Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк


Автаркия (гр. autarkeia - өзімен-өзі қанағаттану) - өзімен-өзі болу. Автаркия экспорт көлемін кеңейту, импортты шектеумен де жүзеге асырылады. Аграрлық



бет2/10
Дата06.12.2022
өлшемі472.19 Kb.
#466683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ежелгі және орта ғасырлар тарихы - ГТ-21 8 к

Автаркия (гр. autarkeia - өзімен-өзі қанағаттану) - өзімен-өзі болу. Автаркия экспорт көлемін кеңейту, импортты шектеумен де жүзеге асырылады.
Аграрлық (лат. agrarius – жер, алаң)– жерге байланысты, жерді пайдалануға, ауыл шаруашылығының даму дәрежесне, елде ауыл шаруашылығының негізгі орын алуына байланысты айтылатын ұғым.
Аграрлық дағдарыс – елдерде ауылшаруашылық өнімдерін артық өндіруден болатын экономикалық дағдарыс.
Агрессия (лат. agressio – шабуыл) – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа елдердің жерін басып алу және халқын құл ету мақсатымен, бір мемлекеттің екінші мемлекетті экономика немесе саясат жөнінен бағынышты ету мақсатымен жүргізілетін қарулы соғысы.
Азамат соғысы – ел ішіндегі таптар және әлеуметтік топтар арсындағы мемлекеттік өкімет үшін қарулы күрестің таптық, шиеленіскен формасы.
Азаматтық - адамның белгілі бір жататындығы, оның азаматы екендігі, әдетте ол заңмен бекітіледі.
Ақша – тауарлы өндіріске тән экономикалық категория; барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға бірдей қолданылатын балама (эквивалент) ерекше тауар.
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихындағы ең алғашқы қоғамдық-экономикалық формация; жер бетінің барлық халықтары ондаған мың жыл осы даму сатысында болған. Өндіріс қарапайым еңбек құралдарының көмегімен қауымдасып жүргізілді. Өндірістік қатынастың негізгі құрал-жабдықтарына қауымдық меншік болды.
Амуниция (фр. amunitionner – қару-жарақпен жабдықтау) - әскери қызметшінің киімнен басқа, қаруы мен түрлі керек-жарақ заттары.
Анархия (гр. anarchia– басшысыздық, өкіметсіздік) – 1) басшысыздық, өкіметсіздік; ұйымдасқын басшылықтың болмаушылығы. 2) ешқандай мемлекеттік өкіметті, қоғамдық ұйымды мойындамау.
Антагонизм (гр. antagonisma– күрес) – қарама-қарсы, ымыраға келмейтін күрес, келісімге келмейтін, барынша шиеленіскен формадағы қайшылық.
Антропология – (гр. anthropos Адам, ілім) – адамның шығу тегін және оның биологиялық дамуын зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет