БАҒдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұны 1


Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің ке



бет11/19
Дата23.02.2016
өлшемі6.22 Mb.
#10991
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

2.3. Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

2007-2009 жылдары экономикалық өсудің оң қарқыны табиғат ресурстарында негізделетін өңір экономикасының құрылымында түбегейлі жылжуға әкелген жоқ, экономиканың өндіру секторына инвестициялардың өсуі және өңдеу өнеркәсібі үлесінің аздап өсуі (2007 жыл – 34,8%, 2008 жыл – 34,4%, 2009 жыл – 38,9%) байқалады. Облыс экономикалық кеңістігінің сапасы тек қана Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық агломерациясының аймағында жақсарып келе жатыр, елді мекендер тұрғындарының тығыздығы, жолдардың тығыздығы және байланыстылылығы өсуде.

Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларында оң серпін байқалуда, өңірдің ірі корпорациялармен әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес секторлармен әріптестігі дамуда.

Өңір дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған SWOT-талдауында көрсетіледі.




Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті, топырақтың жоғары бонитеті

Минералдық шикізаттар қорының болуы тау-кен өндірісінің дамуы үшін негізін құрайды

Қостанай тұрғындарының қалаға шоғырлану ұйытқысының және оның халық шоғырланған аймағының, қаңқалық тіректі құрылымы түйінінің қарқынды дамуы

Елдің аумағында шекара маңында орналасуының есебінен облыстың маңызды транзиттік әлеуеті

Осы заманғы кәсіби білім үшін рерурстар кешенінің болуы: инфрақұрылым, профессорлық-ұстаздар құрамының жоғары біліктілігі

Денсаулық сақтаудың тұрақты әлеуеті: туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауырудың төмендеуі

Бала туу санының ұлғаюы

Денсаулық сақтау қызметтері нарығының болуы

Дамыған кәсіби дайындықтар инфрақұрылымының есебінен жұмыссыз-дық деңгейінің төмендігі

Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және картоппен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейі

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін инновациялық әлеует элементтері кешендердерінің болуы (бизнес- инкубаторлар, ӘӨК)

Тренерлі және лидерлі базадағы дамыған тұрғындарға кең қызметтегі ҮЕҰ белсенді секторлары



Экономика салаларының дамуына тосқауыл болатын желілердегі ысырабтың жоғары деңгейі және өсіп жатқан энергия тапшылығы

Салалық теңгерімнің жоқтығы: өндіріс және инвистициялар көлеміндегі өндіру өнеркәсібінің басым үлесі, шағын бизнестің әртараптандырылу деңгейінің төмендігі

Өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімдерді шығару жөніндегі өндірістің болмауы

АӨК және өнеркәсіптің шикізаттық бағыты

Өңірдің оңтүстік бөлігіндегі игерілмеген-шаруашылық аумақтарының жоғары пайызымен халықты орналастырудың нүктелі-ошақтық біртексіз түрі

Село инфрақұрылымдық әлеуетінің біртексіз өсу дәрежесі

Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біртексіз қол жетімділігі

Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі

Қалалық жерлердегі канализациялық және су құбырлары желілерінің 70%-дан 100% дейінгі тозуы

Көлік жолдарының 57,8%-ы қанағаттандырмайтын жағдайда болуы

ҮЕҰ шектеулі ресурстік базасы, салалық мемлекеттік органдардың және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің әлеуметтік қызметтер көрсету үдерісінде ҮЕҰ төмен деңгейде тартылуы


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

Қостанай облысының РФ-мен шекарада мультитранспорттық түйін ретінде қолайлы геоэкономикалық орналасуы

Үдемелі индустрияландыру бағдар-ламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді

ӘӨК және өңірлік бизнес-инкубаторлардың қызметін белсендіру ісі өндірістік және инновациялық бағыттағы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді

Көзделген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде облыс экономикасы даму әлеуетінің жоғарылауы

Қоғамдық сектордың ресурстарын тиімді игеру үшін мемлекеттің жеке меншік және коммерциялық емес секторлармен институтционалдық әріптес-тігінің дамуы

Тұрғын үй құрылысын дамыту және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту тұрғындардың орта жігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Ауылдық өндірушілер кооперация үдерісінің белсендіру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту

Кеңестік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану

Салалық басқармаларда және аудандар мен қалалар әкімдіктерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу және ұлғайту арқылы салалық және аумақтық қағидат жөніндегі азаматтық қоғам институттарын дамыту тұрақты қоғамдық-саяси жағдаймен қамтамасыз етуге себебін тигізеді


Энергия тапшылығы сақталуының салдарынан облыс экономикасының даму жылдамдығының төмендеуі

Технологиялық дамуда және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздіктерінде артта қалу салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің ұлғаюы

Қаржы-несие жүйесінің сақталуы тұрақсыздығынан құрылыс кешендерінің тоқырауы

Кәсіби білім беру жүйесінде сәйкессіздіктің сақталуы еңбек ресурстарына сұраныстың қанағаттылығына кері әсер етеді

Жолдар жағдайларының нашарлауы

Тазарту құрылыстары аздап жаңашаландырылған жағдайда экологиялық жағдайдың нашарлауы

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі сапасы төмен болуының нәтижесінде әлеуметтік шиленісушіліктің күшеюі

Ішкі және сыртқы көшіп-қонудың салдарынан тұрғындар санының азаюы

Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздан-дырушы факторларының қалыптасуы


Басым стратегиялық талдау нәтижелері бес жылға арналған аумақтық дамудың пайымдауын, мақсатын, міндеттерін анықтауға, проблемаларды шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.


2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Облыста қазіргі уақытта 17 өңірлік бағдарлама және 2 стратегия іске асырылуда.

Бағдарламалар әкімшілері өңірлік бағдарламалары мен есептерінің оларды іске асыру туралы мазмұнын талдау негізінде 2009 жылы әкімші осы бағдарламалардың жоспарланған іс-шараларының іске асырылу дәрежесін көрсететін жиынтық кесте құрастырылған (23-кесте).
23-кесте – Іске асыру кезеңінде Қостанай облысындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру дәрежесі


Жоспарланған шаралардың барлығы

Орындалды

Қалыпты іске асырылуда (50%-дан жоғары орындалу)

Нашар іске асырылуда

(20-50%-ға орындалу)



Орындалмаған (20%-дан төмен орындалу)

«2007-2009 жылдарға арналған Қостанай облысын газдандыру» өңірлік бағдарламасы

30

18

4

2

6

«2004-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының ауылдық аумақтарын дамыту» өңірлік бағдарламасы

95

94

99%

0

0

«2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» өңірлік бағдарламасы


54

39

72%

0

0

«2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша ауыз су» өңірлік бағдарламасы

84

52

62%

0

0

«2007-2010 жылдарға арналған Қостанай облысында ЖҚТБ індетіне қарсы күрес» өңірлік бағдарламасы

32

24

75%

0

0

2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» тілдерді дамыту және қызмет етуінің облыстық бағдарламасы


73

64

87%

0

0

2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламасы


27

24

88%

0

0

«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының электр жылу энергетикасының дамуы» өңірлік бағдарламасы


68

65

95%

0

0

2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы өңірлік бағдарламасы


22

17

77%

0

0

«2008-2010 жылдардағы Қостанай облысының қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасы


29

24

82%

0

0

2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасы

44

37

84%

0

0

Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы шеңберіндегі Қостанай облысының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату стратегиясы

29

17

58%

0

0

Ұлттық деңгейдегі тіректі қала шеңберінде Қостанай қаласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату стратегиясы

80

64

80%

0

0

«2009-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау және дамыту» өңірлік бағдарламасы

15

14

93%

0

0

«2008-2015 жылдарға арналған Қостанай облысының энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы

42













«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту» өңірлік бағдарламасы

64

64

100%

0

0

2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының денсаулық сақтауын дамыту және реформалау өңірлік бағдарламасы

75

71

94,6%

0

0

2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың өңірлік бағдарламасы

40













2009-2011 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмыстары, құқық мәдениетінің деңгейін одан әрі дамыту, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі өңірлік бағдарлама

16













2010-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» өңірлік бағдарламасы

5














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет