирургиялық инфекциялардың алдын алу, инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады.
Хирургиялық инфекцияның алдын алу үшін - ауруханада антибактериалды әсер етуші препараттар - химиотерапевтік заттар және дезинфекцияға арналған химиялық заттар қолданылады. Қазіргі таңда дезинфекциялау үшін және залалсыздандыру алды дайындауда
|