Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


 Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Лекция (1)

2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу 
 
Белгілі бір мәселені шешу кез-келген ғылыми зерттеудің мақсаты 
болып табылады. 
Мақсат – зерттеудің нақты міндеттеріне бөлінеді. Зерттеу міндеттерін 
зерттеуші пайда болған мәселелерді теориялық талдау негізіне және оны 
шешуді мектеп практикасында бағалау негізінде қояды. Бар нәрсені талдап 
алмай болуға тиіс жобаны игеру мүмкін емес. Өкінішке қарай мұндай 
кемшіліктер педагогикалық зерттеуде әлі де кездеседі. 
Қандай да бір мәселені шешудің теориялық және практикалық 
жағдайын талдау осы мәселеге қатысты әдебиеттермен танысудан басталады. 
Бұл ретте мәселенің теориясына қатысты кітаптармен ғана емес, сонымен 
бірге мектептердің белгіленген бағыттағы жұмыс тәжірибесі туралы жарық 
көрген шығармалармен де қаруланған дұрыс.
Әдебиетті алдын-ала талдау ғалымның өз зерттеуінің міндеттерін 
жобалауға мүмкіндік береді. 
Зертеудің міндеттері мынандай элементтерді өз құрамына кіргізеді: 
- жалпы мәселенің құрамына кіретін белгілі бір теориялық мәселелерді 
шешу; 
- осы мәселенің практикалық шешімдерін тәжірибе жүзінде оқып 
үйрену, оның түрлі жағдайын анықтау, түрлі кемшіліктері мен 
қиындықтарын, олардың себептерін, озық тәжірибелердің түрлі сипаттарын, 
тағы басқа қасиеттерін белгілеу; 
- алға қойылған дидактикалық міндеттерді шешу үшін қажетті шаралар 
жүйесін негіздеу; 
- ұсынылған шаралар жүйесінің негізінде тәжірибелік тексерулер 
жүргізу және олардың тиімділік талаптарына сай келуін анықтау; 
- зерттеу нәтижелерін практикалық жұмыста пайдалану үшін 
әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. 
Айтылып отырған міндеттердің жиынтығы зерттеудің мақсатын 
тұтастай көрсетуге бағытталған. Жұмыстың мақсаты зерттеу мәселесіне сай 
келуі қажет. Мұндай логиканың бұзылуы зерттеуде бейберекетсіздікке жол 
беріп, қойылған міндеттерді толық орындауға кедергі жасайды. 
Зерттеудің мазмұнындағы жаңалықтарды мақсат логикасында ашып 
көрсетіп, зерттеудің міндеттерін шешкенде нақтылау қажет. 


Болжамның (гипотеза) екі түрі болуы мүмкін:
Біріншісі, суреттемелі болжам – онда зерттеудің себептері мен мүмкін 
болатын салдары суреттеледі.
Екіншісі, түсіндірмелі болжам - онда белгілі бір себептердің мүмкін 
болатын болжамдары түсіндіріледі, сондай-ақ міндетті түрде көрініс беретін 
шарттар сипатталады. Яғни, мұнда қандай факторлар мен шарттар болатыны 
түсіндіріледі. 
Зерттеуші өз жұмысының қорытындысында қандай әдістерді 
қолданатынын да ойластыруы керек. Зерттеу нәтижелерін тұжырымдап 
педагогикалық процестің белгілі бір қырларын жетілдіруі жөніндегі 
ұсыныстарды жасағанда әдістерді анықтаудың маңызы зор. Көп жағдайда 
тәжірибе мәліметтерін теориялық тұжырымдау және үдерісті одан әрі 
жетілдіруді болжау әдістері араластыра қолданылады. Сөйтіп зерттеу 
әдістерін таңдай ғалымның іс-әрекетіндегі жай ғана жұмыс тәсілін емес, 
шешілуге тиісті міндеттер мен мәселелердің мазмұнын, зерттеушінің 
мүмкіндіктерін анықтап, жинақтап барып таңдалатын ерекшелік болып 
табылады. Осыған орай педагогика ғылымында бар әдістерді пайдалана 
беру тиімді еместігін, оның ішінен нақты зерттеу жұмысына қолайлы 
әдістерді пайдаланғанда ғана алға қойылған міндетті шешуге болады. 
Зерттеу әдістерін таңдап алғаннан кейін зерттеудің заты мен мәселесін 
нақты оқып–үйрену міндеті қойылады. Яғни, алға қойылған міндеттерді 
таңдап алған әдістер деңгейінде шешу қажет болады. Көбінесе бұл жұмыс 
мәселені теориялық талдаудан басталады. Бұл ретте ең алдымен мәселені 
әдістемелік негіздеу және логикалық тарихи талдау міндетін жүзеге асыру 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет