2.5.2 Анатомия мен физиологиялық процестерге қатысты тыйым сөздер
Табу мен оларды алмастырып отыратын эвфемизмдердің ендігі бір тобы анатомия мен физиологиялық процестерге қатысты кейбір ұғымдардың атауларымен байланысты. Мәселен, моральдық немесе этикапық нормалардың тұрғысынан өрескел немесе ұят саналатындыктан, көптеген тілдерде адам мен жануарлардың анатомиясына қатысты кейбір терминдер мен физиологиялык құбылыстардың атаулары тура атала бермейді. Демек, олар – табу. Қажет болған жағдайда жаңағылардың ашық қолдануға дөрекі я ұят саналатын атаулары эвфемизмдермен ауыстырылып отырады. Мысалы, әйел адамдарға тән табиги физиологиялық процестердің бірі - бала көтеру. Солай бола тұра, о баста құрсақ көтерген әйел адам болсын, ішінде төлі бар ұрғашы мал болсын, екеуіне де тең қолданыла беретін әрі түркі тілдерінің көбіне ортақ «буаз» деген сөз [9]. Қазіргі кезде жартылай табуға айналып, тек малға байланысты ғана қолданылады. Ал әйел адамдардың ондай жағдайдағыларын қазақтар екіқабат, аяғы ауыр немесе жүкті дейді.
Қазақтарда сонымен қатар дүниеге келген жас нәрестенің жынысын да ашық айтпайды. Мысалы, қазақтар ондайда «ұл ма, қыз ба?» деудің орнына «қойшы ма, жылқышы ма?» дейді.
Табу мен эвфемизмдердің қалыптасуына әсер ететін себептердің енді бірі ас қорыту процесінің нәтижесінде адам организмінен сыртқа болінетін заттар мен соларға қатысты кейбір ұғымдардың құлаққа оғаш немесе жағымсыз естілетін атауларымен байланысты. Ондай сөздер табу ретінде эвфемизмдерге орын беріп отырады. Төменгі мысалдардағы берілгендер соның айғағы:
Біраздан кейін бізге батқаны жарық емес, ішетін тамақ пен адамның табиғи қажеттері.
Итбай дәрет сындырып боп, Асқар екеуі үйге беттегенде, алдарынан Бүркітбай шықты.
Бір жақтан келе жатып Алдайбай деген кісінің үйіне қонған екен, түнде төсегіне несебі жүріп, ұялғанынан таң біліне аттанып кетіпті.
Бұл сияқты эвфемизмдердің қатарына табуға айналған, «б» және «с» әріптерінен басталатын екі сөзді алмастыратын үлкен дәрет, кіші дәрет деген сөз тіркестерін де жатқызуға болады.
Табу мен эвфемизмдердің ендігі бір тобы анатомиялық мүшелері және жынысқа қатысты ұғымдардың атауларымен байланысты қалыптасады. Яғни, ескі наным сенім бойынша адамзаттың пайда болуы хауана мен хауата тыйым салынған жемісті жеген деп түсінеді де, сол себепті әлеуметтік ортада бейберекет жыныстық қатынас туралы сөз айтуға тыйым салады.
Адамның дене мүшесіне қатысты тыйымдар: Жалпы адам баласының дене бітімі (мүгедектерді есепке алмағанда) бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ бола тұра, дене мүшелеріне байланысты тыйымдар барлық халықта бар. Соның ішінде халқымы адамның кеуде, бөксе тұсының аттарын сондай-ақ жыныс мүшелерінің, диссимилация мүшелерінің аттарын және олардың қызметін ашық, нақтап айтпай, оны эвфемизмдер арқьты білдіреді. Мәселен,
Қазақ ауызекі тілде де, ақын-жазушылардың шығармаларында да ондай атаулар табу ретінде айналымнан шығып, олардың орнын үнемі эвфемизмдер басып отырады. Төменгі мысалдардағы курсивпен жазылған эвфемизмдердің тасасына тығылып тұрған табу сөздерді ашық атамасақ та оларды бірден айнытпай тануға болады ғой деген ойдамыз.
...Сұлуы бұл заманның тек жатпаған,
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,
Алмасы өкпе болар қол батпаған.
(Абайдан)
...Қос түйме омырауда жарасып түр,
Келіп ем ұстайын деп әуес етіп...
...Қой, бала, бұл сөзіңе сыналмаймын,
Тіліңе жалған айтқан көне алмаймын.
Иесі бар түйменің, қолқалама,
Күның жетпес қымбатты бере алмаймын.
(Айтыстан)
...Егіз шың тұрған кеудеде,
Еністің жатыр сілемі.
(М. Мақатаев)
...Қыз күйеуге барар алдыңда шешесі бір кептерді сойып, қанын сауытқа құйып жатты. Сол сауыт қыздың қалтасына салынғанын білем. Оны қандай кәдеге жаратканын қайдам. Әйтеуір күйеу «аманатым аман-есен келді» деп мактаныпты (Мың бір түннен).
Жоғарыдағыдай белгілі дене мүшелерін ашық атау ұят, ыңғайсыз саналғанымен, адам мен жануарлардың анатомиясы оқылады, зерттеледі. Өйткені бұл үлкен ғылым саласы әрі оның өзіне тән ғылыми терминологиясы да қалыптаскан. Мәселен, анатомиялық терминдердің сөздігінде [50]: ен, еркектік (әйелдің) жыныс мүшелері, несеп жібергіш канал, тік шек, қын, қынап, қынаптық жарғақ, үма, несен қуығы, ұрық бездері, сүт бездері сияқты толып жатқан терминдер беріледі. Ғылым үшін бүлардың ешбір жаттығы жоқ. Қажет болған жағдайда бұл терминдерді немесе олардың латынша атауларын эвфемизм ретінде де пайдалана беруге болады. Өйткені бұл кез келген мәдениет пен тілге тән құбылыс.
Физиологияға тікелей қатысы бар ұғымдардың ішіндегі әсіресе ұят немесе ерсі саналатындардың бірі – әйел мен ер адамның арасындағы табиғи жыныстық қатынас. Алайда қалыптасқан этикалық нормаларға байланысты мәдениетті ортада бұл мәселені ашықтан ашық сөз ету, ара-тұра болмаса, сирек кездеседі. Ал оның есесіне, «бұралқы сөз күлмекке жақсы» демекші, бұл тақырыптың төңірегінде әзіл-қалжың айтылып, немесе шынайы әңгіме туа қалса, айтатын ойды майдалап, тұспалдап немесе астарлап жеткізу үшін кез келген тілдің эвфемистік сөздік қоры мен мүмкіншілігі жеткілікті.
Сөз мағиясына сену мен әртүрлі әлеуметтік себептердің негізінде қалыптасатын тыйым салынатын сөздер мен эвфемизмдердің ерекше бір тобы ауру атауларымеп байланысты. Бұл – көптеген халықтарда кездесетін өте кең таралган этнолингвистикалық құбылыстардың бірі. Әсіресе, оба, шешек, қызылша, безгек, топалаң, мәлік т.с.с. тез тарайтын әрі адамдар мен малдарды жаппай қырғынға ұшырататын қатерлі дерттердің атын атау сол ауруларды шақырады немесе олардың иесін шамдандырады деген үрей мен қорқыныштан туындаган анимистік әрі магиялық нанымдар ертеректе жиі кездескен. Соның салдарынан ондай ауруіндеттердің тура атаулары табуға айналып, ендігі жерде ондай атаулар, яғни сөздер айналымнан шығып, олардың орнын эвфемистік бүркеніш атаулар басып отырған.
Мәселен, халық арасында қызылша ауруына деген көзқарас пен шешек ауруына байланысты көзқарас көбінесе бірдей болып келетіндіктен олардың эвфемистік бүркенші атаулары да ұқсас. Мәселен, адамда, малда кездесетін эпидемия және эпизоотия кезінде сансыз көп шығынға үшырататын оба, шешек, қызылша (адамда, мәлік, топалаң, қарасан) т.б. жүқпалы дерттерден қазақтар да қатты сескенген, өйткені оларды киелі немесе қүдай жібереді деп санаған. нанымдардың салдарынан қазақ арасында да адам мен малға жаппай келетін жұқпалы аурулардың иелерін шамдандырып, оларды өршітіп алмау үшін дерттің атын тура атамай, жоғарыдағы басқа халықтар секілді эвфемистік жанама атауларды қолданатын болган. Сондай дерттердің бірі қызылша болатын. Дәл қазір аса қатерлі аурудың санатында болмағанымен, ертеректе бұл аурудан қазақ арасында балалар шығынға өте көп ұшырайтын. Оның себебін жоғарыдағыдай діни нанымдармен байланыстыратындықтан, халық арасында кызылшаны тура атамай, «қызыл көйлек» деп басқаша атайтын. Үйде ол аурумен біреу-міреу сырқаттанып жатса, «бір нәрсе шығып жатыр еді» деп, қатерлі дертті тұспалдап сездіретін.
Халық арасында қызылшаны тура атамай, ептеп өзгертіп, «қызыл» деп атау да кездеседі. Сонымен қатар Мәселен, туберкулез немесе құрт ауру деудің орнына өкпе ауруы, рак немесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудің орнына самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады. кейбір аурулардың тура атаулары науқас адам түгіл сау адамның да төбе шашын тік тұрғызып, денесін түршіктіреді. Мәселен, қылтамақ, қүрт ауруы, мерез немесе қүлғана деген сөздердің өздері түрмақ, олардың ғылыми тілден берік орын алған рак, туберкулез (tbc), сифилис сияқты баламалары да бүл күнде қүлаққа жылы тие қоймайды. Тіпті рак немесе туберкулез ауруларын тура атамас үшін эвфемистік мағынада медицина қызметкерлерінің өздері ғана қолданып жүрген «cаncer» немесе (соңғы ауруды Роберт Кохпен байланыстырудан туындайтын) «кон» деген халықаралық терминдердің өздері де кейінгі кезде эвфемизм болудан қалып бара жатыр десек, артық айтқандық болмайды. Алайда тілімізге енген халықаралық медициналық терминдердің ішінде эвфемистік қызмет атқаратындары да жоқ емес. Мысалы, «қояншъқ», «мешел», «шыжың» сияқты қүлаққа оғаш естілетін сөздердің орнына «эпилепсия», «рахит», «диабет» деген терминдерді қолдану аңағұрлым ұтымдырақ, өйткені ол терминдер науқасадамдардың да, сау адамдардың да құлағына жұмсақтау тиетіні сөзсіз. Демек, олар эвфемизмдердің қызметін қоса атқарып жүр дей аламыз. Осы түрғыдан қарағанда, мұндай эвфемизмдердің қатарына «дизентерия», «диспепсия», «глаукома» сияқты тағы біраз терминдерді жатқызуға болады, өйткені бүл терминдер де қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегі дәл сол ұғымдарды білдіретін қүлаққа әлдеқайда оғаштау естілетін атаулардан анағұрлым жатықтау екені дау туғызбаса керек. Ауру атаулары секілді, туа біткен немесе кеселді дерттердің салдарынан болатын адамның, дене, ақыл-ой кемістігін білдіретін – ақсақ, шолақ, соқыр, пүшық, бүкір, керең, саңырау т.с.с. жағымсыз сөздер де естіген құлаққа ауыр тиетіндіктен, олардан әлдеқайда тігісі жатық «кемтар» немесе «мүгедек» деген жалпы ұғымды білдіретін эвфемизмдермен не болмаса эвфемистік мағыналы басқа сөз тіркестерімен ауыстырады.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген материалдар атауларына діни нанымдар мен соқыр сенімдер немесе басқа әлеуметтік себептердің негізінде тыйым салынған ауру атаулары мен олардың орнына қолданылатын звфемизмдерді жан-жақты сипаттай алады деп есептейміз. Ал бұл мәселеге қатысты эвфемизмдердің жасалу жолдарына мән беретін болсақ, біріншіден, қай мәдениетте кездеспесін оларды тудыратын себептер негізінен өте ұқсас болып келетінін; екіншіден, табуға айналған атауды алмастыратын эвфемизмдердің қызметін есімдіктер, туысқандық қарым-қатынасты білдіретін терминдер, қатерлі дерттердің айрықша белгілерін сипаттайтын сөздер, бөтен тілдерден енген кірме сөздер, кейбір халықаралық медициналық терминдер, табуға айналған атаумен синонимдес жеке сөздер мен сөз тіркестері атқаратынын атап айту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |