Б. Х. Галиева тәрбие теориясының өзекті мәселелері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет4/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#131814
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Тәрбие заңдары мен заңдылықтары ұғымдарына анықтама беріңіздер.

2. Тәрбиенің қағидалары дегеніміз не? Педагогикалық әдебиеттерден «тәрбие ережесі» ұғымының анықтамасын табыңыздар. Тәрбие қағидалары мен тәрбие ережелері бір-бірімен қалай байланысады?

3. Тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін қандай қолайлы жағдайлар түзілуі қажет?

4. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасымен (2009 ж.) танысып, дәстүрлі және заманауи тәрбие қағидаларына сипаттама беріңіздер.

5. Тәрбиенің үздіксіздігі және аяқталмауы қағидасын дәлелдеңіздер.

4 Қазіргі тәрбиенің мазмұны
Тәрбие үдерісінің құрылымы негізгі бөлшектердің өзара байланысынан тұрады: мақсаттары мен мазмұны, әдістері мен құралдары, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер.

Тәрбие көпфакторлы үдеріс болып табылады. Оған табиғи орта, өмірлік әлем және қоғамдық құндылықтар иерархиясы; отбасы, мектпе, жоғарғы оқу орны, балалар мен жастар ұйымдары; күнделікті және кәсіби қызмет, өнер мен баспасөз құралдары.

Тәрбие факторларының сан-алуан түрлері ішінен екі негізгі топты оқшалайды: объективті және субъективті.

Объективті факторлар тобына жататындар:



  • генетикалық тұқымқуалаушылық және адамның денсаулығы;

  • оның тікелей ортасына ықпалды отбасының әлеуметтік және мәдени тиесілігі;

  • биографиясының жай-жапсары;

  • мәдени дәстүр, кәсіби және әлеуметтік мәртебе;

  • елдің ерекшеліктері мен тарихи эпохасы.

Субъективті факторлар тобына жататындар:

  • тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің екеуінің де психикалық ерекшеліктері, дүниетанымы, құндылықтары, ішкі қажеттіліктері мен мүдделері;

  • әлеуметпен қарым-қатынас жүйесі;

  • жекелеген адамдар, топтар, бірлестіктер мен бүкіл қоғамның тарапынан адамға ықпал ететін ұйымдасқан тәрбиелік әсерлер.

Тарих барысында тәрбие үдерісін ой елегінен өткізу, оның спецификасын анықтау қажеттілігі туындады. Оның ішінде тәрбиелеу мақсаттары мен оларды жүзеге асыру деңгейлерін; тәрбиелеу құралдары мен түрлерінің спецификасын айқындауға қатысты.

Тәрбие мақсаттары – бұл арнайы дайындалған және жоспарлы түрде жүргізілген тәрбиелеу акциялары мен әрекеттерінің әсерімен адамда немесе адамдар тобында күтілетін өзгерістер. Мұндай мақсаттарды тағайындау үдерісі, әдетте, тәрбиеші (адам, адамдар тобы немесе бүкіл қоғам) тарапынан тәрбиеленуші тұлғасына қатысты алғанда адамгершілік қатынасының қордалануы болып табылады.

Адамның тәрбиелігін бағалау критерийлері санатына жататындар:


  • «жақсылық» басқа адамның (топтың, ұжымның, тұтас қоғамның) игілігіне қатысты мінез-құлқы ретінде;

  • «ақиқат» әрекеттер мен қимылдарды бағалауға басшылық ретінде;

  • «сұлулық» оның көрінісі мен жасалуының барлық формаларында.

Адамның тәрбиелігі келесі критерийлермен анықталады: адамның жоғарыда аталған құндылықтар көтерілу барысындағы кеңдігі мен биіктігімен; қоғамдағы ережелер, мөлшерлер, идеалдар мен құндылықтарды талғай білуімен жіне оларды өз қимыл-әрекеттерінде басшылыққа алу шегімен, сондай-ақ олардың негізінде қалыптасқан тұлғалық қасиеттерінің деңгейімен.

Адамның тәрбиелігі жөнінде көптеген көрсеткіштерге, мәселен, келбеті, сөйлеу мәнері, жалпы мінез-құлқы мен жекелеген қылықтарына тән бой ұстанымына, таңдаған құндылықтарына, іс-әрекетке қатынасы мен сұхбаттасу стиліне қарап, пайымдауға болады.

Тәрбиелі адамдар жөнінде А. П. Чехов былай деген екен: «Менің ойымша, тәрбиелі адамдар келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

- олар адами тұлғаны құрметтейді, сондықтан әрдайым кішіпейіл, жұмсақ, сыпайы, көнгіш... Олар жоғалған балға немесе резина үшін бүлік шығармайды; біреумен өмір сүре отырып, оны қарыздар етпейді, ал кетіп бара жатса: сізбен өмір сүруге болмайды! – деп кіжінбейді! Олар шу болсын, суық болсын, күйіп кеткен ет болсын, ащы болсын, үй ішінде бөтендер болсын мейлі бәрін кешіреді;

- олар тек қайыршылар мен қаңғыбас мысықтарға ғана аяушылық танытпайды. Олар қарапайым көзге көрінбейтін нәрсеге де жанын ауыртады;

- олар өзгенің меншігін сыйлайды, сондықтан салықтар төлеуден жалтармайды;

- олар ақ жүректі болғандықтан өтірік атаулыдан өлердей қорқады. Түкке тұрмайтын жағдайда да өтірік айтпайды. Өтірік тыңдаушының шамына тиеді және айтушының алдында оны тұқыртады. Олар кербезденбейді, көшеде де өздерін үйдегідей ұстайды, кіші ағайындар алдында көз бояушылық танытпайды. Олар мылжың емес және олардан сұрамаса, өз бетімен ағынан жарылып, ашылмайды...Өзгелердің құлағын сарсытпас үшін көбінесе үнсіз қалады;

- олар өздерін өзгелердің аяушылық пен көмек сезімі тудыру мақсатымен жаншымайды. Олар жауап ретінде өзгелердің күрсінісі мен аялап есіркеуін тілеп, өзгелердің сезім қылын шертпейді. Олар мені ешкім түсінбейді деп айтпайды!;

- олар әбігерлікке салынбайды. Оларды аты-шулылармен таныстық, Salon'e ішіндегі кездейсоқ жанның шаттығы, портерлік жағынан танымалдық сынды жалған бриллианттар қызықтырмайды;

- олар өздерінде бар талантты құрметтейді. Ол үшін тіпті олар тыныштық, әйелдер, шарап, қарбалас тіршілікті құрбан етеді;

- олар өздерінде эстетиканы тәрбиелейді. Олар киімшең ұйықтай, лас ауамен дем ала, түкірілген еденмен аяқ баса алмайды...».

Кез-келген тәрбиелік тапсырма тәрбиешінің тәрбиеленушіні белсенді қимылдар жасауға ынталандыру арқылы шешіледі. Осындай бастама ретінде, мәселен, дене жаттығуын жасау немесе оқу тапсырмасын орындау, көркем шығарманы қабылдау немесе пәтерді жиыстыру, үрейді жеңу немесе зиянды қылықтардан арылуды қарастыруға болады.

Тәрбиенің сәттілігі тәрбиелеу мақсаты-мазмұны (мақсатқа жету құралдары мен тәсілдері) тұтастығы ретінде тәрбиеленушінің автономиялық белсенділік дәрежесінің артуынан көрінеді. Осылайша, біріккен-жіктелген іс-әрекетте «теңдестер» позициясынан «тәрбиеленушінің құқықтарының кеңеюі» позициясына ауысу жүзеге асырылады. Өз бетімен (дербес) іс-әрекетті бастай және өзіндік жетілуге ұмтыла отырып, тәрбиеленуші тәрбиешінің көмегі мен қолғабысына сүйенуге мұрсаты қала береді.

Тәрбиенің бағыты мақсаттар мен мазмұнның тұтастығымен анықталады.

Осы санаттан ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбиелерді бөліп көрсетеді. Қазіргі уақытта тәрбиелеу жұмысының жаңа бағыттары (азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық) қалыптасып келе жатыр.



Ақыл-ой тәрбиесі адамның интеллектуалдық қабілеттерін, қоршаған әлемді және өзін тануға қызығушылықты дамытуға бағдарланған.

Ол:


  • ерік, есте сақтау және ойлауды танымдық және білім берушілік үдерісстердің негізгі шарттары ретінде дамыту;

  • оқу және интеллектуалдық еңбек мәдениетін қалыптастыру;

  • кітап және жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға қызығушылықты ояту;

  • тұлғалық қасиеттерді – дербестік, дүниетаным кеңдігі, шығармашылыққа бейімділігі – дамыту.

Ақыл-ой тәрбиесі міндеттері оқыту мен білім беру құралдары, арнайы психологиялық тренингтер мен жаттығулар, әртүрлі елдердің ғалымдары, мемлекет қайраткерлері жайында әңгімелесу, викторина мен олимпиадалар, шығармашылық ізденіс үдерісіне тартылу, зерттеулер мен тәжірибелер арқылы шешіледі. Бір қызығы, тіпті Құраннан ақыл-ойды тәрбиелеуге пайдалы көптеген жақсы идеяларды алуға болады. Американдық зерттеуші Франц Розенталь өзінің «Білім салтанаты» кітабында Құрандағы «ілім» (білу) сөзінің түбірі шамамен 750 рет кездесіп, ондағы жалпы сөз қорының 1 пайызын құрайды. Құранда сана мен білімге үлкен мән берілетіндігі идеясын дәлелдеу үшін аяттардың бірін мысалға келтіруге болады: «Білетіндер мен білмейтіндер теңдесе алады ма екен? (39;12)». Бұхардағы Ақсақ Темір немересі Ұлықбек мешітінің ең көрнекті жерінде мынандай жазба бар: «Білімге ұмтылу - әрбір мұсылман еркек пен әйелдің міндеті». Өз кезегінде халиф Али ибн Абу-Талиб болса былай деген: «Ең басты байлық – білім, ең басты кедейлік - надандық».

Адамгершілік тәрбиесінің немесе адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негізін этика құрайды.

Жас ұрпақтың адамгершілікке тәрбиеленуінің міндеттері мен мазмұны қоғамның қояр этикалық талаптары арқылы анықталады. Адамзаттың жазба дәстүрінде адамның адамгершіліктік қылықтарының негіізі постулаттары ең алдымен Құран мен Інжілде, содан кейін ұлы ғұламалардың филолсофиялық-педагогикалық трактаттарында көрсетілген.

Адамгершілікке тәрбиелеу рухани тәрбиемен тығыз байланысты. Арсыздықтың рухани жұтаушылықтан келетіндігі мәлім. Үшінші мыңжылдықта рухани толысқан, кемелді адамның, басқаша айтқанда, адамның адамилығының қалыптасу мәселесі аса маңызды міндетке айналып отыр. Ұлы Абай бабамыз өзінің 45 қара сөзінде былай деген: «Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол – ғақил». Ресей зерттеушісі В. Зорин адамзат үшін Абайдың осы ойлары тіпті бүгінде әлемде орын алған глобалды дағдарыстан шығудың бағдарламасы болуы мүмкін деп санайды, өйткені дағдарыстың басты себептері экономика мен саясатта емес, экономикалық адамдардың рухани жұтауында-мыс. Ғалым адамдардың рухан жандануының негізгі әлеуметтік тетіктері мәдениет пен философия (біз «тәрбие философиясы» деп қосар едік) болып табылады деп мейлінше әділ түрде айтады және де осы тарихи миссияны тек қана еуразиялық рухани мәдениет, кемеңгерлікке жетудің еуразиялық философиясы орындай алмақ. Шынайы руханилылық – бұл махаббат пен жақсылық, асқақтық пен әдемілік, ар мен альтруистіктік, білім және өзгелермен бірге бейбітшілікті сақтауға құмарлық, барлық тіріге, жалпы табиғатқа сүйіспеншілік сынды сезімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, руханилық дегеніміз Адамшылық.

Қазақ философиясының маңызды ерекшелігі онда адамның басты орын алатындығында, оның табиғатын танып білу арқылы кемшіліктерден арылу жолдары қарастырылатындығында. Қазақ ойшылдары адам мен әлемді түсінудің таза рационалды бейнесін жасауға ұмтылған жоқ. Олар адамның табиғатпен, Тәңірімен, Көкпен және қоғаммен байланысын тұтастай түсінуге ұмтылды. Олардың қызығушылығын тудыратындар – этика мәселелері, өмірдің мәні, рухани көтерілу жолдары. Казақтардың тәрбие философиясындағы басты ұғымдардың бірі – ар-ұят немесе ар-намыс. Жүсіп Баласағұнның өзі мораль мен адамгершілік мәселелері «оянған ар-ұят мәселесіне ұласады» деп санаған. Абай: «Жүрек – адам өмірінің патшасы, егер ол ашылса, онда ақиқаттың нұры бейнеленеді... Тек сана, ғылым, ерік, ар-ұят адамды жоғарылатады « деп тұжырымдаған. Ар-ұят ғылымының негізін қалаушы Шәкерім мынадай қорытынды жасаған: «жақсы өмір негізінде адал еңбек, ар-ұяты бар сана, шын ниет болуы тиіс». Осы ойлармен А. Ламартиннің «Ар-ұят - заңдардың заңы» деуі үндеседі. Епископ Феофан ар-ұятты «адамдардың барлық лайықтылықта басшылыққа алып, басқан қадамдарын нұрландыру үшін адамдардың жүрегінде Құдай белгілеген Заң» деп атаған. Осыған байланысты еске алуға лайықты нәрсе, ол «religio» сөзінің «relegere», яғни ар-ұятты, ар-ұяттың толқуы, басқаша айтқанда, жауапкершілік сезімі дегенді, тек содан кейін ғана құдайға табыну, құдайға құлшылық ету, религия, сенім іспетті ұғымдарды білдіретіндігі.

Осындай ақылға қонымды шамалы лирикалық-философиялық шегініс жасағаннан кейін этикалық тәрбиелеу міндеттеріне оралайық. Олардың ішінен негізгілері ретінде төмендегілерді бөліп қарастырады:


  • қоғамдағы мінез-құлықтың ережелері жөнінде адамгершіліктік тәжірибе мен білім жинау (отбасында, көшеде, мектепте және т.б.);

  • адамдарға деген ықыласты және қамқорлық көзқарас; адалдық, шыдамдылық, қанағатшылдық пен әдептілік; жинақылық, тәртіптілік пен жауапкершілік, борыш пен намыс сезімдері, адам абыройын сыйлау, еңбек сүйгіштік пен еңбек мәдениеті, ұлтық игілікке сақтық көзқарас сынды тұлғаға тән адамгершілік қасиеттерді дамыту мен бос уақытты саналы пайдалану.

Күнделікті өмірде адамның моралдық-адамгершілік қағидалардан ауытқу фактілері жиі кездеседі. Мәселен, Ф. М. Достоевскийдің «Записки из подполья» шығармасының кейіпкері өзінің топас еркімен өмір сүргіс келеді; сондықтан бүкіл әлем қирап жатса да бәрібір, ол шай ішіп отыра бермек. Оның психологиясы арқылы Достоевский асқынып келе жатқан қоғамдық «нигилизм» (жалаңаштану) құбылысын әшкерелейді.

Адамгершілікті адамның негізгі критерийлері оның адамгершілік ұстанымдары, моралдық қағидалары, құндылықтары, сондай-ақ жақын және таныс адамдарға қатысты қылықтары болып табылады.

Осы ретте Л. Н. Толстойдың дүниеде «зұлымдықтың» өршуі идеясын еске алған артық болмас. «Жалған купон» әңгімесінде гимназист дүкеншіні алдап соғады; ал, ол, өз кезегінде шаруаға әкелген отыны үшін жалған ақша ұсынады. Оқиғаның ары қарай өрбуіне орай шаруа қылмыскерге айналады. Бұл ретте Л. Н. Толстой оқушының назарын «өзіңе тілемегенді өзгеге жасама» деген ежелгі постулаттың күнделікті тіршіліктегі орын алуына аударады.

Адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінде нандыра білу мен жеке тәжірибе, кеңес, тілек, қолдау пікір, қимыл мен әрекеттерді оң бағалау, жетістіктер мен артықшылықтарды қоғамдық мойындау сияқты әдістер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар көркем шығармалар мен практикалық жағдайлар үлгісінде этикалық сұхбаттар мен талқылаулар жүргізу дұрыс. Осымен бір мезетте адамгершілікке тәрбиелеу қоғамдық бетке басу, оған қоса тәртіптік және мерзімі шегерілген жазаларды жоққа шығармайды.



Еңбек тәрбиесінің (еңбекке тәрбиелеудің) басты міндеттері: сан-алуан еңбек іс-әрекет түрлеріне адал, жауапты және шығармашылық тұрғыда қатынасуды дамыту мен дайындау, адамның аса маңызды міндеттерін орындау шарты ретінде кәсіби тәжірибені жинақтау.

Аталмыш міндеттерді шешу үшін түрлі тәсілдер мен құралдар қолданылады:



  • тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара сабақтаса жұмыс жасауын ұйымдастыру;

  • кейбір еңбек түрлерінің отбасы, қызметкерлер ұжымы, жалпы кәсіпорын, Отан үшін пайдалы мағынасы бар екендігін түсіндіру;

  • еңбек өнімділігін арттырғаны және шығармашылық танытқаны үшін материалдық және рухани көтермелеу;

  • отбасы, ұжым, елдің еңбек дәстүрлерімен таныстыру;

  • қызығушылықтарына орай еңбекті ұйымдастырудың үйірмелік формалары (техникалық шығармашылық, модельдеу, театрлық көріністер, кулинария және т.б.);

  • нақтылы операцияларды орындау кезінде еңбек дағдыларын қалыптастыру жаттығуларын жасау (оқу, есептеу, хат жазу, компьютерды пайдалану; түрлі жөндеу жұмыстары; ағаш пен металлдан бұйымдар жасау);

  • шығармашылық конкурстар мен жарыстар, шығармашылық жұмыстарды көрмеге шығару және олардың сапасын бағалау;

  • уақытша және тұрақты үй тапсырмалары, мектепте сынып бойынша кезекшілік атқару, еңбек бригадаларында қойылған міндеттерді орындау;

  • қоғамдық пайдалы еңбекке жүйелі түрде араласу, кәсіби іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялары мен айлаларына үйрену;

  • уақытты, электроэнергияны және ресурстарды үнемдеуді қадағалау;

  • еңбек нәтижелерін есепке алу мен бағалау (тапсырмалардың орындалуының сапасын, мерзімін және дәлдігін, үдерісті рационализациялау және шығармашылық ыңғайдың болуы);

  • еңбек іс-әрекетіне арнайы кәсіби даярлау (инже­нер, мұғалім, дәрігер, оператор, архивариус, сантехник жіне т.б.).

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты шындыққа деген эстетикалық көзқарасты дамыту болып табылады.

Эстетикалық көзқарас әдемілік пен сұлулықты эмоцианалдық қабылдау қабілетімен сипатталады. Бұл тек табиғат немесе өнер туындысына қатысты ғана байқалуы шарт емес. Мәселен, И. Кант кемеңгер адам қолымен жасалған көркем шығарманы қарап тұрып, біз «әдемілікке» қосыламыз. Алайда тек буырқанған мұхит немесе атқылаған вулканға адам қолынан келмес «асқақ» ретінде түйсінеміз.

Әдемілікті қабылдай білу қабілетіне орай адам өзінің жеке бас және айналасындағы адамдардың өміріне, яғни күнделікті тұрмысқа, кәсіби қызметіне және әлеуметтік ландшафтқа эстетикалық тәрбиені әкелуі тиіс. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие бізді «таза эстетизмнен» қорғауы қажет.

Эстетикалық тәрбие үдерісінде шығармашылық және әдеби туындылар қолданылады: музыка, өнер, кино, театр, халық фольклоры. Бұл үдерісс көркем, музыкалық, әдеби шығармашылыққа араласуды, дәрістерді, сұхбаттарды, суретшілер және музыканттармен кездесулер мен концерттік кештерді ұйымдастыруды, музей мен көркем көрмелерді аралауды, қала архитектурасын зерттеуді қажетсінеді.

Еңбекті эстетикалық ұйымдастырудың тәрбиелік мәні бар: сынып бөлмелерін, аудиториялар мен білім беру мекемелерін әдемі көріктендіру, оқушылардың, студенттердің және мұғалімдердің киім үлгісінен көрініс беретін көркемдік талғам. Мысалдардың қатарына кіреберістердің тазалығын, көшелердің көгалдандыруын, дүкендер мен кеңселердің айрықша дизайндарын жатқызуға болады.

Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері дұрыс дене-тұрқылық даму, қозғалыстық дағдылар мен вестибулярлық аппаратты шынықтыру, ағзаны шынықтырудың түрлі процедураларын жасау, сонымен қатар адамның жұмыс қабілетін артыруға бағытталған ерік күші пен мінезді тәрбиелеу болып табылады.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру үй, мектеп, жоғары оқу орны, спорт секциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқу сабақтарының, еңбек пен демалыс режимдерін қадағалаудың болуын (гимнастикалар мен қозғалыс ойындары, туристік жорықтар мен спорттық жарыстар) және өскелең ұрпақ сырқаттарының дәрігерлік-медициналық профилактика арқылы алдын алуды меңзейді



Дені сау адамды тәрбиелеу үшін күнделікті режим құрамдас бөліктерін қадағалаудың маңызы орасан зор: толыққанды ұйқы, калориялы тамақтану, әртүрлі іс-әрекет түрлерінің ойластырылған үйлесімділігі.

Азаматтық тәрбие адамның отбасына, өзге адамдарға, өзінің халқына, Отанына деген жауапкершілікті қамтиды. Азамат өзінің конституциялық заңдарды ғана емес, сонымен бірге кәсіби міндеттерін тыңғылықты орындауы, сөйтіп елдің өркендеуіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Сондай-ақ ол әскери немесе экологиялық кесепаттар қаупінен бүкіл планета тағдырына жауапкершілікті сезінуі мүмкін, әлем азаматына айналады.

Экономикалық тәрбие — қазіргі заман адамының өз отбасы, өндіріс орны, елі ауқымында экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл үдерісс іскерлік қасиеттердің, яғни үнемшілдік, кәсіпкерлік, есепшілдіктің қалыптасуын ғана қарастырмайды, одан басқа меншік, шаруашылық жүйесі, экономикалық рентабелділік, салық салымы мәселелеріне қатысты білімдерді қордалауды қамтиды.

Экологиялық тәрбие табиғат пен жер бетіндегі барлық тірілердің қайтпастай құндылықтар екенін түсінуге негізделген. Ол адамның табиғатқа, оның ресурстары мен пайдалы қазбаларына, флорасы мен фаунасына құнттап қарауға шақырады. Бұл ретте әрбір адам экологиялық кесепатты болдырмас үшін өзіндік үлесін қосуға міндетті.

Құқықтық тәрбие адамға өзінің құқықтары мен міндеттерін және оларды қадағалаудағы жауапкершілігін түйсінуді меңзейді. Ол елдің Конституциясы мен заңдарына, адамның құқықтарына құрметпен қарауға және оларды елемегендерді сынауға тәрбиелейді.

Тәрбие үдерісін тұтастай алғанда және жекелеген бағыттары ауқымында бірнеше деңгейде бақылауға және ұйымдастыруға болады (В.И. Гинецинский).

Бірінші, социотарлық деңгей деп аталатыны, жалпы белгіленген мәдениет контекстінде қоғамның кез-келген даму сатысында, оның ішінде мәдениеттің түлі формаларда трансляциялануымен байланысты және олардың жас ұрпаққа көрінуіне қатысты қауымдастық яки әлеует (социум) өмірінің нақ сондай қырларында болсын тәрбиенің тұрақты функция ретінде қала беретіндігімен сипатталады. Қазақстанда осы деңгейдің тәрбиелік мақсаттары Конституцияда, «Білім беру» заңында, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Конвенцияда және саяси-мемлекеттік құжаттарда анықталған.

Екінші, инстуционалдық деңгей нақты әлеуметтік институттар жағдайында тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қарастырады. Бұл тұста осы мақсаттарға жету үшін жасақталған арнайы институттар болады. Осындай ұйымдар қатарына балалар үйі мен мектеп-интернаттары, балабақшалар, мектептер мен жоғары оқу орындары, шығармашылық үйлері мен даму орталықтары жатады.

Үшінші, әлеуметтік-психологиялық деңгей жекелеген әлеуметтік топтар, ассоциациялар, ұжымдар шеңберінде тәрбиеленуді меңзейді. Мәселен, кәсіпорын ұжымы өз қызметкерлеріне тәрбиелік ықпал етсе, педагогтар ұжымы педагогтардың шығармашылық қуатын дамытуға әсер етеді.

Төртіншіден, тұлғааралық деңгей тәрбиелеу спецификасын тәрбиеленушінің жеке дара психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру арқылы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы ықпалдасу тәжірибесі ретінде анықтайды. Мұндайға мысал бола алатындар: ата-ана тәрбиесі, әлеуметтік психолог жұмысы, балалар, бозбалалар және ересектермен жұмыс жасау педагогтарының қызметі, білім беру жүйесі ауқымында әңгімелесуден туындайтын мұғалімнің оқушыларға тәрбиелік әсері.

Бесінші, интракісілік деңгей мәні тұрғысынан өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Әртүрлі өмір жағдайларында адамның өзіне-өзі тәрбиелік әсер етуді жүзеге асыруды нұсқайды. Мәселен, оқу тапсырмаларын орындау, емтихан немесе спорттық жарыс кездерінде болатын таңдау мен қайшылық жағдайлары.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Адамның тәрбиелігін қалай анықтауға болады? Тәрбиелі адамның бейнесін суреттеңіз.

2. Қазіргі тәрбиенің мазмұны қандай болуы тиіс?

3. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын белгілеңіздер.

4. Адамгершілікке тәрбиелеудің мәні неде?

5. Еңбек тәрбиесінің міндеттерін атаңыздар.

6. Эстетикалық тәрбиенің қажеттілігі неде?

7. Дене тәрбиесінің маңыздылығын дәлелдеңіздер.

8. Қазіргі уақытта тәрбиелеу жұмысының жаңа бағыттары (азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық) қалыптасуының себептерін сипаттаңыздар.

9. Тәрбие үдерісінің деңгелері деген не? Олардың мағынасын ашыңыздар.


5 Ұжым – тәрбие берудің аса маңызды құралы
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінің құрылымында жалпы, жеке және нақты мақсаттардан басқа аралық мақсаттарды анықтап алу керек. Бұны кейде қосалқы мақсат деп те айтады. Осындай мақсаттардың бірі балалар ұжымын қалыптастыру. Сонымен, тәрбие тек қана балалар ұжымын қалыптастырып қою ғана емес.

А. С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту» деген ұсынысты қолдады, В.А. Сухомлинский оны жүзеге асырды.

К. Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырады.

Оқушылар ұжымын шартты түрде бірнеше ұжымдасқан әр түрлі құрылымдағы бастауыш топтар (сынып ұжымы, үйірмеге қатысушы балалардың ұжымдары т.б) құрайды. Мектептегі оқушылар ұйымының өзін-өзі басқару қағидаларына негізделе отырып жүргізілуі – ұжым мүшелерінің ұйымшыл болуларына, шығармашылық-танымдық қасиеттерінің ашылуларына зор ықпал етеді. «Ұжым» деген ұғым кеңес педагогика ғылымымен байланысты енгізілді. Ұжымдық тәрбие беруде кеңес педагогы А.С. Макаренконың еңбегі зор, негізін салған сол адам. Оқушылар ұйымындағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәнін, баланы ұжымда тәрбиелеу жолдарын А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, В. Н. Сорока-Росинский, М. М. Пистрак, П. П. Блонский, кейіннен В. А. Сухомлинский, Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, Т. Е. Конникова, Л. И. Новикова, Н. Я. Скороходова, И. П. Иванова зерделеуге көп үлес қосқан.

А.Луначарский бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі – жас ұрпақтың бойына ұжымшылдық қасиеттерді барынша сіңіру қажеттігін атап көрсетеді: адамды тәрбиелеу, әсіресе бүгінгі қоғамдағы нағыз ұйымшыл тұлғаны тәрбиелеу, оның өмірін жеке қызығушылығынан гөрі, қоғамдық пайдалы еңбек етуге деген парасатты көзқарасының қалыптасуына арналуы керек. Отбасы мен қоғамдық орта негізгі әрекетін бала тәрбиесіне ден қоюды мақсұт тұтса, онда аталмыш тәлімдік үрдісті қоғамның әлеуметтік тәлім-тәрбие жетістігі деп танимыз дейді.

Оқушылар ұйымы арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық проблемалары жайында А. С. Макаренко және В. А. Сухомлинский көлемді еңбектер жазды. Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін А. С. Макаренко өзінің көп жылғы педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, оған терең педагогикалық талдау жасайды.

Макаренко оқушылар ұйымының қалыптасуы – мектеп практикасында үш сатыдан өтеді деп санаған. Бiрiншi сатыға мектеп өмiрiнде болып жатқан жаңалықтарға қызықпайтын, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда белсендiлiк танытпайтын, белсендi көсемдері (лидерлерi) шамалы ұжымды жатқызса, екінші сатыға балалар ұжымының көпшiлiгi өз жауапкершiлiктерiн онша сезiнбейтiн, бiрақ араларында ұйым жұмысын қызықты iстердi ұйымдастыру арқылы жақсартуға тырысатын бiрен-саран санаулы ғана оқушылар кездесетiн ұжымды, ал үшінші сатыға мектептегi қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, сынып жетекшiсi және басқа ұстаздардың тапсырмаларын орындауға ат салысатын белсендi ұжым мүшелерiн жатқызады.

А. С. Макаренконың ойынша, негізгі педагогикалық мақсат – жеке адамды ғана тәрбиелеу емес, сонымен бірге адамдар ұйымын тәрбиелеу және осы әрекет ең ұтымды тәлім-тәрбиелік бағыт болмақ. Педагог мектептегі немесе белгілі бір білім-тәрбие ордаларындағы тәрбие жұмысының негізгі арқауы, тек қана жеке адам тәрбиелеу мәселесімен ғана шектеліп қалмай, әр адамның жан-жақты дамуына зор ықпал ететін ұжымдық тәлім-тәрбие дәстүрлерін кеңінен пайдаланған жөн деп санайды. Макаренконың пікірінше, оқушылар ұйымы арқылы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру – тәрбие жұмысының жетекші құралы болу керек. Оның ғылыми мазмұнын ашуда педагог-ғалым төмендегідей педагогикалық шарттарды басшылыққа алған:

Оқушылар ұйымы және оның қалыптасу кезеңдері.

- ұйымның жалпы іс-әрекеттері және әрекет барысында қалыптасқан ұжымдық дәстүрлер;

- ұжымдық дәстүр және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру;

- мектептегі педагогикалық қауым мен оқушылар ұйымдары арасындағы қарым-қатынас;

- ұжым іс-шараларының ұйымдастырылу тәртібі;

- ұжымдық әрекет пен қоғамдық тәртіп. Өзін-өзі басқару жүйесі;

- ұжым және қоғамдық орта;

- ұжым ішіндегі жеке тұлға тәрбиелеу мәселелері;

- ұжым ішіндегі микротоптар және оның көсемдері (лидерлері);

- ұжымдық дәстүрлердің сақталуы мен салтанатты жалғасуы.

Аталған педагогикалық тұжырымдар бүгінгі таңдағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынастар қайшылықтары мен жетістіктерін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында жиі кездесетін құбылыс екені анық. А. С. Макаренко балаларды ұжымдық тәрбие арқылы тәрбиелеудің маңыздылығын атап өткенімен, тәлім-тәрбие үрдісінде қатал тәртіпті сақтаудың қажеттігін талап етіп отырған. Оның ойынша, педагогикалық этикадан тым алшақ кетпеген, қатал тәртіп жүйесін тәрбие жұмысымен байланыстыру – ұжым мүшелерін бұрынғыдан бетер ұйымдасуларына ұйытқы болады деп санаған. Оның мұндай тұжырымға келуі автордың қиын оқушыларды тәрбиелейтін Ф. Э. Джерзинский атындағы арнайы коммуна мектебіндегі көп жылғы ұстаздық тәжірибесі арқау болды десек қателеспейтініміз анық. Бұл жерде педагог арнайы тәрбие тәртібінің ережесін жасауды қолға алды. Ол ережелер мынадай шарттарға негізделуі керек деп санады:

- сыйластық пен талап қою;

- шынайы ниеттілік пен еркін әрекет;

- ғылыми қағидаларға сүйену (принципшілдік);

- қамқорлық және назар аударушылық, білім негіздері;

- жаттығулар;

- шынығу;

- еңбекқорлық;

- ұжымшылдық;

- отбасы және балалық шақ;

- бала қуанышы мен ойындары. Баланы жақсы көру мен жазалау шараларының шектеулігі;

- марапаттау мен сөгіс беру мөлшері.

В. А. Сухомлинский ұжымдық тәрбиенің маңыздылығын атай келе, оқушылар мен ұстаздар қарым-қатынасын шынайы үйлестірудің гуманистік бағытын ұстанады. Ол әр баланың өз ұжымына қолынан келгенше жақсылық жасауына, оның шынайы сезімінің қалыптасып, өз досына және ұжымдастарына деген мақтаныш сезімінің оянуына, көпшілікпен тығыз қарым-қатынас жасау барысында, адам бойындағы ізгі қасиеттерді тануға мүмкіндік туғызуға жағдай жасау керек деп санаған және достық пен ізгі қарым-қатынас, әр адамның ішкі рухани дүниесін терең тануға арналған шынайы сезімдермен ұштасқан ұжымдық ортақ жетістіктердің қоғамдық рөлі мен салмағы зор болатынына сенген. Ол ұжымдық тәлім-тәрбиенің түпкілікті мақсаты – нағыз адамды тәрбиелеу жұмысы болмақ деген. Сондықтан тәжiрибелi педагог-тәрбиешiлердiң ұжымдық тәрбиенi ұйымдастырудағы басты мақсаттарының бiрi – шәкiрт санасының рухани-психикалық дүниесiне басты назар аудару деп санаған.

«Ұжым» ұғымының екі мағынасы барын атап кету керек. Бірінші: ұжым дегенде кез-келген ұйымды, адамдар тобын айтуға болады (заводтағы бригада, мектептегі сынып, студенттер тобы, т.б.); екіншісі: ұжым жоғары деңгейдегі дамыған топ. Бұл жағдайда оны анықтайтын сапалы қасиеттерге төмендегілерді жатқызамыз: мақсатқа талпынушылық, ұйымшылдық, рухани бірліктегі адамдар тобы. Әрі қарай әлеуметтік психологияда ұжым деп көрсететін біраз белгілер енгізілген. Бұл салада А. В. Петровский, И. Н. Платонов, Л. И. Уманский еңбектері үлкен мағынаға ие болды.

Педагогика теориясы мен әдістері негізінде ұжымдық тәрбие беру негізін салған А. С. Макаренко. «Тәрбиенің мақсаты» деген мақаласында ол ұжымның келесі бір белгілерін ерекшелеп көрсетеді:


  • қоғамдық құнды мақсаттар;

  • сол құндылыққа жетудегі бірлесе еңбектену;

  • бірлесе жауапкершілікпен қарау;

  • өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;

  • ортақ мүддеге қызмет, іс-әрекет.

Л. И. Уманский «ұжым» деген ұғымға мынадай өлшемдер (критерийлер) белгілейді:

  • топтың адамгершілік бағытының мамұны (мақсатының бірлігі , топтың мүшелерінің бағдарлау құндылығы);

  • бірлікке ұйымдастыру;

  • әр түрлі іс-әрекеттерге топпен дайындық;

  • психологиялық бірлік (парасат, ерік, қайрат, эмоциясы).

Сонымен, адамдардың ұжымдық бірігуінің ерекше ұйымдық белгілері шығады:

  • өмір сүру уақыты;

  • қатынас саны;

  • билік пен қол астындағы адам байланысы;

  • композиция;

  • құндылық пен мөлшер;

  • жеке тұлғаның қарым-қатынас сипаты, т.б.

Л. И. Уманский атап көрсеткен белгілер негізінде топтардың дамуының классификациясының келесі түрлерін ұсынады:

  • «конгломерат-тобы» («шартты топ») – бұрыннан бірін-бірі білмейтін адамдар тобы. Жағдайға байланысты, кездейсоқ қана араласқан адамдар. Тәрбиешінің жалпы мақсатына қарай әсер етуге мәжбүр;

  • «қауымдастар» тобы. Топ мүшелері алғашқы ұжым мәртебесін қабылдаған: өзін-өзі басқару органы;

  • «кооперация тобы». Актив беделді. Топтың бірлігі ұйымдасқан. Бір-бірімен қарым-қатынасы іскер. Бірақ іс-әрекет қызметте тұрақты және жоғары адамгершілік бағытта болады.

Ұжым – адамдарды белгілі бір мақсатты іс-әрекет негізінде біріктірудің және ортақ еңбекте ғана емес, сондай-ақ сол еңбекті жалпы ұйымдастыруда да біріктіретін орта.

Өзінің даму жолында ұжым төмендегідей сатылардан өтеді:



Қалыптасу: мақсат ұсыну, жақын және алыс болашақтың қалыптасуы, актив (белсенділер) белгілеу; талап қоюшы мұғалім.

Тұрақтылық: активтің жетекшілігімен өзін-өзі басқару , болашаққа жоспар; талап қоюшы актив.

Өркендеу : қоғамдық пікір қалыптасқан, бір-бірімен жауапкершілік қатынаста; талап қоюшы – барлығы.

Жоғарғы кезең :өзін-өзі басқару толық түрде, жалпы құндылық пен қағида (ереже) дәстүр ,талап қоюшы әрбірі.

Ұжымның өзіндік күрделі құрылымы бар, себебі басқа да ұжымпен ортақ мақсаттарымен байланысты болуы мүмкін.

Ұжымдағы негізгі басшы болып алғашқы ұжым есептеледі. А. С. Макаренко 12-15 адамнан тұратын жасақты (отрядты) атады. Мектеп ісінде бұл сынып оқушылары болса, ал жоғарғы оқу орындарында – академиялық топ, яғни студенттер тобы.

А. С. Макаренко алғашқы ұжымға ерекше мән берді, психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басымен араламудың, ықпал етудің құралы деп есептеді. Шынында да ұжымда балалар бірімен-бірі жақын араласады, бірігіп қоғамдық жұмыстар атқарады, ортақ мүддеге көзқарастары қалыптасады.

Ұжымның екінші құрылымдық белгісі ретінде біріктірілген жасақты айтуға болады. А. С. Макаренко қоғамдық топтардың командирін тәрбиелеуден қорықты. Ол барлығы да басқара білуге және бағына білуге тәрбиеленуін қалады. Біріктірілген жасақ жекелеген істерге құрылды. Біріктірілген жасақтың командирі алғашқы ұжымның қатардағы мүшесінің бірі бола алды. Бұндай жағдайда шет жүретін және жинақы емес, белсенді емес балалардың өзін ынталандырып тартуға болатындығы байқалды. Бұндай ұйымға үлгі ретінде коммуна жұмысы әдістерін жатқызуға болады (мысалы, И. П. Ивановтың шығармашылық топтарын).

Ұжымның үшінші бір құрылымдық бірлігінің белгісі А. С. Макаренко тәрбиеленуші деп есептеледі. А. С. Макаренконың педагогикалық іс-тәжірибесінде әрбір тәрбиеленушіге оның атқаратын жұмысына қарай атақ–дәреже берілді, мысалы: тәрбиеленушілер, коммунарлар, коммунар-дзержиншілер.

Төртінші құрылымдық бірліктің белгісі ұжымдағы өзін-өзі басқару органдары. Біріншіден: бұл жалпыға бірдей жиналыс. Бірде бір шешім жиналыссыз қабылданбайды. Күнделікті жұмыс барысын командирлер кеңесі басқарады.

Мектеп ұжымында әр тармақты, әр түрлі алғашқы ұжымдар болады да, бала әр түрлі жағдайда әр түрлі іс-әрекеттер жасайды (мысалы: ол бірде – оқушы , бірде – спортшы, бірде – артист, т.б.).

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда ұжым – бұл белгілі іс-әрекет, тәрбие қызметін таратушы орта:


  • ізгілік тәрбиесі: балалар ұжымы адамгершілік игі қасиеттерді таратушы;

  • ұйымдастырушылық: балалар ұжымы қоғамдық-әлеуметтік жұмыста басқарудың әрекет иесі;

  • ынталандыру: балаларды азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу , ұжым мүшелерінің бір–біріне деген қарым-қатынасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ету; жалпы алғанда бұл қызметкерлердің бәрін дерексіз түрде ғана атауымызға болады. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысының барысында жоғарыда атап кеткен қызметтердің бәрі и де балалар ұжымын ұйымдастыруда тұтас жүріп жатады.

Ұжым – балаларды тек ортақ мақсат пен ортақ еңбекте ғана емес, сондай-ақ сол еңбекті ұйымдастыруда да біріктіреді .Ұжымда жетекшілер болуы және ұжымның әр мүшесінің белгілі міндеттері болуға тиіс.

Бірінші .Егер тәрбие жұмыстарының мәселелері көпшілікті қызықтыратындай етіп құрылса, онда ұжымның бұл міндеттерді сәтті шешкендері.

Екінші. Ұжымның іс-әрекет қызметін таңдағанда, міндетті түрде жеке –жеке балалардың қызуғышылық әрекеттерін ескеру керек.

Үшінші. Ұжымның жұмысы сол уақытта сәтті болады, егер әрбір бала тыс қалмай , әр қайсысы белсенді қатысушы болса.

Төртінші. Ұжымның іс-әрекет қызметін ұйымдастыруда қатысуға түрткі болуды ескеру.

Бесінші. Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруда, балалардың бойында адамгершілік құндылыққа түрткі болатын ,оларды біріктіре түсетін нәрсе – ұжымдық шығармашылық ойындар.

Бірлесе жұмыс жасау барысында мектеп оқушыларының арасында әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, ұжымның күрделі ішкі өмірін құрады.

А. С. Макаренконың іс-тәжірибесі бойынша бұл жауапкершілікке тәуелділік, немесе іскерлік қарым-қатынас деп аталады. Ұжымда белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін ұйымдастырушылар мен орындаушылардың алдында атқаратын жұмыстары нақты және дұрыс бөлінсе: ұжым мүшелері бір–бірінен және әрқайсысы өз-өзінен ережеге бағынуды талап ете отырып мақсатқа жетеді.

Ұжымдағы іскерлік қатынастарды төмендегіше бағалауға болады:



  • сайланған активтердің тапсырмалары мен ұсыныстарын қалай қабылдайды;

  • ұжым ұйымының шешімін қалай қабылдайды;

  • ұжым өмірінің ережелерінің бұзылуының жиі болу, шешім қабылдауын, т.б.

Ұжымда осындай қарым-қатынастар болмаса, онда олар ұжым болып есептелмейді. Егер іскерлік қатынастар жоғары дамыған болса, мектеп оқушыларын ұйымдастыруға ғана жұмылдырса, онда ұжымның өмірге сезімі төмендейді, бір-бірімен қарым-қатынастары азаяды, ұжым мүшелерінің арасы суыйды, бұгндай жағдайда оқушы үшін ұжым деген ұғым формальды түрдегі бірлестік болып шығады.

Сондықтан баланың ұжымда бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту қажет, олардың адамгершілік қасиеттерін дамытуды көбірек ойластыру қажет. Сондай-ақ балалар ұжымы бір-бірімен достық, жолдастық қарым-қатынассыз, бір-бірін түсінбесе, ұжым болып дамымайды.

Осындай жағдайлар қалыптасқанда ғана бала ұжымда өзін еркін, сезімтал, өз орнын жайлы сезіне алады.

Өз дамуында әр ұжым (оны құру жөніндегі жұмыстың біртұтастығы және үздіксіздігі жағдайында) бірнеше сатыдан өтеді. Біріншіден: ұжымның құрылуы, іс-әрекеттері, қарым-қатынастары, екіншіден, ат үсті, қайталама қорғаушы күш, туынды іс-әрекет қатынастары - қоғамдық көзқарас, көңіл-күй, хал-жайы, дәстүр, құндылық ұжым мүшелерінің өмірлік мұраты, үлгі тұтар мінез-құлықтары, өзін-өзі бағалау; және соңғысы, ұжымның даму барысын ұжым мүшелерінің белсенді іс-әрекет қылықтарына қарай бағалау керек. Жаңадан құрылған ұжымның және жеке тұлғаның іс-әрекеті туралы деректерді жинақтай көрсетсек, оның іштей күрделі даму үдерісінен өткенің байқаймыз. Мұндай ұжымның даму сатысындағы оң шешімдер, күнделікті ұжым өмірінің алдындағы мақсат- міндеттерді талап етуші адамға байланысты.

Сонымен ұжым құрудың басты міндеті – балалардың болашақ өмірге қоғамдық құнды мақсаттар қою. Бұл жұмысты балалардың тек орындап қана қоюы емес, олардың қалай өмір сүруі қарастырылады. Бұл мақсат балаларды ұжымға жұмылдыра біліп, саналы түрде олардың адамгершілік, іскерлік ,шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Ұжым алдына мұндай мақсат қою оңай емес. Ол үшін сол ұжымға бірігетін әр баланың жеке қызығушылығы , мінез-құлық болмысы, көзқарасы, ұжым туралы ойы, мәдениеттілік пен бір-біріне деген қарым-қатынасын анықтау керек. Болашақ ұжымның іс-әрекетін, жеке мақсаттарын шешуде мұндай мағлұматтар өте қажет.

Ұжымның өмірдегі мақсаты – қоғамдық адамгершілік құндылықтармен байланысты бірінші сатыда – алыста тұрған, келешекте қиындықпен қол жеткізер ісі деп қарау.

Бір-біріне іс-әрекет қарым-қатынастағы түрткі болатын жеке мақсаттар мен қызықтыратын және міндетті істер – таяудағы және келешектегі жоспарлар ерекше ой, мән береді.

Бұндай таяудағы және келекшектегі (сенбіліктер, саяхаттар, т.б.) жоспарда бірінші, балалардың өздері, ұжымның белсенділері арқылы өздеріне қызықты және қажетті деген дерін таңдауы керек және әрбір бала міндетті түрде сол жұмысқа қатысуы керек.

Бірінші сатының келесі қадамы – ұжымның жоспары. Оқушылар ұжымын құру және топтастыру жөніндегі жұмыста – активті іріктеудің маңызы зор. Бұл жағдайда ұжымдық жоспарлау кезінде көзге түскен белсенді,тез тіл табыса алатын балаларға сүйену керек. Олар ұжымның алға қойған мақсаттарына жетуге талпындырады. Тұрақты активтерден басқа уақытша комитет сайлап жұмыс жүргізілсе, белсенді оқушылар саны көбейе бастайды.

Алғашқы сатыда тәрбиеленушілердің ұжымдық іс-әрекетте тәжірибелерінің болмауынан педагогикалық басшылықта біраз қиындықтар туындайды.

Ұжым өмірінің алғашқы сатысында ұжымның тындырған ісіне талдау жасау маңызды болып есептеледі.

Бірінші саты аяқталды деуге болады, егер:


  • ұжымның таяудағы және келешектегі жоспарының қабылдануы, қоғамдық ортақ істе қызуғышылық пен белсене атқаруға тырысуы;

  • ұжымның үздіксіз іс-әрекеті ,(бұған ерекше назар аударған жөн, себебі, ұжымның құлықсыз, баяу, үзіліспен жасаған істерінен қол жеткізген нәтижелерін жоғалтып алғаны өмір тәжірибесінде байқалады);

  • ұжымның көпшілік мүшелері белсенді қимыл-әрекеттер жасайды;

  • жауапкершілік тәуелділік қалыптасады, іскерлік және шығармашылық байланыс туындайды;

  • ұжымның алдыңғы бөлігінде – оның активі (ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, белсенді, қызуғушылығы басым балалар тобы);

  • оқушыларда ұжым өмірінің әр саласына қызығушылығы арта түседі, бір-бірімен араласу, жолдастарымен белсенді жұмысқа қатысулары, жетістіктері.

Екінші сатыда ұжым дами түседі, күрделі мәселелерді шешу жолында алға бағытталған қадамдар жасайды. Алдымен ұжым өзін -өзі басқаруға көшеді, ұжым өмірін ұйымдастырудың тәсілдері күрделінеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе көрсеткендей , өзін-өзі басқару - тек өзін-өзі басқару ғана емес, ең алдымен аталған ұжымның барлық мүшелерінің өмірде өз-өздерін басқара білуге қатысуларына жағдай жасау.

Екінші сатының өзіндік ерекшелігі – оқушылардың тәжірибеде іс-әрекеттерінің күрделенуі. Енді таяудағы жоспарлар орын алады , көңіл көтеріп дем алу, ұжымдагі жеке жетістіктермен жалғасады. Бірақ екінші сатының ерекшелігі бұл емес. Оқушылар өздіктерінен жоспарлайды, күрделі өзіндік тану, саяси және еңбек іс-әрекет қызметтерін ұйымдастырып жүргізеді.

Бұл сатыда іскерлік қарым–қатынас аяқталмайды, ұжымның мүшелері бақылау қызметін атқаратын басқалардан жауапкершілікпен орындалуын талап етеді. Ұжым мүшелерінің бір-біріне деген шығармашылық қызмет көрсету; бір-біріне көмектесе отырып бірін-бірі үйретуінен көрінеді.

Жан-жақты қарқынды жоспарланған қатынас барысында екінші сатының жаңаша құрылымы – байсалды, мазмұнды, қоғамдық көзқарас – алғашқы сатыда ол қажетті барлық белгілерді меңгермеген, қалыптасу үстінде ғана болды.

Өзгерістер актив ішінде де болады.Егер алғашқы бірінші сатыда актив құрамында белсенді, өздері бірге ат салысатын , ұжым ісіне қызуғушылықпен қарайтын ынталы оқушылар болса, екінші сатыда олардың орнына ұжым өмірінің адамгершілік құндылық тәжірибе жүзінде құратындар келеді.

Екінші сатыны құрылды деп есептеуге болады; егер:



  • ұжымның барлық шығармашылық бастамасы мен адамгершілік мақсат мағынасына ие болған жағдайда;

  • ұжым өзін-өзі басқарудың белсенді дамуын, іс-тәжірибе барысында іскерлік қарым-қатынастар қоғамдық пікірлер туралы күйзелсе;

  • ұжым мүшелерінің жан-жақты ұжымның жеке шығармашылық іс-әрекеті барысында, тұрақты, кәсіптік қызуғушылықтары туса.

Ұжымның үшінші даму сатысындағы ерекшелігі - саяси-қарқынды адамгершілігі бар тұлға қалыптастыру, яғни, ұжымның әрбір мүшесіне қоғамдық құндылықтарды меңгерген, саналы жеке тұлға ретінде ұжымның тигізер іс-әрекеті ерекше.

Ұжымның үшінші даму сатысында кең мағынадағы адамгершілік қатынастар келесі белгілерімен ерекшелінеді:



  • ұжымда жалпы тұрақты сыйластық, бір-біріне деген көңіл сыйластығы, бір-біріне деген жолдастық көмек;

  • бұндай ұжымда ерекше жекешелену, немесе кейбір балалардың «жұлдыз» болып көрінуіне жол берілмейді;

  • басқа ұжымға қызығушылығы артады, бәсекелестік жойылады, «өзімшілдік», тұйықталу сияқты қасиеттер жойылады.

Ұжымның даму сатысының бұлай ерекше жоғары атағы шығуына адамгершілік құндылық іс-әрекеттері түрткі болады.

Бұл сатыдағы іс-әрекеттің өзгеруіне түрткі болатын жай – идеялық жағына әуестенушілік – жеке тұлғаның қызық мағналы, мазмұнды іс-әрекет, қарым-қатынас байланысы әдеттегіден тыс жағдайдан босатады. Енді «идея үшін» аз қызықтыратын қиын жұмыстар орындалады, бөгет болатын кемшілік жағдайларды жеңу (басқа адамдардың қарсылығы, өз басының кемшілігі). Бұл өте маңызды жаңалық – жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы тұрақтанады.

Сонымен, үшінші сатыны мынадай жағдайларда қалыптасып болды деуге болады, егер:


  • іс-әрекет көпшілік балаларға қоғамдық ,ұжымда бір-бірімен қарым-қатынаста мағыналы әсер етсе;

  • оқушы мінезі тұрақталып, ұжымда өзін-өзі ұстай алатын, келеңсіз жағдай туғызбайтындай өзгерсе;

  • бұған себепші - өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі, өзіне үлкен адамгершілік міндеттерін қоя білу жатады;

  • ұжымның қозғалысы, өзін-өзі басқарып билеуі сапаны көрсетеді, ұжым мүшелері өз-өздері жеке дербес ғана емес, жалпы адамгершілік құнды мақсаттарды өз өмірлеріне тереді.

Ұжымның даму сатысын қарастыру барысында мынадай қорытынды шығаруға болады:

  • ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек;

  • балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қалмайды, даму , ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы.

Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, жоғарыда айтылып кеткендей, ұжымның өзінің ерекше белгілері бар:

  • қоғамдық-маңызды мақсат;

  • қоғамдық-маңызды іс-әрекет;

  • ұжымдық қарым-қатынастар;

  • демократиялық басқару.

Балалар ұжымын құру және топтастыруда өзіндік күрделі әлеуметтік-педагогикалық құрылымдық формальды құрылым деп (тәрбиешінің ұйымдастыруымен ) екі жүйеге айырады.

Ұжымның дамуында келесі кезеңдерге айырады. Бірінші кезең: бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларды тауып, олардың жұмыста өздерін көрсете білулеріне жағдай жасау керек. Екінші кезең: ұжым өзін-өзі басқаруға, жауапкершілік қатынас туындап, ұжым активі құрылады. Үшінші кезең: ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарда бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдалынады. Төртінші кезең: жаңаша қарым-қатынастар, бір-біріне ілтипатты, болып, өзара жауапкершілікпен қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет