Атырау облысы білім беру басқармасы


Агалактия (сүтсіздік) және гипогалактия (сүтаздық)



бет24/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
акушер умк

3. Агалактия (сүтсіздік) және гипогалактия (сүтаздық) - дегеніміз малды азықтандырудың, күтіп-бағудың және пайдаланудың бұзылуынан немесе аурулардың және сүт безінің туа пайда болған аурулары салдарынан лактацияның бұзылуы. Лактацияның бұзылуы өндіруді төмендетеді.
Агалактия мен гипогалактияның себептерінің түрлілігіне байланысты жеті түрі бар.
Туа пайда болған агалактия және гипогалактия - бұл сүт безі нашар дамыған малда байқалады. Бұл асылдандыру жұмыстарын жұмыстарын ұйымдастыру, сүтті сиырларды өсіру үшін жоспарлы сұрыптаудың болмауынан туындайды.
Клиникалық белгілері. Сүт безі нашар дамыған, ешқандай қабыну белгілері жоқ. Емшектері де дұрыс жетілмейді, кейде олардың үрпі тесігі де болмауы мүмкін.
Алдын-алу. Туа пайда болған агалактия және гипогалактия байқалған малды жарамсыздыққа шығарып, толықгырушы жас малды дер кезінде анықтап, олардың енелерінің сүттілік белгілеріне қарап тандап алу керек.
Кәріліктен болған агалактия және гипогалактия - малдың жасына байланысты сүт безінде және басқа органдарда жүрген өзгерістер салдарынан сүт өнімділінің төмендеуі.
Клиникалык. белгілері. Желіні бір қалыпты кішірейеді (сему-атрофия), тығыздала бастайды, кейбір жерлері тастай қатты болады және сүт өнімділігі, сүттің сапасы өзгеріп, сүт тастары, құмдары пайда болады.
Алдын-алу. Малды жас ерекшеліктеріне байланысты пайдалануды дұрыс ұйымдастыру керек.
Алиментарлық (азықтандырудан болған) агалактия және гипогалактия - малды азықтандырудағы кемшіліктер салдарынан болады.
Себептері. Толықтырушы жас малды дұрыс азықтандырмау, оларды етке дайындалатын малмен бірге ұстау, рационның құрамының дұрыс болмауы немесе бір жақты азықтандыру т.с.с.
Рационның құнарсыздығы сауылатын сүт мөлшерін төмендетеді, сүттің сапасы нашарлайды.
Алдын-алу. Малды толық құнды азықтармен қамтамасыз ету, ақ зат мөлшері аз немесе артық болмау керек. Минералды заттар, макро- микроэлементтер жеткілікті болу керек. Жасанды қалыптасқан агалактия және гипогалактия - дені сау, қалыпты жағдайда күтіп-бағылатын сауын сиырларды сауу процесінің соңына дейін саумау, шартты рефлекстердің бұзылуы, малға жақындау дұрыс болмаса, сауу уауақыты өзгеруі салдарынан болады.
Әсіресе малды үркіту, қорқыту сауыншының ауысуы, сауын залында немесе қорада үйреншікті тәртіптің өзгеруі сүттің азаюына тікелей әсерін тигізеді.
Алдын-алу. Сауын ережелерін қатаң сақтау және күтіп-бағуды дұрыс жолға қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет