БАҒдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұны 1



бет1/19
Дата23.02.2016
өлшемі6.22 Mb.
#10991
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Мәслихаттың

2012 жылғы 7 желтоқсандағы

№102 шешіміне

1-қосымша


Мәслихаттың

2011 жылғы 12 қаңтардағы

№ 368 шешіміне

1-қосымша



ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай, 2012 жыл
МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ....................................................................3

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ..................................................................8

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы...........................................................................................................................8

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау...............................9

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау......................................................................9

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау...........................................................42

2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау........................ ...78

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы............................................................................................................................87

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау.............................................................................................................. ...........100

2.3. Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы .....................................................................................................................................105

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау................................................................................107



3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ......................................................109

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ............................................................112

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР....................................................................................154

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ........................................................................154

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамалары

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.

Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы іргесі қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

Облыс құрамына 5 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ кіреді.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт және ұлыстар тұрады, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс халқы 886,3 мың адамды, олардың ішінде: қазақтар – 35,6 %, орыстар – 40,8 %, украиндер – 11,6 %, немістер – 3,8 %, басқа ұлттар – 8,2 % құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 4,5 адам. Ең тығыз мекендегендер – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ең аз – облыстың оңтүстік аудандары, оларда халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 0,5-0,8 адамды құрайды.



Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Мемлекеттік қызметтер


Бағдарламаның мақсаттары

1-мақсат: Өңірлік деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

2-мақсат: Облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту.

3-мақсат: Өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту.

4-мақсат: Өндірістердің энергиялық тиімділігін жоғарылату.

5-мақсат: Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемдерде агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі.

6-мақсат: Бизнес-ортаны жақсарту.

7-мақсат: Ішкі сауданы дамыту есебінен облыстың экономикалық әлеуетін ұлғайту.

8-мақсат: Инвестициялық климатты жақсарту.

9-мақсат: Облысты инновациялық дамыту.

10-мақсат: Бәсекеге қабілетті отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруді тұрақты дамыту, сондай-ақ оларды ішкі нарықта алға жылжыту үшін жағдайлар жасау.

11-мақсат: Білім сапасын, қол жетімділігін жақсарту.

12-мақсат: Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату.

13-мақсат: Әдеттегі жастағы жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз ету.

14-мақсат: Облыс халқының денсаулығын жақсарту.

15-мақсат: Халық тіршілігі ұзақтығының өсуі үшін жағдайлар жасау.

16-мақсат: Уақтылы және сапалы медициналық қызметтер көрсету.

17-мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

18-мақсат: Еңбекке қабілетті тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу.

19-мақсат: Арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін жетілдіруге көмектесу.

20-мақсат: Отандық мәдениетті сақтау, дәріптеу және насихаттау.

21-мақсат: Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

22-мақсат: Дене тәрбиесiмен және спортпен жаппай айналысу, спорт резервiн сапалы әзiрлеу және жоғары класстық спортшылар үшiн жағдай жасау.

23-мақсат: Бәсекеге қабілетті туристтік индустрия құру.

24-мақсат: Ұлттың бiрлiгiн қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді күшейту. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесуін жетiлдiру арқылы мемлекеттi күшейту. Мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың тиiмдiлiгiн жоғарылату.

25-мақсат: Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.

26-мақсат: Жұмылдырылған дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру.

27-мақсат: Ақпараттық қоғамға және инновациялық индустрияға көшу мақсатында облыстың инфокоммуникациялар саласын дамыту тетіктерін және жағдайлар жасау.

28-мақсат: Құрылыс индустриясын дамыту.

29-мақсат: Тұрғын үй құрылысын дамыту.

30-мақсат: Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту.

31-мақсат: Тасымалдауларда және олармен байланысты қызметтерде экономиканың және халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.

32-мақсат: Көлік қызметтерін жетілдіру және дамыту.

33-мақсат: Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің тиімділігін жоғарылату.

34-мақсат: Халықтың орталықтандырылған суға қажеттілігін қанағаттандыру.

35-мақсат: Халықтың жылумен жабдықтауға қажеттілігін қанағаттандыру.

36-мақсат: Халықтың сапалы суға қажеттілігін қанағаттандыру.

37-мақсат: Ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту.

38-мақсат: Өңірдік экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау.

39-мақсат: Ормандарды күзету, қорғау және қалпына келтіру және орман шаруашылығы.

40-мақсат: Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату.



Міндеттер

  1. Жыл сайынғы ЖӨӨ нақты өсуін қамтамасыз ету.

  2. Облыстың сыртқы экономикалық қызметін дамыту.

  3. Инфляцияның деңгейін жылына 6-8% деңгейде ұстау.

  4. Әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсімін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту.

  5. Өңдеу өнеркәсібіндегі басым, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.

  6. Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту.

7. АӨК өнім өндірісі тұрақты өсуінің негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

8. Бизнес экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы орта құру.

9. Инвестициялық белсенділікті арттыруға көмектесу.

10. Инновацияларды жоғарылатуға және дамытуға көмектесу.

11. Тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді мемлекеттік сатып алуда жергілікті үлесті дамыту.

12. Педагогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

13. Ұсынылатын білім сапасын жақсарту.

14. Мектепте білім беру қызметінің сапасын арттыру.

15. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау.

16. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі көрсетілетін білім қызметтерінің сапасын жақсарту.

17. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдайлар жасау.

18. Медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

19. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек сапасы мен қол жетімділікті арттыру.

20. Әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендету.

21. Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту.

22. Әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпалығын төмендету.

23. Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу.

24. Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру.

25. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік емес секторды тарту.

26. Облыстың тарихи-мәдени жәдігер объектілерін сақтау және дамыту.

27. Мәдениет саласындағы отандық өнімдер қажеттілігінің өсуін ынталандыру.

28. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру қызметтерін кеңейту.

29. Облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру.

30. Туристік қызмет көрсетуді дамытуды қамтамасыз ету.

31. Мемлекеттiк жастар саясатын тиiмді iске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, жастардың отан сүйгiштiк және азаматтық қалыптасуы үшiн шарттарды қамтамасыз ету.

32. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау.

33. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

34. Төтенше жағдайларға қарсы іс-әрекеттерге жағдайлар жасау.

35. Компьютерлік сауаттылықты арттыру. Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру. Телекоммуникацияларды дамыту.

36. Тұрғын үйге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету.

37. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту.

38. Халықтың көлік қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.

39. Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

40. Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және дамыту.

41. Жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және дамыту.

42. Су бұру жүйесін жаңғырту және дамыту.

43. Әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерлерге тарту.

44. Атмосфералық ауаны қорғау. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі проблемаларды шешу.

45. Орман ресурстарын сақтауды, ұтымды пайдалану мен қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

46. Халыққа қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру.



Нысаналы индикаторлар

1. Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %.

2. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі.

3. Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі.

4. Электр энергиясын өндіруді ұлғайту.

5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі.

6. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер шығаруының нақты көлем индексі.

7. Бөлшек сауданың нақты көлем индексі.

8. Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі.

9. Инновациялар саласында кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі.

10. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту.

11. Халықтың білім сапасымен және қол жетімділігімен қанағаттану деңгейі.

12. Балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылуы (3 жастан 6 жасқа дейінгі жаста).

13. Әдеттегі жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі.

14. Халықтың медициналық қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі.

15. Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы.

16. Халықтың 1000 адамына шаққанда жалпы қайтыс болуды төмендету.

17. Жұмыссыздық деңгейі.

18. Кірістері ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен.

19. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін тұлғалардың үлесі (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында).

20. Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі.

21. Мемлекеттік тілді білетін халықтың үлесі.

22. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуын ұлғайту.

23. Туристтік қызмет саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың жиынтық кірістерін ұлғайту.

24. Азаматтық қоғам мен мемлекет институттарының өзара қарым-қатынасына оң баға беретін халық үлесін ұлғайту.

25. Халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің болжамдық деңгейі.

26. Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды төмендету.

27. Халықтың байланыс және коммуникациялар саласында қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі.

28. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі.

29. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға бері, жалпы ауданының шаршы метрі.

30. Жақсы және және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі.

31. Жүк айналымының көлемі.

32. Жолаушылар айналымының көлемі.

33. Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі.

34. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға халықтың қол жеткізу деңгейін ұлғайту.

35. Халықты жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту.

36. Халықты су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту.

37. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің санын ұлғайту.

38. Жалпы зиянды заттардың қалдықтарын төмендету.

39. Мемлекеттік орман қорының орманды жерлерінің аумағы.

40. Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі.



Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 76771,8 млн. теңге

2012 жылы – 89484,8 млн. теңге

2013 жылы – 59227,6 млн. теңге

2014 жылы – 198941,6 млн. теңге



2015 жылы – 63529,4 млн. теңге





2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Географиялық орналасуы

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.



Жер бедері. Облыс аумағы негізінен жазық бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс түкпірі, оның оңтүстігінде Торғай үстірті, батысын Орал үстірті, ал оңтүстік-батысын Сарыарқа тау ұшығы алып жатыр.

Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, өте желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстігінде 240-280 мм шамасында. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.

Су ресурстары. Өзен желісі сирек. Облыс шегінде 310 жуық ұсақ өзендер бар. Неғұрлым ірі өзендер – Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғары Тобыл, Қаратомар, Аманкелді су бөгеттері орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде ең ірілері Торғай жылғасында орналасқан Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тың жерлерге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Облыстың жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 18123,4 мың гектарды егістік, оның ішінде 5659,3 мың гектарды құрайды немесе 31,2 %, 12068,0 мың гектарды (67%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Облыстың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, ақ қайыңды-көктеректі бұталар және қарағайлы ормандар болса (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлігінде – қызыл селеу және әр түрлі шөпті қоңыр топырақ, Науырызым қарағай көктеректі орманы, оның аумағында аттас қорық орналасқан, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр, бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Облыс құрамына 5 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ кіреді.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 886,3 мың адам, олардың ішінде: 35,6% – қазақтар, 40,8% – орыстар, 11,6% –украиндіктер, 3,8% – неміс, 8,2% – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адамнан келеді. Халық тығыздығының жоғары деңгейі Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – оңтүстік аумақтар, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,5 адамнан 0,8 адамға дейін келеді.



Қазақстанның дамуында Қостанай облысының алатын орны

Облыстың стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.


2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау

Өңірлік макроэкономика

Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралды көрсеткіші – жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2007-2010 жылдары 624,5 мың теңгеден 975,4 мың теңгеге немесе 1,6 есе ұлғайды.

1-кесте

2007-2009 жылдардағы жалпы өңірлік өнім

Атауы

Өлш. бір.

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

ЖӨӨ

млрд. теңге

560,4

704,3

723,9

860,5

Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны

%

144,7

125,7

102,7

102

Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың теңге

624,5

789,7

815,3

975,4

Елдің жалпы өңірлік өніміндегі облыстың үлес салмағы 2007-2010 жылдары тиісінше 4,36%, 4,39%, 4,26 %, 4% құрады. ЖӨӨ көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлерінің ішінде 12, ал жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 10 орынды алып отыр.

2-кесте


Ел экономикасындағы Қостанай облысының орны

Жылдар

ҚР ЖӨӨ, млрд. теңге

Қостанай облысының ЖӨӨ, млрд. теңге

Облыстың республикадағы үлес салмағы, %

2007

12849,8

560,4

4,36

2008

16052,9

704,3

4,39

2009

17007,6

723,9

4,26

2010

21647,7

860,5

4,0


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет