Элективті пәндер каталогы


Кәсіпорындардың және фирмалардың бағалы қағаздар портфелін басқару



бет13/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Кәсіпорындардың және фирмалардың бағалы қағаздар портфелін басқару


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Студенттерге бағалы қағаздар портфелін құру негіздерін оқыту, инвестициялау принціптерін қарастыра отырып, қор нарығында бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруда тиімді инвестициялау әдістемесін білу.

Қысқаша мазмұны: Бағалы қағаздар портфелі түсінігі, оның мазмұны. Бағалы қағаздар портфелін басқару. Баға қағаздардың инвестициялық сапасы портфелдік инвестициялау обьектісі ретінде. Бағалы қағаздар портфелімен байланысты тәуекелдерді бағалау. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырумен байланысты операциялардың түрлері. Бағалы қағаздар портфелінің мониторингі. Портфелдік стратегиялар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бағалы қағаздар портфелін құрудың негізгі моделін, портфелдің инвестициялық сапасын сандық бағалау, инвестициялық стратегияның тиімділігін бағалау әдісін білу.

Икемділік: Бағалы қағаздар портфелін құрады, оларды тактикалық басқарады, өзінің инвестициялық стратегиясының тиімділігін анықтауға епті.

Дағды: Инвестициялық портфельді құруда фундаментальды талдауға, бағалы қағаздар портфелін оперативті басқаруда техникалық талдауға дағдылы.

Құзіреттілігі: Бағалы қағаздар портфелін құру, талдау кезіндегі практикалық қызметте базалық білімді қолдануды көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құрманбекова Г.А.

28

BIN 0328

Биржа ісінің негіздері

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Қаржы нарығы-биржа саласындағы жұмыстар үшін теориялық білім мен дағдыны меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Ұйымдасқан нарық түсінігі. Биржа саудасының айырмашылық қырлары. Биржа саудасының дамуы. Қазіргі биржаның қызметі. Биржа түрлері. Биржа жіктелімінің белгілері. Биржа және биржалық инфрақұрылымды ұйымдастыру. Биржа қызметін реттеу. Биржа қызметін мемлекеттік реттеу. Биржа нарығын өзін-өзі реттеу. Биржа ішіндегі нормативті актілер. Биржалық тауар. Тауар биржасындағы биржалық тауарға сипаттамаБағалы қағаздар — биржалық тауар. Валюта тауар ретінде. Бағалы қағаздар нарығы. Биржа саудасына іргелі талдау. Іргелі талдаудың негізгі бағыттары (блок) мен жабдықтары. Биржа мүшелері мен құрылтайшылары. Биржаны басқару органдары. Брокерлік қызмет. Дилерлік қызмет. Биржа саудасына қатысушылар. Биржа саудасын жүргізу механизмі. Биржалық тауар мәмілесі туралы түсінік. Клиринг және есептесу. Клиринг және есептесу жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Биржалық баға белгілеу. Аукциондағы бағаны белгілеу. Бірыңғай баға белгілеу әдісі. Фьючерлік сауда және келісім-шарт. Туындаудың себептері мен тарихы. Сатып алу-сатудағы фьючерлік келісім-шартта фьючерлік мәмілені пайдалану және жасалу тәртібі. Хеджирлеу. Жіктелімі және оның түрлері туралы түсінік. Биржалық алыпсатарлық. Хеджирлеудің техникасы мен стратегиясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Биржалық сауда жүргізудің айырмашылықтары мен теориялық негіздерін білу.

Икемділік: Брокерлік қызмет көрсете білу.

Дағды: Биржалық сауда жүргізу дағдыларын меңгеру.

Құзіреттілігі: Базалық білімді брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуде, биржалық ойын негіздерін меңгеруде, биржа нарығында операцияларды жүзеге асыруда көрсету

Бағдарлама жетекшісі: Акишева Д.М., Омарова А.К.

29

IShTB 0329

Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалу

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың теориялық негіздерін, құрылымын, практикада қолдану әдістемесін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау түсінігі, мақсаттары мен принциптері. Инвестициялық шешім қабылдау процесі. Инвестициялық жобалардың ақшалай ағымдары. Үздіксіз және үздіксіз емес инвестициялық жоболар. Инвестициялардың тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаның негізделуі. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалаудың динамикалық әдістері. Шекті бюджет кезінде инвестициялық жобаларды таңдау. Жобаның қаржылық бағалауы. Баланс өтімділігін бағалау.


Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Инвестициялық қызметті басқарудың қазіргі әдістері жүйесін, теориялық негіздерін және инвестициялық шешімдердің ерекшелік-терін білу.

Икемділік: Талдау нәтижелеріне қорытынды жасауға қабілетті және санды, сапалы инвестициялық шешімдер қабылдау бойынша шаралар өңдеуге епті.

Дағды: Нақты инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштерін есептеуге және инвестициялық жобалардың сезімділігін талдауға дағдылы.

Құзіреттілігі: Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау бағытында базалық білімді және оны практикада қолдануды көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Акишева Д.М., Омарова А.К.

30

HBKN 0330

Халықаралық бағалы қағаздар нарығы


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Халықаралық бағалы қағаздар нарығының құрылымын, теориялық негіздерін, экономикалық қатынастағы ХБҚН мәнін, ХБҚН сипаттамалық ерекшеліктерін, халықаралық эмиссия мен шетелдік эмиссия, басқа елдердің ұлттық нарығына шетелдік шығарылыммен бағалы қағаздардың шығарылуын т.б. зерттеу


Қысқаша мазмұны: Халықаралық бағалы қағаздар нарығының ғылыми ұйымдастыру негіздері. Қор нарығы құрылуының заңға сәйкестігі. Әлемдік кеңістікте бағалы қағаздар нарығының алғашқы және екінші реттелуі. Халықаралық құнды қағаздар нарығы. Бағалы мемлекеттік қағаздар шетелдерде. Әлемдік нарықтың бағалы қағаздар-ға конъюнктурасы. Шетелдерде брокерлік фирмаларды ұйымдастыру қызметі. Биржалық саудаға халықаралық қатысушылар. Халықаралық биржа саудасының механизмдері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Экономиканың бір саласынан басқасына өзекті құралдарды қайта бөлу мен тиімділік жүйесін, евроакциялар және еврооблигация-лармен сауда, әлемдік нарыққа қатысушылардың өзара қарым-қатынасын білу.

Икемділік: Нарықты тұтастай қайта қарауға нақты тапсырмалар мен басты индекстер ұстанымын өзгерте білу.

Дағды: Әлемдік нарыққа қатысушылардың іскерлік өзара қарым-қатынасын, яғни қашықтықты меңгеру үшін жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге мәжбүрлеу дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Ақпараттық шеңберде, халықаралық қауымдастықтағы бағалы қағаздар нарығын кез келген қаржылық институттарда базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшісі: Құрманбекова Г.А., Омарова А.К.


Барлық білім беру траекторияларына


31

SS (3302) 0331

Салық және салық салу


Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит.

Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқытудың мақсаты: Салық салудың теориялық негіздерін, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптарын, экономиканы реттеудің салықтық құралдарын және оларды қолдану мүмкіндігін, елдегі салық реформасы мен Қазақстанның салық заңдылығының негізгі концепцияларын кешенді оқыту.

Қысқаша мазмұны: Салық және салық салу пәнін оқытудың пәні мен әдістері. Салық жүйесінің экономикалық мазмұны, құрамы мен құрылымы, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары, алымдар және оның салықтар, баждар, төлемақылардан айырмашылығы. Қазақстанның салық жүйесіндегі алымдар және оның аймақ бюджетін қалыптастырудағы ролі. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде тура және жанама салықтардың қызмет ету ерекшеліктері. Меншікке салықтар сипаттамасы, салық салу принціптері, салық жүйесін құрудағы олардың ролі. Қазақстанның салық қызметінің құрылуы және дамуы, құқықтық аспектілері. Салық саясатының негізгі бағыттары және салық қызметі формалары. Салықтық өндірістің экономиканың даму ерекшеліктерімен өзара байланысы. Салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Салық салудың экономикалық мазмұнын, функциялары мен принціптерін, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасу тарихы мен даму этаптарын, салық реформаларының негізгі концепцияларын, салықтық менеджменттің мазмұны мен ұйымдастыру негіздерін, салық салудың құқықтық негіздерін, салықтарды есептеу әдістері мен төлеу формаларын оқытады.

Дағды: Салық салу принціптерін, практикада салықтық өндірісті жүзеге асыру тәртібін біледі.

Қабілеті: Салықтық өндірісті жүзеге асыру мен салық жүйесінің даму бағыттарын анықтауда салықтық процесті басқаруды ұйымдастыруға қабілетті.

Құзіреттілігі: Салықтық процесті басқару облысындағы және салықтық механизмді оңтайландыру бойынша базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ибраева А.К., Акишева Д.М.


32

IKN (3305) 0332

Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит.

Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқытудың мақсаты: Кәсіпорынның инвестициялық қызмпетін іске асыру бойынша бағдарламалар мен жобаларды құру бағыттарын, макро-микро деңгейде инвестициялардың ролі мен мәнін, капиталды салымдарды қаржыландыру қайнар көздерін және оптимальды инвестициялық портфельді таңдауда компанияның тиімді саясатын таңдауды оқытады.


Қысқаша мазмұны: Инвестицияның экономикалық мазмұнын, ұғымы мен типтерін, белгілерін, инвестициялық қызмет, заңдар, инвестициялық қызметтің дамуының маңызды мәселелерін, инвестициялық жоба, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және несиелендіру механизмін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістерін оқытады.

Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Компанияның инвестициялық қызметін өңдеу процесін, инвестициялық ресурстардың тиімділігін және инвестициялық жобаларды қаржыландыру қайнар көздерін, макро-микро деңгейде компанияның инвестициялық саясатының бағыттарын анықтауды біледі.


Дағды: Инвестициялық қызмет облысында кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру мен дамытуға қабілетті.

Құзіреттілігі: Кәсіпорынның инвестициялық саясатын анықтаудағы базалық білімдерді және Қазақстан Республикасы аймағында инвесторлардың қызметін жақсарту бойынша шаралар өңдейді..

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ибраева А.К., Акишева Д.М.

33

KM (4306) 0333

Қаржылық менеджмент


Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит.

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқытудың мақсаты: Кәсіпорын қаржыларын басқарудың теориялық және практикалық негіздерін және кәсіпорында қаржылық менеджментті дамыту перспективаларын, қаржы-шаруашылық қызметті қаржылық қамтамасыз ету формалары, әдістері мен принціптерінің жиынтығын, компанияның қаржыларын басқарудағы нарықтық жолдарды көрсетеді.

Қысқаша мазмұны: Қаржылық менеджменттің негізгі базалық концепциялары. Капитал құрылымы және дивидендтік саясат. Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдерді басқару. Операциялық тетік эффекті, қаржылық тетік эффекті. Инвестициялық жобаның ақшалай ағымын болжау. Капитал салымы бюджетін оңтайландыру. Айналым активтері мен қысқамерзімді міндеттемелерді басқару. Қаржылық жоспарлау және болжау. Ағымдағы активтерді басқару. Корпорацияны қайта құрылымдау: қосылу, бөліну, жойылу. Трансұлттық корпорациялардағы халықаралық қаржылық менеджмент.

Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қаржылық менеджментті ұйымдастыру негіздерін, принціптерін, кәсіпорын қаржыларын басқару әдістерін оқытады.

Дағды: Түрлі әдістерді қолданып қаржылық ағымдарды басқарады, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бағалау мен талдау жүргізеді.

Қабілеті: Қазақстан Республикасы аймағында кәсіпорын қызметін жақсартуға әсер ететін қаржылық менеджменттің әдістерін қолдануға қабілетті.

Құзіреттілігі: Қаржылық ағымдарды басқарудағы базалық білімдерді және кәсіпорынның қаржылық қызметін жетілдіру бойынша әдістер мен тәсілдерді қолдануға қабілетті.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құрманбекова Г.А.

34

BI (3303) 0334

Банк ісі


Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит.

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқытудың мақсаты: Пәннің мақсаты банк ісі дамуының теориялық аспектілерін кешенді зерттеуге бағытталған. Ақшалай, несиелік-есептік және валюталық қатынастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында несиелік-банктік жүйенің қызмет етуінің заңдылық және нормативтік актілерін практикада қолдануды реттейтін сұрақтарды қарастырады.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасы банк жүйесін құру және дамыту. Маманданған несие-қаржылық институттар, олардың типтері, қызмет ету ерекшеліктері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты. Банктердің қызметін пруденциалды реттеу. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті және активті операциялары. Банктердің қаржылық қызметтері. Қысқамерзімді және ұзақмерзімді несиелендіруді ұйымдастыру. Нарықтық қатынастар жағдайында қарыз алушылардың несие қабілеттілігі – несиелерді басқару ретінде. Банктік маркетинг және менеджмент.

Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Коммерциялық банктердің несиелік, депозиттік, есептік-кассалық және басқа да операцияларын жүргізудің теориялық негіздерін, сондай-ақ ҚР территориясында банктік операцияларды өткізу механизмі мен нормативті заңды актілерді жалпылауға негізделген.

Дағды: Банк ісі облысында кәсіби қызығушылықты қалыптастыру, түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешуде аналитикалық ойды дамыту.

Қабілеті: Тиімді қаржы-несие жүйесін құруда түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешуде аналитикалық ойды дамытуға қабілетті. Банк жүйесінің дамуына талдау және баға беру.

Құзіреттілігі: Банк ісі облысында студенттерде кәсіби қызығушылықты танытуға, жеке экономикалық ойды қалыптастыру, теориялық білімді практикада қолдану, сапалы шешімдер қабылдау бойынша шаралар өңдей білуге қабілетті.

Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми Кенесінің отырысында бекітілді

Хаттама № __ от «__» ________ 2012 жыл
Шәкәрім атындағы СМУ ОӘК отырысында бекітілді

Хаттама № __ от «__» ________ 2012 жыл








Келісілді:

ҚЭФ деканы ________ М. Толымгожинова

(қолы ) (Аты-жөні)


АСД мүдірі ________ М. Смирнов

(қолы) (Аты-жөні)


«Қаржы» кафедрасы-

ның меңгерушісі ___________ С. Масалимова

(қолы ) (Аты-жөні)









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет