Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс



бет1/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
  1   2   3   4   5   6   7




Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

12-сынып

Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс

Зерттеу жұмысты орындау жөнінде нұсқаулық
Мазмұны


1Осы құжатты пайдалану жөнінде нұсқаулық 3

1.1 Кіріспе 3

1.2 Зерттеу жұмысы 3

1.3 Зерттеу жұмысының үлгісін пайдалану 7

2 Зерттеу жұмысының үлгісі 10

2.1 Зерттеу жұмысы 1 (А деңгейінің көрсеткіші) 10

2.2 Зерттеу жұмысыеп 1 – Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар 27

2.4 2-зерттеу жұмысы–Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар 40

2.5 Зерттеу жұмысы 3 (Е деңгейінің үлігісі) 43



  1. Осы құжатты пайдалану жөнінде нұсқаулық




1.1 Кіріспе

Нұсқаулық мұғалімдерге зерттеу жұмысының үлгісін пайдалануда көмек көрсету үшін әзірленген және оқушылардың жұмыстарын жетілдіруге қатысты пікірлермен сүйемелденеді. Түрлі оқыту және үйрету стратегиялары ұсынылады.




1.2 Зерттеу жұмысы

Зерттеу жұмысы тәжірибелік мақсатта пайдалануға және «Жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыс» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарлары аясында оқыту мен үйрету тәсілдеріне арналады. Оқушылардан оқу курсының мадақтаушы және ынталандырушы бөлімі болып табылатын зерттеуді жобалау, жүзеге асыру және оның мәнін жеткізе білуі күтіледі. Зерттеу жұмысы оқушыларға бірқатар бастапқы және екінші кезектегі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жаһандық мәселелер бойынша жеке зерттеу жұмыстарын жазуға мүмкіндік береді. Зерттеу оқушыларға кеңейтілген зерттеу жұмысында практикалық тәжірибе беруге және олардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналады. Жиынтық бағалау үшін пайдаланылатын зерттеу жұмысы зерттеу үдерісінің қорытынды нәтижесі болып табылады.


Әдетте оқушыларға зерттеу жұмысын аяқтау үшін шамамен алты ай уақыт беріледі, жобалау үдерісі негізінен 11-сыныптың аяғында басталып, 12-сыныптың оқу курсының соңында қорытынды жазбаша зерттеу жұмысы аяқталады. Зерттеу жұмысында оқушы таңдап, мұғалім бекіткен жаһандық тақырып бойынша зерттеу сипатталуы тиіс. Оқушылар зерттеу жұмысы туралы бұрынғы білімі мен айғақ дереккөздеріне сүйеніп, өз жұмысын орындау үшін алдымен өз тақырыбының шолу зерттеуіне кірісуі қажет.
Зерттеу жұмысы 3000-3500 сөзден құралуы тиіс. Зерттеу 3500 сөзден аспауы қажет, жұмыстың басында мұқаба бетінде нақты сөз санын көрсету керек. Сөз санына атауы, қосымшалар, әдебиеттер мен ескертпелер кіреді. Мұғалімдер мен оқушылар ең жоғары сөз санынан асатын сөздердің бағаланбайтынына назар аударуы тиіс.
Мұғалім зерттеу барысында тиісті кеңес және нұсқаулық береді, қорытынды жұмыстың шынайылығын растайды. Құжаттың шынайылығын растау зерттеу жұмысының тақырыбын оқушының өзінің таңдағанын және зерттеу жұмысы мен есептің өзі орындағанын білдіреді.
Зерттеу жұмысы құрылымды болып, әлеуметтік ілімдер мен гуманитарлық пәндер бойынша есеп берудің жалпы шарттарына сай бөлімдерден тұруы тиіс. Зерттеу жұмысы кіріспе, негіздеме, негіз және мәнмәтін, әдіс, нәтижелер, қорытынды, бағалау, әрі қарай зерттеу және библиографияны қамтиды. Сонымен қатар есептің негізгі бөлігіне кірмеген зерттеу құралдарының үлгілері бар қосымшалар (мысалы: таза сауалнама парақтары, пікіртерім парақтары, бақылау парақтары, т.б.), деректерді талдау, басқа да тиісті материалдарды енгізуге болады.

Зерттеу жұмысы мәтініндегі деректі қысқаша түсіндіретін не нақтылайтын ескертпелерді пайдалануға болады, алайда олар ең аз шамада болуы тиіс.


Зерттеу оқушыға таңдалған жаһандық тақырып бойынша бірнеше көзқарасты зерттеуге және бағалауға мүмкіндік беруі қажет. Тақырыптың мұғалім тарапынан таңдалу орнына оқушы тарапынан таңдалып, мұғалім тарапынан бекітілгені дұрыс. Мұғалімнен оқушылар тәжірибе жұмысын бастап, зерттеуді жобаламастан бұрын жазбаша зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша егжей-тегжейлі ұсынысын тексеріп, бекітуі қатаң талап етіледі.
Жұмысты сабақ үстінде және сабақтан тыс орындау керек. Мұғалім тарапынан сабақ уақытында жеткілікті нұсқаулық беру және басқару жұмыстың оқушының өз жұмысы екендігін бекіту және зерттеудің оқу бағдарламасындағы бағалау тәсімі мен басқа да тиісті этикалық нұсқаулықтарға сай екендігіне көз жеткізу үшін қажет. Мұғалім есептің әрбір тарауы бойынша жоспар мен әзірлемеге сай нұсқаулық пен кері байланыс беруі керек, алайда бастапқы нұсқаларды ресми белгілеп не аннотациялап керегі жоқ.

Зерттеу жұмысы оқушының зерттеуді жобалау және жүргізу, жаһандық мәселенің түрлі перспективаларын талдау және бағалау, жиналған ақпарат пен деректер негізінде дәйекті және дәлелді тұжырымдама жасау қабілетін көрсетуі қажет. Сонымен қатар есеп оқушының зерттеуді бағалау және көзқарастарды, мәселені зерттеу кезеңінде зерделеуді ойластыру қабілетін көрсетуі тиіс.


Зерттеу туралы қорытынды жазбаша есеп келесі тараулардан тұруы тиіс: кіріспе, мәнмәтін, мақсаттар, әдіс, нәтижелер, қорытынды, бағалау, әрі қарай зерттеу және библиография, қосымшалар.

Бұл тараулар әдетте келесі материалдан тұрады:




Тарау

Мазмұны

Нұсқаулық

Атауы

Есептің дескриптивті атауы не тақырыбы

Атау қысқа және анық болуы тиіс. Атау зерттеу мақсатын анық көрсетуі қажет.

Кіріспе

Бұл тарау осы тақырыпты таңдау себептерін түсіндіретін зерттеудің жалпы сипаттамасы не қысқаша мазмұнынан тұрады. Зерттеу нәтижелерін қалай қолдануға болатындығы туралы бірнеше нұсқау беруге болады.

Әдетте бұл бөлім шағын болады және осы тақырыпты зерттеу және таңдау себептеріне деген қызығушылықтың қысқаша мазмұнынан тұрады. Тақырып оқушының бұрынғы білімі, соңғы зерттеу әсері, бұрынғы тәжірибесі, жеке қызығушылығы, түсініктері мен құндылықтарымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар мұғалімдер мен басқа да адамдардың кеңестері мен нұсқаулығын атап өтуге болады. Зерттеуге әсер етіп, біржақтылықтың ықтимал себебі болуы мүмкін жеке құндылықтар мен түсініктерді әділдік мүддесі үшін сипаттауға болады.



Мазмұны

Бұл тарау зерттеу мақсаттарын даярлау туралы хабарланатын зерттеу негізінің егжей-тегжейлі сипаттамасынан тұрады.


