Жұмыссыздық: мәні, түрлері, жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық себептері Жұмыссыздық және инфляция макроэкономикалық мәселелердің ішіндегі ең күрделісі болып табылады.
Жұмыссыздық дегеніміз – экономикалық белсенді халықтың өз жұмыс күшін ұсына алмауынан «артық» болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Экономикалық белсенді емес халық –жұмыс күші құрамына кірмейтін мемлекеттің тұрғындары. Оларға:
а) оқудан босамайтын, күндізгі бөлімде оқитын жоғары оқу орын студенттері;
б) Жұмыс іздемейтін (кәрілік және басқа да негіздегі) зейнеткерлер;
үй шаруашылығын жүргізетін тұлғалар (сонымен қатар балаларға және ауруларға қарайтындар);
в) жұмыс істеуге қажеттілігі жоқ тұлғалар.
Экономикалық белсенді халық немесе жұмыс күші – тауар мен қызметтің өндірісінде өз жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың бөлігі, санын жұмысбастылар мен жұмыссыздар құрайды. Өз алдына экономикалық белсенді тұрғындар екі топқа бөлінеді:
1) жұмысбастылар. Оларға
а) ақылы жұмысты орындайтындар;
б) жұмысы бар, бірақ демалыс, ауруына байланысты жұмыс істемейтіндер жатады.
2) Жұмыссыздар. Оларға:
а) нақты уақытта жұмысы жоқ адамдар;
б) жұмысты белсенді іздеушілер;
в) кез-келген уақытта жұмысқа шығуға дайын адамдар жатады.
Себебіне байланысты жұмыссыздықтарды бірнеше түрге бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық – өндірістік тауарлар және қызметтер саласы мен түрлері арасындағы қоғам ресурстарын орналастыруда қажетті тұрақты өзгерістердан пайда болады. Адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысады (өз еркімен немесе мәжбүрлі жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру; бала тууына байланысты әйелдердің уақытша жұмыссыздығы және т.б.).