292
757.
ОЖАР сын. 1.
Алды-артына, бас-көзге қарамайтын, ұр да жық. Бұл тым ожар
батылдық, бірлі-жарым жаман өлеңмен де, жақсы өлеңмен де бір дәуірдегі әдебиетке баға
беру шетін пікір. Өткендегі әдебиеттен жақсы мысалдар көрсетуге болады (Ж.Аймауытов,
Шығ.). Үстіне
егін шықса қырқып алып, Аузына не түскенін итше қажар.. «Біз солдат
патшаға бердік» дейді, Омырауға салады өңкей ожар (М.Жұмабаев, Шығ.). Рас, оның
мінезі ұрт, ожар, содырлы (М.Әуезов, Әр жыл.).
758.
ОЖАРЛАУ сын.
Қимыл-қозғалысы, мінезі өрескелдеу, дөрекілеу. Тамақ дәметкен сұқ
ит көзденген,
мінезі кесектеу, ожарлау адам (I.Жансүгіров, Шығ.). Қиыр Сібірде туып
өскен кесек тұлғалы, мінезі де тұлғасына сәйкес ожарлау болса да, ақкөңіл адам
(Ә.Сәрсенбаев, Батыр ізі.).
759.
ОЗБЫР сын.
Жәбір көрсетуші, зорлықшы; зұлым. Мейлінше қатал, озбыр Құнанбай
Абайдың ерекшезеректігін танып, оған үлкен үміт артты (Т.Әлімқұлов, Абай). Үлкен бір
төбені көтеріп әкеліп, мына озбыр жендеттерді екінші тұра алмайтындай қылып бастырар
ма еді деп кіжінеді (М. Дүйсенов, Мейман.). Бақайшағына дейін қаруланған озбыр, айлакер
жауды жеңу үшін, әскери қару-жарақты жіті меңгеру керек (Т.Бердияров, Солдат.).
760.
ОЙСЫЗ сын.
Ақылсыз, зердесіз, санасыз. Сөз бен ой
бірін-бірінен айырылмайтын
қайнаса біткен нәрсе. Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл
жетілу қатар жүреді. Тілді ойдан бөлек жетілту мүмкін емес (Ж.Аймауытов, Шығ.). Адам
бір нәрсені аяғанда бір мақсұт үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды, тек сол
нәрсе аяныш көрінсе аяйды. Біз суға батып бара жатқан адамды көрсек, осыны құтқарып,
осыдан олжа алайын деген оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды өлімге байлап толқынға
кіріп кетеміз (М.Жұмабаев, Шығ.). Айқай салып бақырса, Ойсыз құлақ ұқпады. Қанша
тұқым шашылса, Жер жыртылмай шықпады (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
761.
ОЙЫНПАЗ сын.
Ойынқұмар, ойынға берілгіш. Өміртай құрттайынан ойынпаз, ән-күй,
биді, жиналып ойнайтын түрлі ойынды жаны сүйетін бала болды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
Өзі бір көңілді жүретін, ойынпаз, ақ жарқын бала (С.Мұратбеков, Дос.). Кішкене Жомарт
– ойынпаз, әр нәрсеге еліктегіш, қиялшыл, саяхатты жаны сүйетін бала (Қ.Сәрсекеев, Кілт).
762.
ОЙЫНШЫЛ сын.
Қалжыңбас, әзілқой, қуақы.
Өзі ойыншыл, қалжыңқой, ісіне
мейлінше адал, өте іскер жігіт болатын (С.Мұқанов, Есею жыл.). Қалай дегенмен де,
Қажекеңе ауыл-үй қона келе, біз оның ақкөңіл, ойыншыл
жан екенін біліп алдық
(Ә.Көшімов, Жас аңшы). Қалжыңбас, ойыншыл жігіт екен,
әрі-беріден соң екеуміз су
ішінде алысып ойнай бастадық (Қ.Сақабаев, Өткел.).
763.
Достарыңызбен бөлісу: