20-бап. Ұйымдастырушылық ережелер -
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 22 (10) бабына сәйкес, бұлардан басқа, Уағдаласушы Тараптар конференциясы:
-
осы Хаттаманың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
-
Хатшылықтың жұмысын қадағалауды жүзеге асырады және оның қызметін басқарады;
-
осы Хаттамаға шолуды жүзеге асырады;
-
осы Хаттаманың 24-бабына сәйкес осы Хаттамаға немесе оның қосымшаларына кез келген түзетулерді, сондай-ақ оған қоса берілген қосымшаларды қарайды және қабылдайды;
-
осы Хаттамаға байланысты мәселелер бойынша Хатшылық ұсынатын есептерді қарайды;
-
қорғалатын аудандарды және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлерді қорғау бойынша шаралардың әрекеттігін бағалауды жүргізеді, сондай-ақ басқа шараларды, әсіресе осы Хаттамаға немесе оның Қосымшаларына түзетулер нысанында қабылдау қажеттігін зерделейді;
-
осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес тиісті өңірлік бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарларын және шараларды қабылдайды және қажет болған кезде қайта қарайды;
-
осы Хаттаманың 19-бабына сәйкес Тараптардың баяндамалар ұсыну рәсімдерін әзірлейді және осы Хаттаманың 17-бабына сәйкес ақпараттар алмасуға ықпал етеді;
-
осы Хаттаманың 9-бабына сәйкес қандайда бір ауданды КТЕҚА тізіміне қосу туралы шешімдер қабылдайды;
-
осы Хаттаманы орындауға қатысты қаржылық және бюджеттік мәселелер бойынша шешімді қарайды және қабылдайды;
-
осы Хаттаманы орындауға қажет болуы мүмкін қосалқы органдарды немесе ұйымдастыру тетіктерін құрады;
-
осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізуге талап етілуі мүмкін кез келген қосымша шараларды қарайды және жүзеге асырады; және
-
қажет болған жағдайда, осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті халықаралық ұйымдарға және ғылыми институттарға техникалық және қаржылық қызметтерге жүгінеді.
-
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 4-тармағының 23-бабына сәйкес, Хатшылық бұдан басқа:
-
Хаттаманы тиімді орындау мақсатында кез келген Уағдаласушы Тараптың талап етуі бойынша заңгерлік, ғылыми-техникалық жәрдем көрсету мен консультацияларды ұсынады;
-
Уағдаласушы Тараптардың Құзыретті органдарымен осы Хаттаманы қолдану мәселелері бойынша байланыс жасайды;
-
заңгерлік және ғылыми-техникалық салаларда ынтымақтастық жасуға жәрдем көрсетеді;
-
тиісті халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, биологиялық әртүрлілік мәселелерін реттейтін шарттардың хатшылықтарымен байланыс пен өзара іс-қимылды реттейді және жасайды;
-
Уағдаласушы Тараптарға осы Хаттаманы қолдану саласында тиісті халықаралық, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жасауда жәрдемдеседі;
-
КТЕҚА және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлер үшін бірыңғай мониторинг жүйелерін әзірлейді;
-
Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін тиімді сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптармен келісім бойынша КТЕҚА желісін құруды ұсынады;
-
КТЕҚА және жойылып кету қауіпі төніп тұрған түрлер бойынша дерекқорларды құрады және жаңартады;
-
баяндамаларды және осы Хаттаманы орындау үшін жүргізілу талап етілуі мүмкін ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін дайындайды және Уағдаласушы Тараптар конференциясына ұсынады;
-
кадрларды даярлаудың қажетті бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады;
-
осы Хаттама шеңберінде Уағдаласушы Тараптар конференциясы қабылдаған іс-қимыл жоспарларына сәйкес өзіне тапсырылған функцияларды орындайды;
-
Уағдаласушы Тараптар конференциясы айқындауы мүмкін басқа функцияларды орындайды.
21-бап. Хаттаманы қаржыландыру
-
Осы Хаттаманың мақсатына қол жеткізу үшін Уағдаласушы Тараптар мүмкіндігіне қарай:
-
тиісті ішкі, екіжақты, көпжақты бағдарламаларды, жобаларды және шараларды әзірлеуді және орындауды қаржылай қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
-
гранттар мен несиелерді қоса алғанда, қаржыландырудың екіжақты және көпжақты көздерінің және тетіктерінің қаржылық ресурстарын тартуға жәрдемдеседі;
-
қорлардың, басқа елдердің үкіметтік мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектор құрылымдарының қаражаттарын қоса алғанда, ресурстарды тарту және бөліп беру үшін инновациялық әдістер мен көтермелеулерді зерделейді.
-
Конвенцияның қаржылық қағидасы, егер Уағдаласушы Тараптар конференциясы басқа шешімді қабылдамаса mutatis mutandis осы Хаттамаға қолданылады.
VI-бөлім Қорытынды баптар
Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе талқылауға қатысты кез-келген дау Конвенцияның 30-бабына сәйкес реттеледі.
23-бап. Хаттаманы қабылдау және оның күшіне енуі -
Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптар конференциясының сессиясында Уағдаласушы Тараптардың бірауызды шешімімен қабылданады.
-
Осы Хаттама тек Уағдаласушы Тараптардың .......бастап .....дейін ......қаласында қол қоюы үшін ашық.
-
Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады. Хаттама кез келген Каспий маңы мемлекетінің қосылуы үшін оны қол қоюға жабу күнінен бастап ашық болады.
-
Оны ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттар Конвенция Депозитарийіне сақтауға тапсырылады.
-
Осы Хаттама Конвенция Депозитарийіне барлық Уағдаласушы Тараптар оны ратификациялауы, қабылдауы, бекітуі немесе оған қосылуы туралы құжаттарды тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
24-бап. Осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды және оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау
Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды, сондай-ақ оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау туралы ұсыныстарды енгізе алады. Мұндай түзетулерді және қосымшаларды Уағдаласушы Тараптар қабылдайды және олар үшін Конвенцияның 24 және 25-баптарына сәйкес күшіне енеді.
25-бап. Өзге халықаралық шарттармен байланысы
Осы Хаттамада ешнәрсе де Уағдаласушы Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын өзге де келісімдер бойынша құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
26-бап. Хаттаманың ұлттық заңнамаға әсер етуі
Осы Хаттаманың ережелері Тараптардың осы Хаттаманың орындалуы бойынша тиісті мейілінше қатаң ұлттық шараларды қабылдау құқығына әсер етпейді.
27-бап. Ескертулер
Осы Хаттамаға ешқандай қосымша ескертулер рұқсат етілмейді.
28-бап. Хаттаманың Депозитарийі
Осы Хаттаманың Депозитарийі Конвенция Депозитарийі болып табылады.
29-бап. Тең түпнұсқалы мәтіндер
Осы Хаттаманың әзірбайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері бірдей тең тұпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманы түсіндіру немесе қолдану туралы даулар пайда болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.
30-бап. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздерге қарай көзқарас білдіру
Осы Хаттаманың ешқандай ережелері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша келісімдер нәтижесін алдын ала айқындайтындай ретте түсіндірілмейді.
Осыған КУӘ РЕТІНДЕ тиігінше осыған уәкілетті мына қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
……………………………. жылы, ………….……… ……………………………. жасалған.
Каспий теңізінің теңіз ортасын
сақтау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға
Биологиялық ӘРтүрлілікті сақтау туралы хаттама
Достарыңызбен бөлісу: |