Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Жұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады



Pdf көрінісі
бет37/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132
oku kural personald baskar

Жұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады: 
- бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау 
- үміткерлерді іріктеп алу 
- үміткерлерді сұрыптап алу 
- жұмысқа қабылдау. 
Жұмысқа үміткерлерді іріктеу үдерісін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан 
басқа берілген лауазымды жұмысты тинақты орындау үшін керек болатын талаптардың 
сипаттамасы көрсетілген іс қағаздары болуға тиісті: 
- мамандық картасы 
- біліктілік картасы (тамаша қызметкердің суреті). 
Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық карта төмендегідей 
мамандықтың сипаттамасынан тұрады: 
- жалпы білімі 
- арнайы білімі 
- шет тілін білуі 
- компьютерде жұмыс істей білуі және т.б. 
Жеке басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін анықтау үшін біліктілік 
картасын жасайды.Біліктілік дегеніміз адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі 
бір функцияны орындау қабілеттілігі, мінез-құлқының және әлеуметтік рөлінің түрі. 
 
 
2. 
Кадрларды жинақтау және қабылдау. Кадрларды жинақтау үдерісіне әсер 
ететін факторлар. Барлық жұмыс орындарына үміткерлерді қабылдаудағы жұмысшы 
күшін жинақтау ішкі факторларға байланысты,соның ішінде: 
- зейнеткерлікке шығу 
- өзара шарт мерзімінің аяқталуы 
- өндірістік іс-әрекеттер бағыттарының өзгеруі 
- кадрлардың қысқаруы. 
Сыртқы факторларға жататындар: 

Үкіметтік және кәсіподақтық шектеулер 

Жұмысқа қабылдауда жіктеулерге тиым салатын заңдар 

Жұмысшы күші нарығына бағыт алу 

Жұмысшы күшінің құрамы 

Ұйымның орналасқан жері. 
Мансапты таңдау үдерісі. Жоспарлы қызметтік мансапты, персоналдың еңбегіне 
ақы төлеу мен шарттарын кешенді бағалау арқылы персоналды жұмыс орнына дұрыс 


34 
орналастыру арқылы жұмыс орнынын бір-бірімен тиімді алмастыруға болады.Кадрларды 
жоғарлату, орнын ауыстыру, төмендету және жұмыстан босату жұмыскерлерді 
бағалаудың нәтижелері мен олардың өмірлік көзқарасының еңбекақы төлемі шарттарына 
сәйкестігіне байланысты: 

Қызметтік мансапты жоспарлау, жұмыскердің әлеуетін және жеке адамның 
жұмысқа қосқан үлесін бағалау, жасы, өндірістік өтілімі, біліктілігі және бос 
жұмыс орындардың санына байланысты жүзеге асырылады 

Еңбек шарттары мен жалақы, өзара шартта көрсетілген кепілдемелген еңбекақы 
мөлшері мен сыйақы, жұмыс орнын жабдықтау, әлеуметтік игіліктер мен 
кепілдемелер арқылы анықталады 

Кадрлардың жоспарлы түрде жұмыс орнын ауыстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет