Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау



Pdf көрінісі
бет100/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау. Жұмыс орны ҚР 
Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 ж. № 232 бұйрығы талаптарына 
сәйкес дайындалады. 
Өлшегіш құралдар, дәрілік заттар ерітуге арналған ыдыстар, босатуға 
арналған құты, араластыру үшін қолданылатын шыны таяқша
воронка, 
фильтр 
қағазы, тығындауышы құрал, негізгі және ескерту этикеткалары жұмыстың 
алдында дайындалады. 
Дәрілік заттарды еріту. Еріту – ерітінді дайындаудың негізгі сатысы. 
Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу, бұл сатыны тез жүргізуге 
мүмкіндік береді. Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең 
маңыздысы – олардың судағы немесе басқа еріткіштердегі еру қабілеті. Ол 
заттардың ерігіштігімен сипатталады. Ерігіштік берілген жағдайда қаныққан 
ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Жиі ерігіштік 20
0
С температурада 100 
мл еріткіште еритін, граммен берілген еріген заттың мөлшерімен белгіленеді. 
КСРО МФ ХІ басылымының 1- ші томында «Ерігіштік» мақаласы (175-176 беттер) 


157 
келтірілген. Заттың ерігіштігі, 100 г еріткішті қанықтыратын, заттың граммен 
берілген мөлшері. Осы мақалада заттың ерігіштігін белгілеу үшін, шартты (1 
граммға есептегендегі) терминдер қолданылады (9 кесте). 
Кесте 9 
Заттардың ерігіштігіне байланысты терминдер 
Шартты терминдер 
1 г затты ерітуге қажетті еріткіштің 
мөлшері (мл) 
Өте жеңіл ериді 
1мл-ге дейін 
Жеңіл ериді 
1-ден 10 мл-ге дейін 
Ериді 
10- 10 на 10 -нан 30 мл-ге дейін 
Баяу ериді 
30-дан 100 мл-ге дейін 
Аз ериді 
100-ден 1000 мл-ге дейін 
Өте аз ериді 
1000-нан 10000 мл-ге дейін 
Іс жүзінде ерімейді 
10000 мл-ден жоғары 
Кейбір жағдайларда зат пен еріткіштің нақты қатынасы келтіріледі. 
а) Қатты дәрілік заттардың ерітінділері. 
Көптеген қатты дәрілік заттар кристалл түрінде болады. Кристалды заттың 
еруі бірден жүретін екі процестен тұрады: бөлшектердің сольватациясы және 
кристалдық тордың бұзылуы. 
28-ші суретте натрий хлоридінің (кристалды ионды қосылыс) судағы 
(полярлы сұйықтық) еру процесі көрсетілген. 
Натрий хлоридінің иондары судың дипольді молекулаларымен әрекеттеседі: 
Na
+
оң зарядталған ионына судың дипольді молекуласының теріс полюсі 
бағытталған, ал Cl
-
теріс ионына оң полюсі бағытталған. 
Сурет 28. Натрий хлоридінің кристалдық торының судағы бұзылу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет