Еңбекақы түрлері Негізгі


Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту



бет36/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Экономика предприятия лекция

Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту

Амортизациялық аударымның сомасын үш әдіспен анықтаймыз: бір қалыпты (түзу сызықты, тепе-теңдік), өндірістік және жеделдетілген амортизация.



Сурет 1. Құнды бір қалыпты (түзу сызықты, тепе-теңдік) есептеп шығару әдісі


Құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады.
Амортизацияның тепе-теңдік әдісі негізгі қордың біртекті физикалық және моральдық тозуына бағытталған.
Бұл әдісті көбінесе физикалық тозу кезінде пайдаланған дұрыс. Бірақ моральдық тозуға бұл әдіс дұрыс келмейді, өйткені ғылым, техника және өндірістің технологиясы біртекті дамып жатқан жоқ.
Қазіргі уақытта құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығарудың кеңінен қолданылып жүрген әдісінің формуласы

Нра = (ТҚ - ҚҚ) * 100 / Т, (2.3)


мұндағы: Нра – реновацияның (толық қалпына келтіру) амортизациялық мөлшері
ТҚ – негізгі қордың бастапқы теңгерім құны;
ҚҚ - негізгі қордың қалдық құны;
Т - негізгі қордың қызмет ету мерзімі.
Өндірістік әдістің мәні мынада: амортизациялық аударымдар нысанды пайдалану кезінде ғана қолданылады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуат арасында тікелей тәуелділік бар және мұнда амортизацияны анықтау үшін құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ.
Өндірістік қуат шығарылатын өнім бірлігімен, пайдалану сағатымен, жол ұзақтығының бірлігімен және т.с.с. өлшенуі мүмкін.
Амортизациялық нормада қарастырылғандай негізгі қордың моральдық формасы көбінесе жеделдетілген түрде іске асады.
Негізгі қордың моральдық және жеделдетілген тозуы пайда болғанда, кәсіпкердің оны ауыстыруға амортизациялық аударымы болуы керек. Бұл мәселені негізгі қордың амортизациялық жеделдетілген әдісімен шешуге болады.
Негізгі капиталдың кейбір түрлері технологияның тез жетілуіне байланысты құрал-жабдықтың сапасы жылдам ескіреді.
Сондықтан жеделдетілген әдісті негізгі капиталды өздерінің белгіленген пайдалану мезгілінен бұрын есептен шығару үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу қағидасына негізделген.
Негізгі қордың жеделдетілген амортизациясы негізгі қордың нормативтік қызмет ету уақытымен салыстырғанда әлдеқайда тезірек және олардың баланстық құны өндірістің шығынына толық өтуімен сипатталатын тұтас әдіс.
Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінде қаржылық шарттарды құру, өндіріске жедел түрде ғылыми-техникалық жетістікті өндіру үшін және кәсіпорынның әлдеқайда тезірек жаңартылуы мен өндірістің техникалық дамуына қызығушылықты арттыру мақсатында қолданылады.
Негізгі қордың амортизациясын есептеудің жеделдетілген әдісін екі түрде қолданамыз: кумулятивтік әдіс және қалдық құнының кему әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет