Баекеева айнур толыбаевна


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет11/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  1. Қазақ тіліндегі тау‑кен терминдері – ұлттың мәдениеті, дүниетанымы, тарихы, тұрмыс‑тіршілігі, шаруашылығы туралы ақпаратты бойына жинаған тілдік бірлік. Қазақ тіліндегі тау-кен терминологиясының өзегін кен, металл, минерал атауларына қатысты қабаты құрайды. Осы терминдердің ішінде төл терминдері 53% құраса, ал ғылым мен технологияның дамуымен байланысты қалыптасқан кен өндіру, кен байыту және құрылғы атаулары өзге тілдердің терминдерін калькалау және кірме терминдер арқылы жасалып, 47% құрайды.

  2. Салалық терминологияны тек тіл білімінің аясында ғана зерттеу оның толыққанды қолданысы мен мүмкіндігін шектейді. Салалық терминология – компьютерлік лексикографияның, арнайы пән саласының (тау‑кен ісі және металлургия саласы) және ақпараттық жүйелердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып аударматанудың эмпирика (P. Newmark) және интеграция (M. Snell‑Hornby) тәсілдері арқылы да зерттеуді қажет ететін пәнаралық ғылым. Эмпирика және интеграция тәсілдерін қолдану білімнің формалды‑логикалық көріністерінің жетістіктерін (тезаурус, онтология) компьютерлік лексикографияны дамыту, пән салаларын компьютерлік аударма (тау-кен ісі және металлургия) үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Салалық терминология мен ақпараттық жүйелердің пәнаралық өзара байланысы нәтижесінде цифрландыру жағдайында қазақ аударматануының қалыптасуы жаңа кезеңге қадам басуда. Ақпараттық технологиялар мен мәтіндік ақпаратты сандық өңдеу әдістерінің дамуы цифрлық аударма зерттеулерінің алдына жаңа міндеттер қойды. Біріншіден, электрондық репозиторийлердегі ғылыми және білім беру қызметтері үшін ақпаратты семантикалық деңгейде іздеуді ұйымдастыру. Екіншіден, тезаурус пен онтологияны қолдану арқылы мәтіннің адекватты аудармасын ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелердің мұндай модельдері әзірленген (А. Федотов, М. Самбетбаева) және олар мамандандырылған мәтіндерді адекватты аудару мәселелерін шешуге көмектесуі керек. Салалық терминология мен ақпараттық жүйелердің пәнаралық өзара байланысы көптілді мәтіндерді аударудың заманауи талаптарына жауап беретін цифрлық аударманың сапалы жаңа кезеңін қалыптастыруға ықпал етті.

  3. Тау‑кен терминдерінің тезаурусы замануи тезаурустардың халықаралық стандарттарына сай құрастырылды (ISO 25964-2:2013; ISO 25964-1:2011). Замануи тезаурустар тек қана энциклопедиялық, ақпараттық мәліметті беріп қана қоймай, бірнеше тілдердегі аудармаларын да береді. Бұл метадеректер ақпараттық іздеу (Information Retrieval) мен компьютерлік аудармада басты қызмет атқарады. Біздің ұсынып отырған тезаурусымыз белгілі бір пән саласына арналған сөздіктердің толық базасы болып табылып қана қоймай, өз ішіне терминдердің түрлері, байланыстары, топтарымен қоса, мынадай түрлі сөздіктерді енгізе алады: анықтамалық сөздік, көптілді сөздік, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, омонимдер сөздігі, түсіндірме сөздік, идеографиялық сөздік, терминологиялық сөздік, сөздік мақалалар, т.т. Бұл тезауруста тау‑кен терминдерінің қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі тіларалық аудармадағы сипаттамасы (description), лингвистикалық эквиваленттері (LE – linguistic equivalents), синонимдері (абсолюттік синонимдері), антонимдері (бар болған жағдайда), ассоциативтік терминдері, терминдердің бір бірімен иерархиялық байланысы, яғни терминдердің жоғарғы (broader term) және еншілес (narrower term) ұғымдары белгіленді. Тезауруста терминдер семантикалық және функционалдық жағынан нақты анықталып, олардың лингвистикалық баламалары бекітіліп, иерархиялық түрде жіктеліп, берілді.

  4. Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі тау‑кен терминдерінің жаңа буынды көптілді басқарылмалы интероперабельді тезаурусы халықаралық тезаурус құрастыру стандарттарына сәйкес келетін Zthes деректер схемасына негізделген Digital Library веб‑платформасында біріздендіріліп құрастырылды. Аталған тезаурустың интероперабельдік сипаты арқылы тезаурустағы үштілді деректер автоматтандырылған аударма кезінде релевантты ақпаратты іздеуге қажетті бірден‑бір құрал ретінде қызмет етеді және халықаралық тезаурустармен өзара ақпарат алмасу қабілетіне ие.

  5. Тау-кен терминдерінің көптілді басқарылмалы тезаурусын жасаудың иерархиялық алгоритмі аударматану ғылымына бейімделіп әзірленді. Бұл алгоритм басқа да ғылыми пән салалары терминдерінің тезаурусын құрастырудың үлгісі болып табылады. Осы алгоритм түрлі пән салаларының көптілді аудармашыларына өзге де сала терминдерінің интероперабельді тезаурусын құрастырудың моделі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет