Заңнамалық метрология – өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да мәселелері кіретін метрология тарауы.
Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрология қызметі (ММҚ) және мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдармен, заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекетті мемлекеттік реттейтін тәсіл ретінде қызмет атқарады.
Заңнамалық метрология саласына өлшеу құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, МӨЖ метрологиялық бақылау және қадағалау, сондай-ақ өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар жатады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі:
- заңдандырылған бірегей бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету;
- өлшеулер мен шектеулер нәтижелерінің жіберілетін қателерін берілген ықтималдықтан аспайтындай бекіту.
Өлшеу бірлігі – өлшеу жағдайы, сондай-ақ олардың нәтижелері заңдандырылған бірліктердегі көрінісі, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайды.
Өлшеу бірлігі әртүрлі орында және түрлі уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалатын өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға қажет және де өлшеу бірлігін сақтау қалай еліміздің ішінде қарым-қатынаста маңызды болса, солай елдер арасында өзара қарым-қатынаста маңызды болып табылады.
1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды.
1993 жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы – метрологиялық әрекеттің терминологиясынан лицензиялауға дейін талай жаңа енгізулерді бекітті.
Заңның негізгі баптары белгілейді:
а) мемлекеттік басқармасын өлшеу бірлігімен қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық құрылымын;
б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;
в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік үлгілерін;
г) өлшеу құралдары мен әдістерін.
Достарыңызбен бөлісу: |