64-параграф. Аспаптар бойынша ұшулар ережесi
309. Аспаптар бойынша ұшу мыналарды көздейдi:
1) бақыланатын А, С сыныпты әуе кеңiстiгiнде - аспаптық жылдамдық шектелмей;
2) көрiнудi ұқсататын аппаратураны пайдалана отырып ұшқан кезде орындалады.
310. АҰЕ бойынша ұшуды орындау үшiн әуе кемелерiнде бағыт бойынша "соқыр сипаттағы" ұшуды орындау және күрделi метеорологиялық жағдайларда қону үшiн қажеттi тиiстi аспаптар мен навигациялық жабдықтар орнатылады, олар стандартты жабдықтар деп аталады.
311. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде АҰЕ бойынша ұшу берiлген эшелондарда (биiктiктер) тiк, бойлай және бүйiрлiк эшелондау ережелерiне сәйкес, ұшудың берiлген режимiн және белгiленген бағытты қатаң ұстана отырып орындалады.
АҰЕ бойынша ұшуды орындау кезiнде экипаж көзбен шолып және борттағы радиотехникалық құралдарды пайдаланып әуедегi және метеорологиялық ахуалды тұрақты қадағалап отырады.
312. Осы Қағиданың 367-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшу эшелонының өзгеруi ӘҚҚ диспетчерлiк органның рұқсатымен және нұсқауымен болады.
313. АҰЕ бойынша ұшу АҰЕ бойынша ұшу үшiн қауiпсiз эшелон белгiленгеннен төмен емес деңгейде немесе аумағы үстiнен ұшу орындалатын осы аудан үшiн ӘҚҚ органы белгiлеген ұшудың ең аз абсолюттiк биiктiгiнен төмен емес деңгейде немесе мұндай ең аз биiктiк белгiленбеген жерде ол осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
314. АҰЕ бойынша орындайтын әуе кемесiнiң командирi:
1) әуеайлақ аймағынан шығу схемасын, берiлген эшелонда (биiктiк) ұшу бағытын, төмендеу және қонуға бет алу сызбасын, берiлген траекториялар мен ұшу параметрiн сақтауға;
2) әуе кемесiнiң нақты қай жерде екендiгi, биiктiгi және ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
3) ӘҚҚ диспетчерлiк органның нұсқауларын дәл және уақтылы орындауға жауап бередi.
315. Басқаруымен КҰЕ бойынша әуе кемелерiнiң ұшуы орындалатын ӘҚҚ тиiстi органның диспетчерi:
1) ұшу эшелондарын (биiктiктер) дұрыс тағайындауға;
2) тiк, бойлай және бүйiрге қарай эшелондаудың белгiленген ара қашықтығын қамтамасыз етуге;
3) радиолокациялық бақылау бар болғанда әуе кемесiнiң ұшу бағытын, әуеайлақ аймағынан шығу, төмендеу және қонуға бет алу схемасын ұстануына бақылау жасауға;
4) экипажға метеорологиялық ахуал туралы, радиолокациялық бақылау бар болса берiлген траекториядан ауытқу туралы және қажет жағдайда, әуе жағдайы және орнитологиялық жағдай туралы берiлетiн ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
5) әуе кемесiнiң экипаждарына берiлетiн нұсқаулар мен ұсыныстардың негiздiлiгiне;
6) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзген кезде iздестiру-құтқару қызметтерiне көмек көрсетуге жауап бередi.
316. АҰЕ ұшуы бойынша ұшудан КҰЕ бойынша ұшуға ауысқан кезде ӘҚҚ органын хабардар етедi. ӘҚҚ орган АҰЕ бойынша ұшуды өзгерткендiгi туралы ӘК экипажына растауға тиiс.
65-параграф. Ұшудың қауiпсiз биiктiгiн анықтау және ұстау қағидасы
317. АҰЕ, КҰЕ және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшудың ақиқат қауiпсiз биiктiгi жердiң бедерiне және ондағы жасанды кедергiлердiң биiктiгiне, ӘК ұшу жылдамдығына, ұшуда және навигацияда жiберiлетiн ауытқулар ескерiле отырып қолданылатын ережеге және ұшу ауданына биiктiк өлшегiшi жiберетiн қателiктерге, атмосфераның турбуленттiгi жағдайында ұшу траекториясынан тiгiнен алған бағытта ауытқуы мүмкiн екендiгiне және орнитологиялық жағдайға байланысты белгiленедi.
Ұшудың қауiпсiз ақиқат биiктiгi осы Қағиданың 7-қосымшасында көрсетiлген.
318. Ақиқат қауiпсiз биiктiктен төмен емес биiктiктегi ұшуды қамтамасыз ету үшiн ұшудың аспаптық қауiпсiз биiктiгiне есептеме жасалады.
319. АҰЕ бойынша әр ұшу алдында:
1) аэронавигациялық ақпараттар жинағы бойынша (әуеайлақтар аудандарында ұшуды жүзеге асырудың нұсқаулықтары) әуеайлақ шеңберi бойымен ұшу биiктiгi (шеңбер биiктiгi), әуеайлақ ауданындағы ең төменгi қауiпсiз биiктiк (ЕҚБ) және жақын келетiн аудандағы қауiпсiз биiктiк анықталады;
2) төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi есептеледi.
320. Әуеайлақ шеңберi бойынша ұшу биiктiгi (шеңбер биiктiгi) шеңбер бойынша ұшу жылдамдығына және ақиқат қауiпсiз биiктiкке байланысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейiн ұлғаж жағына дөңгелектенедi.
321. Әр әуеайлақ үшiн аспаптар арқылы ұшудың ең төмен қауiпсiз биiктiгi (бұдан әрi - MSA) белгiленедi, ол биiктiк қонуға бағыт алған сұлбаның сыртына шығып кеткенде апаттық жағдайда төмендеу үшiн пайдаланылады және MSA 50 км радиустағы жер бедерiнiң ең жоғарғы нүктесiнен және жасанды кедергiлерден 300 метр жоғары ақиқат қауiпсiз ұшудың ең аз қорын қамтамасыз етедi. Егер 46 км жасанды кедергiлердi қоса алғанда, жер бедерiндегi биiктiктердiң айырмасы 100 метрден аспаса, ЕҚБ әуеайлақтың барлық ауданы үшiн бiрдей белгiленедi. Биiктiктердiң айырмасы үлкен болған жағдайда әуеайлақ секторларға бөлiнедi, ал әрбiр сектор үшiн ең төмен қауiпсiз биiктiк белгiленедi. Жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң және жасанды кедергiлердiң биiктiгi ұшу жолағының қонуға баратын бағытындағы табалдырықтың деңгейiне қатысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейiн ұлғаю жағына дөңгелектенедi.
Таулы аудандарда ұшқан кезде кедергiлердiң үстiмен ұшудың ең аз қоры 300 м ұлғайтылады.
322. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi әуеайлақтың теңiз деңгейiне келтiрiлген атмосфералық қысымы бойынша анықталады.
323. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi, шеңбер биiктiгi және ЕҚБ орташа жылдық температура мен әуеайлақтағы қысымның ең аз шамасы бойынша жүргiзiлген көп жылдық бақылау негiзiнде есептеледi және осы әуеайлақта ұшу жүргiзудiң нұсқаулығында және аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетiледi.
324. Төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi алынған мәндi таяу iлеспе эшелонға дейiн өсiре отырып, 760 мм сынап бағанасындағы атмосфералық қысым (1032,2 мб) бойынша ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу арқылы анықталады.
325. Ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшулардың негiзгi қағидаларымен белгiленедi.
326. АҰЕ және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша әрбiр ұшу алдында:
1) төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк;
2) төменгi эшелоннан төмен бағыт бойындағы (авиациялық жұмыстар ауданындағы) ұшудың қауiпсiз биiктiгi;
3) төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi есептеледi.
327. КҰЕ бойынша төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк (әуеайлақтың атмосфералық қысымы бойынша) және бағыт бойындағы қауiпсiз биiктiк (келтiрiлген ең аз қысым бойынша) ұшу (тағайындалған) әуеайлақтағы температураның нақты шамасы бойынша есептеледi.
328. Бағыт бойында және тегiс және қыратты жердегi әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен, КҰЕ бойынша ұшу үшiн қауiпсiз биiктiктi есептегенде, егер әуе кемесiнiң ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан аспайтын болса, жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды. Әуе кемесiнiң экипажы жасанды кедергiнi Көзбен шолып кемiнде 500 метр қашықтықта айналып өтуi тиiс.
Таулы жерлерде түнде КҰЕ бойынша және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшқанда қауiпсiз биiктiктi есептеу үшiн жасанды кедергiлердiң биiктiгi есептеледi. Ұшу жылдамдығына қарамастан қауiпсiз биiктiктiң есебiне кiредi.
329. Бағыт бойынша, сондай-ақ ұшу және қону аймағында КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшу осы Қағиданың 6-қосымшасында келтiрiлген КҰЕ және түнде КҰЕ бойынша арнайы ұшу кезiнде кедергiлер үстiмен ұшудың ең аз биiктiгi қорындағы талаптарға жауап беретiн жағдайларда орындалады.
Ұшу биiктiгiнен төмендегi бұлттардың мөлшерi екi октанттан аспаса - КҰЕ және КҰЕ төмен жағдайлары бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат берiледi. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесiне дейiнгi қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
Күндiз тегiс және қыратты жерлерде бұлттардың төменгi шекарасының нақты және болжамды биiктiгi 150 метрден кем және көру мүмкiндiгi 3000 метр және одан алыс болғанда, ұшу жылдамдығы 300 км/сағ болатын әуе кемелерi үшiн жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды.
66-параграф. Биiктiк өлшегiштерiн орнату ережесi
330. Әуе кемелерi ұшуының барометрлiк биiктiгiн есептеу мынадай ұшу кезiнде жүргiзiледi:
1) әуеайлақ ауданында ұшудың әуеайлақтық шеңберi шегiнде, ауысу биiктiгiнде және одан төменде - КҰЕ табалдырығы деңгейiндегi немесе орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген атмосфералық қысымның шамасы бойынша;
2) төменгi эшелоннан төмен биiктiктегi бағыт бойынша - теңiз деңгейiне келтiрiлген бағытта (бағыт телiмiнде) ең аз атмосфералық қысым бойынша;
3) ауысу эшелонында және одан жоғарыда - 760 мм сынап бағанасының (1013,2 мб) стандартты атмосфералық қысымы бойынша.
331. Ұшып шығар алдында әуе кемесiнiң экипажы биiктiк өлшегiшке әуеайлақтың қысымын QFE немесе QNH орнатады және биiктiк өлшегiштердi көрсетулерiн биiктiк өлшегiштегi және/немесе әуеайлақтың салыстырмалы биiктiгiнiң шамасын нөл "0" белгiсiмен салыстырады.
332. Ұшып шыққаннан кейiн әуе кемесiнiң экипажы барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын өту биiктiгiнен қиып өткен кезде стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды жүргiзедi.
Өту биiктiгi 100 метр еселенген мәнге дейiн ұлғайту жағына дөңгелектенген әуеайлақтың бақылау нүктесiнен радиусы 50 км аспайтын әуеайлақ ауданында ұшудың қауiпсiз биiктiгiнен кем емес белгiленедi.
Әуеайлақтан (әуетораптан) тыс бағыт бойынша ұшу үшiн төменгi эшелоннан төмен биiктiкте әуе кемесiнiң экипажы ӘҚҚ (УВД) органдарынан орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ең төменгi қысым мәнiн алады.
333. Ұшу биiктiгiн (эшелонын) сақтау:
1) стандартты атмосфералық қысым бойынша - биiктiктi алу кезiнде өту биiктiгiнен және ұшу эшелонынан әуе кемесiн төмендеткен кезде өту эшелонына дейiн;
2) орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген әуеайлақтың стандартты атмосфералық қысымы немесе ең төмен қысымы бойынша - әуеайлақ (әуеторап) ауданында ұшу кезiнде ұшып шыққаннан өту биiктiгiн алғанға дейiн және әуеайлақтың өту эшелонынан қонуға дейiн жүргiзiледi.
334. Әуе кемелерiнiң ұшуларына өту қабатында өту биiктiгiнен көлденең ұшу режимiнде тыйым салынады. Өту қабатын азайту үшiн өту биiктiгi мүмкiндiгiнше өту эшелонына жақын, бiрақ 300 м кем емес орналасуға тиiс.
335. Әуе кемесi ұшу эшелонынан төменгi эшелоннан төмен және қажетiне қарай эшелонды алу бағыты бойынша ұшқан жағдайда орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ең төменгi қысымнан барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын стандартты атмосфералық қысымға ауыстыру эшелонды алу үшiн биiктiкке көтерiлудi бастағанда жүзеге асырылады.
336. Әуе кемесi ұшу эшелонынан төменгi эшелоннан төмен бағыт бойынша ұшу биiктiгiне дейiн төмендеген кезде барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын өту биiктiгiн қиып өткен кезде стандартты атмосфералық қысымнан орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ең төменгi қысымға ауыстыру. Әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру хабарламасы болмаса, өту эшелоны мен орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ең төменгi қысым шамасын әуе кемесiнiң экипажы ӘҚҚ (УВД) органнан алады.
Өту эшелоны төменгi (қауiпсiз) эшелоннан төмен орнатылмайды.
337. Әуеайлақта қону кезiнде барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласын ауыстыру:
1) өту эшелонын қиған кезде стандартты атмосфералық қысымнан орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген ең төменгi қысым шамасына;
2) стандартты атмосфералық қысымнан әуеайлақтың қысымына - белгiленген межеде немесе ӘҚҚ органының нұсқауы бойынша жүргiзiледi.
338. Тегiс немесе қыратты жерлерге орналасқан метеорологиялық бақылау жоқ әуеайлақтардан ұшудың алдында орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген қысымды әуе кемесiнiң экипажы барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласы бойынша анықтайды, оның стрелкасы әуеайлақтың абсолюттiк биiктiгiне тең биiктiк шамасында белгiленуi тиiс.
339. Ұшу-қону жолағының деңгейiндегi атмосфералық қысым кезiнде таулы жерлердегi әуеайлақтарда барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шкаласында белгiленетiн шектi шамадан аз атмосфералық қысымда мыналар қажет:
1) ұшу алдында әуеайлақ қысымының мәнi теңiз деңгейiне келтiрiлген шамада белгiленуi керек. Бұл жағдайда биiктiк өлшегiшiнiң көрсеткiшi "шартты нөл" деп алынады, соған қарап берiлген биiктiк алынады;
2) қону алдында ӘҚҚ (УВД) органәуе кемесiнiң экипажына әуе айлақтың абсолюттiк биiктiгiн және әуеайлақтың атмосфералық қысымының орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген мәнiн хабарлайды, биiктiк өлшегiшiнiң ұшудың абсолюттiк биiктiгiн, ал қону кезiнде - әуеайлақтың орташа теңiз деңгейiнен биiктiгiн көрсететiндiгiн ескере отырып, ұшу экипажы оны биiктiк өлшегiшiнде белгiлейдi және қонуға бағыт алады.
340. Барометрлiк биiктiк өлшегiштердiң қысым шкаласын ауыстыру және олардың көрсетулерiн салыстыру сәйкестiлiгiн жұмыс технологиясы мен әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiнiң өзара әрекеттерi анықтайды.
67-параграф. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде тiк, көлденең және бүйiрге қарай эшелондау ережелерi
341. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тiгiнен эшелондау жартылай шеңбер жүйесi бойынша жүзеге асырылады:
1) әуе жолдарын, жергiлiктi әуе желiлерiн және бағыттарды 0-ден 179 градусқа дейiнгi (қоса алғанда) ақиқат жол бұрыштарымен белгiленген бағыттарды бағыттау кезiнде мынадай ұшу эшелондары белгiленедi: 900м, 1500м (FL50), 2150м (FL70), 2750 (FL90), 3350м (FL110), 3950м (FL130), 4550м (FL150), 5200м (FL170), 5800м (FL190), 6400м (FL210), 7000м (FL230), 7600м (FL250), 8250м (FL270), 8850м (FL290), 9450м (FL310), 10050м (FL330), 10650м (FL350), 11300м (FL370), 11900м (FL390), 12500м (FL410), 13700м (FL450), 14950м (FL490);
2) әуе трассаларын, жергiлiктi әуе жолдарын және белгiленген бағыттарды 180-нен 359 градусқа дейiнгi (қоса есептегенде) нағыз жолдық бұрыштармен бағыттағанда ұшудың мынадай эшелондары белгiленедi: 1200м, 1850м (FL60), 2450м (FL80), 3050м (FL100), 3650м (FL120), 4250м (FL140), 4900м (FL160), 5500м (FL180), 6100м (FL200), 6700м (FL220), 7300м (FL240), 7900м (FL260), 8550м (FL280), 9150м (FL300), 9750м (FL320), 10350м (FL340), 10950м (FL360), 11600 м (FL380), 12200м (FL400), 13100м (FL430), 14350м (FL470).
342. АҰЕ бойынша ұшқанда тiгiнен эшелондаудың мынадай ең төмен аралықтары қолданылады:
1) 8850 метрден төмен ұшу эшелонында (- FL 290,) - 300 метр (1000 фут);
2) 8850 м (FL290) және 12500 м (FL410) ұшу эшелондары арасында:
300 м (1000 фут) - RVSM бойынша ұшуға жiберiлген әуе кемелерi арасында;
600 метр (2000 фут) 12500 м (FL410):
RVSM бойынша ұшуға жiберiлмеген мемлекеттiк әуе кемелерi, және RVSM әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын басқа әуе кемелерi арасында;
RVSM әуе кеңiстiгiндегi топ құрамында ұшуды орындайтын барлықмемлекеттiк әуе кемелерi мен басқа әуе кемелерi арасында;
RVSM-мен және басқа әуе кемесiмен ұшуға жiберiлмеген әуе кемелерi арасында RVSM-дан/ға өтудiң әуе кеңiстiгiнде;
радиобайланыстан бас тартқан ұшуды орындайтын әуе кемелерi мен кез келген басқа әуе кемелерi арасында, кейде қос әуе кемесi RVSM әуе кеңiстiгiндегi ұшуды орындайды;
3) 12500 метрден жоғары ұшу эшелонында (FL410) - 600 метр (2000 фут).
RVSM қолданылатын әуе кеңiстiгiнде турбуленттiлiк туындаған жағдайда, авариялық жағдайларда немесе ӘК бортындағы жабдықтар iстен шығып қалған жағдайда, ӘҚҚ органы тiк немесе бойлап эшелондаудың ұлғайтылған минимумдарын қамтамасыз етедi және (немесе) ӘК Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығында белгiленген тәртiпте RVSM қолданылатын әуе кеңiстiгiнен шығарады.
Ұшу эшелонын (биiктiгiн) белгiлейдi ӘҚҚ органы жүзеге асырады:
1) өту эшелонында және одан жоғары – осы Қағиданың 341-тармағына сәйкес ұшу эшелоны нөмiрлерiмен (ӘК экипажының сұрауы бойынша ұшудың тиiстi эшелоны метрмен белгiленедi);
2) өту эшелонынан төмен (төменгi қауiпсiз эшелонынан) – метрмен.
343. Төменгi эшелоннан төмен ұшқанда төменгi эшелон мен ұшу биiктiгi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем белгiленбейдi.
Төменгi эшелоннан төмен биiктiкте әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша (КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшулар) 300 км/сағат аспайтын жылдамдықпен ұшу 150 метрден кейiн, 300 км/сағ. асатын жылдамдықпен ұшу - барлық жағдайларда 300 метрден кейiн эшелонады.
344. Шеңбер бойынша ұшу биiктiгi мен күту аймағының төменгi эшелоны арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
345. Әуеайлақ ауданында әуе кемелерi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс. Төменгi эшелоннан төмен көзбен шолып ұшу ережесi бойынша ұшуды орындайтын А санатындағы ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн "В", "С", "Д" санаттарындағы ұшақтардың ұшу бағыттарының қиылысатын жерiнде, радиолокациялық бақылау кезiнде және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса - тiгiнен болатын ара қашықтық кемiнде 150 метр болуы тиiс.
346. Әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша және АҰЕ бойынша ұшуы үшiн бiр уақытта бiрдей эшелон (биiктiк) тағайындауға тыйым салынады.
347. Бағыттардың бұрылыс пунктiнде эшелонды ауыстырғанда, ұшудың жалпы бағыты өзгергендiктен, жаңа эшелонды алу ӘҚҚ органдардың рұқсатымен, осы Қағидада белгiленген ара қашықтық сақтала отырып көрсетiлген пунктi ұшып өтуден 20 км бұрын орындалады.
348. Егер жолдың (бағыттың) басым учаскелерiнiң берiлген ақиқат жол бұрыштары бiр шеңбердiң жартылай шегiнде, ал жекелеген учаскелерде - бiр шеңбердiң басқа шегiнде болса, онда барлық әуе жолы (бағыты) үшiн ұшудың қауiпсiздiк шаралары сақтала отырып бiрыңғай эшелондар белгiленуi мүмкiн.
349. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында және күту аймақтарында тiгiнен эшелондау белгiленген ара қашықтықтарға сәйкес ұшудың берiлген жол бұрыштарына тәуелсiз жүргiзiледi.
68-параграф. КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы
350. КҰЕ бойынша ұшқанда ӘК арасындағы көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - 2км.
351. Басқа әуе кемесi ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биiктiгiн) қиып өткен, сондай-ақ бiр эшелонда (биiктiкте) ұшу бағытын қиып өткен кезде КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан аз болатын әуе кемелерi үшiн - 2 шақырым;
2) ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан асатын әуе кемелерi үшiн - 5 шақырым.
352. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшатын ӘК арасындағы бойлап эшелондау ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшiн белгiленген ара қашықтықтан артық белгiленедi.
69-параграф. Радиолокациялық бақылаумен аспаптар бойынша ұшу ережелерi бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз аралығы
353. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы:
1) әуе жолдарында, жергiлiктi әуе жолдарында және белгiленген бағыттар бойынша - 30км;
2) ӘКБ автоматтандырылған жүйесiн пайдаланғанда (бұдан әрi - ӘКБ АЖ) әуе жолдарында, жергiлiктi әуе жолдарында және белгiленген бағыттар бойынша - 20км;
3) әуеайлақ ауданында (өту аймағында) - 20км;
4) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесiн пайдаланғанда (бұдан әрi - ӘКБ АЖ) әуеайлақ ауданында (өту аймағында) - 10км;
5) ұшу және қону аймағында - ұшу салмағы 136 т және одан көп болатын әуе кемелерiнiң соңынан ұшқан барлық әуе кемелерi үшiн - 10км. Қалған барлық жағдайларда - 5км.
354. Басқа әуе кемесi иеленген қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өтетiн сәтте 30 км (10 км бүйiрдегi ара қашықтықты сақтай отырып).
355. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - 20 км, ал жақын келетiн аймақта ӘКБ АЖ пайдалану кезiнде - қиып өтетiн сәтте 12 км.
356. Радиолокациялық бақылаумен аспаптар бойынша ұшу ережелерi бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз аралығы бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - қиып өтетiн сәтте 40 км.
70-параграф. Радиолокациялық бақылау болмаған кезде аспаптар бойынша ұшу ережесi көлденеңiнен эшелондаудың ең аз уақыттық аралығы
357. Бiр бағыт бойынша бiр эшелонда (биiктiкте) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасындағы уақытша ара қашықтықтар:
1) әуе жолдары, жергiлiктi әуе жолдары бойынша, белгiленген бағыттар бойынша және жақын келетiн аймақта - 10 минут;
2) ұшу және қону аймағында қонуға бағытталған сұлба бойынша маневрдi орындағанда - 3 минут.
358. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе немесе қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кездегi уақытша ара қашықтықтар - қиып өткен сәтте 20 минут.
Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерi арасындағы уақытша ара қашықтық - қиып өткен сәтте 15 минут.
359. Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылау жоқ болғанда, АҰЕ бойынша ұшқан жағдайда бiр биiктiкте бiр ғана әуе кемесi болуы тиiс.
360. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң арасындағы көлденеңiнен эшелондаудың ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшiн белгiленген ара қашықтан кем болмауы тиiс.
71-параграф. Бүйiрден эшелондаудың ең аз арақашықтығы
361. КҰЕ бойынша бiр биiктiкте ұшқанда бүйiрден эшелондаудың ең аз арақашықтығы:
1) төменгi эшелоннан төмен жергiлiктi әуе жолдарымен ұшқанда ажыратылған бағыттар үшiн - 5 км;
2) алдында ұшып бара жатқан әуе кемесiн оң жағынан басып озғанда (әуеайлақтық шеңберде - сырт жағынан) - 500 метр.
362. Радиолокациялық бақылауда АҰЕ бойынша ұшу үшiн бүйiрден эшелондаудың ең аз арақашықтық:
1) қатарлас әуе жолдары осьтерiнiң арасы - 50 км;
2) iлеспе әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде - қиып өткен сәтте 10 км;
3) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде - қиып өткен сәтте 10 км (30 км бүйiр ара қашықтығын сақтай отырып);
4) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде, әуеайлақ ауданында әуе кемелерi бiрiмен бiрi қатар ұшса - қиып өткен сәтте 12 км.
363. Радиолокациялық бақылау болмаған жағдайда АҰЕ бойынша ұшу кезiнде бүйiрден эшелондауға тыйым салынады.
72-параграф. Ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгерту тәртiбi
364. Ұшу эшелонын (биiктiгiн) белгiленген эшелондау ара қашықтарын сақтай отырып ӘҚҚ органның рұқсатымен өзгертуге болады.
365. Берiлген эшелонда (биiктiкте) ұшуды орындайтын әуе кемесi осы эшелонды (биiктiктi) алуға рұқсат сұраған экипаждың әуе кемесiнiң алдында артықшылығы бар.
344. Әуе кемесi иеленген эшелон, егер эшелондаудың басқа түрiн қолдану мүмкiндiгi болмаса алғашқы әуе кемесiнiң экипажы төмендеу немесе биiкке көтерiлу туралы баяндағаннан соң ғана басқа әуе кемесiне берiледi.
366. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнсе (қауiптi метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиация техникасындағы ақау) әуе кемесiнiң командирiне эшелонды дербес өзгертуге құқық берiледi және ол осы жайында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ органына жедел баяндайды.
Мұндай жағдайда командир ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгертпей, әдетте әуе кемесiн бағыт осiнен 30о оңға бұруға және 20 км ұшып өткеннен кейiн, кеменi бiр мезгiлде қалаған эшелонына дейiн биiктiкке өзгерте отырып бастапқы бағытқа шығаруға мiндеттi. Маневрдi орындалғаны туралы әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ органға хабарлайды.
Төтенше жағдайларда төмендеу, қарсылық туындаған сәттен бастап, тез арада ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың шектеулерi шегiнде орындалады. Жаңа ұшу эшелонын (биiктiктi) иеленгеннен кейiн әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ органының келiсiмiмен әуе кемесiн әуе жолына немесе жергiлiктi әуе жолына шығарады.
368. Әуе трассаларына және/немесе ЖӘЖ-ға кiру, олардан ұшып кету және олармен қиылысу алдын ала келiсiлген эшелондарда (биiктiктерде және учаскелерде орындалады.
369. Әуе трассасын (жергiлiктi әуе желiсiн) қиып өту немесе оған кiру үшiн эшелон (биiктiк) оның шекарасына дейiн 10 км бұрын белгiленедi.
370. Азаматтық авиацияның ӘК ұшуларды орындаған кезде ӘК экипажына әуе трассасына (жергiлiктi әуе желiсiне) кiру үшiн ӘҚҚ органынан шекараға жеткенге 5 минут бұрын рұқсат пен кiру талаптарын алу қажет.
371. Егер ұшып шығу әуеайлағы әуе трассасына (жергiлiктi әуе желiсiне) жақын орналасқан болса, оны қиып өтуге рұқсат пен талаптар ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасында келiсiлiп, ӘК ұшар алдында берiледi.
372. ӘК бiрнеше әуе трассасынан немесе жергiлiктi әуе желiсiнен кезекпен өткен жағдайда ӘҚҚ (ӘҚБ) органы ӘКК бiрнеше әуе трассасынан немесе жергiлiктi әуе желiсiнен өтуге бiр немесе бiрнеше рұқсат бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |