Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



бет3/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#2343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлердің жалпы жиналысымен өкілеттік берілген органы бекіткен жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін ұсынуы тиіс.

12. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу жөніндегі өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16.Мынадай жағдайларда,егер:

1) егер ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісуден бас тартылады. Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

      


17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) ) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің сақталуы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  

5. Шағымдану тәртібі


 20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде –kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 
«Жинақтаушы зейнетақы қорының

зейнетақы ережелерін келісу»

мемлекеттік қызмет

стандартына

ҚОСЫМША

 

  



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін Жарлықтарының

тізбесіне

4-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН


 

 

«Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу»



мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – орталық депозитарийге (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен орталық депозитарийдің ережелер жинағын беруі тиіс, онда:

эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу ережесі;

жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу ережесі;

эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге қаржы құралдарын есепке алу ережесі;

құжат нысанында шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережесі;

клиринг қызметін жүзеге асыру ережесі;

депоненттерге есептілікті беру тәртібі;

бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара әрекеттесу тәртібі;

депоненттер мен олардың клиенттерінің ақшаларын есепке алу ережесі болуы тиіс.

12. Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу жөніндегі өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісуден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

  

3. Жұмыс қағидаттары

      


17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) ) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің сақталуы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

 20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 

«Орталық депозитарийдің



ережелер жинағын келісу»

мемлекеттік қызмет

стандартына

ҚОСЫМША


 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін Жарлықтарының

тізбесіне

5-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

«Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу»

мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 

1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 85-бабының 1-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – сауда-саттықттықты ұйымдастырушыға (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз,


сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

  



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін (сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кіретін мәселелерді реттейтін сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын қамтиды) беруі тиіс.

Қор биржасының ережесі:

1) қор биржасындағы мүшелік санаттарын, қор биржасының мүшелігіне кіру шарттары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, қор биржасындағы мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібін;

2) бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;

3) бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу, оларды осы тізімнен шығару және тізім санатын ауыстыру шарттары мен тәртібін;

4) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты жария ету бойынша);

  5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттықты жүргізу тәртібін;

  6) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;

  7) қор биржасында сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібін;

8) қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесін;

9) қор биржасы мүшелерінің биржа сауда-саттық ережесін бұзғаны үшін жауапкершілігін, қор биржасы өндіріп алатын айыппұлдар мөлшері мен оны төлеу тәртібін;

  10) қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібін айқындауы тиіс.

12. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу жөніндегі өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісуден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет