Əзірбайжандар. Барлық шығыс халықтарындағыдай қонақ- жайлылық дəстүрі əзірбайжандарда да табыну нысаны деңгейіне дейін көтерілген. Ежелгі дəуірлерден сақталған қонақжайлылық- тың қызықты жəне тəрбиелік салттары бүгінгі күннің талаптары- на сай келеді.
Ертеректе аса құрметі қонақтарды барша қауым қарсы алған. Адамдар екі топқа бөлініп, бірінің басында ақсақалдар жүрген. Мемлекеттік қызметкерлерден, халық əншілер мен музыканттар- дан тұратын екінші топ алдыңғысынан сəл кейіндеу жүріп отыр- ған. Қалаулы қонақтарды қарсы алуға өрнекті ұлттық киімдері- мен шыққан. Үй иелері қонақтарды əнмен қарсы алып, үйге кіре берісте оларға шербəт пен нан-тұз ұсынған.
Бакуде тіпті қонақты күту үшін арнайы қызмет иесі – мех- мандар болған. Қонақ үйге кіргенде, ежелгі дəстүр бойынша, бе- тін яшмакпен бүркеген жас қыз қонақтың аяқ киімін шешіп, ая- ғын жылы сумен жуатын.
Қонақтың қонағы болады. Олар да əртүрлі санатқа бөлінген: қызмет иесі, мүлдем бөгде жандар, ауылға кездейсоқ келген бей- таныс адамдар, туыстар, ауылдастар немесе қалалықтар, бір-бірі- не қонаққа баратын əйелдер.
Достарыңызбен бөлісу: |