Бұл тарау зерттеудің ең ұзын тарауларының бірі болып табылады. Бұл бөлім зерттеу жобасының мақсатын қалыптастырған зерттелетін мәселенің сипаттамасы, басты анықтамалар, алдыңғы зерттеулер және негізгі дереккөздерден тұруы тиіс. Жоғарыда сипатталған материал зерттеу мақсаттары мен міндетінің қалай әзірленгенін түсіндіру үшін қолданылуы қажет. Бұл бөлім көбінесе «прогрессивті шоғырлану» формасына ие, онда оқушылар анағұрлым кең жаһандық мәселені қысқаша жеткізеді, артынан зерттеу жобасының осы типін қолдану саласына сай және қолайлы мәселенің анағұрлым тар аспектіне зерттеудің қалай бағытталғанын түсіндіреді. Зерттеуде екінші кезектегі дереккөздер мен деректер қолданылған болса, олар әдетте осы тарауда сипатталады. Дереккөздерге және соңғы зерттеуге сілтеме жасау керек. Сипатталатын материалдың зерттеу мақсатына сай келетіндігіне көз жеткізу қажет.

Мақсаттар

Бұл тарау негізгі мақсат пен зерттеудің жоспарланған нәтижелерінің қысқаша мазмұнынан тұрады.


Бұл – әдетте мәнмәтінге қарай туындайтын зерттеу міндеті мен мақсаттарының қысқаша хабарламасы. Әдетте мақсаттар зерттеу мәселелері не тексерілетін гипотезалар түрінде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда зерттеудің болжамды салдарларын (тұжырымдамаларын) енгізіп, кейбір ықтимал қолданысты көрсетуге болады.



Әдіс

Бұл тарауда айғақ ретінде қолданылатын ақпараттар мен деректерді жинауға арналған әдістер сипатталады.

Әдетте бұл тарау есептің ұзын тарауы болып табылады. Онда жалпы зерттеу жобасы мен пайдаланылатын әр әдісті сипаттау қажет. Сонымен қатар зерттеу үлгісін де сипаттап, бекіту керек. Келешекте басқа бір адам зерттеуді қайталау үшін егжей-тегжейлі сипаттама беру қажет. Әдістерді таңдау түсіндіріліп, зерттеу мақсаты және іздестірілетін айғақтары бар деректер типімен байланысты болуы тиіс. Оқушылар таңдалған әдістер мен дереккөздердің қалай және неліктен мақсаттарына жетуге және зерттеу мәселелеріне жауап беруге мүмкіндік беретінін ашық түсіндірулері керек. Зерттеу құралдарының мысалдарын көрсету үшін қосымшаларды пайдалануға болады.

Оқушыларды сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын пайдалануға ынталандыру керек, мысалы: шынайылық, негізділік, сенімділік, өкілеттік, жинақтау, біржақтылық, т.б.



Нәтижелер

Бұл тарауда жоба мақсатына сай келетін, тәжірибелік зерттеу барысында жинақталған ақпараттар мен деректер қысқаша сипатталады.

Әдетте бұл тарау есептің ұзын тарауы болып табылады. Тәжірибелік зерттеу барысында жиналған деректер мен ақпаратты анық, дәл және құрылымды түрде ұсыну керек. Мұны қолданылатын әдістер не зерттеу сұрақтарының көмегімен орындауға болады. Кестелер, графиктер, сызбалар мен басты тұстарды пайдалану айқындық пен ықшамдылықты сақтауға көмектесуі мүмкін. Ақпаратты анағұрлым егжей-тегжейлі ұсыну не деректердің талдауын безендіру үшін қосымшаларды да қолдануға болады. Олар толтырылған пікіртерім үлгілері, есеп кестелері, сұхбат көшірмелері мен басқа да бастапқы деректерден тұруы мүмкін. Қосымшаларда жинақталған барлық деректі енгізудің қажеті жоқ.




Қорытынды

Бұл тарауда зерттеу нәтижелері туралы жасалған қорытынды сипатталады.



Бұл тарауда зерттеу нәтижелері және нәтижелерге негізделген әрбір зерттеу сұрағына жауаптардың қысқаша мазмұндамасы беріледі. Қорытындыны анық және дәл білдіру керек. Бұл тарау әдетте қарастырылатын жаһандық мәселені зерттеу мақсатында нәтижелерді не қорытынды салдарларын талқылаудан тұрады. Сонымен қатар қорытындының нанымдылық дәрежесі не сенімділік деңгейін біраз талқылауға болады.

Бағалау

Бұл тарауда зерттеу сапасы және қорытындының күшті жақтары бағаланады.

Бұл тарауда зерттеу жобасының күшті және осал жақтары, оны жүзеге асыру және нәтижелер көрсетіледі. Әр әдісті мұқият қарастырып, жетілдіру жөнінде ұсыныстарды көрсету қажет. Нәтижелердің жинақталу дәрежесі мен тұжырымдамалардың көкейкестілігін талқылау керек. Оқушыларды сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын пайдалануға ынталандыру керек, мысалы: шынайылық, негізділік, сенімділік, өкілеттік, жинақтау, біржақтылық, т.б.

Әрі қарай зерттеу

Бұл тарауда зерттеу жобасына қатысты туындайтын әрі қарай зерттеуге арналған ұсыныстар сипатталады. Бұл тарау зерттеу барысында оқушының нені үйренгені және жеке көзқарастарының қалай өзгергені туралы рефлексиядан да тұруы қажет.


Бұл тарауда әрі қарай зерттеуге арналған бірнеше ұсыныс қысқаша сипатталады. Олар зерттеу қорытындысымен, мүмкін, күтілмеген нәтижелер не туындаған жаңа сұрақтарды зерттеумен тығыз байланысты болуы мүмкін. Қорытындының нанымдылығын жақсарту не зерттеу нәтижелерінің жинақтау тәсілдерін қолдануға болады. Жаһандық мәселені түсіну үшін әрі қарай зерттеудің мақсаты не салдарларын көрсету қажет. Оқушының рефлексиясы да осы тараудың маңызды элементі болып табылады. Оқушы жаһандық мәселе бойынша не зерттегенін және көзқарастарының қалай өзгергенін сипаттауы керек. Оқушының жаһандық мәселелер бойынша тәжірибелік зерттеу жүргізу туралы не білгенін де талқылауға болады.

Библиография

Бұл тарау зерттеу барысында пайдаланылған барлық әдебиеттер мен дереккөздер тізімінен тұруы тиіс.

Әдебиеттер мен дереккөздердің тізімі ғылыми жиындардың бірінде бекітілуі тиіс. Мұғалімдер оқушыларға кеңестер мен үлгілер беруі қажет.



Қосымшалар

Бұл тарау негізгі есептің басты аспектілерін көрсететін қосымша материалды қамтуы тиіс.

Бұл – есептің қорытынды тарауы. Қосымшалар саны аз болуы тиіс не тіпті қажет болмауы да мүмкін. Қосымшалар зерттеу құралдарының үлгілерін ұсыну және деректерді талдаудың қысқаша сипаттау үшін пайдалы болып табылады.

Зерттеудің түрлі тарауларының жоғарыда берілген сипаттамасы нұсқаулық және енгізуге болатын оңтайлы нұсқа болып табылады. Зерттеу жүргізу жөніндегі осы нұсқаулықтың жоғарыда көрсетілген тараулары мінсіз мысал болып табылады және оларды зерттеу жұмысында көрсету керек. Іс жүзінде оқушылар әрбір тарауға арналған барлық ықтимал ерекшеліктерді қолданбауы мүмкін, алайда зерттеу тарауларын жоғары сапалы ете отырып, мұның барлығын зерттеу жұмысына енгізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет