Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе əлеуметтік топтың қажетті игілік- тер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұр- мыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.
Кенттену (лат. urbanus – қалалық) – қалалардың өсуі мен қала тұрғындары са- нының көбеюінің негізінде ірі қалаларға тəн белгілер мен ерекшеліктердің қоғамның дамуындағы əлеуметтік маңызының арта түскендігін көрсетеді.
Кибитка – 1) күймелі арба; 2) киіз үй.
Киіз үй – көшіп-қонуға ыңғайлы болу үшін ағаштан құрастырылып, сырты киіз- бен жабылатын баспана, үй түрі.
Кириллица – славяндық кирилдік алфавит.
Кишлак (қыстақ) – Орта Азиядағы ауылды мекен орны, əуелі жартылай көшпелі жəне көшпелі халықтың қыстауы.
Клан – 1) кельт халықтарында ру атауы, сирек – тайпа; рулық қатынастардың ыдырау кезеңінде болжамды ру бастығы атын алып жүрген бірге туған туыстар тобы; 2) бірігіп əрекет ететін, тұрақты əлеуметтік байланыс сақ- тайтын жақын жəне алыс туыстардың көп санды жүйесі; барлық тармақ- тарымен бірнеше мыңдаған адамдарды қамтуы мүмкін.
Классификация (лат. classis – жіктеу + facere – жасау) – бөлудің əлдебір жиын- тығы болып табылатын ұғым аумағын бөлудің операциясы, қолданудың ерекше көрінісі.
Колхоз – мемлекеттік жердегі ортақ өндіріс құралдары мен ұжымдық еңбекке негізделген шаруашылық түрін енгізуге арналған артель, кооперация.
Комоним – село атауы.
Коммуникация (лат. communicatio – байланыс, қатынас) – адамдардың таным- дық-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу олардың бір- бірімен əрекет жасауының айрықша формасы болып табылады.
Конвергенция (лат. convergere – жақындасу, түйісу, қиылысу) – этнологияда əр- түрлі этностардың мəдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ық- палымен бір-бірінен тəуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мəдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин.
Консенсус (лат. consensus – келісім, бірауыздық, ынтымақтылық) – келіссөздер барысында қандай да бір мəселе бойынша дауыс берусіз ортақ шешімге келу.
Консолидация, шоғырланым, шоғырландыру (лат. consolіdatіo, consolіdіo – бі- ріктіру, нығайту) – этносоциологияда адамдарды, əлеуметтік топтарды, қоғамдық ұйымдарды белгілі бір ортақ мақсат үшін біріктіру.
Конституция, Ата Заң (лат. constitutio – құрылым) – мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Ол осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемле- кеттің бастапқы саяси жəне құқықтық құжаты болып табылады.
Контекст (лат. contextus – қосылу, байланысу) – тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта, əлеуметтік-тарихи жағдайды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин
Контенттік талдау (ағылш. content – мазмұн) – əлеуметтік ақпараттардың маз- мұнын сандық тұрғыдан зерттеу əдісі; оның объектісі ретінде мерзімдік басылымдардың, газеттердің, кинофильмдердің, радио жəне телехабар- лардың, ресми жəне жеке құжаттардың, сұхбат, сауалнамадағы ашық сұ- рақтардың мазмұнын алуға негізделген.
Конфликт, жанжал (лат. conflіctus – қақтығыс, тартыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастары- ның өзара қарама-қайшылығы.
Концепция (лат. conceptio – тұжырымдама) – табиғаттағы, қоғамдағы үдеріс- тер мен құбылыстарға көзқарастар жүйесі, реформаларды, жобаларды, жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылдар стра- тегиясын айқындайтын ой-пікір.
Коррупция, жемқорлық (лат. corruptio – сатып алу) – мемлекеттік басқару құры- лымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қыз- мет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдала- ну мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-əрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |