130
Глоссарий
Агар-агар – теңіз балдырларынан (қызыл, қоңыр)
алынатын
коллоидты желатин тәріздес зат. Қоректік ортаға қатты, тығыз консистенция
беру үшін қосылады (1,2-2%), алайда өзінде қоректік құндылық жоқ.
Микробиологияда, тамақ өнеркәсібінде және т.б. Қолданылады.
Автолиз (гр.
Lysis – ыдырау, еру) – ұлпаның өз ферменттерінің әрекеті
нәтижесінде өзін-өзі қорытуы немесе ыдыратуы.
Абиоз – ағзаның тіршілік үрдістері толық тоқталатын қалып-күйі.
Шикізат – әр түрлі тағам өндірісінің негізі бола алады және табиғаттан
келіп түседі. Олар жемістер, жидектер, көкөністер, бидай, ет, сүт, балқ, бал,
су, тұз және т.б.
Жартылай фабрикаттар – өндіріс кезінде пайда болады, олар шикізат
түріне байланысты өңделгендер (сараптап алынған, жуылған, тазаланған,
майдаланған болуы мүмкін).
Тағамдық қоспалар – тағамдарды дайындау және өндіру процесі
барысында белгілі бір қасиет беру және (немесе)
олардың сапасын сақтау
үшін тағам өнімдеріне қосатын табиғи және жасанды заттар немесе оның
қосындылары.
Тағам өнімдері – адам тамаққа, оның
ішінде балалар тағамына
пайдаланатын, шөлмекке құйылған су,
алкоголь өнімдері, сағыз, сондай-ақ
азық-түлік
шикізаттары, тағамдық қоспалар түріндегі табиғи немесе
өңдеуден өткен азық-түлік.
Достарыңызбен бөлісу: