Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет45/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Ойыншылар саны: 20 25 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы.
Дайындық: Алаңды ортасынан бөліп тұратын сызық сызылады. Алаңның қарама-қарсы екі бетіне тұтқындар үйі салынады. Ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Олар ортадағы сызық пен тұтқындар үйінің аралығында орналасады.
Ойын мазмұны: Жеребе бойынша ойынды қай топ бастайтыны аңықталады. Ойынды бастайтын топ қарсыластарын доппен ата бастайды. Олар (секіріп, бұғып, т.б. қимылдар жасау арқылы) допты өздеріне тигізбеуі керек. Доп ойыншыға дәл тисе қарсы топтың тұтқындар үйіне барады. Егер де тұтқындағы ойыншылар өз ойыншыларынан әулелеп келген допты қағып алып, қайта өз ойыншыларына лақтырып өз орнына баруына болады. Допты қаға алмай түсіріп алса өз ойыншыларына лақтыруға рұқсат етіледі. Осылай ойын алма-кезек доппен атысып жалғаса береді. 7-10 минуттан кейін ойын тоқтатылып, тұтқындар саны есептеледі. Қай топ тұтқынды көп жинаса сол топ жеңеді. Ойынды қай топтың ойыншылары тұтқынға түсіп таусылғанша ойнатуға да болады.
Ойын ережесі:
1) Ойыншылар ортадағы сызыққа дейін келуге құқы бар. Ережені бұзса допты қарсы топқа береді;
2) Доппен бас тұстан қатты ұруға болмайды. Тек белден төмен ұру керек;
3) Ойыншы допты ауада қағып алса ойынды жалғастыра береді (әріптесіне беруге болады). Егер де допты қаға алмай түсіріп алса қарсы топқа тұтқынға барады;
4) Доп қабырғаға тисе есептелінбейді;
5) Доппен екі қадаммен артық жүруге болмайды. Допты жерлетіп ұруға болады;
6) Ойыншылардың тұтқындар үйіне кіруге құқы жоқ. Егер де кіріп жатса доп тұтқындағыларға беріледі, допты олар өз ойыншыларына лақтыруына болады;
7) Доп тұтқындар үйіне түссе онда олар допты өз ойыншыларына лақтыра алады. Егер де доп ойын алаңына түссе, сол топтың кез-келген ойыншысы алуға болады.
Әдістемелік нұсқаулар: Алаң өте ұзын болмауы керек. Лақтыру әдістері алдын ала көрсетілгені дұрыс. Допты қатты лақтыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет