(ii) 2004 жылғы 9 қарашадағы Техникалық реттеу туралы № 603-II Заңда көзделмеген техникалық талаптар
-
Жұмыс тобының мүшесі Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» Заңмен реттелмейтін міндетті техниалық талаптар туралы, сондай-ақ аталған саладағы Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің талаптары қалай қолданылып жатқаны туралы толық ақпарат беруді сұрады. Бұл сұраққа Қазақстан өкілі, азаматтық авиация саласындағы қауіпсіздік талаптары «Техникалық реттеу туралы» Заңмен реттелмейді және азаматтық авиация саласындағы ұлттық заңнамамен реттеледі деп жауап берді. Қазақстан 1992 жылдан бастап Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (бұдан әрі – ИКАО) және Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы ТМД мемлекетаралық келісімінің (МСГ) қатысушысы болып табылады. Осыған орай, Қазақстан өзінің ұшу жарамдығы және сертификаттау процесі талаптарын қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерін сертификаттау бойынша талаптарын ИКАО және МСГ халықаралық талаптарына негіздеді. ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес Қазақстан «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңын әзірледі. Аталған Заңның 16-бабы мен 5-тарауы азаматтық авиация саласындағы сертификаттау бойынша негізгі мақсаттар мен талаптарды қамтиды. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиатехниканың қызмет ету мерзімінің сәйкестігін (ұшу жарамдығын сертификаттау, азаматтық әуе кемесінің түрін сертификаттау, азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау), әуе кеңісітігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды қамтиды. Сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.
-
Азаматтық әуе кемелері ұшуға жарамды болуға және «Қазақстан Республикасының азматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін ұшуға жарамдылықты растайтын қолданыстағы сертификат болған жағдайда пайдалануға жіберілуі тиіс. Шет мемлекеттер берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы туралы сертификаттары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасына сәйкес танылады.
-
Қазақстан өкілі, 2009 жылғы 9 қарашада № 603 «Техникалық реттеу туралы» (2013 жылғы 3 желтоқсандағы соңғы өзгерістермен) Заңда және басқа ұлттық заңнамада, тиісті келісімдерде және КО-ның басқа актілерінде, ЕАЭО туралы шартта, Комиссия тиісті шешімдерінде және ЕАЭО-ның басқа құқықтық құжаттарында көзделгендей техникалық регламент ретінде қолданылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстанның аумағында тауарларға қойылатын барлық техникалық талаптар Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісіміне сәйкес «техникалық регламенттер» деген анықтамаға сай келетін дәрежеде Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің қағидаттарына, әсіресе транспаренттілікке, болжамдылыққа және саудадағы артық кедергілерді жасаудың алдын алуға қатысты қағидаттарға сәйкес болатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.
- (iii) Ерікті ұлттық және халықаралық стандарттар
-
Стандарттарға қатысты ол, «Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес стандарттар өнімнің немесе қызмет көрсетудің шығарылған жеріне қарамастан тең шаамада ерікті негізде қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар,әртүрлі стандарттарды қолдану қарастырылған (халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қоса алғанда), халықаралық стандарттардың өзге стандарттар алдында басымдылығы бар. Ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімсіз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, негіз ретінде халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттары қолданылады. Ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына СТ РК 1.2 – 2008 «Ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды және ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі» және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі орынбасарының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік стандарттарды техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу ережелеріне сәйкес қайта қаралады және күші жойылады. Қазақстан өкілі техникалық реттеу комитеті технологиялық реттеу,, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы жұмысты ұйымдастыруда және мен стандарттарды бекітуге жауапты жалғыз уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатынын атап өтті.
-
ҚР 1.2-2008 ұлттық стандартына сәйкес ұлттық стандарттармен қойылатын талаптар мыналарға: 1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижеслеріне; 2) патенттік зерттеулерге, 3) халықаралық, өңірлік немесе ұлттық стандарттардың ережелеріне және шет мемлекеттер ережелеріне және/немесе, 4) отандық және шетелдік ғылым, техника және технологиялардың соңғы жетістіктері туралы өзге ресми ақпаратқа негізделуі тиіс. Ұлттық стандарттар стандарттау жөніндегі тхникалық комитеттерді қоса алғанда,құзырына енетін органдардың жоспары Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен техникалық реттеу саласында құзыретті орган бекіткен мемлекеттік стандарттау жоспарына және құзыретін стандарттау жөніндегі объектілер кіретін органдардың жоспарына сәйкес әзірленуі мүмкін. Ұлттық стандарттар жоспардан тыс әзірленуі мүмкін. Бұл жағдайда, қайталануды болдырмау үшін ұлттық стандарттарды әзірлеу туралы ақпарат техникалық реттеу саласындағы құзыретті органға ұсынылуы тиіс.
-
Ұлттық стандарттар мемлекеттік органдардың, өндірушілердің және өнімді тұтынушылардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың сұрауы бойынша әзірленуі мүмкін. Құзыретті орган ұлттық стандартты әзірлеушімен ұлттық стандартты әзірлеу туралы келісімшарт жасасады. Әзірленіп жатқан ұлттық стандарттар туралы ақпарат техникалық реттеу саласындағы құзыретті органның ресми веб-сайтында орналастырылуы керек. Ұлттық стандартты әзірлеуші ұлттық стандарттың бірінші редакциясын әзірлейтін жұмыс тобын құрады. Ұлттық стандарт жобасы мен түсіндірме жазба техникалық реттеу саласындағы құзыретті органның ресми веб-сайтында орналастырылады және мүдделі тараптарға қарау және түсініктемелер беру үшін жіберіледі. Мүдделі тараптардың қарау мерзімі 60 күнтізбелік күнді құрайды. Әзірлеуші мүдделі тараптардан келіп түскен ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, ұлттық стандарттың түпкілікті редакциясын дайындайды. Әзірлеуші стандарттың жобасын мақұлдайды және оны техникалық жүйелеу саласындағы құзыретті органға бекітуге жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |