Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Денатурацияның қайтымдылығы



бет17/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
L1БелокKZ

Денатурацияның қайтымдылығы
Денатурлаушы агенттерді диализбен алып тастау протеин конформациясының және қызметінің жай қалыптасуына немесе ренативтенуіне (ренатурлануға) әкеледі.
Пробиркада жиі жағдайда бұл – қайтымсыз процесс. Егер денатурланған протеинді нативтіге жақын жағдайға тежесе, онда ол ренатурлануы мүмкін, бірақ өте баяу және бұл құбылыс барлық протеиндерге тән емес.
In vivo, ағзада ренатурлану жылдам өтуі мүмкін. Бұл тірі ағзаларда спецификалық протеиндердің өндірілуімен байланысты, протеиннің денатурланған құрылымдарын танып біледі, протеиндерге әлсіз байланыстар типі көмегімен қосылады және ренатурлану үшін оптимальды жағдайды жасайды. Бұл спецификалық протеиндерге шаперондар жатқызылады. Шаперон протеиндер жартылай денатурланған, тұрақсыз агрегаттануға бейім, протеиндермен байланысуға қабілетті және олардың нативті конформациясын қайта қалпына келтіруге болады. Шаперондар ішінде қуысы бар комплекстер түзіледі. Өзінің бетінде гидрофобтық АҚ қалдықтарымен байытылған беткейлік фрагменттері бар протеиндер шаперондық комплекстің қуысына түседі. Бұл қуыста жасуша цитозолының басқа молекулаларынан изомерленген жағдайда ең тиімді энергетикалық тұрақты конформациясы табылғанға дейін мүмкін конформациялардың таңдалуы жүреді. Нативті конформацияның шаперон тәуелді қалыптасуы энергияның көп мөлшерде жұмсалуымен жүреді, энергия көзі ретінде АТФ пайдаланылады.


Протеиндердің жіктелуі.
Протеиндердің универсальды жіктелуі әлі жоқ. Қазіргі кездесетін жіктеулер – кей жағдайларда бір-біріне қарама қарсы және шектеулі. Протеиндерді олардың ерігіштік, конформациялық, химиялық құрылысы, қызметтері тәріздес қасиеттеріне негізделген жіктеу жүйелері кездеседі.
Ерігіштігі бойынша 1907-08 ж. енгізілген, қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. Бұл жіктелу бойынша протеиндер суда еритіндерге (альбуминдер), тұзда еритіндерге (глобулин), спиртте еритіндерге (проламин), ерімейтіндерге (склеропротеин) бөлінеді. Бірақ протеиндер топтарының арасында қатаң қойылған шекара болмайды.
Конформациялық құрылымы бойынша фибриллалық, глобулалық және мембранамен байланысқандарға бөлінеді. Мембранамен байланысқан протеиндердің мысалына калий, натрий АТФ-аза жатқызылады.
Химиялық құрамы бойынша жай протеиндер немесе протеиндер – олар тек аминоқышқылдардан тұрады және күрделі протеиндер немесе протеидтер – олардың құрамында аминоқышқылдармен бірге протеинсыз бөліктер (көмірсулар, липидтер, металдар, нуклеин қышқылдары) кездеседі.
Жай протеиндерге альбуминдер, глобулиндер, гистон, протаминдер, склеропротеиндер және т,б. жатқызылады.
Альбуминдер қан плазмасының протеиндерының көп бөлігін құрайды. Құрамында дикарбондық АҚ-дың көп мөлшерде болуына байланысты альбуминдер катиондарды ұстап қалады және коллоидтық-осмостық қысымның сақтауында үлкен роль атқарады. Альбуминдер кейбір гидрофобтық метаболиттер мен дәрілік заттардың тасымалдаушысы болып табылады.
Глобулиндер – үлкен молекулалық массасы бар протеиндік молекулалардың гетерогендік күрделі қоспасы. Тасымалдаушылық, қорғаныстық және басқа да қызметтерді атқарады. Глобулиндердің құрамында жиі түрде көмірсулық бөліктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет