Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Кадрларды орналастыруда негізгі мәліметтерге жататындар



Pdf көрінісі
бет38/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132
oku kural personald baskar

Кадрларды орналастыруда негізгі мәліметтерге жататындар: 

Қызметтік мансаптың үлгісі 

Кәсіпорын философиясы 

Еңбек туралы кодекс 

Аттестациялық комиссияның құжаттары 

Қызметкерлердің өзара шарттары 

Штаттық кесте 

Қызметтік нұсқаулар 

Қызметкерлердің жеке шаруалары 

Еңбекақы төлеу ережелері 

Кадрларды орналастыру жайлы ережелер. 
Кадрларды жалдау әдістері мен көздері. Ұйымға жаңа жұмыскерлерді қабылдау 
қажет болғанда екі мәселе туындайды: 
- әлеуетті жұмыскерлерді қайдан іздеуге болады 
- өтініш берушілерге бар орындар жайында қалай хабарлауға болады. 
Оларды жинақтаудың мүмкін болатын екі көзі бар: 
- ішкі конкурс 
- кәсіпті біріктіру 
- алмастыру. 
Кадрларды жинақтаудың сыртқы көздеріне ұйымда жұмыс істеуге қабілетті, бірақ 
дәл қазір істемейтін адамдардың анықталмаған саны жатады.Кадрларды жұмыспен қамту 
орталықтары арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздеуге болады. 
Кадрларды сұрыптау.Ұйымның келешек қызметкелерін іріктеудің негізгі деп 
үміткерлерді сұрыптау кезеңін түсінеміз. Бұл кезеңнің мазмұны көп жағдайда ұйымның 
дәстүріне, мәдениетіне, қызметтің сипатына байланысты болады. Кәсіпорынның болашақ 
қызметкерге қоятын талаптарына сәйкес болуын байқау үшін іріктеудің бірінші кезеңі 
үміткерлердің тізімін талдаудан басталады. 
Келесі кезеңде кадрлар бөлімі іріктеп алынған үміткерлерімен жеке әңгімелесу 
жүргізеді. Бұл әңгімелесудің мақсаты үміткердің тамаша қызметкер суретіне сәйкестік 
дәрежесін анықтап, оның қызметтік нұсқаулар талаптарын орындау қабілеттілігін, кәсіби 
өсу және даму әлеуетін, ұйымда бейімделу қабілетін, еңбек ету шарттарын орындау, 
жалақы төлеу мәселелерімен келісетінін анықтау. Әңгімелесудің ең маңыздылығы ол екі 
жаққа да тиісті үдеріс болғандықтан, ұйым үміткерді бағалап қана қоймай, үміткер де 
ұйымды оның жеке көзқарасы мен сұранымына сәйкестігі тұрғысынан бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет