Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет21/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65

300 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Қаржылық Есептіліктің Аудитін Жоспарлау

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ........................................................................................................1

Жоспарлау Рөлі мен Мерзімі ......................................................................................2

Күшіне Ену Күні .........................................................................................................3



Мақсаты .....................................................................................................................4

Талаптары

Жоба бойынша Жасақтың Шешуші Мүшелерінің Қатысуы...................................5

Келісім бойынша Алдын-ала Жұмыстары ...............................................................6

Қызметті Жоспарлау .............................................................................................7-11

Құжаттама .................................................................................................................12

Бастапқы Аудиторлық Келісімдер бойынша Қосымша Қарастыру.....................13



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Жоспарлау Рөлі мен Мерзімі ............................................................................A1-A3

Жоба бойынша Жасақтың Шешуші Мүшелерінің Қатысуы.................................A4

Келісім бойынша Алдын-ала Жұмыстары .....................................................A5-A7

Қызметті Жоспарлау .......................................................................................A8-A15

Құжаттама ......................................................................................................A16-A19

Бастапқы Аудиторлық Келісімдер бойынша Қосымша Қарастыру...................A20

Қосымша: Аудиттің жалпы стратегиясын жасауда аудитормен қарастырылатын сұрақтардың мысалдары.





«Қаржылық есептіліктің аудитін жоспарлау» 300 (АХС) Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1.      Аталмыш Аудиттің халықаралық стандартының (АХС) мақсаты – аудитордың қаржылық есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру. Бұл АХС қайталама аудиттер мəнмəтінінде құрылған. Сондай-ақ аудиттің бастапқы келесімінде аудитор қарастыратын мəселелер жеке түрде енгізілді.



Жоспарлау Рөлі мен Мерзімі

2.      Аудитті жоспарлау келісім бойынша жалпы стратегия жасау мен аудиттің жоспарын дамытудан құрылған. Адекватты жоспарлау сондай-ақ: (Сілт: Пар. A1-A3)

•   Аудитордың назары аудиттің маңызды салаларына түсіруге көмектеседі.

•   Аудиторға дер кезінде ықтимал проблемалар анықтау мен шешуге көмектеседі.

•   Аудиторға тиісті мен сәйкесті түрде орындалуы үшін аудиттің келісімді лайықты түрде жұмылдыру мен басқаруға көмектеседі.

•   Күтілген тәуекелдіктерге амал шараларды орындау үшін құзыреті мен қабілеті тиісті түрдегі деңгейлері бар жоба бойынша жасақтың мүшелерін тағайындауға, жоба бойынша топтың мүшелерінің жұмысын үйлестіруге көмектеседі.

•   Жоба бойынша топтың мүшелерін бағыттау жəне қадағалауға, олардың жұмыстарын шолу жасауға көмектеседі.

•  Жарамды жерінде, құрамдас бөліктердің аудиторлары мен сарапшылардың жасаған жұмыстарын сəйкестендіруге көмектеседі.



Күшіне Ену Күні

3.     2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есепілік аудиттеріне қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

4.  Аудитордың мақсаты – аудит тиіcті түрде жүргізу бойынша аудитті жоспарлау.



Талаптары

Жоба бойынша Жасақтың Шешуші Мүшелерінің Қатысуы

5.  Жоба бойынша әріптес және басқа шешуші мүшелері аудитті жоспарлауға, оның ішінде жоба бойынша жасақтың мүшелерінің талқылауына қатысу мен соған қатысуға шақырылады. (Сілт: Пар. A4)



Келісім бойынша Алдын-ала Жұмыстары

6. Аудитор ағымдағы аудит келісімінің басында келесі жұмыстарды орындауы керек:

(a) 220 АХС сай клиентпен жəне аудиттің мамандандырылған келісімі бойынша байланысты жалғастыру;172

(b) 220 АХС сай тəуелсіздік жəне этикалық талаптарға сəйкестікке баға беру;173 және

(c) 220 АХС сай келісім шарттары туралы білу.174 (Сілт: Пар. A5-A7)

Қызметті Жоспарлау

7. Аудиттің жалпы стратегиясы аудиттің ауқымын, бағытын жəне мерзімін белгілейді, сондай-ақ аудиттің маңызды жоспарларын дайындауды реттейді.

8. Аудитор аудиттің жалпы стратегиясын жасауы керек:

(а) Келісімнің ауқымын белгілейтін келісім сипатын анықтау;

(b) Аудит мерзімі мен мəліметтердің сипатын жоспарлауға арналған келісімдердің есеп берудің мақсатын анықтау;

(c) Аудитордың пікірі бойынша жоба бойынша команда мүшелерінің іс-əрекетін анықтайтын маңызды факторларды қарастыру;

(d) Келісім бойынша алдын алу жұмыстарының нəтижелерін жəне жарамды жерінде, кəсіпорын үшін орындалған басқа келсімдерден алынған тəжірибесін қарастыруы керек; және

(e) Келісімді орындауға қажетті ресурстардың сипатын, мерзімі мен көлемін анықтау. (Сілт: Пар. A8-A11)

9. Аудитор аудит жоспарын дайындауды қолға алуы керек:

(a) 315 АХС сәйкес тәуекелдікке баға беруге қатысты жоспарланған аудиторлық шаралардың сипатынан, мерзімдері мен көлемінен тұрады.175

(b) 330 АХС сәйкес растау деңгейінде жоспарланған аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі мен ауқымы.176

(c) АХС мақсаттарына сəйкес орындауы қажет басқа аудиторлық шаралар. (Сілт: Пар. A12)

10.   Аудитор қажет болғанда аудит барысында аудиттің жалпы стратегиясы мен аудиттің жоспарын жетілдіруі тиіс. (Сілт: Пар. A13)

11.   Аудитор жоба бойынша жасақтың мүшелерін бағыттау мен қадағалау, сонымен қатар олардың жұмысын шолу деңгейінің сипатын, мерзімін, көлемін жоспарлауы тиіс. (Сілт: Пар. A14-A15)



Құжаттама

12. Аудитор төмендегі жайларды құжаттауы тиіс:177

(a) Аудиттің жалпы стратегиясы;

(b) Аудит жоспары; және

(c) Аудит келісімін орындау барысында аудиттің жалпы стратегиясын немесе аудит жоспары жасалған барлық маңызды өзгерістер, сол сияқты өзгерістер себептері. (Сілт: Пар. A16-A19)

Бастапқы Аудиторлық Келісімдер бойынша Қосымша Қарастыру

13. Аудит басталғанға дейін аудитор келесі жұмыстарды орындауы керек:

(a) Клиентті жəне аудиттің арнайы келісімін қабылдауға қатысты шараларды орындау (220 АХС-н қараңыз);178 және

(b) Аудитор алмастырылған жағдайда этикалық талаптарға сай алдыңғы аудиторға хабарлау. (Сілт: Пар. A20)


***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Жоспарлау Рөлі мен Мерзімі (Сілт: Пар. 2)

A1.    Жоспарлау бойынша жұмыстардың сипаты мен ауқымы субъектінің бұрынғы тəжірибесіне, аудит келісімін орындау барысындағы өзгерістерге байланысты.

A2.  Жоспарлау аудиттің дискретті кезеңі болып саналмайды, алайда ол алдыңғы аудит аяқталысымен бірден басталып, аудиттің ағымдағы келісімі аяқталғанға дейін жалғасатын тұрақты процесс болып табылады.

Аудитті жоспарлауда аудитор басқа аудиторлық шаралардың орындалуы мерзіміне дейін аяқталатын белгілі бір жұмыстардың мерзімін белгілеуі қажет. Мысалы аудитті жоспарлау аудитордың белгілеуі мен елеулі түрдегі бұрмалау тәуекелдікке бұдан əрі аудиторлық шаралардың орындалуын жоспарлауы керек:

• Тəуекелділікті бағалау ретінде қолданылатын талдау шаралары.

• Құқықтық жəне реттеуші тұжырымдамалық негізі туралы жалпы білу жəне субъектінің осы тұжырымдамалық негізіне сəйкес маңыздылығын анықтауы.

• Елеулілікті анықтауы.

• Сарапшылардың қатысуын жоспарлауы.

• Тəуекелділікті бағалау ретінде қолданылатын талдау шараларды орындауы.

A3.   Аудитор кәсіпорынның басшылығымен аудит келісімін орындау мен атқару үшін аудитті жоспарлау элементтерін талқылауы мүмкін (мысалы, жоспарланған аудит шараларын кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысына сәйкестендіруі). Әдетте, осындай талқылаулар орын алса да, аудит жалпы стратегиясы мен аудит жоспары аудитордың жауапкершілігінде болады. Аудит жалпы стратегиясы немесе аудит жоспарына енгізілген мәселелерді талқылау кезінде, аудитор аудиттің тиімділігін сақтауды қарастыруы тиіс. Мысалы, аудиторлық шараларды болжауға болса, басшылықпен егжей-тегжейлі аудиторлық шаралардың сипаты мен мерзімдерін талқылау аудиторлық шараларды аудиттің тиімділігі беделін түсіруге болады.



Жоба бойынша Жасақтың Шешуші Мүшелерінің Қатысуы (Сілт: Пар. 5)

A4.  Аудитті жоспарлауға жоба бойынша әріптес мен басқа шешуші мүшелерінің қатысуы тәжірибелері мен біліміне сүйенеді. Жоспарлау үдерісінің сәйкестігі мен тиістігі арттыра береді.179



Келісім бойынша Алдын-ала Жұмыстары (Сілт: Пар. 6)

A5.   Ағымдағы аудит бойынша келісімнің басында 6 парагафта көрсетілген алдын-ала шараларды орындау аудиторға жоспарлауға және аудит бойынша келісімді орындауға аудитордың қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін жағдайларды немесе оқиғаларды анықтауға және бағалауға көмектеседі.

A6.   Бұл келісім бойынша алдын-ала шараларды орындау аудиторға аудит бойынша келісімді жоспарлауға мүмкіншілік береді. Мысалы:

• Аудитор тəуелсіздікті сақтауы керек жəне келісімді орындай алатын мүмкіндіктері болуы керек;

• Басшылық адалдығында күрделілік болмауы қажет;

• Келісім шарттары бойынша клиентпен түсінбеушіліктің болмауы.

A7. Аудитордың клиентпен қарым- қатынас жəне этикалық талаптарды, оның ішінде тәуелсіздікті қарастыруы жаңа шарттар мен өзгерістердің пайда болуына қарай бүкіл аудит келісімі барысында қаралады. Ағымдағы аудиттің келісімі басында клиентпен қарым-қатынас жəне этикалық талаптар бойынша бастапқы шараларды орындау (тәуелсіздікке қарағанда) аудиттің ағымдағы келісімі бойынша шын мәніндегі шаралар орындалғанға дейін аяқталатын болып табылады. Аудиттің келісімін жалғастыруымен сол сияқты бастарқы шаралар әдетте алдағы аудит аяқталғаннан кейін (немесе байланысты) қысқаша мерзімдер ішінде пайда болуы мүмкін.

Қызметті Жоспарлау

Аудиттің жалпы сипаттағы стратегиясы (Сілт: Пар. 7-8)

A8.   Аудиттің жалпы сипаттағы стратегиясы төмендегілерді нақты көрсетеді жəне аудитордың тəуекелдерді бағалау шараларының аяқталуына бағынышты болатын мәселелер:

(а) Аудиттің арнайы баптары бойынша ресурстар, сəйкес тəжірибелері бар жасақ мүшелерін қатыстыру немесе күрделі мəселелер бойынша сарапшыларды тарту;

(b) Аудиттің арнайы баптары бойынша ресурстарды бөлу, түгендеуге тағайындалған жасақ мүшелерінің материалдардың орналасқан жері бойынша саны, басқа аудиторлар жұмысына шолу ауқымы, немесе жоғары тәуекелдік бойынша аймақтарды бөлу үшін сағаттарға қатысты аудиттің бюджеті;

(c)  Бұл ресурстарды аралықты аудит фазасы немесе есеп күні соңы қолдану мерзімдері орын алуы; және

(d)  Бұл ресурстарды басқару, бағыттау жəне бақылау жүргізілуі, мысалы брифинг немесе дебрифинг өткізу, жоба бойынша әріптес пен басшылықты шолу қалай өткізуі тиіс (мысалы, жұмыс орнында немесе жұмыс орнынан тыс) және сапа бақылау келісімді шолу аяқталуы керек пе, аяқталмауы керек пе.

A9.   Бұл қосымшада аудиттің жалпы стратегиясын белгілеу бойынша көретулерге мысалдар тізімділген.

A10. Аудиттің жалпы стратегиясын жасау аяқталғаннан кейін аудитор аудиттің əртүрлі мəселелерін қарастыруға арналған маңызды жоспарын дайындауды қолға алуы керек. Аудитор аудитордың ресурстарды тиісті түрде пайдалануы арқылы аудиттің мақсаттарына жету қажеттілігін ескере отыруы тиіс. Аудиторлық жалпы сипаттағы стратегиясы және егжей-тегжейлі түрде жоспарлау аудиторлық дискретті немесе кезекті кезең болып саналмайды. Бұл екі процесс бір бірімен міндетті түрде бөлеу немесе бір ізді процестер емес, бірақ өзара тығыз байланысты, себебі, біріне енгізілген өзгерістер басқасының кезекті өзгерістеріне əкелуі мүмкін.

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A11. Кішігірім кәсіпорындар аудитінде аудитті кішігірім жасақ жүргізеді. Кішігірім кәсіпорындар аудитінде жоба бойынша серіктес (жеке тəжірибесі бар кəсіби бухгалтер) жəне бір жобаның мүшесі (немесе жоба бойынша жасақтың мүшелері бар болшуынсыз) қатысады. Кішігірім кәсіпорынның жасағы мүшелері бір-бірінің жұмысын үйлестіруге жəне хабарлауға көмек береді. Кішігірім кәсіпорын үшін аудиттің жалпы стратегиясын жасау онша қиын процесс емес; ол субъектінің көлемі мен аудиттің күрделілігіне байланысты. Мысалы, егер бұл меморандум 8 параграфтағы мәселерді көрсетсе, алдыңғы аудиттің аяқталуы бойынша

жəне аяқталған аудит мəселелерінің атап көрсетілуімен жұмыс құжаттары негізінде дайындалған қысқа меморандум аудиттің ағымдағы келісімін жасауға негіз болады.

Аудит жоспары (Сілт: Пар. 9)

A12. Аудит жоспары аудиттің жалпы стратегиясына қарағанда жоба бойынша команда мүшелері орындайтын аудиторлық шаралардың сипатынан, мерзімдері мен ауқымынан тұрады. Келісім бойынша аудитті жоспары дамытылып отыратынымен, шаралар бойынша жоспарлау аудит барысында жүргізіледі. Мысалы, тəуекелділікті бағалау жөніндегі аудиторлық шаралар аудиттің бастапқы кезеңінде жүзеге асады. Бірақ арнайы аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімдері мен ауқымын жоспарлау нəтижелерге байланысты болады. Сондай-ақ аудитор операциялардың кейбір кластары, сальдо шоттары мен аудиттің маңызды жоспарының аяқталуына дейін ашулар бойынша аудиторлық шаралардың орындалуын бастауы мүмкін.



Аудит барысында жоспарлауға өзгерістер (Сілт: Пар. 10)

A13. Аудиторлық делелдердегі күтпеген өзгерістер мен жағдайлар аудиторға аудиттің жалпы стратегиясы мен аудит жоспарын жəне соған сəйкес аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімдері мен ауқымын модификациялаудың қажеттілігін білдіреді.

Аудитор жоспарлау кезіндегі ақпараттан ерекшеленетін ақпаратқа назарын аударуы керек. Мысалы, бақылау тиімділігін тестілеу арқылы аудиторлық дəлелдерге қарама-қайшылықты аудиторлық дəлелдер алуы мүмкін.

Бағыттау, бақылау жəне шолу (Сілт: Пар. 11)

A14. Жоба бойынша жасақтың мүшелерінің сипаты, мерзімі мен ауқымы мен олардың жұмысын шолу көптеген факторларға байланысты. Мысалы:

•   Ол субъектінің күрделілігі мен көлеміне.

•   Аудит баптарына.

•  Маңызды бұрмалаулар тəуекелділігіне (мысалы, аудиттің баптарына қарай маңызды бұрмалаулар тәуекелдігін арттыру әдетте бақыттау ауқымы мен мерзімдерін арттыру мен жасақтың мүшелерін бақылау мен олардың жұмысынын егжей-тегжейлі түрде қарастырады).

•    Аудиторлық жұмыс орындайтын персоналдың компетенттігіне.

220 АХС аудиторлық жұмысты бағыттау, бақылау жəне шолу бойынша нұсқаулықтан тұрады.180

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A15.  Егер аудитті толығымен жоба бойынша әріптес жүргізсе, жоба бойынша жасақтың мүшелеріне қадағалауға мен шолуға, сонымен қоса олардың

жұмысына шолуға қатысты сұрақтар туындамайды. Осыған сай, жұмыстың барлық аспектілерін жекешек түрде орындап жатқан жоба бойынша әріптес барлық елеулі мәселелерді біледі. Ұқсас тұлға жалпы аудит тағы орындаған жағдайда, аудит барысында жасалған қорытындылардың тиістілігі бойынша шыншыл көзқарасты қалыптастыру практикалық мәселелерді көрсетеді. Егер әсіресе күрделі немесе әдеттен тыс мәселелер қарастырылса, және аудит бір кәсіпқой тұлғамен жүргізілсе, басқа тиісті түрде тәжірибелі аудиторлар немесе аудитордың кәсіптік орынының кеңесі алынған жөн.



Құжаттама (Сілт: Пар. 12)

A16.  Аудиттің жалпы стратегиясын құжаттауда команда мүшелерін ақпараттауға қажетті барлық шешімдер қамтылуы керек. Мысалы аудитор аудиттің жалпы ауқымына, уақытына жəне жасалуына қатысты маңызды шешімдерді түйіндейді.

A17. Аудит жоспарын құжаттау аудиторлық шаралар мен тəуекелділікті анықтау шараларының жоспарланған сипатын, мерзімдері мен ауқымын көрсетуге жеткілікті болып саналады. Аудит жоспарын құжаттау олардың орыдалуына дейін бекітілей мен шола алатын аудиторлық шараларды жоспарлауды құжаттауға көмектеседі. Аудитор аудиттің стандарттық бағдарламаларын немесе тексеру тізімдерін пайдалана алады.

A18.  Аудиттің бастапқы жоспарланған жалпы стратегиясы және аудиттің жоспарындағы маңызды өзгерістерді құжаттау, аудиторлық шаралар жоспарланған сипаты, уақыты мен ауқымындағы өзгерістері кезіндегі аудитор əрекеті мен жалпы стратегия мен аудиттің жоспарын аудитке сәйкестендіру аудиторлық шараларды түсіндіруден тұрады. Бұл аудит барысында пайда болатын шын мәніндегі өзгерістерге тиісті түрдегі аудитор жауаптарын көрсетеді.



Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A19. А11 параграфта баялғандай, сәйкесті, қысқаша меморандум кішігірім кәсіпорын аудиті үшін құжатталған стратегия ретінде қызмет көрсетуі мүмкін. Аудиттің жоспары мақсатымен, аудитордың тәуекелдікке баңа берулерін қоса алғандығымен, кішігірім субъетілерде көп емес бақылау бойынша ой-пікіріне негізделетін мұндай стандарттық бағдарламалар мен чеклистерді (A17 параграфты қараңыз) қолдану оларды келісім шарттарын көрсетуге бейімдеуі керек.



Бастапқы Аудиторлық Келісімдер бойынша Қосымша Қарастыру (Сілт: Пар. 13)

A20. Аудитті жоспарлау мақсаты бастапқы аудит үшін жəне жалғаспалы аудит үшін біреу ғана. Бірақ бастапқы аудитте аудитор, аудитордың əдетте қайта пайда болатын келісімдерді жоспарлау кезінде қарастырылатын кəсіпорынмен тəжірибеге ие болмауынан, жоспарлау жұмысының көлемін ұлғайтады. Алдыңғы аудиттің келісімі бойынша аудитор

аудиттің жалпы стратегиясы мен жоспарын жасауда мынадай қосымша сұрақтарды қарайды:

• Егер заң жəне нормативтік актілер қарсы болмаса, алдыңғы аудитормен əрекеттесу, мысалы жұмыс құжаттарын шолу.

• Басшылықпен талқыланған барлық негізгі мəселелер (бухгалтерлік принциптер немесе стандарттарды қолдану) жəне осы мəселелер туралы басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жəне осы мəселелерге қатысты аудиторлық жалпы сипаттағы стратегия мен аудиторлық жоспарға əсер.

• Алғашқы сальдоға қатысты жеткілікті жəне сəйкес аудиторлық дəлелдер алуға қажет жоспарланған аудиторлық шаралар.181

• Бастапқы аудиттің келісімдері бойынша фирманың сапаны бақылау жүйесімен басқа шаралар (мысалы, фирманың сапаны бақылау жүйесі бойынша басқа әріптес немесе аға қызметкер шын мәніндегі аудиторлық шараларды орындау бастауына дейін аудиттің жалпы стратегиясын шолу немесе есептер шығарылуына дейін есептерді шолуға қатысады).

Қосымша

(Сілт: Пар. 7-8, A8-A11)



Аудиттің жалпы стратегиясын жасауда аудитормен қарастырылатын сұрақтардың мысалдары

Бұл қосымша аудиттің жалпы стратегиясын жасауда қолданылатын сұрақтардан тұрады. Мұндай сұрақтардың көпшілігі аудитор жасаған аудиттің бөлшекті жоспарына əсер етеді. Берілген сұрақтар көптеген келісімдерге қолданылатын əртүрлі мəселелерді қамтиды. Алайда төменде берілген сұрақтардың кейбіреуі басқа АХС-да қаралуы мүмкін, сұрақтардың барлығы аудиттің барлық келісім шартына қатысты қолданылмайды. Сұрақтар белгілі бір тəртіппен қолданылады.



Аудиторлық келісімнің ауқымы

•   Аудитке жататын қаржылық ақпарат дайындалған қаржылық есептіліктің тұжырымдама негізі, басқа қаржылық есеп беру жүйесіне сәйкестендіру кез келген қажеттілігін қоса алғанда.

•   Есеп берудің салалық талаптары, мысалы, салалық реттеуші органдардың есептері.

•   Субъект компоненттерінің саны мен орнын қосып алғанда аудитті қамту.

• Топтың жинақталуын айқындайтын негізгі компания мен оның компоненттері арасындағы бақылау қатынастарының сипаты.

•   Басқа аудиторлар орындайтын аудит компоненттерінің ауқымы.

•   Арнайы біліктілікті ескере отырып аудитке жататын бизнес сегменттерінің сипаты.

•   Аудитке жататын қаржылық ақпаратты ауыстыру қажеттілігінің есеп беру валютасы.

•  Топтасу мақсатындағы аудитке қосымша ретінде жекелеген қаржылық есептіліктің міндетті аудитінінң қажеттілігі.

•   Ішкі аудиторлардың қызметіне қол жеткізуі жəне олардың жұмысына сенім білдіруінің ауқымы.

• Қызмет көрсететін ұйымдарды қолдану жəне олар қолданатын бақылаулардың дайындалуы мен қызмет көрсетуіне байланысты аудиторлық дəлелдер.

•  Алдыңғы аудиттен алынған аудиторлық дәлелдер күтілген қолданылуы, мысалы, тәуекелдікке баға берулер мен бақылауларды тестілеуге қатысты аудиторлық дәлелдер.

• АКТ қолдануы мен мəліметтерге қол жеткізу арқылы аудиторлық шаралардың ақпаратты технологиясына əсер ету.

• Адиторлық жұмыстың жоспарланған ауқымы мен мерзімін аралықты

қаржылық ақпаратқа шолумен және осындай шолу барысында алынған ақпарат аудитіне әсермен салыстыру.

• Персонал құрамы мен клиент ақпаратына қол жеткізу.



Ақпараттық үдеріс пен аудиторлық мерзімдер, есеп берудің мақсаты

•  Есеп беру графигі, аралықты жəне соңғы кезең.

•   Аудиторлық жұмыстың сипатын, мерзімдері мен ауқымын талқылау үшін басшылықпен жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру.

•  Басшылықпен жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен жəне шығарылатын есептердің күтілетін типтері мен мерзімдерін жəне басқа хабарларды, жазбаша жəне ауызша, аудитордың есебіме, басшылық хаттарымен, басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға хабарлауларды қоса, талқылау.

•  Келісім кезіндегі аудит жұмысы күйі бойынша күтілетін хабарлауларды басшылықпен талқылау.

•   Аудиторлар компоненттерін есеп берудің типтері мен мерзімдері жəне аудит компоненттеріне байланысты басқа мəліметтермен таныстыру.

•  Команда кездесулерінің сипаты мен графигін есептегендегі жоба бойынша жасақ мүшелерінің арасында ақпараттаудың сипаты мен мерзімдер.

•   Аудитке байланысты туындаған заңдық жəне контарктылық міндеттерді есептегендегі үшінші жақтарға мəліметтерді болуын тексеру.



Шын мәніндегі факторлар, келісім бойынша алдын алу жұмыстар, сонымен қоса басқа келісімдерден алынған ақпарат

• 320 АХС182 сәйкес маңыздылықты белгілеу және қажет болғанда:



  • 600 АХС183 бойынша компоненттердің маңыздылық деңгейін анықтау жəне аудиторларға хабарлау.

  • Маңызды құрамдас бөлімдер мен әрекеттер бойынша маңызды топтарды алдын-ала айқындау.

•  Маңызды бұрмалаулардың тəуекелділігінің жоғарғы деңгейіндегі аудиттің баптарын алдын ала айқындау.

•   Қаржылық есептілік деңгейіндегі маңызды бұрмалаулардың бағаланған тəуекелділігінің бағытқа, қадағалауға жəне шолуға əсері.

•  Жобаға скептицизммен қарау жəне жасақ мүшелеріне таныстыру əдісі жəне аудиторлық дəлелдерді жинау мен бағалаудың кəсіби талқылауын қолдану.

•   Анықталған кемшіліктер сипаты мен әрекетін есептегендегі ішкі бақылау қызметінің тиімділігін бағалау бойынша өткен аудиттердің қорытындылары.

•  Фирма субъектісінің басқа қызметтерін көрсететіне жауапты қызметкерлерді қоса, аудитке әсерін тигізуі мүмкін мәселелерді талқылау.

•   Басшылықтың жарамды ішкі бақылау жоспарына жəне жүзеге асырылуын сақтауына дəлелдері, сонымен бірге, осындай ішкі бақылаудың тиісті құжаттамаларының дəлелдері.

•   Аудитор ішкі бақылауға сенуді айқындайтын операциялар мөлшері.

•   Бизнестің табысты қызметінде субъект шеңберіндегі ішкі бақылаудың маңызы.

•  Субъектіге əсер ететін маңызды бизнес дайындаулары, ақпараттық технология мен бизнес процестеріндегі, негізгі басшылықтағы өзгерістер және сатып алулар, ұйымдардың қосылуы мен инвестициялар мен активтерді алу.

• Маңызды салалық дайындаулар, салалық нормативтік актілердегі өзгерістер, есеп берудегі жаңа талаптар.



  •   Қаржылық есептілік жүйесіне шын мәніндегі өзгерістер, мысалы, есеп-қисап стандарттарына өзгерістер.

• Кəсіпорынға əсер ететін заңдық ортаның өзгерістері сияқты, басқа да маңызды дамытулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет