Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Кен игеру мен ірі гидротехникалық құрылыстарға арналған жерлердің заңға сәйкес пайдалануын басқару



бет42/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
узр все

Кен игеру мен ірі гидротехникалық құрылыстарға арналған жерлердің заңға сәйкес пайдалануын басқару

Өнеркәсіп, транспорт және басқа кәсіпорындардың жер пайдалануларын шартты түрде, жердің атқаратын міндеттеріне және жер учаскелердің пішін-кескіндеріне қарай төрт топқа топтастыруға болады:



    1. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланулары.



    1. Энергетикалық құрылыстардың жерлері.




    1. Сызықтық объектілердің жер пайдаланулары.



    1. Қорықтардың және оған ұқсас объектілердің жерлері.

Жерді ауылшаруашылығына жатпайтын мақсаттарға бөліп беру процесінде ең маңызды мәселелердің бірі – оны үнемдеу. Бірінші топқа жататын жер пайдалануларды (көбінесе өнеркәсіп объектілері) жобалағанда бұл мәселе кәсіпорындарды территориялық- өндірістік кешендерге (ТӨК) шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіп объектілерін осындай түрде орналастыру оларға берілетін жердің ауданын 15%-ға дейін қысқартуға мүмкіншілік береді.

Тау-кен кәсіпорындарына берілетін жерлердің өте маңызды
пайдалану ерекшелігі бар. Бұнда негізгі өндіріс құралы ретінде жердің қойнауындағы қазба байлығы пайдаланылады. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдалануларына уақыт және кеңістік аспектілерінде үнемі өзгеріп отыруы, пайдалану мерзімнің нақты шектелуі, айнала ортаға зор әсер етуі тән. Қазіргі кезде пайдалы кендердің 80%-ы ашық тәсілмен қазып өндіріледі. Қазақстан Республикасында Я.Я. Маульдің болжауы бойынша осы мақсаттарға жыл сайын 1,0 мың га. Жер алынып отырады екен, ал жалпы
әртүрлі ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға 10-13 мың га.

Тау-кен өндіруге жер бөлу жобасын жасау үшін міндетті түрде мүделі субъектіде кен өндіру заңдылығына және кен өндіру жобасына сәйкес тагайындалған “Кен өндіру орнын бөлу” актісі болу керек.

Кен өндіру орнын бөлу – кен орнының бір бөлігін өндірістік өндіруге алу. Кен өндіретін мекемелердің жер пайдалануының орнын, ауданын және конфигурациясын анықтаудың негізгі шарты – пайдалы қазбалардың орналасуы. Қандай ауыл шаруашылық үшін бағалы жерлер болса да, кен өндіру орнын ауыстыру мүмкіншілігі жоқ.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауда кен өндіруге бөлінетін жердің көлемі, орналасуы, кен байыту комбинаттарының және т.б. объектілердің орналасуы келесідей анықталады:

ҚНжТ-не (құрылыс нормалары және тәртіптеріне) сай;

Өндірістік алаңдарда құрылысты жүргізу тығыздығы нормасына байланысты;

Аналогтарға сәйкес.

Дайындық жұмыстары кезінде сұралған жер учаскесінің мөлшерінің және орнының негізділігі талқыланады.

Жобалауда кен өндіру мекемелері жерлерінің уақыт және кеңістік бойынша жылжуы, кен өндірудегі жерлердің әрдайым игерілуі және игерілгеннен кейін бұзылған жерлерді қайтадан қалпына келтірілуі; рекультивациялау, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін жою жұмыстары міндетті түрде қарастырылуы тиіс.

Керекті жағдайларда сұралған учаскенің мөлшері шаруашылық -техникалық көрсеткіштермен салыстырылады немесе құрылыс нормалары және құрылыс жиілігі нормативтерімен салыстырылады.

Берілетін жердің көлемі өндіріс технологиясына сәйкес болуы үшін: өндірістік алаңдарының территориялық орналасу типтік жобалары, ішкі жолдар, коммуникациялардың орналасуы, тағы басқа жақтары түгел қаралуы керек және кұрылысты жүргізу кезеңдері анықталуы тиіс.

Тау-кен өндірісін орналастыру іргелес шаруашылықтардың мүддесін есепке ала отырып орындалады. Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын іргелес орналасқан жер иелерімен және жер пайдаланушылардың жерді пайдалануда және өндіріс жүргізуде ыңғайсыздыққа және қиындыққа шалдықпауларын ескеру керек.

Пайдалы қазбалы кендер үшін жер бөліп беру барысында карьерлердің, анықталған жыныс үйінділерінің, қалдық сақтағыштардың, жинағыш буландырғыштар, шахта жолдары, байыту комбинаттарының және т.б. келешектегі аудандарын және орналасу орындарын анықтайды. Кұрылыс объектілері жоспарлы-картографиялық материалдарға енгізіледі. Тау-кен өнеркәсіптері үшін жер учаскелерін беру олардың жүзеге асуының кезектілігін есепке алу мен жүзеге асырылады және шектес жатқан жер пайдаланушыларға қолайсыз, қиындық жағдайлардың пайда болмауы ескеріледі.

Мұнай-газ игерілетін жағдайларда көбінесе жер учаскелері бұрғылау ұңғымаларына, инженерлік коммуникацияларға, мұнай-газ игеруге қызмет етуіне, өнімді тасымалдауға беріледі. Жер өндірістік алаңдарға өте тығыз нормативтік мөлшерлермен беріледі.

Бұл талапты орындау үшін өндірістік технологияны есепке алуы тиіс:

Өндіріс аландарының ішкі құрылысының типті жобалары;

Кіру жолдарының, инженерлік коммуникациялардың орналасуын пайдалану керек;

Кұрылыс жүргізу кезегін;

Шаруашылықтың жер бөлу мерзіміндегі және перспективалық
өндірістік қуаттылығын есепке алу керек.

Мұнай-газ өндірісіне берілетін жер учаскелерінің мөлшерін анықтау және негіздеу бекітілген жер бөлу нормативтері және жобалау техникалық құжаттамалары арқылы орындалады.

Мұнай-газ өндіруге жер учаскелері әкімшілік органдармен беріледі. Ол үшін жер сұраушыда “Кен өндіруге орнын бөлу” актісі және берілген жерді рекультивациялау және қолданудан қайтарылған учаскелерінің құнарлылығын қайта орнына келтіру жайында жұмыс жобалары болулары керек. Жер бөлу кен өндіруді игеру кезеңіне байланысты орындалады.

Ірі су шаруашылыгы құрылыстары мен су қоймаларына жер


бөліп беру – шаруашылық аралық жерге орналастырудың ең күрделі міндеттерінің бірі. Бұл – бірқатар жағдайларға байланысты.

Біріншіден, ірі ауданды алқаптардың су астында қалуы.

Екіншіден, жасалған су қоймаларының айнала ортаға, шектес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарға, олардың өндірісіне, әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне байланысты.

Осы ықпалдардың салдарына қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру мәселелері қарастырылады. Олардың ішінде: ауылшаруашылық айналымынан тыс қалған жерлерді қарастыру; тұрғындарды, көптеген өндірістік қүрылыстар мен мәдени-тұрмыс объектілерін көшіру; су баспаған, бірақ қауіп төніп тұрған территорияларды инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету; межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.

Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер
ететін территория бірқатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона - су астында қалатын немесе мезгілімен су басып, пайдалануға жарамсыз қалған территория. Бұл зонаның межелері судың нормалды биіктігіне шығатын жаға сызығымен белгіленеді. Жер асты суы көтеріліп кеткен және соған байланысты пайдалану жағдайлары күрт нашарлаған территория. Жер астындағы судың көтерілуінің салдарынан бұл территория тым ылғалды болып, батпақтанып кетуі мүмкін. Сондықтан ол ауылшаруашылық дақылдарды өсіруге, мал жаюға жарамсыз болып қалады. Сонымен бірге бұл ғимараттар басқа да құрылыстардың жылдам тозып құлап қалуына себеп болады. Жер асты суы көтерілетін зонаның сыртқы межелері ауылшаруашылық алқаптар орналасқан жерлерден - 1м селолық елді мекендер мен бау-бақшаларынан - 2м қалалардың орналасуынан - Зм төмен биіктікте өтетін горизонталь бойынша белгіленеді.

Жағалардың өзгеру зонасы – жаға бойындағы толқынмен әлсін-әлсін шайылып және осыған байланысты өзгеріп отыратын территория. Жоба бойынша оның жалпақтығы жағалардан 100 метрдей алынады.

Тайыз су зонасы – тереңдігі 2 м аспайтын су қоймасының акваториясы. Бұл зона әртүрлі ауруларға қарсы санитарлық шараларды жоспарлау, сонымен бірге ауылшаруашылығында пайдалануға қолайсыз немесе пайдалануға мүлде келмей қалған жерлер (көлемдері тым кішкентай, аралдар т.с.с)

Аталған зоналардың барлығы су қоймасының жоғары бетіне жатады.

Өзеннің жайылмасының құрғауына байланысты суармалы шабындықтардың аудандары едәуір қысқарады. Осының салдарынан жергілікті фауна мен флора кулдырайды, ал межелес орналасқан шаруашылықтардың өндірістік жағдайлары нашарлап кетеді.

Гидротехникалық қажеттіліктерге жер бөлу жерге орналастыру жұмыстары гидрожүйені жобалау кезеңдерімен бірге немесе өзара сәйкестендіре қарастыра отырып, орындалады. Берілетін жерлер 1:2 500 немесе 1:10 000 масштабтағы планда көрсетіледі. Межелер жүргізілгеннен кейін массивтің жалпы және жеке алқаптардың аудандары есептеліп, эрбір жер санаттары бойынша облыс, аудан және жер иеленушіліктер бойынша экспликация жасалады. Сонымен бірге – планға жер асты суы көтерілетін жерлердің межелері де түсіріліп, олардың аудандары жер иеленушіліктердің қарамағында қалдырылады.

Басқа аймақтардың көлемінде қорғау шаралары жоспарланады. Бұл құнды жер учаскелерін, елді мекендерді, өндірістік объектілерді сақтап қалу мақсатымен жер үйінділері мен бөгеттер жүйесін жобалауды қамтиды. Көп қаргдеат талап ететіне қарамастан бул шаралар кейбір жағдайларда өте тиімді болуы мүмкін.

Гидротехникалық қажеттіліктерге жер бөлуде көптеген ауылшаруашылық алқаптарын су басып, бұрынгы пайдаланудан шығарылады, сондықтан ауылшаруашылық өндірісінің шеккен шығындары, жер иеленушілер мен пайдаланушыларға келтірілген залалдардың түрлері, көлемдері және өтеу жолдары анықталады.

Үшінші топқа темір және автомобиль жолдарының, электр
жүйелерінің, каналдардың, қүбырлардың т.с.с. жер пайдаланулары жатады. Бұнда жерді үнемдеу мәселесі аталган объектілердің ұзындығын барынша қысқарту арқылы шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5 мың га бөлініп отырады.

Сызықтық обьектілердің кұрылысы үшін жер учаскелерінің аудандары тиісті жер бөліп беру нормалармен есептелініп, жобаланады. Автомобиль жолы кұрылысы үшін жер бөліп беру жобасында жер жолағының ені (тұрақты және уақытша пайдалануға алынатын) жолдың техникалық категориясына және оның үйіндіде немесе ойындыда орналасқандығына байланысты жер бөліп беру нормасымен анықталады. Құрылыстың жеке жобасына сәйкес тұрақты бөлінген ауданға салынатын жол және қорғайтын орман көшеттері астындағы жер учаскелері, ал уақытша бөлінген ауданға


қапталдағы резервтер мен кюветтер астындағы учаскелер кіреді.

Автокөліктердің қозғалыс қарқындылығына байланысты, эко жүйелердің табиғи тепе-теңдігі бұзылған жағдайда және жерлердің сапасы төмендегенде автожол маңы жолағына теріс әсер ету зонасы орнатылуы мүмкін.

Электр жүйесі сызығының астына жер бөліп беру жобасында, кернеулігі 1000 В жоғары электр жүйесі сызықтарының бағаналары астына бөліп берілетін жер учаскелері тұрақты пайдалануға алынуы белгіленген. Бағаналар астына алынатын аудан жер бөліп беру нормасымен белгіленеді. Ол сызық кернеулігіне және бағана түріне байланысты. Уақытша пайдалануға бағаналарды жөндеу үшін олардың айналасына бөліп берілген жер учаскелері және электр жүйесін ұзындығымен бойлай жер жолақтары жатады.

Радиосызықтық байланыс жүйелері, кабель және т.с.с. объектілерге жер бөліп беру жобасында арнайы құрылымды күшейту пункттері түйін тармақтарын орналастыру үшін тұрақты пайдалануға жер учаскелерін беру белгіленген (күшейту пункттері, жүйелік байламдары және т.б.), ал уақытша пайдалануға уақытша құрылыстар үшін жер учаскелері және монтаждау үшін жер жолақтары бөлінеді.

Жер асты құбыры магистралі үшін жер бөліп беру жобасында, тұрақты пайдалануға қорғаныс арматураларды орналастыру үшін жер учаскелері бөліп беріледі, уақытша пайдалануға құбыр ұзындығын бойлай жолақтар беріледі.

Жер асты су құбырлары магистралін орналастыру үшін тұрақты пайдалануға құдықтар мен қиылысу камераларын орналастыру үшін жер учаскелерін беру, уакытша пайдалану бойынша - су тасығыш магистральдарға жер жолағын беру белгіленген.

Магистраль каналдар үшін жер бөліп беру жобасында (суару, құрғату, су жинағыш-тасығыш, коллектр-дренажды) тұрақты және уақытша пайдалануға жер жолағын беру белгіленген. Жер жолағының ені каналдың параметрлеріне байланысты бөліп беру нормасы бойынша анықталады. Каналдың жағасына қорғану немесе қорғау зоналарын орнату мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет