Баекеева айнур толыбаевна


Термин – тілдің номинативтік бірлігі. Терминология



бет7/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Термин – тілдің номинативтік бірлігі.
Терминология – терминдер жүйесінің жиынтығы.
Техникалық саласындағы құзыретті аударма (Engineering competent translation, EPMG ұсынған анықтама, 2004) – ана тілі мен шетел тілін жетік меңгеріп қана қоймаған, белгілі пән саласының қыр‑сырын терең түсінетін ғылым мен техника саласының аудармашысы орындайтын қызмет түрі.
Қарау – құжат тақырыптары бойынша нақты сұраныс параметрі жоқ ақпараттық нысан туралы ақпарат алуға бағытталған процесс.
Іздеу – берілген параметрлері бойынша сұранысқа негізделген процесс, нақты ақпараттық нысанды пайдаланушының сұранысына бағытталған.


              1. КІРІСПЕ


Аударматану – тіл білімінің қолданбалы ғылым бағыты. Осы еңбек аударма ісі, салалық терминология (тау‑кен терминологиясы), компьютерлік лингвистика, компьютерлік лексикография және ақпараттық жүйелер салаларының интеграциясы арқылы пәнаралық байланыста жүргізілді.


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ тілінің тау-кен терминологиясы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік терминологиялық комиссиясы тарапынан бекітілген терминдік қоры бар, біршама тұрақталған, қолданыстағы пән саласы болып есептеледі (http://termincom.kz). Дегенмен қазіргі күнге дейін қазақ тілінің тау-кен терминологиясы аударматануда да, пәнаралық байланыстар аясында да сипатталмаған, іргелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі жаһандық «төртінші индустриялық революция» кезеңіндегі Қазақстанның тау-кен саласы әлеуетінің халықаралық деңгейде өсуімен байланысты қазақ тілінің тау-кен саласындағы терминқорын жаңа талаптарға сай қарастырып, жүйелеп, көптілділік саясаты тұрғысынан зерттеу талабы туып отыр. Тау‑кен ісі саласындағы мемлекетаралық жобалар, халықаралық конгрестер, конференциялар мен келісімшарттардың көптеп жүргізілуіне байланысты салалық аудармашы мамандарына деген сұраныс артып отыр [1].
Кен өндіру мен пайдалану ежелгі Қазақстан аумағынан бастау алып, оның қазақ тіліндегі өзіндік терминологиясының өзегі қалыптасқанымен, замануи процестер мен жаңа технологиялардың дамуымен байланысты кірме терминдер байырғы терминдерді ығыстырып тастады. Осылайша тіліміздің терминжасамдық әлеуеті толық қолданыс таппай отыр. Қазақ тілінің тау-кен терминдерін зерттеу ерекше өзекті болып табылады, өйткені 60 жылдан астам уақыттан бері терминологиялық база толыққанды жүйеленбеген. Тау-кен терминологиясының негізі 1957 жылы алғаш рет академик Қ. Сәтбаевтың бастамасымен қаланған, алайда содан бері терминологиялық база жүйелі түрде жаңартылып, толықтырылмады.
Халықаралық қатынастар мен тіларалық байланыстардың кең қанат жаюына байланысты халықаралық, экономикалық және кәсіби диалогтың жаңа арналарын іздестіру, салааралық терминдердің ортақ мәселелерін шешу үшін аударматанудағы салыстырмалы, салғастырмалы, жаңа, тың, цифрлық ізденістердің пәнаралық қажеттілігі туындап отыр. Ғылыми тілдің басты қазынасын лексиканың терминологиялық қабаты құрайды. Зерттеу жұмысының ең өзекті мәселесі – ол тілдің терминологиялық қазынасын аудармада көптілді басқарылмалы тезаурус (грек. Thēsaurós, қазына, қор) тұрғысынан зерттеу қарастыру болып табылады. Тау-кен терминдерінің көптілді интероперабельді тезаурусын құрастыру пәнаралық зерттеудің айқын мысалы болып табылады. Тезаурустағы метадеректер ақпаратты релевантты іздеу (Information Retrieval) мен машиналық (MT) және автоматтандырылған (CAT) аудармада өнімді қолданылады.
Осы зерттеу тіліміздегі ғасырлар бойы қалыптасқан тау‑кен саласының терминдерін дәнекер тілді пайдаланбай, әлемдік деңгейде танылуына, қазақ тілінің ғылыми аппаратының қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосады. Айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет