ұшырауы
кезеңінде шіркеу басшылары христиандық мораль және оған
сену жолын кӛтерген. Бұл кезеңде христиандық философияның догматикаға
негізделген жұмыстары қызу жүре бастады.
Батыс және Солтүстік Еуропада соңғы VІІІ ғасырдан бастап феодализм
қарқынды тарала бастады. Бұл жер мәдениет
орталығы мен философиялық
ойлардың шоғырланған ортасы болды. Батыс еуропа халықтарында ортақ
мәдени және тіл (латын) кеңістігі пайда болады.
Шіркеу ірі феодал болды
және иерархиялық феодалдық ұстанымдардың негізінде басқарылды. Шіркеу
мектептері және монастырлар мәдени орталықтарға айналды. Білім тек діни
мағынада болды. Философия тек қана монастырь мектептерінде оқытылды,
оны болашақ шіркеу қызметкерлері оқыды.
ХІІІ ғасырдан бастап
университеттер пайда бола бастағаннан-ақ ӛнер факультеттерінде философия
(платонизм, неоплатонизм және аристотелизм араб тілінен аударма ретінде)
оқытыла бастады. Философияның мақсаты ғылыми жұмыстар емес,
шіркеу
догмаларын қарастыру болды.
Христиандық догматиканың құрылуына үлкен үлес қосқан
Августин
Аврелий, лақап аты Блаженный (354-430 ж.). Оның ықпалы ортағасырлық
батыста мәдениет құруымен әйгілі. Августин Аврелий патристика
кезеңінің
ірі философы және христиан шіркеуінің ірі теологы болды. Ол кӛптеген
шығармаларды жазды, оның ішіндегі атақ алғаны
«Академиктерге қарсы»,
Достарыңызбен бөлісу: