Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет57/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   348
18.08.2023 dis

ТОЙЫМСЫЗДЫҚты таңбалайтын бірліктер – 32: аларман, алпауыз, 
алымпаз, алымсақ, ашкөз, жалмақай, жалмауыз, жебір, жемқор, кең көмей, 
қанағатсыз, қарарсыз, қисапсыз, қомағай, құдай құлқынын алған, құлқын мінез, 
құлқын саусақ, құлқынқұмар, құлқынның құлы, құлқын-тамақ, құлқыншыл, 
құлқыны ашылған, құлқыны жаман, мешкей, нысапсыз, обаған, обыр, 
өңешқұмар, парақор, парашыл, тойымсыз, ынсапсыз. 
Қазақ санасында тойымсыздық алу қимылымен байланыста атауға ие 
болған: аларман, алымпаз, алымсақ, сондай-ақ ауыз қуысы мүшелерімен, 
жеумен байланыстағы атаулармен таңбаланған: алпауыз, жалмақай, жалмауыз, 
жебір, жемқор, кең көмей, қомағай, құлқын мінез, құлқын саусақ, құлқынқұмар, 
құлқынның құлы, құлқын-тамақ, құлқыншыл, мешкей, обаған, обыр, өңешқұмар, 
тойымсыз, ынсапсыз. 
Қазақ халқы жалқаулықты жағымсыз деп даттаған, бұл ұғымды беретін сөз 
саны 45 болып шықты.
ЖАЛҚАУЛЫҚ: ай қарап, жұлдыз санаған, айда бол, ас ішкенде пайда 
бол адам, арамтамақ, ас ішіп, аяқ босатар, әзір асқа аяғын ала жүгіретін, әзір 
асқа тік қасық, бейқам, бойкүйез, енжар, еріншек, жайбасар, жалқау, жалқау-
жампоз, жанбақты, жатаған, жатыпішер, жұмысқа қолы бармайтын, 
кәсіпсіз, кежегесі кейін тартқан, кежір, керенау, көк жалқау, көк желкесінен 
тартқан, қазан үстінен күн көрген, қолын қусырған, қолынан боқ та келмейтін, 
құр нан соғар, қылт-сылты көп, масыл, мойны жар бермейтін, нансоғар, 
нәуетек, омалып отыратын, он салса да, бір баспайтын, сал бөксе, сал сүйек, 
самарқау, сармойын, сылтаушыл, тұяғы қимылдамайтын, тышқан мұрнын 
қанатпайтын, тілазар, шаулау, шошқа тағалап жүретін, шөптің [қурайдың] 
басын сындырмаған. 
Жалқаулық қазақ ұғымында еңбексіз жату, тек тамағын асырамен 
байланыстырыла аталады: арамтамақ, ас ішіп, аяқ босатар, жанбақты, 
жатаған, жатыпішер, нансоғар, сал бөксе, сал сүйек. Сонымен бірге 
жайбасарлықпен ұштасады: бейқам, бойкүйез, енжар, еріншек, жайбасар, 
керенау, мойны жар бермейтін, самарқау, сармойын, сылтаушыл, шаулау. 
«Еріншектің ертеңі таусылмайды» деген мәтел ертеңін жоспарламаған адамның 
да іс-әрекетін айтып тұр.  
Қазақ мәдениеті АРАМДЫҚты (32), залымдықты ерекшелеп, атап, 
жағымсыз мінез қатарына жатқызған. Олар мыналар: азғырғыш, алаяқ, арам, 
арамза, аяр, әзәзіл, әккі, жылан жүрісті, жылмысқы, жылпы, жырындықор, 
залым, зұлым, зымиян, кәззап, кезеп, көлгір, қақатұяқ, қу аяқ, қу қаптал, қу тұяқ, 
қырқар, мекер, мұттахам, мүнафиқ, мүттайым, мысықтілеу, ниеті жаман
пәле, пәлекет, сұм, сұрқия. 
Ә.Табылды залым адамның айлакерлікпен кісіні кіріптар ететінін, оның 
барын жоқ деп, ағын қара деп, әбігерге салатынын айтады. «Залымға нана берме, 
алдына бара берме» деп, халықтың залымнан бездіретінін жазады. Өз пайдасын 
ғана ойлайтынын, не асыра мақтайтынын, не асыра даттайтынын, қалай да өз 


98
мақсатына жетуге тырысатынын айтады. Залым мінезді адам, біреуге қастық 
ойлауға бейім болатынын, қатерлі әрекетпен басқаның жақсылығын 
жасыратынын, ешкімге жақсылық қимайтынын айтады [83, б. 7-9]. Сондықтан 
қазақ тілінде алаяқ, арамза, аяр, әзәзіл, әккі, жылпы, жырындықор, залым, 
зұлым, зымиян, кәззап, пәлекет, сұм, сұрқия, жылан жүрісті деген мінез 
атаулары дәл басып атайды.
Арам адам қашан да өз басын ойлап, жақсылыққа жамандық жасап, 
азғындап жүреді.
Мұндағы мысықтілеу атауының фреймі жалпы қазақтілді ортаның 
санасында бірдей. Өзінің арамдығын мүләйімсіп жүріп жасырып жүретінін 
мысықтың күнделікті қимыл-қозғалысынан шығарып атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет