Сыздауықтар (фурункулез) деп – қайталанатын(рецидивті) ағымымен сипатталатын, әртүрлі аймақтарда түзілетін, бірнеше сыздауықтың жиынтығын айтады. Фурункулезбен ауыратын науқастардың зат алмасуының бұзылыстарын анықтау үшін, толық зерттеген жөн(қант диабеті,авитоминоз). Емдеу кешенді жүргізіледі жіне иммунотерапияны да қосып тағайындау қажет.
Фурункулезді дененің қорғаушы күштерінің төмендеуінің белгісі (жаршысы) ретінде қарастырған жөн және ол көбінесе қант диабеті кезінде пайда болады. Сондықтан, сыздауықтары бар науқастардың міндетті түрде көмір – су алмасуын тексеру керек. Фурункулездің емңнде ең бастысы науқастың жалпы жағдацының жақсаруына көңіл бөлу керек: диурезді қалпына келтіру, калориясы жоғары тағамдар беру, витаминдерді енгізу. Науқасқа сыра ашытқысын беру керек(1ас қасықтан 2рет тамақпен бірге). Аутовакцинация,теріні ультракүлгін сәулелендіру жақсы әсер көрсетеді.Міндетті түрде антибактериальді ем жүргізілуі тиіс.
Егер, фурункулез кезінде жеке сыздауықтарыдың көлемі үлкейіп, абсцесстену белгелері пайда боолса, тез арада оперативті ем жүргізілуі қажет.
Шиқан. Карбункул. Түсінік. Этиологиясы мен патогенезі, клиникасы және емі.
Карбункул (шиқан)
Карбункул - бұл бір-біріне жақын орналасқан бірнеше түк қапшықтарының және май бездерінің іріңді-өліеттенген қабынуы, ол тері мен тері асты шелмайына жайылып, іріңді интоксикацияның даму белгілерімен сипатталады.
Этиологиясы мен патогенезі: Ауруды көбінесе алтын түсті стафилококктар тудырады, инфекция микрожарақаттар арқылы түседі. Карбункул қант диабетімен ауыратын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар сыздауықты дұрыс емдемегенде дамуы мүмкін. Карбункул мойынның артқы бетінде, шүйде мен сегізкөз аймақтарында және жауырын аралығында жиі орналасады. Ол лимфаденитпен және лимфангиитпен қабаттасып дамиды. Карбункул кезінде айқын қабынулық инфильтрат пайда болады, тері мен тері асты шелмайында тамырлардың көптеген тромбоздары байқалады. Жергілікті қан айналымының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шелмайының өліеттенуі мен үлкен көлемді іріңді қабынуы дамиды. Карбункул кезінде интоксикацияның жалпы белгілері тез арада пайда болады, сондықтан мұндай науқастар тек ауруханада емделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |