Қарама- қарсы жапырақты ербасы- ГОРЕЧАВКА ПЕРЕКРЕСТНОЛИСТНАЯ.
Қарама- қарсы жапырақты ербасы биіктігі 60-сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры қысқа әрі жуан, қоңыр түсті. Сабақтары біреу немесе бірнеше болады, жапырақтары көп. Тамырынан тікелей өсіп шығатын эллипс тәрізді бір топ жапырақтары бар. Сабақ жапырақтары жіңішкелеу, қарама –қарсы орналасқан. Гүлдері сабақтарының жоғарғы жағында, жапырақтарының қуыстарында болады. Гүл тостағанша түтікшеге ұқсас, 4 тісті, 4 қалақшадан тұрады. Гүл тәжісі көк түсті, қоңырау тәрізденіп келген, 4 гүл жапырақшасы бар. Жемісі көп тұқымды қауашақ, илюь-август айларында гүлдейді.
Қазақстанда басқа да өкпе ербасысы Оливье деген түрі өседі. Өкпе ербасының биіктігі 30 сантиметрге жуық, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан.Гүлдері ірі, гүл тостағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжісі 5 гүл жапырақшадан тұрады. Жемісі бір ұялы қауашақ. Август-сентябрь айларында гүлдейді. Оливье ербасысы республикамыздың оңтүстік аудандарында кездеседі. Гүлдері көк, апрель май айларында гүлдейді. Олар тау етектерінде, далалы аймақтарда, ылғалды жерлерде өседі. Жоғарыда аты аталған ербасының үш түрінің де емдік қасиеттері бір-біріне ұқсас. Дәрі жасау үшін олардың жер үстіндегі бөлігін, тамырын және тамырп сабағын жинап алады. Құрамында – генциамин деген алкалоид, глюкозидтер, майлар, эфир майлары, илік заттар,каротин, С витамині бар.
Бұл өсімдіктерден жасалған дәрілердің асқазанның жұмысын жақсартып, қышқылын көбейтетін, іш жүргізетін, өт айдайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар олармен қанның азаюын, ревматизмді, подаграны емдейді. Көптен жазылмай жүрген жараларға өсімдіктің тамырын ұнтақтап себеді. өкпе ербасысы мен Оливье ербасысы халық медицинасында жөтелге қарсы қолданылады. Аяқ көбірек терлейтін болса ербасының 1 бөлігін, емен қабығының 3 бөлігіне араластырып, қайна тындысына аяқты малып отыру керек.
Қолдану тәсілі: Ербасының 2 ас қасығын 200мл араққа қосып 10 күн тұндырады да, 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.
Глоссарий:
1.Қарама- қарсы жапырақты ербасы.
2.Қала гравилаты.
3.Субеде.
4.Бояулық риян.
5.Дәрілік авран.
6.Дәрмене.
ОБСӨЖ № 3
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Зығыр.
2.Итбүлдірген.
ОБСӨЖ мақсаты: Зығыр және итбүлдірген және сол сияқты дәрілік өсімдіктер мен таныстыру.
Зығыр – Лен обыкновенный
ОБСӨЖ мәтіні: Зығыр – биіктігі 1 иетрден асатын, бір жылдық, шөптектес өсімдік. Ақ түсті, жіңішке, ұзын, желілі тамыры бар. Сабағы жұмыр, жоғарғы жағында жайылақ тік өседі. Жапырақтары көп, отырмалы, кезектесіп орналасқан, қандауыр тәрізді. Гүлдері ірі, көкшіл көкшіл түсті, гүл сабақтары ұзын, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. Олар гүл тостағаншасынан ұзындау болып келеді. Жемісі – 5 жерден ашылатын қауашақ. Ішінде ашық қоңыр түсті, сырты жылтыр, екі жағынан қысып жалпайтқан жұмыртқа тәрізді тұқымдары болады. Июнь айының аяқ жағынан август айына дейін гүлдейді. Июльдің аяғында жеміс береді.
Зығыр - мәдени өсімдік. Алайда кей жерлерде жолдардың жиегінде, егістіктердің арасында жабайыланып кеткен түрлері де кездеседі. Дәрілік мақсат үшін зығырдың тұқымын пайдаланады. Құрамында майлар, белоктар, қоймалжың, минералдық заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер, линамарин деген клюкозид бар. Линамариннің ішектің жұмысын реттеп отыратын, қоймалжың заттардың қабынуға қарсы әсер ететін және іш жүргізетін қасиеттері бар. Осыған байланысты зығыр тұқымынан жасалған дәрілер өкпе, жоғарғы тыныс жолдары және бүйрек, қуық қабынғанда емге қолданылады. Халық медицинасында осы айтылғандарға қосымша қуыққа
Тас байланғанда ауыз уылғандан, жұтқыншақ бездері қабынған да оларды шаю үшін қолданылады. Профессор Н Г. Ковалева зығыр тұқымын асқазанда, ұлтабарда жара пайда болғанда, тоқ ішек қабынғанда емдеу үшін пайдаланады. Ал зығыр майын күйікті іріңді жараларды емдеуге қолданады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 2 шай қасық зығыр тұқымын 1 стакан қайнап тұрған суға салады және оны 20- минут араластырып, сүзіп алады да 1ас қсаықтан күніне 3 рет ішеді. Қант ауруын халық арасында былай емдейді, зығыр тұқымын бұршақтың қабығын, қара жидектің жапырағын, арпаның сабағын бірдей етіп алып араластырады. Осы қоспаның 3-ас қасығын 3 стакан салқын суға салады да 10 минут қайпнатып, стаканың ¼ -індей мөлшерде күніне 3 рет ішеді. Күйікті емдеу үшін жараға таңып тастайды.
Итбүлдірген –Брусника
Итбүлдірген- қысы- жазы көгеріп тұратын аласа бұталы өсімдік. Биіктігі 30 сантиметрден аспайды. Бұтақтары жұмыр, сыртында жоғары қараған түктері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қыста да түспей, қар астында жата береді, теріс қаратып қойған жұмыртқаға ұқсайды, төменгі жақтарында бірнеше қара дақтары бар. Бұтақтарының жоғарғы жағында орналасқан гүлдерінің түсі ақ немесе қызыл, төрт тісті, қоңырау сықылды, 4-5 гүл жапырақшасынан тұрады, гүл сабақтары қысқа. Тұқымы қызыл түсті дөңгелек шар тәрізді, дәні ащылау, диаметірі 8-миллиметрге дейін жететін жеміс. Мұны август-сентябрь айларында піскен кезінде, ал жапырағын ерте көктемде гүлдегенге дейін жинап алады.
Итбүлдірген таулы жердегі тасты алаңдарда жайылымдарда, орманды жерлерде өседі. Құрамында арбутин глюкозиді, урсол, аскарбин қышқылдары,илік заттар бар. Арбутиннің микроб өлтіретін, жапырақтарының несеп жүргізетін, қан қысымын төмендететін қасиеттері бар. Бүйрекке тас байланғанда, қуық және несеп жолдары қабынғанда, асқазан қышқылы кемігенде, іш өткенде және ревматизм, подагра, бауыр ауруларын емдеу үшін қолданады. Кейде асқа тәбетті арттыру үшін пайдаланады. Балалардың шыжың ауруын емдеуде де жақсы нәтижелер беріп жүр.
Дәнді дайындау және қолдану тәсілі. Итбүлдіргеннің 1 ас қасық жапырағын қайнап тұрған 1 стакан суға салып, жарты сағат тұндырады да, суығаннан кейін сүзіп алып, тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Балалардың шыжың ауруын емдеу үшін итбүлдіргеннің 1 қачық жапырағы мен 1 қасық жемісін алып, оған 2 қасық шайқурайдың шөбін қосып араластырады да, 3 стакан суға салып, 10 минут қайнатады. Дайын болған дәріні ішуді түс қайта бастайды. Әр ішкенде 1 стаканнан 3 рет ішіп тауысады. Соңғы стаканды ұйықтар алдында ішеді.
Глоссарий
1.Дәрілік сабыншөп.
2.Дәрілік қырлышөп.
3.Жылан таран.
4.Көкек жанаргүлі.
5.Егістік көздері.
6.Бес салалы сасық шөп.
ОБСӨЖ № 4
ОБСӨЖ тақырыбы: Тропика мен Субтропикада өсетін дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Ажгон.
2.Гамамелис.
3. Индигофера.
ОБСӨЖ мақсаты: Субтропикада өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жүздеген дәрілік өсімдіктердің сан алуан түрі Африкадан Поленезияға дейінгі жерлерді , Жапозния аралдарында Солтүстік Американың оңтүстік шығысында , Оңтүстік Американың кейбір аймақтарында , Австрия мен жаңа Зеландияның Оңтүстігінде өсіп - өнеді . Мұндай өсімдіктердің сол жерлерде соншалықты көп мөлшерде өсіп таралуының негізі себебі , олрдың өсіп жетілуіне , жалпы тіршілігіне табиғат ортасының өте қолайлылығы . Әсіресе ауа мен топырақ ылғалдылығы сол өсімдіктердің өніміне өте тиімді. Осындай ортада өскен өсімдіктер басқа жердегі өсімдіктерге қарағанда олардың құрамындағы заттарының саны жағынан , сапасы жағынан да өзгеше болады.
Жоғарыда осы өсімдіктердің дәрілікке кеңірек қолданылып жүргені (лаванда , фенхель , агава алоэ т.б ) туралы біраз мәлімет бергенбіз. Дегенмен біздің елге әлі де болса белгісіз түрлері өте көп . Бұл өсімдіктердің аттарры жергілікті халықтар атайтын күцінде беріліп отыр Себебі олар біздің елде кездеспегендіктен болу керек , қазақша аттары жоқ.
Ажгон- биіктігі 60-100 см біржылдық шөп өсімдігі . Жапырағы екі – үшке тілінген . Гүлдері ақ болмаса ашық күлгін түсті , жиналып жатыр құрады . Индия жерінде өседі . Жемісінде 10 %- ке дейін эфир майы бар . Одан тимол ( 40-60%) және карвакрол заттары алынады .
Дәрілікке ажгон майы , әсіресе тимол ауыз ішін дизинфекциялауға пайдаланылады.
Аспидосперма – биіктігі 20 метрдей жіңішке бұтақты ағаш өсімдігі. Жапырақтары үш-үштен топтанып орналасқан , қалың қабықты болады. Гүлдері уақ сары түсті . Оңтүстік Аменрика , Аргентина , Чили , Боливия жерлерінде өседі. Бұл ағаш қабығының дәрілік құасиеті бар . Онда алколойдтар мөлшері 0,8-1,4 илік заттары 25 % . Бұдан алыған алколойд аспидоспермин демікпе ауруын емдеуге пайдаланылады.
Букко –биіктігі екі метрдей көп сабақты бұта өсімдігі . Сабақтары қызыл түсті, жапырақтары кішілеу келген кезектесіп отырады. Гүлдері жапырақ түптеріне орналасқане ақ түсті . Оңтүстік Африка жерінде кездеседі.
Дәрілікке жапырағы пайдаланылады. . Құрамында 2 % эфир майы , гликозид диосмин , смола заттары бар. Жапырағынан дайындалған тұнба инфекциялық аурулармен ауырғанда зәр айдауға қолданылады .
Гамамелис –қабығы ашық сұр түсті ағаш өсімдігі . Жапырақтары ірі , ұзындығы 12 см , ені 9 см қою жасыл түсті . Солтүстік Америка тоғайларында өседі.
Жапырақтарында гликозид тәрізді илік заттары болады. Олардан жасалған экстракт іштен қан – кеткенді тоқтатуға қолданылады.
Гаултерия – кішілеу келген мәңгі жасыл бұта өсімдігі . Терістік Америка тоғайларында өседі. Бұл өсімдіктен тек қана метилсалицилитат тұратын эфир майын алуға болады. Жапырағында арбутин 4 %, илік заттары 6 % бар . Гаултериядан алынған май ревматизмді емдеуге пайдаланылады.
Гваяк ағашы-биіктігі 6-10 метрлік ағаш өсімдігі . Антил , Багам аралдырында, Флорида , Венесуелла , Колумбия , Индия жерлерінде өседі. Бұл өсімдіктің ағашында 25% смола , сапониндер, эфир майы бар. Ағаш ұнтағынан жасалған тұнба ревматизмді ем деуге қолданылады.
Гидрастис-көлбей өсетін қисық тамырлы , биіктігі 15-20 см көп жылдық шөп өсімдігі .. Тілімделген бірнеше ірі жапырағы бар . Терістік Америка тоғайларында өседі. Дәрілікке тамыры пайдаланылады. .Құрамында гидрастин 2% берберин 2,5%заттары болады. Бұл өсімдіктің тамырынан жасалған экстракт ішектен қан кеткенде қлданылады.
Зедоария –тамыр жүйесі өте күрделі көпжылдық өсімдік . Жапырақтары ірі кезектесіп орналасқан . Сабақ басында түрлі түсті гүл шоғы орналасқан . Индия , Африка жерлерінде өседі.
Дәрілікке құрамында эфир майы бар тамыры пайдаланылады.
Тұнба болмаса ұнтақ ретінде тамаққа тәбет арттыру үшін қолданылады.
Индигофера –кішілеу келген бұта өсімдігі. Жапырақтары күрделі, 4-7 жұп жапырақшалардан тұрады. Олардың астыңғы жағын түк басқан . Гүлдері сарғыш қызыл түсті. Индия , Егепед жерлерінде өседі.
Дәрілікке жапырағы пайдаланылады. Құрамында гликозит –индикан бар. Индияда бауыр ауырғанда , ал Вьетманда шиқан т\б жараларды емдеуге қолданылады. Бұдан басқа жапырағының ұнтағы “басма ” шашты қара түске бояуға қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Букко, гамамелис.
2.Гидрастис, зедоария.
3.Аспидосперма.
4.Ажгон, Гваяк ағашы.
5.Гаултерия, Индигофера.
ОБСӨЖ №5
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жантақ.
2.Жылан таран.
ОБСӨЖ мақсаты: Етжапырақ бадан.
Етжапырақ бадан – бадан толстолистный
ОБСӨЖ мәтіні: Етжапырақ бадан – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан, қара қоңыр, жер астын кеулеп көлбеу өседі. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары үлкен, қалың етті, күздігүні қып-қызыл болып шоғырланып тұрады. Гүл өсетін сабақтары жапырақсыз, жуан әрі тамыр жапырақтарына қарағанда екі есе биік, жоғарғы жағында сыпырғы сияқтанып жиналған гүл шоғы бар. Гүлдері қызыл түсті, әдемі, қоңырау сықылды, гүл жапырақшалары бөлек-бөлек. Май-июль айларында гүлдейді.
Етжапырақ бадан орманды, таулы жерлерде, тастақты беткейлерде, өзен жағаларында, жалпы кез келген жерге шыға береді, құрғақшылыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын күзде, ал жапырағын июнь-июль айларында жинап алады. Құрамында илік заттар, танин, галло қышқылы, арбутин гликозиді, крахмал қант бар. Етжапырақ баданның тамырынан жасалған дәрілердің қан тоқтататын, қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоютын қасиеттері бар.
Етжапырақ бадан асқазан жолдары ауырғанда, дене қызуы көтерілгенде, бас ауырғанда қолданылса өте жақсы нәтиже береді. Ауыз уылғанда және тамақ бездері қабынғанда оларды шаю үшін пайдаланады. Дене сыртындағы жарақаттардың, іріңді жаралардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар онымен тоқ ішектің ауруларын емдейді. Дизентерияны емдеу үшін антибиотиктермен қосып пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 1 ас қасық толы ұнтақталған тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, стакандағы судың жартысы қалғанша буландырады. Дәрінің стаканда қалғанын 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.
Жылан таран – змеевик, горец змеиный
Жылан таран – биіктігі 1 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, жылан тәрізді, өсімдіктің толып жатқан қосымша тамырлары бар. Тамырынан бұтақтары жоқ жалаң 1-2 түзу сабақ өсіп шығады. Сабақтары ұзын, биік, көптеген отырмалы, ұзынша жапырақтары бар. Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары ірі, сопақша келген. Жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қошымша жапырақшалар мен бірігіп, түтікке айналған. Гүлдері қызыл түсті, сабақтарының ұшында ұзындығы 6 сантиметрлік масақ жасап шоғырланып тұрады. Гүлдерінің аңқыған иісі бар. Жемісі – қара қоңыр түсті үш жылтыр жаңғақша. Май-июнь айларында гүлдейді.
Жылан таран шабындықтарда, батпақты жерлердегі шөптердің арасында, орман шетіндегі алаңдарда өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын пайдаланылады. Құрамында 25 -ке жуық илік заттар, витаминдер, А провитамині бар. Өсімдіктің тамырларын август-октябрь айларында жинап алады. Тамырды күрекпен қазып алады да, жуып тазалайды. Оны сабағы мен қосымша тамырынан, жапырақтарынан пышақпен ажыратып, 10 сантиметрлік бөліктерге бөліп, кептіріп алады.
Жылан тараннан жасалған дәрілерді ішек қабынғанда емдеу үшін, әсіресе тоқ ішектің ауруларына қарсы пайдаланылады. Іш өткенде және жатырдан немесе асқазаннан қан кеткенде емдеуге қолданылады. Тіс түбінің еттері қабынғанда ауызды шайып емдейді. Халық медицинасында жылан тараннан жасалған дәрілерді дизентерияға қарсы, асқазаннан және денедегі басқа да жерлерден қан кеткенде, өт және несеп жолдары қабынғанда, асқазан мен ұлтабарға жара түскенде қолданылады. Дене сыртындағы қанталап тұрған және іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, сонан соң сүзіп алып, ауыз шаюға, дене сыртындағы жараларды емдеуге қолданылады. 5 грамм өсімдік тамырын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырып және осылайша көбейтіп алады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Өт қалтасына және қуыққа тас байланғанда осы тұнбаны іше отырып, балық пен ет тағамдарын, тамаққа ащы заттарды қосуды азайтқан жөн.
Глоссарий:
1.Дәрілік зоря.
2.Дәрілік мелисса.
3.Дәрілік нарқайсар.
4.Дәрілік түйе шырмауық.
5.Еркек усасыр.
ОБСӨЖ №6
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Емен.
2.Етжапырақ бадан.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктер мен таныстыру.
Емен – дуб черешчатый
ОБСӨЖ мәтіні: Емен – биіктігі 40 метрге дейін жететін, диаметрі 7 метрлік, қара қоңыр қабығы бар ағаш. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, сағақтары қысқа, теріс қаратып қойылған жұмыртқа секілді. Қосымша жапырақтары ерте түсіп қалады, май айында гүлдейді. Жемісі – шошқа жаңғақ. Дәрі жасау үшін еменнің жас өркендерінің қабығын көктемде, ағаштың жапырағы жайыла бастағанда жинайды. Жиналған қабықтарды жылы жерде дереу кептіру керек. Егер қабықтар жаңбырдың астында қалса, онда тұқымындағы илік заттардан айырылып қалады.
Қазақстанда емен ағашының ормандары Орал жағында ғана кездеседі. Сондықтан басқа жерлерде еменнің қабығын жаппай жинауға болмайды. Себебі қабығын сыпырғаннан кейін қандай ағаш болса қурап қалады. Бұл еменнің аз өсетін жерлерінде мүлдем қурап кетуіне әкеліп соғады. Оның құрамында илік заттар, пектин, қант, кверцетин және тағы да басқа заттар болады.
Еменнің қабығын қабынуға қарсы қолданса, өте күшті әсер етеді. Сондықтан оны ауыз уылғанда, тістің еттері мен жұтқыншақ бездері қабынғанда оларды шаю үшін пайдаланылады. Ол сонымен бірге іш өткенде, асқазаннан, ішектен қан кеткенде, сонымен қатар күйікті және тері ауруларын емдеуге қолданылады. Кейде онымен тершең аяқты жуса да өте жақсы нәтиже береді. Тік ішек айналып сыртқа шыққанда емен тамырынан бұлау жасап отырады. Несепке қан араласып шыққанда және ауру кісі дәретке қалыптан тыс жиі отыра берген жағдайда да емен тамырынан жасалған дәрілер ем үшін қолданылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Еменнің 10 грамм қабығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, күніне 2-3 рет ішеді. Дене сыртындағы ауруларды емдеу үшін тұнбаны былай жасайды: 20 грамм тамырды алып, 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 201 минут тұндырып, оны аяқтың сыртына жағады. Күйікті емдеу үшін де жоғарыда айтылғандай тұнбаны қайнатып буландырып, қоймалжың етіп, сары май немесе вазелин қосып, күйген жерлерге жағады.
Ұзақ төсек тартып жатқан адам денесінің ойылған жерлерін емдеу үшін ұнтақталған емен тамырының екі бөлігін, терек бүршіктерінің бір бөлігін сары майдың 4 бөлігіне араластырып, таң атқанша тұндырып жылы жерге қояды және таңертең сәл ғана қайнатып, сүзеді де таза ыдысқа құйып алып, денеге жағады. Аяқ шамадан тыс терлейтін болса, мынадай бұлау жасап пайдалануға болдаы: 50 грамм емен тамырын 1 литр қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырады да, даяр болған тұнбадан аяққа бұлау жасайды.
Етжапырақ бадан – бадан толстолистный
Етжапырақ бадан – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан, қара қоңыр, жер астын кеулеп көлбеу өседі. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары үлкен, қалың етті, күздігүні қып-қызыл болып шоғырланып тұрады. Гүл өсетін сабақтары жапырақсыз, жуан әрі тамыр жапырақтарына қарағанда екі есе биік, жоғарғы жағында сыпырғы сияқтанып жиналған гүл шоғы бар. Гүлдері қызыл түсті, әдемі, қоңырау сықылды, гүл жапырақшалары бөлек-бөлек. Май-июль айларында гүлдейді.
Етжапырақ бадан орманды, таулы жерлерде, тастақты беткейлерде, өзен жағаларында, жалпы кез келген жерге шыға береді, құрғақшылыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын күзде, ал жапырағын июнь-июль айларында жинап алады. Құрамында илік заттар, танин, галло қышқылы, арбутин гликозиді, крахмал қант бар. Етжапырақ баданның тамырынан жасалған дәрілердің қан тоқтататын, қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоютын қасиеттері бар.
Етжапырақ бадан асқазан жолдары ауырғанда, дене қызуы көтерілгенде, бас ауырғанда қолданылса өте жақсы нәтиже береді. Ауыз уылғанда және тамақ бездері қабынғанда оларды шаю үшін пайдаланады. Дене сыртындағы жарақаттардың, іріңді жаралардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар онымен тоқ ішектің ауруларын емдейді. Дизентерияны емдеу үшін антибиотиктермен қосып пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 1 ас қасық толы ұнтақталған тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, стакандағы судың жартысы қалғанша буландырады. Дәрінің стаканда қалғанын 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Емен өсімдігінің биіктігі қанша.
2.Қазақстанда емен ағаш ормандары қай жерлерде кездеседі.
3.Еменнің қабығын қандай ауруларға қолдануға болады.
4. Етжапырақ бадан өсімдігінің құрылысы.
5. Етжапырақ бадан өсімдігін қолдану тәсілі.
ОБСӨЖ № 7
ОБСӨЖ тақырыбы: Шипалы жеміс- жидектер. Бүлдірген.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Бүлдірген.
2.Бау бүлдіргені.
ОБСӨЖ мақсаты: Бүлдірген жеміс жидек.
ОБСӨЖ мәтіні: Жемістер мен жидектер өздерінің тағамдық қасиеті мен көкеністерді сәтті толықтырады . Бұлар көбіне сол бір заттардың ; көміртегінің органикалық қышқылдардың , минералдық тұздардың , пектиндердің клетчаткалардың , белоктардың көзі болып табылады. Ал көміртегі көкеністерде негізінен баяу ыдырайтын крахмал күйінде кездессе , жемістер мен жидектерде – глюкоза фруктоза , сахароза күйінде кездеседі және де бұлар бойға анағұрлым тез сіңеді. Жемістер мен жидектерде , көкенәіске қарағанда , органикалық қышқылдар ( алма , лимон ,янтарь қышқылдары ) айтарлықтай көп , олар асқорыту сөлдерінің бөлінуіне үлкен әсерін тигізеді. Дәмі мен хош иісі жағынан әралуцан жидектер мен жас, мұздатылған , кептірілген және өңделген күйінде тамаша диеталық және емдік азық ретінде қолданылады.
Бау бүлдіргені- баолық континентте көп өсірілетін жидек өсімдіктерінің (раушангүлдер тұқымдасы ) ішіндегі әржақты медицина дәрулерінің ежелден белгілерінің бірі . Бүлдірген Европаға алып келген француз Фрезьенің есімімен “фрайзе ” аталған.
Бүлдірген ең ерте пісетін жидек дақылы , ол тез жеміс беруімен ерекшеленеді, ал ремонтанттық, яғни үздік жеміс салатын сорттарынан жидектерді кеш алуға болады.
Жемісінде 5,5 –9,2 тиімді мөлшерде қант , 0,60-1,7 органикалық қышқылдар ( алма , лимон қышқылдары көптеген витаминдер , пектин, илік заттар минералдық заттардан кальций , фосфор марганец мыс темір тотығы өте көп . Жапырақтарында илік заттар және алколойдтердің қосындысы кездеседі.
Бүлдірген ең жақсы шипалы жидектердің бірі , бірақ оның жемісін жас және кепкен күйінде пайдаланып қана қомай , гүлдерін жапырақтарын да пайдаланады. – одан шай қайнатады. ( қатты терлетеді) Жидек несеп жүргізуге , қан тоқтатуға , қабынуға қарсы әсер етеді . . Оны ішек қарын жлдарын ауруларына , гастритке , бауыр , өт жолдары ауруларына жалпы нығайту дәруі ретінде созылмалы ауруларға және авитаминозға қолзхданады.
Бүлдіргеннің жас жемісі мен жырының емдік мақсатқа подагра , бауыр бүйрек тас ауруларына аш қарынға ( 4-8қасықтан ішеді. ) аздап несеп жргізетін дәру ретінде қолданылатын кепкен жемістің тұндырмасын былай дайындайды. 2 ас қасық құрғақ жемісті 1 стакан қайнаған суға салдып қайнатады. Суығаннан кейін жарты стаканнан тәулігіне 3 рет ішеді.
Бүлдірген жидегі анемияның ( неммесе қан аздықтың) профилактикалық қуатты дәру өйткені ондағы темірді организм бойына тез сіңіреді . Жидек шырыны мен жемістің сұйық тұндырмасы фитонцидтерге бай тамақ қабынып ауырғанда ауыз бен тіс етінің шырышы бұзылғанда олады шаю үшін пайдаланады.
Бүлдірген жапырақтары мен тамыръларының шипалық қасиеті бар . Өсімдіктің бұл бөліктеріә несеп жүргізуге әсер етеді , тұтқыр дәру саналады. Жапырақ тұндырмасы мен қайнатпасын сары ауруға туберкулезге , қуық тас ауруларына ісінуге , ескі жараларға , бөртпелерге қарсы қолданады.
Бүлдіргеннің хош иісті дәмі жидегі шөлді басады, тәбет ашады , ас сіңіруге жақсы әсер етеді жүрек тамыр жүйесінің жүмысын жақсартады , улы заттарды шығаруға көмектеседі. Организмнің қорғаныш қабілетін күшейтеді.
Бүлдірген жегеннен кейін кейбір адамдарда пайда болатын есек жемнен сақтану үшін оны тамақ ішкеннен кейін 30 минуттан соң қаймақпен сүтпен немесе басқа тамақтармен қатар жеген жөн.
Көктемнің аяғынак таман бүлдірген жүйекшелерін кілемдей құлпырып , жерде жайылып жатқан сабақ бұтақшаларымен үш қосынды жапырақтар басады . Сабақ бұтақшалар буындарда тамырлана алады. Жемістер- жалған жидектер , олардың үстіңгі бетінде сары жаңғақшалар шығады да , тегінде сол жаңғақшалар жеміс болып табылады , ал жидектер – ол қосынды жемістер етті гүл тұғыры бар көпжаңғақшалар . Бүлдірген қалың қардың астында жатқанда ғана суыққа шыдайды . ( -25, 30 С температураға төзеді) ылғалды қажет етеді . Өйткені тамыр жүйесі онша терең орналаспаған суарып тұру керек , әсіресе жидектер толыса бастаған кезде және жеміс салғаннан кейін келесі жылдың гүлшоғыры салына бастаған кеде су құю керек отырғызылғаннан кейінгі бірінші жылы бүлдіргенніңт тамыры 30-40 см/ге тереңдейді диаметрі 50 см болады . Екінші жылы 50 см тереңдікке жетеді, ал диаметрі 60 см / ден 85 см / ге дейін болады . Бүлдірген қопсыған топырақта жақсы өседі. Әдетте вегетативтік жолмен мұртшалардан шығатын сабақ бұтақшаларды өсіреді. Оларды жаздың аяғында немесе күздің басында отырғызады . Солтүстік аудандарда көктемде жақсы тыңайтылған құмдақ жерге жарық түсетін учаскеге отырғызады. Жас бақтың қатар аралығында отырғызуға болады . Бүлдіргенді егіп өсіру үшін бір- екі жылдық бұтадан жас тамырланған өсімдікті алу керек. Отырғызғаннан кейін бір екі жылда жеміс сала бастайды . Төт жылдан кейін барлық бүлдіргенді қайта отырғызу керек . Ал жас өсімдіктерді басқа жүйекке тамот картоп қияр егілмеген жерге отырғызған жөн өйткені бүлдірген мен олардың зиянкестері және ауруларыц ортақ болып келеді. Көшетті маусым айының аяғында және тамыз айында көшіріп отырғызады. Егер ауа –райы ыстық болса жапырақтардың бір бөлігін қырқып тастайды . Көшетті отырһғызған кезде жоғарғы бүршікті топырақпен жауып тастамау керек және сондай – ақ оның тым сорайып шығып тұрмауын да қарастырған жөн . Бүлдіргенді отырғызғаннан кейін 5-7 тәулік торлы су сепкіштен су құйып көлеңкелеген жақсы ( бұл үшін жанына түйе жапырақты шаншып қойса болады) . Көшет қазып алхғанға дейін тамрлануы керек . Өсімдіктердің шанақтанцу және гүлдеу кезінде микроэлементтер мен ( 0,4%- тік қалайы күкірт қышқылы мен ) тамырдан тыс үстеп қоректендіру өнімді арттыруға көмектеседі және жидектің сапасын жақсартады . Зиянкестердің ішінде бүлдіргенге қауіптісі бүлдіршген қоңызы. Ол көктемде тұмсығы мен гүл шанағын тесіп оған жұмыртқа салады. Жұмыртқадан балапан құрт шығып шанақты жейді балапан құрт қуыршақтану үшін топыраққа көміледің ал тамыз айында қоңыз жоғалап шығады да бүлдіргеннің қыстық жас жапырақтарын кеміреді .
Осы тамыз қоңызы суық түскен кезде жердегі жапырақтардың астына тығылып көктемге дейін ұйықтайдды . Бүлдіргенді пленкамен бүркеген жақсы қоңыз онда өзін өте қолайсыз сезінеді. Бүлдірген қоңызын бүлдіргенді өсімдік тұндырмаларымен( қара меңдуана және сасық меңдуана ) өңдеп өлтіреді.
Бүлдіргеннің ең көп тараған сорты Комсомолка . Жемістерінің дәмі мен өнімділігі мен тез пісетіндігі мен және биологиялық белгілерімен де ерекшеленетін басқа көптеген сорттары белгілі олардың ішінде Красвица , Загоья , Фестивальбная , Заря сортары жемісінің десерттік дәмімен көзге түседі.
Глоссарий:
1.Көкбұта.
2.Кеуел.
3.Кіші қабыршөп.
4.Көкбұта.
5.Күреңот.
ОБСӨЖ № 8
ОБСӨЖ тақырыбы: Болашағы бар дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қос үйлі мысықтабан.
2.Маралшөп тамыры.
3.Мыңжапырақ..
ОБСӨЖ мақсаты : Болашағы бар дәрілік өсімдіктер мен таныстыру.
Қосүйлі мысықтабан –КОШАЧЯ ЛАПКА ДВУДОМНАЯ.
ОБСӨЖ мәтіні: Қосүйлі мысықтабан –биіктігі 25 сантиметрдей көп жылдық өсімдік. Тамырынан тікелей өсіп шығатын күрек тәрізді жапырақтарының үстіңгі жағы жылтыр да,мастыңғы жағы түкті болады. Бәрі бір жерге жиналып топталып тұрады. Ал сабағынан өсіп шығатын жапырақтары сопақша, кезектесе орналасқан. Гүлдері ақ немесе қызыл түсті, майда, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. Ол қарағайлы ормандарда, шабандықтарда, далалы аймақтарда, бұталардың арасында кездеседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлімен қоса жинап алады. Гүлін жинаған кезде олардың толық ашылмағандарын ғана жинау керек.
Өсімдіктің құрамында илік заттар, шайыр, сапониндер, К витамині және фитостерин бар. Қосүйлі мысықтабанды халық медицинасында өкпеден, геморрой түйіндерінен, жатырдан мұрыннан, асқазан, ішектерден, сыртқы жарақаттардан кеткен қанды тоқтатуға қолданады. өсімдік гүлінің өт айдайтын қасиеті бар. Болгар халық медецинасында өсімдікті жөтелді басуға және іштің өтуін тоқтатуға пайдаланады.
Қолдану тәсілі. 1 стакан ыстық суға 10 грамм өсімдіктен келетіндей етіп салады да тұндырады, содан соң өкпеден, жатырдан қан кеткенде 1 ас қасықтан қан тоқтағанша ішеді. Асқазаннан және ішектен қан кеткенде 1 стакан қайнап тұрған суға 1 грамм өсімдіктен келетіндей етіп салып тұндырады да, 1 ас қасықтан әрбір сағаи сайын қан тоқтағанша ішеді.
Маралшөп тамыры - ЛЕВЗЕЯ САФЛОРОВИДНАЯ, МАРАЛИЙ КОРЕНЬ.
Маралшөп тамыры- биіктігі 180 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры көлбеу өседі, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабағы түзу, шағын сайлары бар, іші қуыс, сыртқы өрмекшінің торындай. Үлпілдек болып келеді. Тамыр жапырақтары ірі, сабақтары ұзын, сабақ жапырақтары отырмалы, жоғарылаған сайын біртіндеп кішірейе береді. Жапырақтары қауырсын тәрізді кішірейе береді. Жапырақтары қауырсын тәрізді тілімденген,шеттері аса тісті. Гүлдері көкшіл, шар тәрізді тостағанша жасап сабақтың жоғарғы жағына жеке –дара орналасқан. Жемісі- қоңырқай, төрт қырлы дәнек. Июль – август айларында гүлдейді. Ол тау етегінде көгалды жерлерде, орман шеттерінде өседі. Қазақстанда негізінен Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Семей облыстарында өседі.
Дәрілік мақсатқа марал шөптің тамыры мен тамыр сабағын августь-сентябрь айында жинап алады. Оның құрамында эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, каратин және имулин деген заттар бар. Сібір халықтары марал шөп тамырын ұзаққа созылған аурудан әлсірегенде, жалпы күш кемігенде қуаттандыратын дәрі ретінде қолданып келген. Сондықтанда олар бұл өсімдікті кісіні он төрт аурудан айықтыратын, жасартатын дәрі деп есептеген.бұғылар осы шөптің тамырын тұяқтарымен қазып алып жейтін болған. Сондықтан халық арасында бұл өсімдік “марал шөп”, “марал тамыры” деп аталып кеткен.
Соңғы кезлегі зерттеудің нәтижесінде маралшөп тамырының қанның қысымын көтеріп, орталық нерв жүйесінің қызметін жақсартатындығы, кісінің әл-қуатын қалпына келтіріп, шаршағандығын басатындығы анықталды. өсімдік тамырының спиртті тұнбасын 20 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Емдеу мерзімі 2-3 апта.
Мыңжапырақ – ТЫСЯЧЕЛИСТНИК ОБЫКНОВЕННЫЙ.
Мыңжапырақ –биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның жоғарғы жағынан бір топ тамыр жапырақтары мен сабағы өсіп шығады. Сабақтары түзу, бұтақтары аз. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жіңішке бөліктерге бөлініп тілімденген. Тамыр жапырақтарының сабақтары ұзын, сабақ жапырақтары отырмалы.сабақтары мен жапырақтарын түк басқан. Гүлдері майда, сабақтың жоғары жағында күрделі гүл тостағаншасын жасап шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының шеткі гүлдері ақ түсті, ортадағвлары түтікше тәрізді, олар ақ немесе сары түсті. Инюь айынан сентябрь айына дейін гүлдейді.
Мыңжапырақ шабандықтарында, орманның шеттерінде, төбелердің етектерінде, бұталардың арасында, егістік жерлерде өседі. Дәрілік мақсат үшін оның жер үстіндегі бөлігінің жоғарғы жағы гүлденген кезде жинап алады. Құрамында ахиллеин алкалоидті, эфир майлары, камфара, туйон және құмырсқа, сірке,валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С, К витаминдері, фитонцидтер, споридтербар.
Мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жапырақтардың жажылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін , ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеті бар. Осыған байланысты мыңжапырақты жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады. Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында мыңжапырақты өт қалтасынына тас байлағанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын,геморройды емдеу үшін қолданады.
Дәрі дайындау және қолдану тәсілі. өсімдіктің ұнтақталған 15 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 30 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-рет ішеді. Спиртті тұнба: өсімдіктің 30 грамын 100мл стиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, 30-40 тамшыдан күніне 3- рет ішеді.
Реферат тақырыптары:
1.Торсылдақ шылдыршөп.
2.Көкшіл көкшегүл.
3.Ементоғай бөденешөбі.
4.Дөңгелек жапырақты алмұртшөп.
5.Шоғыр қоңыраугүл.
ОБСӨЖ № 9
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді пайдаланатын бөліктері, дайындау кептіру.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Шашыратқы.
2.Шеркез.
3.Шықшөп.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктерді пайдалану.
Шашыратқы – ЦИКОРИЙ ОБЫкНОВЕННЫЙ.
ОБСӨЖ мәтіні: Шашырақты –биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры –жуан, ұзындығы 1 метрден асалы. Сабақтары тік өседі, оны сиректеу түк басқан. Тамыр жапырақтары сопақша келген, шеттерінде ойықтары бар.ол өсімдіктің түп жағында топталып тұрады. Сабақ жапырақтары отырмалы әлі жіңішке, шеттері бүтін болады.гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының қуысында 2-3 тен орналасқан. Июнь- сентябрь айларында гүлдейді. Жолдардың жиегінде, шалғынды бетекйлерге, егістік жерлерде, шалғынды беткейлерде, егістік жерлерде, ауыл арсында өсе береді.
Дәрі жасау үшін шашыратқаның тамырын күзде қазып алады. Оның құрамында белок, май, ащы, заттар, инсулин, холин, илік заттар, аскорбин қышқылы, қант, В витамині бар.
Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, тамаққа тәбетті арттыратын, өт айдайтын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Мұны ас қорыту бездерінің жұмысынреттеу үшін, асқазанның қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін де пайдалынады. Сонымен қатар тамақ үлкейгенде , нерв жүйесі қажығанда, тіс ауырғанда және бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Өт қалтасы қабынғанда және тес пайда болғанда да шашыратқының шипалық қасиеті мол деп есептелінеді.
Дене сыртында пайда болған іріңді бөртпелерді өсімдіктің тұнбасын емдейді. Қант дибетін емдеу ішін де осы өсімдіктен жасалған дәрілерді ішеді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі.Ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да , 1 ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.
Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, 20-25 тамшыдан күніне 5 рет ішеді.
Шеркез және аз жапырақты шеркез - СОЛЯНКА РИХТЕРА И МАЛОЛИСТНАЯ.
Шеркез- биіктігі 3 метрге жететін, көп жылдық, бұталы өсімдік. Қабығы ақ сұрғылт түсті жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан. Гүлдері майда, жапырақтарының қуысында масақша тәрізденіп өскен. Май айынан ноябрь айына дейін гүлдейді. Құмды жерлерде және далалы аймақтарда өседі. Аз жапырақты шеркез- биіктігі 12 сантиметрге жететін аласа бұта. Сазды және тастақты беткейлерде, сортаңды және құмды жерлерде өседі.дәрі жасау үшін күздешеркездің жемісі мен қалған гүлдерін жинайды. Аз аз жапырақты шеркездің көк бұталарын пышақ пен кесіп алады. Құрамында сальсолин, сальсолидин деген алкалоидтер, сальсомин бар. Медицинада шерекздің спритті тұнбасы мен сальсолин, сальсолидин деген алкалолоидтері қолданылады. Олардың қан қысымын төмендететін, мидың қан тамырларын кеңейтетін, жалпы нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктерді қан қысымы көтерілгенде, бас ауырғанда, бас айналғанда емге қолданылады. Бірақ бауыры және бүйрегіауыратын, жүрегінің қызметі нашарлаған адамдарға шеркезді дәрі ретінде пайдалануға болады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. өсімдік жемістері мен гүлдерінің, немесе кептірілген жас бұтақтарының ұнтақталған 20 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырады да, жарты ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді.
Спиртті тұнба. Ұнтақталған өсімдік жемістерінің 1 ас қасығын жарты стакан араққа салып 8-10 күн тұндырады да, 60 тамшыдан күніне 2-3 рет ішеді.
Шықшөп – Росянка круглолистная.
Шықшөп биіктігі 25 см – ге жуық ұсақ жәндіктер қоректенетін. Көп жылдық, шөптектесін өсімдік. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын , олар сабақтарының түп жағында топталып тұрады. Дөңгелектеу , жоғарғы жағында қызыл түсті бедерлері бар және оның біреуі ірілеу Олардың бөліп шығаратын сөлдеріне шыбын – шіркейлер жабысады да, оларды өсімдік қорек ретінде пайдаланады. Гүлдері майда, ақ түсті , олар сабағының жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы түтікше қоңырау тәрізді бес қалақшадан тұрады да , кейіннен олар жемісімен бірге жұлынады, Гүл тәжінің жапырақшалары бесеу. Жемісі сопақша келген қауашақСәуір айларында гүлдейді
Шықшөп батпақтарда , ылғалды, құмды жерлердеөседі. Дәрі үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинайды. Оның құрамында дрозерон, плумбагин, ферменттер, аскорбин, алма , лимон қышқылдары бар.
Шықшөптенжасалған дәрілердің қақырық түсіретін , жөтел басатын, тер шығаратын, несеп айдайтын , дененің қызуын төмендететін қасиеті бар. Халық медицинасында көкжөтелді , бронх демікпесін және қақырыққа қан араласқанды емдеу үшін қолданылады. Шықшөптің жапырағында таңертеңгілікте пайда болатын шық секілді сұйық затпен сүйелді емдеиді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 2 стакан суға салып 6 сағат тұндырады да оған 4 грам бромды натрии қосады. Көкжөтелге қарсы осы тұнбаған 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Шықшөппен жолжелкеннің жапырағынан , қоға жайдан теңдей етіп алып араластарады. Оның 2 шай қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, жөтелге қарсы 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді.
Глоссарий:
1.Айылжапырақ сүйсін және телпек сүйсін.
2.Ақ желімбас.
3.Ақмия, утаспа шөп.
4.Атқұлақ.
ОБСӨЖ № 10
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді жинау.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Дәрілік өсімдіктерді жинау.
2.Кептіру.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктерді қалай жинау керек екенін үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні: Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жеке танысқан жөн . Сонымен қатар , күрек , пышақ, секатор , қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс . Өсімдік жапырағын , гүлін , тамырын жинаған кезде осы жоғарыдағы құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып , кесіп болмаса қазып алған дұрыс . Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады. Неге өсімдік гүлін не жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалуы мүмкін . Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак , себет кішігірім қалталар ала жүрген дұрыс . Өсімдікті бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды. Дәрілік өсімдік өсіп тұрған жерлерде сол өсімдіктің болашақта өсіп- өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерін қалдырып отырған дұрыс . Сонымен қатар өте жакс өсімдіктерге де тимей , толық пісіп жетілгендерін алу керек. Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады Яғни бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезеңі мен мүшелеріне байланысты . Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жинау керек екендігін білген дұрыс . Өсімдік тамырларын толық пісіп жетілген уақытта , кұз айларында жинайды . Ал жазғытұрым жинауға тура келетін уақыт болса , онда тамыр өсіп- өнуі басталмай тұрғанда жинау керек Өсімдік жапырағын толық гүлдеу мезгілінде жинайды . Ондайда төменгі және ортаңғы жапырақтар жиналады. Зиянды жәндіктермен түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдері өсімдіктер гүлдей бастағанда жинайды. Зақымданған және тозаң басып , қатты ластанған гүлді де жинамаған дұрыс . Бүршіктерді жазғытұрым ерте , ол ашылмай жаңа бөртіп тола бастағанхда жинайды . Өсімдік қабығын бүршік толығып , сөл жүре бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс . Олардың қабығын жинау үшін , пышақпен екі жерден көлденең арасын 20-30 см етіп жарты сақина жасап тіледі. Содан кейін олардың арасын жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосады да, жоғарғы жарты сақина тіліктен бастап ұшымен көтеріп , қабығын сыдырып алады, қалған бөлігі өсімдікте қалып сөл жүру процесін жалғастыра береді. Өсімдік шөбін негізінде гүлдеген мезгілінде жилнайды. Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса , төменнен екі – үш жапырақ қалдырып , кесіп алады. Сарғайған , зақымданған жапырақтарды алып тастау керек . Өсімдіктің жемісі мен дәнін пісіп – жетілгенде жинайды . Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп , түсіп қалу қаупі туады.
Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісі мен дәнін ертерек жинауға да болады.
Өсімдік жапырақтарын , гүлдері мол сабағын күн ашық құрғақ уақытта , ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған дұрыс .
Өсімдік тамырларын қазып алғаннан соң жабысқан топырақтарын салқын сумен жуып тазартады. Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескертетін нәрсежинайтын адам қолына қолғап кигені дұрыс . Себебі көптеген өсімдіктер тікенекті келеді.
Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн . Себебі кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеті мен сапасы көбірек сақталатыны даусыз. Жиналған өсімдік мүшелерін кептірі жұмысы көлеңке , жел қағып тұратын жерге қағаз , болмаса басқа төсеніш үстіне жайып , әлсін- әлсін аударып кептіріп отыру қажет. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда бірден морт етіп сынып кетеді. Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада , немесе кардоннан істелген қорапқа салып ішіне қағаз төсеп , , қараңғы әрі құрғақ жерде сақтайды. Оларды жіпке тізіп іліп не болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек . Әртүрлі зиянкестер тимеуін қамтамасыз еткен дұрыс Өсімдік сақтайтын жерде өткір иісті ( керосин , нафталин ) заттардың болмағаны жөн . Улы қасиеті күшті өсімдіктерді бөлек сақтау керек .
Ұзақ сақталған 2-3 жыл өсімдіктердің сапалығы жаңа жиналған өсімдіктерге қарағанда төмен болады. Сондықтан жыл сайын тек керекті мөлшерде жинап , жаңа жиналған өсімдіктерді пайдаланған жөн . Дәрілік өсімдіктерді қала төңірегінен , үлкен жол бойынан жинамай , алысырақ даладан жинаған жөн Себебі қалаға жақын немесе жол бойында өскен өсімдіктер автомобильдердің түтінімен бірге шығатын қорғасын тағы басқа заттармен ластанбай тұрмайды.
Емге керекті өсімдік тұнбасын дайындауға эмальды немесе шыны ыдысты пайдалану керек . Бір ескерте кететін нәрсе , осындай емдік өсімдіктерді жинау алдында міндетті түрде дәрігерге көрініп , ауру диогнозын анықтап , қандай шөпті қанша мәлшерде , қай уақытта қалайт пайдалануға болатынын білген дұрыс. Сонымен қатар кейбір дәрілік мақсатта қолданылып жүрген өсімдіктердің ( меңдуана , қасқыр , жидек ) улы қасиеті бар екендігін ескере отырып , оны пайдлаланған уақытта емдеуге керекті мөлшері міндетті түрде дәрігердің бақылауымен қадағаланады.
Глоссарий:
1.Көкек жанаргүлі.
2.Көкпек, шайтанкелмес.
3.Көктемдік жанаргүл.
ОБСӨЖ № 11
ОБСӨЖ тақырыбы; Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар.
2. Асқазан ауырғанда пайдаланылатын қоспалар.
3. Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын түрлі қоспалар мен таныстыру.
Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар .
ОБСӨЖ мәтіні: А) жалбызтіктен тамырының екі бөлігі , өгейшөп жапырағының екі бөлігі , жұпаргүл шөбінің бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына екі стакан 400 мл қайнап тұрған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Сонан соң 20 минут тұндырып , дәкемен сүзеді. Осы тұнбаны жылы күйінде араға 3 стакан салып стаканның 4/1 бөлігінде ішуге болады.
Б) жалбызтікен тамырының екі бөлігінің өгейшөп жапырағының екі бөлігінің жұпаргүл шөбінің бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір қасығына екі стакан 400 мл қайнаған ыстық су құйып , шай демдегендей қайнатады. 20 минут тұндырып , дәкемен сүзіп алады. . Осы тұнбаны жылы күйінде екі мезгіл жарты стаканнан ішеді. Бұл адамның тамаққа тәбетін арттырады.
В) жалбызтікен тамырының бір бөлігін , салаубас гүлінің бір бөлігін , құлқайыр шөбінің бір бөлігін , аюқұлақ бір бөлігінен қосынды жасайды . Осы қосындының 2 шай қасығына бір стакан 200 мл қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатады. Суытылғаннан кейін дәкемен сүзіп аладыОсы тұнбаны күніне үш рет жарты стаканнан ішуге болады.
Асқазан ауырғанда пайдаланылатын қоспалар :
А) итшомырт қабығының екі бөлігінің , анис дәнінің екі бөлігінің , мыңжапырақ . жапырақ бөлігін, мия тамырының үш бөлігін алады. Осы қосындының 2 шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып , 10 минут баяу отқа қайнатады. Содан кейін дәкемен сүзіп , таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.
Б) итшомырт қабығының алты бөлігін , мыңжапырақ жапырағының екі қалақай жапырағының екі бөлігін қосады. Осы қосындының бір ас қасығына екі стакан ыстық су құйып , 10 минут қайнатады Содан кейін дәкемен сүзіп , түнде жатар алдында 0,5 немесе 1 стаканнан ішеді.
В ) итшомырт қабығының үш бөлігі , қалақай жапырағының екі бөлігі , мыңжапырақ шөбінен екі бөлік жасалған қосындының 2 ас қасығына бір стакан ыстық су құйып шай демдегендей қайнатады . 20 минут тұндырып алады да дәкемен сүзеді . Осылай дайындалған тұнбаның жарты стаканын немесе ¾ бөлігін түнде жатар алдында ішеді.
Г) қалақай жапырағының үш бөлігі , итшомырт қабығының үш бөлігі , жалбыз жапырағының екі бөлігі , иір тамырының бір бөлігі , шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы , Осы қосындының екі ас қасығына бір стакан қайнап тұрған су ұйып , 10 минут қайнатады. Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді . Осылай әзірленген тұнбаны түнде жатар алдында жарты болмаса бір стакан ішеді.
Д)итшомырт қабығының үш бөлігі , қалақай жапырағының үш бөлігі , жусан шөбінің екі бөлігі , шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі ас қасығына екі стакан қайна тұрған су құйып 10 минут қайнатады. Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді . Суытып таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.
Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар:
А) жусан шөбінің бір бөлігі мен сүбеде жапырағының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатып , дәкемен сүзеді. . Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стаканнан ішеді
Б) жусан шөбінің екі бөлігі , мыңжапырақ жапырағының екі бөлігі , бақ бақ тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына бір стакан қайнаған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Дәкемен сүзіп алынған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір – екі ас қасықтан ішеді.
В) жусан шөбінің төрт бөлігі мен мыңжапырақ жапырағының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына бір станкан ыстық су құйып шай демдегендей қайнатып , біраз тұндырып дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын , бір екі ас қасықтан ішеді.
Іш өткенде қолданылатын қоспалар ;
А) шаянмойн тамырының бір бөлігі мен шелна тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қоспаның екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатады.Содан кейін жарты сағат тұндырып , дәкемен сүзілген тұнбаны күніне 3 мезгіл ішеді.
Б) қандыағаш бүршігінің , шаянмойын тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Содан кейін 20 минут тұндырып , сүзіп алынған тұнбаны күніне 3-4 мезгіл ішеді.
Зәр айдайтын қоспа түрлері :
А)толкнянка жапырағының үш бөлігі , гүлкекіре гүлінің бір бөлігі қоспасының бір ас қасығының үстіне бір стакан қайнаған ыстыұ су құйып , 15 минут тұндырып дәкемен сүзіп , бүйрек ауырғанда тамақ алъдынан 20 минут бұрын күніне 3-5 рет бір ас қасықтан ішу керек .
Б) толокенянка жапырағының төрт бөлігі , арша жемісінің төрт бөлігі , арша жемісінің төрт бөлігі , мия тамырының бір бөлігі . Осы қоспаның бір ас қасығының үстіне бір стакан қайнаған ыстық су құйып , 15 минут тұндырып , дәкемен сүзіп бүйрек ауырғанда ішеді.
В) арша жемісінің екі бөлігі , қырықбуын шөбінің екі бөлігі, бидайық тамырының бір бөлігі . Осы қоспаның екі ас қасығына бір стакан қайнаған ыстық су құйып 15 минут тұндырып сүзеді. Дәрігердің белгілеуімен ішеді.
Тер шығаруға пайдаланатын қоспалар :
А) таңқурай жемісі 50 г , жөке ағашының гүлі 50 г мөлхшерінде алынады б) таңқурай жемісі 40 гөгейшөп
Жапырағы 40 г , жұпаргүл шөбі 20 г мөлшерінде алынады.
В) таңқурай жемісінің екі бөлігі , өгейшөп жапырағының екі бөлігі , жұпаргүл шөбінің бір жапырағын араластырып , екі ас қасық қоспаға бір стакан қайнаған ыстық су құйып , 5 минут қайнатады. Дәкемен сүзіп кәдімгі қайнаған су сияқты ішеді.
Жүрек қан тамыры ауруларын емдеуге пайдаланылатын қоспалар (өсімдіктер грамм есебімен алынып отыр)
Бұрыш жалбыз ( жапырағы ) –30 ; бестармақты сасықшөп (шөбі)-30 ; дәрілік шүйгіншөп ( тамыры ) 20 ; кәдімгі құлмақ (бүршігі ) –20: бұл қоспадан дайындалған тұнбаны нерв қозғанда , ұйқы қашқанда пайдаланылады . Ол үшін осы тұнбаны күніне үш мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Дәрілік шүйгіншөп (тамыры) –25 ,0 ; бестанрмақты сасықшөп (шөбі) 25,0 ; кәдімгі зире (жемісі ) –25,0 ; кәдімгі фенхель )(жемісі ) –25,0 Қоспадан дайындалған тұнбаны нерв қозғанда , жүрек соғуы жиелегенде пайдаланады. Ол үшін осы тұнбаны күніне үш мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Дәрілік шүйгіншөп (тамыры) –30,0 ; бұрыш жалбыз (жапырағы ) –30,0; үш жапырақты субеде –40,0. Бұл қоспадан тұнбаны нерв қозғанда пайдаланады. Ол үшін тұнбаны күніне екі мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Бүйрек және зәр жолдары ауырғанда пайдаланатын дәрілік өсімдіктерден жасалатын қоспалар :
Кәдімгі арша (жемісі) –60,0 ; кәдімгі фенхель (жемісі) –20,0 ; жалаңмия (тамыры ) –20,0 . Бұл қоспадан дайындалған екіқабат әйелдерге бүйрек және зәр жолдарында қатты қабыну процесі болғанда ішуге болмайды. Зәр айдау үшін осы тұнбаны күніне 3 мезгіл ішеді. Дала қуаңдәрісі (тамыры) –25,0 ; бақша ақжелкені тамыры –25,0; жалваңмия тамыры –25,0 ; кәдімгі арша жемісі-25,0.Бұлардан дайындалған тұнбаны екіқабат әйелдерге бүйрек және зәр жүретін жолдарда қатты қабыну процесі басталғанда ішуге болмайды. Глоссарий:
1.Қызыл немесе алтайлық долана.
2.Қызылбас жоңышқа.
3.Қырықбуынды қылша.
4.Маралқурай.
5.Маралшөп тамыры.
6.Мойыл.
ОБСӨЖ № 12
ОБСӨЖ тақырыбы: Татымды өсімдіктер жайлы түсінік.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Алмұрт
2.Апельсин
3.Айва.
ОБСӨЖ мақсаты: Тағамдық өсімдіктер.
ОБСӨЖ мәтіні: Тіршілікке керекті заттардың біразы, адам организіміне негізінен тағамдық өсімдіктермен көп мөлшерде енетіні белгілі. Олар әр түрлі қант, белок витаиин, фитонцид, фермент, эфир майы, тағы басқа химиялық заттар ретінде организімге еніп, тіршіліктің негізін салатын физиологиялық және биохимиялық процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Адам организіміне өте қажетті заттар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор, темір т.б.) Өсімдік тағамдары адам организіміне енген соң, оның құрамындағы заттар өзара зат алмасу процесіне араласып, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, басқа органдардың функцияларын зерттейді. Мысалы, көкөніс ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, холестериннің организмнен жылдам шығарылуына мүмкіндік береді. Құрамында калий көп өсімдіктерді (алма, қызылша, асқабақ т.б.) гипертониямен ауыратындарға ұсынады. Капуста сөліндегі аскорбин қышқылы, В тобына жататын витаминдер де кобальт, мыс, цинк, магний, кальций, калий әсіресе фосфор тұзы, амин қышқылдары асқазан жарасының жазылуына мүмкіндік жасайды. Тағамға пайдаланылатын өсімдіктердің бәрі бірдей ауруларға шипалы бола бермейді. Мысалы, бауыр ауырған уақытта құрамында эфир майы бар (пияз, шомыр, ақжелкек, шалғам) өсімдіктерді жеуге рұқсат етілмейді. Осы сияқты қантты диабетпен ауырғанда қантқа өте бай өсімдіктерді тағам құрамынан шығарып тастайды.
Алмұрт еліміздің жылы жерлерінде өседі. Соның ішінде оңтүстік республикаларда өсірілген алмұрт жемісінің сапасы өте жоғары болады. Оның құрамында қанттың фруктоза, глюкоза, сахароза түр-түрлері 7,0-10,0 процентке дейін болады. Бұдан басқа алмұрт жемісінде 0,3 процент илік заттары, 2,6 клечатка бар Қышқылдар өте аз. Сондықтан дәмділігі қарағанда басымдау. Алмұрт жемісі зәрде тас пайда болғанда зәрді айдауға өте әсерлі. Кептірілген алмұрт жемісінің тұнбасымен іш өткенді емдеуге болады.
Апельсин де оңтүстікте өседі. Жемісінің құрамында қанттар (10 процент), минералды заттар (кальций, калий, фосфор), лимон қышқылы, пектин заттары, фитонцидтер бар. Бұлардан басқа апельсинде аскарбин қышқылы (65 мг/100г), В,А, Р витаминдері болады. Апелсин жемісі ас қорытуды және тамаққа тәбетті жақсартады. Осымен қатар апельсин жемісінде пектин заттары көп болғандықтан ішекті әр түрлі керексіз заттардан тазартады. Апельсин жеміс шырынын гастрит болғанда ішкен дұрыс.
Айва- Иранда, Кавказ бен Орта Азия жерлерінде өседі. Жемісінің құрамында 12 процентке дейін фруктоза, глюкоза, сахароза қанттары және алма, лимон, аскарбин қышқылдары, пектиндер, илік заттары, микроэлементтер бар. Айва қабығында эфир майы болғандықтан одан жасалған тамақтың әдемі хош иісі және жағымды қышқыл дәмі болады. Айваны ішек-асқазан ауырғанда,ішектен қан кеткенде, зәр айдауға, салқын тигенді емдеуге пайдаланады.
Алша- Кавказ, Өзбекстан , Қырым, Орта Азия, Молдова жерлерінде өседі. Жемісінің құрамында 10 процентке дейін қант болады. (фруктоза, глюкоза, сахароза), аскарбин қышқылы, А провитамині, алма, лимон қышқылы, пектин, азот, илік заттары және минералдық заттар болады. Организмді витамин және басқа заттармен қамтамасыз етуге пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |