Қазақ мемлекеттік қыздар


ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ҮЛГІСІ



бет5/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ҮЛГІСІ
Ауталипова У.И. психология.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Бұл мәселені талкылаудың қажеттлігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстылығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыған орай, көптеген мәселелер психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептілік кодекстері арқылы шешіледі. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айрықшаланып тұратын, он түрлі негізгі кәсіби қызметінің сапасы, біздін ойымызша, оның жеке басының алатын орнын нақты анықтауға және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен өз ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінің төмендегідей белгілермен айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі материалдарға сүйенеміз.

Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда,өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.

- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.

- Өз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білуі керек.

- Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

- Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.

- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.

- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.

- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп түсінеді.

- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.

- Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.

- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.

- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

- Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның өз ісіне жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.

- Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады және де керісінше клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өз ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.

Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айырықша көрсеткендігін байқатады.

- Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог оларды негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.

- Өз ісіне білікті емес психолог бір ғана өзіне танымалы теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, ол басқа көзқарастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, басқаша айтқанда өз ісіне білікті емес психологтың қорытындыланған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.

- Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтық көрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және өзгертетін , ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, өз ісіне білікті психологтың қатынасы өз мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам өмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бөліп қарауға негізделген. Басқа сөзбен айтқанда өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.

- Өз ісінің білікті емес психолог әр түрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Өз ісіне берік психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал өз ісінің берік емес психологтың позициясы Мен-концепциясына құрылады. Мұны мына төмендегідей формуламен көрсетуге болады.

ПБП (практикалық білікті психолог) - (жалпылама теория; Мен-психолог; «Мен-тұжырымдама»), бұл жерде ПБП өз ісіне білікті психологтың позициясы. Ол жалпылама теорияның рефлексиясына, оның кәсібіне қатынасы, мен-тұжырымдама мазмұны рефлексиясы дегенді білдіреді.

ПБК (Мен-психолог; Мен-тұжырымдама), бұл жерде өзіне көңіл аударған адаммен қарым-қатынас мәнісі (Мен) практикалық психологтың Мен-тұжырымдамасының мазмұнымен анықталады.

Бұл формуларлық негізінде сипаттау өз ісіне білікті практикалық психологтың күрделілік дәрежесіне қарай оның жұмысын ұшқыштың жұмысына тең келетін күрделі сәт. Мұның өзі тұрақты кәсіби рефлексияның өзіне көңіл аударған адаммен /тұрақты/ қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі, яғни кәсіби нақты әрекет жасай отырып, пайдалы психологиялық көмек көрсетудің көрінісі деп айтуга болады.

ӘДЕБИЕТТЕР
1.Абрамова Г.С.Практическая психология. Екатеринбург, 1998 г.

2. Введение в практическую социальную психологию. М.1996

3.Горностай П.Н.,Васьковская С.В. Теория и практика психологического консультирования.Проблемный подход.Киев, 1995

4. Н.Н.Ежева. Рабочая книга практического психолога. Ростов-на-Дону.Феникс 2008.


ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі жөнінде қарастырылған.

РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются образцы профессиональной услуги практического психолога.



СОЛАҚАЙЛЫҚ - БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Бапаева С.Т. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі-бүгінгі тавда ағарту саласындағы аса маңызды шаралардың бірі болып отыр. Жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбында қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәттсіздіктерінің басты себебі-психикалық дамудың кемшіліктерінде, яғни мектептік оқуға даяр еместігі. Оқуға берерде баланың тек биологиялық жасына немесе дене дамуына сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының көрсеткіштерінің өлшемін жасап, шығару — бүгінгі күн талабы екенін уақыт өзі көрсетіп отыр.

Баланы мектеп өміріне даярлаудың маңызын бала психологиясын зерттеумен айналысып жүрген барлық ғалымдар да қуаттайды. Мәселен, Славина Л.С бала өмірін табиғи қажеттіліктері мен әуесқойлықтарын қанағаттандыратындай етіп, үйымдастырып, оның жаңа білімдері мен жаңа кызығушылыктары қалыптасуы үшін, баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз етіп отыру керектігін дәлелдейді. Шадриков В.Д зерттеуінде «мектепке психологиялық даярлық, бір жағынан, ағза мен психика дамуының гентикалық бағдарламасымен анықталса, екінші жағынан, баланың жеке тәрбиесі мен білімдер қорымен өлшенеді. Мұндағы мәселе-биологиялық даму мен психикалық дамуды қатар қарастыруда емес, оларды салыстыруда да емес, бір тұтас зерттеуде»,-делінеді.

Костикова М.Н өзінің «Балаларды мектептегі даярлаудың психологиялық ерекшеліктері» атты диссертациялық зерттеуінде психологиялық даярлықтың типтерін ұсынды. Бұл еңбектің құндылығы тұңғыш рет баланың мектеке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында, оқу әрекетінің жетістігі туралы ахуал ұсынылмай, осы жетістікті қамтамасыз ететін ғылыми-тәжірибелік шаралардың жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапылық ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді бөліп көрсетуі еді.

Баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған психологтар мен педагогтардың зерттеулерівде бұл мәселенің аспектілері жан-жақты зерттелгені еш дау тудырмайды. Алайда, «құптарлық емес» құбылыстар қатарына жататын солақайлық мәселесінің де баланың мектепке даярлығы процесінде өзіндік қиындықтарының бірі болуы мүмкін деген пікірді енгізуді ұсынамыз.

Баланың ойлау процесінің дамуы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі бола отырып, осы міндеттердің дұрыс шешімін таба алмауы көптеген педаготардың әрекетін құнсыздандырып, баланы - кейін ересек адамды да өмірдің қарапайым талаптарының өзіне де қарсы тұра алмауына әкеледі. Алайда ойлау әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның психологиялық механизмдері мен дамуының мүмкін бағдарын ескерген жөн. Психология ғылымының осы саладағы ауқымды жетістіктері мидың жарты шарлары арасындағы ассиметрияның, яғни оның екі жарты шарларының түрлі қызметтерін ашумен байланысты.

Бізге не үшін мидың жарты шарының қызметін білу керек? Біраз уақыт бойы ми, бүйрек немесе өкпе секілді жұп ағза ретінде қарастырылды. Мидың бір жарты шарының қызметі екіншісінің қызметіне толығымен сәйкес келеді деп есептелінген, шынымен мидың сол жақ жарты шары дененің оң жақын бөлігінің әрекеті мен сезімталдығына, ал оң жақ жарты шары дененің сол жақ бөлімінің әрекеті мен сезімталдығына жауапты (Бианки В.Л.). Тек тілдік қатынас қызметі ғана сол жақ жарты шардың үлесіне тиесілі, өйткені мидың тек сол жақ жарты шары бұзылған адамның сөйлеу қабілеті бұзылған.

Физиология мен психологияда ми жарты шарларының өзара функционалды ассиметрияларының ашылуы, физикадағы атом ядросының бөлінуі сияқты төңкеріспен тектес болып табылады.

Мұндай жаңалықтың ашылуы АҚШ зерттеушісі, кейін Нобель атындағы сыйлықтың иегері Р.Сперридің есімімен байланыстырылады.

Хомская Е.Д. мидың сол жақ жарты шарының қызметі адамның ауызша, жазбаша сөйлеу тілін түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс жауап беруіне жағдай жасайды және де адам формальды логикамен бұрын меңгерілген ережелер негізінде сандар мен математикалық формулаларды жеңіл пайдалана алады. Бірақ мидың сол жақ жарты шарының белсенділігі дыбыс интонациясы мен дауыстың модулясиясын ажыратуға мүмкіндік бермейді. Сол жақ жарты шардың арқасында әлемнің біртұтас бейнесі қалыптасатын болса, оң жақ жарты шары бөлек бөлшектерінен әлемінің үлгісін жинақтайды.

Сонымен бірге мидың оң жақ жарты шарлары санадан тыс психикалықпен байланысты.

Солақайлық мәселесі педагогиканың күрделі мәселелерінің бірі — көп уақыт бойы оң жақ қолына қарағанда сол жақ қолымен белсендірек әрекет ететін балаларды, жалпыға бірдей бір түрге келтіру мақсатында қайта үйрету тиіс деп есептелініп келді. Алайда мұндай әрекеттің еш жақсылыққа әкелмейтіні, керісінше көпшілік балаларда невротикалық реакциялардың пайда болуына жағдай туғызатынын байқауға болады.

Солақайлық дербес көзқарасты талап ететін балалардың тобы, өйткені дәл осы балалар астеноневротикалық реакцияға сезімталдыққа бейім келеді.(Светлов Р.С.). Тарихқа көз салсақ, солақайлық құптарлық емес құбылыстардың негізінде болғандықтан, солақайларды міндетті түрде оңқайлыққа қайта үйрету қолға алына бастады. Осы уақытқа дейін өскелең ұрпақтың тәрбиесімен, денсаулығымен айналысқан мамандар солақайларды міндетті түрде күштеп болса да оңқайлыққа үйрету қажет деп есептеді. Баланың сол қолымен жазуға, әрекет етуге күш көрсеткен жағдайда сол мезетке дейінгі баланың бойында байқалмаған астеникалық белгілер көрініс бере бастайды, атап айтқанда бала тез шаршағыш болады, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, сол қолының шаршағандығы мен басының ауырғандығының белгілері көрінеді. Осы аралықта баланың түнгі ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті шаппай, балалардың бойында ызалаңқылық, ұстамсыздық, қызбалық байқалып, ата-аналарына, тәрбиешілеріне, педагогтарына қатысты «қарсылық реакциясы» жиіленеді. Сирек жағдайда тұтықпа, дәретін ұстай алмау жағдайлары орын алады.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) денсаулық сақтау министрлігінің «солақайлықты анықтау және солақай балалардың психогегиенасы» атты әдістемелік нұсқауларында солақай баланы күштеп оңқайлыққа үйрету невротикалық ауытқулардың дамуына әкелетіндігі сөз етіледі.

Тіптен нейродермит, бронхиалды астма ауруларының көрінісі күшейе түседі.

Сонымен бірге солақайларды «оңқайлық әлемге» ешқандай жағымсыз жағдайларсыз да қайта үйретуге де болады. Сондықтан балаларды қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға сәйкес, атап айтқанда олардың денсаулық жағдайларын, ағзаның бейімделе алу мүмкіншіліктерін, ішкі сенімдерін, физиологиялық алғышарттарын, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кейде солақайлықтың өзі қайта үйрету дағдыларынсыз да баланың психикасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайларда солақайлықпен қосарлана жүретін барлык сыртқы белгілерін тексере отырып, қайта үйреткен жөн. Ал егер де солақайлық тұқым қуалаған болса, қайта үйрету әрекеттерінің жүзеге асырылмағаны дүрыс.

Солақай бала мектеп табалдырығын аттағанда қиыншылыққа тап болады. Мәселен, мұғалімнің «қаламынды оң қолыңмен ұста», «неге қарындашыңды тағы сол қолыңмен ұстадың?» деген т.б. ескертулері балаға ыңғайсыздық туғызады. Қанша талап қойылса да, оң қолымен жұмысты орындау өз нәтижесін бермейді. Тісін оң қолмен жуса да, қаламын оң қолымен ұстап жазса да, ырқына көнбей, қайта-қайта басқа жаққа қарай қисайып кете береді.

Сондықтан ата-ана, мұғалім тарапынан баланың шынымен солақай екенін анықтап алуы - басты мәселе.

Кеңестік кезеңнің тәлім-тәрбие мәселесінде бұл мәселе тез шешімін табатын. Егер бала солақай болса, онда ол міндетті түрде оң қолымен жазуы тиіс деген жалпыға бірдей талап қойылатын. Балалардың денсаулығы мен мүмкіндіктерін және физиологиялық ерекшеліктері назардан тыс қалып отыратын.

Адамдарда болатын солақайлықтың болу себебі, әлі ашылмаған, ғылыми нақты бір тұжырымға келмеген мәселелердің қатарына жатады. Ғалымдардың болжамы бойынша солақайлық жылдан жылға ұлғайып бара жатқанын көрсетеді.

Ресейлік ғалымдардың зерттеулері бойынша шынымен адамзаттың көп бөлігі оң қолды, тек 5-12 пайызы ғана солақай екені анықталды. Бірақ солақай мен оңқолдыларды біржақты топтар деуге болмайды. Олардың ішінде жоғары дәрежелі солақайлар және жоғары дәрежелі оңқолдылар болады, сонымен қатар екі қолының әрекет етуі бірдей белсенді болып келу ерекшелігі де анықталған, оны ғылымда амбидекстер деп атайды. Шетел ғалымдарының ойынша солақайлар пайызы көбеюде. 1928 ж шетелдегі зерттеу бойынша үлкендер арсында солақай әйел адамдар 3,3%-ке, ал солақай ер адамдар 4,7 %-ке жеткен. Ал 1973 жылы солақайлық әйел адамдар арасында 8,8 %-ке өссе, ал ер адамдар да 10,4%-ке жеткен. 1979-88 жылдары солақайлық әйел адамдардың арасында 12,4%-ке және ерлер арасында 13,9 %-ке жеткен. Осыдан, солақайлық мәселесі өмірде сирек те болса, кездесіп тұратын құбылыс екендігін байқап отырмыз.

Ресейлік нейрофизиолог А.А.Айропетянцтің зерттеуінде 1987 жылы 7-9 жасар балаларда13,3% солақай ұл балалар және 10% қыз балалар болған. Ал 14 жастарында ұлдардың ішінде солақайлар 4,4 %, ал қыздар арсында 4,1 % солақайлар кездескені анықталған.

Көптеген шет елдердегі зерттеулердің нәтижесіне көз жүгіртсек, солақай балаларын оң қолға үйретпейді, керісінше оларға арнап арнайы оқулықтар, құрал-жабдықтар, сонымен қатар мамандық алуына жағдай жасалған, яғни солақайлармен тиімді қарым-қатынас жасау арқылы олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалған. Көптеген шетел қалаларында солақайларға арналған түрлі тұрмыстық заттар, дене тәрбиесіне арналған құралдар, іс машиналары, клавиштері сол қолға арналған компьютерлер және де қажетті заттар сатылатын арнайы дүкендер бар. Өкінішке орай, біздің елімізде солақайларға қатысты мұндай жағдай жасау ескерілмеген.

Атақты американ оқымыстылары С.Спингер мен Г.Дейч өздерінің «Сол ми, оң ми» атты еңбектерінің бір тарауын «Сол қолдың құпиясы» деп атаған. «біз әлі солақайлар оң қолдылардан несімен ерекшелінеді және солақайлық патологияға жатпай ма?» деген сұраққа жауап таба алмадық дейді. Енді осы сұрақтар түрлі көзқарастар мен зерттеулерде қалай талданғанына назар аударайық. Негізінде солақай деген сөз көптеген тілдерден аударғанда «икемсіз, қолайсыз, қабілетсіз» деген мағынаны білдіреді.

Ағылшын тіліндегі «lefthanded» деген сөзінің синонимі тек епсіз , икемсіз ғана емес- түйық жөне арамза деген мағыналарды білдірсе, ал французша «Gauche» - "сол жақ" ебедейсіз, шыншыл емес деген мағына берген, немісше «Link» — "сол жақ", "икемсіз" деген мағынаны, нигерияда сол қолды "ово оси", яғни" икемге келмейтін" деп атаған.

Американдық психологтар С.Спингер мен Г.Дейчтің айтуы бойынша, бұл мағыналарға аса зер салмау керек. Тарихта аты әлемге әйгілі көптеген адамдардың солақай болғаны бізге мәлім. Мысалы, А.Македонский, Наполеон, Леонардо да Винчи, Павлов, қазақтың дарынды ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиев т.б сол сияқты солақайлар да өз өмірінде көптеген жетістіктерге жеткендерін дәлелдеп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучении. Избр. Психол.труды. М., 1995.

  2. З.Безруких. М.М."Проблемные детеи" М., 2000.

  3. Безруких. М,М, С.П.Ефимова "Знаете ли вы своего ученика" М.1991

  4. Кравцова Е.Е.Психологические проблемы готовности детеи к обучению в школе.М., 1991.

  5. Эльконин Д.Б.Детская психология. М.

  6. Венгер А.А. Психологический основы диагностики умственного развития дошкольника.М., 1982.

  7. Дубровина И.В. Практическая психология М.,1977.

  8. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И.Педагогу о стиле общения с детми. Алматы, Рауан 1996.-143 с. Ю.Оспанбаева М.П Мектепке психологиялық даярлық диагностикасының ғылыми негіздері. Дисс.канд.пс.ғ.2002.

  9. Асылханова М. Танымдық іс-әрекет-мектепке бейімделудің басты факторы. Дисс.канд.пс.ғ. АГУ 1999.

  10. Бердібаева С.Қ.5-8 жастағы балаларда, алғашқы физикалық түсініктерді жоспарлы қалыптастыру негізінде ойлау әрекетін дамыту. Дисс.канд.пс.ғ. 1997

  11. Спингер.С. Дейч.Т. Левый мозг, правый мозг. Ассиметрия мозга М., 1988.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада солақайлық проблемасы және оның баланың мектепке даярлығында туғызуы мүмкін қиындықтары сөз етіледі.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается проблема леворукости и его возможные трудности в готовности к обучению




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет