Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ


Аралық Қаржылық Ақпарат Бойынша Шолу Шаралары



бет5/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Аралық Қаржылық Ақпарат Бойынша Шолу Шаралары

Кәсіпорынның Ішкі Бақылауын қоса алғандағы Ортасын Түсіну

12. Жылдық және аралық қаржылық ақпаратты дайындауға қажетті болғандықтан, және жоспарлап, келесідей міндеттемелерді орындай алу үшін, аудитордың кәсіпорын мен оның ортасы жайлы түсінігі болуы тиіс:

(a) Ықтимал болатын маңызды бұрыс құрылған мәлімдемелерді анықтап,олардың пайда болу ықтималдылығын қарастыру; және

(ә) Аралық қаржылық ақпарат,барлық маңызды жақтардан және қолданылатын қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес, дұрыс дайындалмаған деген пікір білдіруге негіз болатындай аудитордың назарына ілігетіндей ақпараттарды қарастыру үшін қажетті сұрату түрлері мен сараптама және басқа да шараларды таңдау.

13. АХС 315, Кәсіпорын мен оның Ортасын Түсіну және Маңызды Бұрыс Мәлімдеу Тәуекелдерін Бағалау, талап ететіндей, кәсіпорынның бір немесе одан көп кезең аралығында қаржылық есеп беруінің аудитін жүргізген болса, онда ол кәсіпорын және оның ортасы, оның ішінде ішкі бақылауы жайлы түсінікке ие деп саналады, себебі, бұл аудит жүргізуге қажетті жылдық қаржылық ақпаратты дайындауға септігін тигізеді. Аралық қаржылық ақпарат бойынша шолу жоспарын дайындауда,аудитор түсініктерін жаңартып отырады. Сонымен қатар, аудитор ішкі бақылау туралы толық түсінігін алады, себебі ол аралық қаржылық ақпарат дайындауға қажетті саналады және оның ішкі бақылаудан ерекшелігін көрсетеді, ал бұл өз кезегінде, жылдық қаржылық ақпаратқа әсерін тигізеді.

14. Аудитор кәсіпорын және оның ортасы жайлы түсінігін, оның ішіндегі ішкі бақылауды қоса алғандағы ақпаратты, қандай сұратуларды ,сараптамалық және басқа да шараларды қолдануды анықтау үшін және сұратулар немесе сараптамалық немесе басқа да шаралар қолданылуы тиіс ерекше жағдайлар,транзакциялар немесе бекітілімдерді белгілеуге пайдаланады.

15. Кәсіпорын және оның ортасы, оның ішінде ішкі бақылау бойынша түсінігін жаңарту кезіндегі аудитор орындайтын шаралар, келесілерді қамтиды:

• Аудитордың ағымдағы жылдың аралық қаржылық ақпараттына әсер ететін мәселелерді анықтау үшін, аңғымдағы және есеп жылының аралық кезең(дерінің) алдыңғы жылындағы аудит пен аралық кезең(дер) шолуларының құжаттамаларын қажетті мөлшерге дейін оқу.

• Алдыңғы жылдың қаржылық есеп беруі бойынша жүргізілген аудит кезінде анықталған,кез келген маңызды тәуекелдерді, соның ішінде басқару құралдарын дұрыс қолданбау бойынша басқару тәуекелдерін қарастыру.

• Жылдық жаңа және салыстырмалы алдыңғы кезеңдер бойынша дайындалған аралық қаржылық ақпараттарды оқу.

• Аралық қаржылық ақпаратқа жасалған бұрыс мәлімдемелер әсерін бағалап, орындалатын шаралардың сипаты мен ауқымын анықтауға көмегін тигізуіне қатысты болғандықтан, қолданылатын қаржылық есеп берудің құрылымы бойынша маңыздылық деңгейін қарастыру.


  • Бұрынғы жылдың қаржылық есебіндегі кез келген түзетілген елеулі бұрмаланулар мен анықталған түзетілмеген елеусіз бұрмаланулар мәнін қарастыру.

    • Маңызды қаржылық есеп пен есептеме мәселелерін, созылмалы маңыздылық, мысалы ішкі бақылаудағы маңызды жетіспеушіліктің болу мүмкіндігін қарастыру.

    • Ағымдағы жылдың қаржылық есебіне қатысты жасалған кез келген аудит рәсімдерінің қорытындысын қарастыру.

    • Басқарма қабылдаған кез келген ішкі аудит пен кейінгі іс әрекеттер нәтижесін қарастыру.

    • Айлакерлік нәтижесінде аралық қаржылық ақпаратының елеулі бұрмалану мүмкіндігі тәуекелділігін бағалаудағы басқарманың нәтижесі туралы басшылықтың тексерісі.

    • Ұйымның іскерлік әрекеттерінде болған өзгерістердің әсері туралы басшылықтың тексерісі.

    • Ішкі бақылаудағы қандай да бір маңызды өзгерістердің және осы өзгерістердің аралық қаржы ақпаратының дайындық процесіне ықтимал әсері жөнінде басқарманың тексерісі.

    • Аралық қаржы ақпаратының дайындық процесін басшылықтың тексеруі, сонымен қатар аралық қаржы ақпаратының келісілгендігі немесе жарасқандығы жөнінде негізгі есеп жазбаларының сенімділігі.

16. Аудитор шолу рәсімдерінің мәнін айқындайды, егер бар болған жағдайда дайындалған компоненттердің қайда енгізілетінін, және осы мәселелерді шолу барысындағы басқа аудиторларға хабарлайды. Қарастырылатын факторлар: елеулілік, бұрмалану тәуекелділігі, компоненттердің аралық қаржы ақпараттары, ішкі бақылауға қатысты жүйелі немесе жүйесіз ақпараттың дайындалу барысында аудитор түсінігі.

17. Аралық қаржы ақпаратын шолу рәсімін жоспарлау мен орындауда, жаңадан тағайындалған аудитор, АХС стандартына сәйкес жылдық қаржы есебінің аудитін әлі дайындамаған, жылдық және аралық қаржылық ақпаратын дайындау мақсатында ұйым және оның жағдайы, сонымен қатар ұйымның ішкі бақылауы туралы түсінік қалыптастыруы тиіс.

18. Бұл түсінік аудиторға тексеріс барысында, сондай-ақ осы ШКХС стандартына сәйкес аралық қаржы ақпаратына шолуды дайындауда қолданылған басқа шолу рәсімдері мен аналитикалық ойын жинақтауға мүмкіндік береді. Осы ұғымды қалыптастыру бөлшегі ретінде аудитор әдетте алдыңғы аудиторға тексеріс жасайды және алдыңғы жылдың аудиті мен қандай да бір осы жылдың әуелгі аралық кезеңіндегі алдыңғы аудитормен шолынған құжаттарды қайта қарастырады. Сонымен аудитор әлдеқандай түзетілген бұрмаланулар мен алдыңғы аудитормен жиналған түзетілмеген бұрмаланулар, әлдеқандай маңызды тәуекелдіктер, соның ішінде басшылықтың бақылауды елемеушілік тәуекелдігі, маңызды есеп пен есептеме мәселелері, мысалы ішкі бақылаудағы маңызды ақаулықтардың мәнін айқындайды.



Сауалнамалар, Талдамалы және Басқа Шолу Рәсімдері

19. Аудитор қаржы және есеп мәселелеріне жауапты қызметкерлер туралы сауалнама жүргізуі, жасалған рәсімдер негізінде, аудитордың қандай да бір назарына келген аралық қаржы ақпаратының қолданылудағы қаржылық есептіліктің жүйесіне сәйкес дайындалмағанына аудиторды сендіруде себеп болған, аудиторға қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін талдамалы және басқа шолу рәсімдерін дайындауы тиіс.

20. Әдетте шолу есеп жазбаларын тексеру, зерттеу немесе қуаттау негізінде тестілеуді талап етпейді. Әдетте аралық қаржылық ақпаратты шолуды орындау рәсімдері : қаржы және есеп мәселелеріне жауапты қызметкерлер турасында сауалнамалар жүргізумен, талдамалы және басқа шолу рәсімдерін қолданысқа енгізумен ғана шектелген, аралық қаржылық ақпаратына қатысты маңызды есеп мәселелерін қарастыруда алынған ақпаратты растаумен емес. Кәсіпорын және оның жағдайы туралы аудитордың ұғымы, сонымен қатар оның ішкі бақылауы, алдыңғы аудитқа қатысты тәуекелдікті бағалау нәтижелері мен аудитордың аралық қаржы ақпаратына байланысты елеулілік туралы түсінігі жасалған сауалнамалардың негізі мен көлеміне, және қолданылудағы талдамалы және басқа шолу рәсіміне әсерін тигізеді.



21. Аудитор әдетте төменгі рәсімдерді орындайды:

  • Акционерлермен және басқа тиісті ұйымдармен өткізілген мәжіліс хаттамасын оқу, аралық қаржы ақпаратына әсер ету мүмкіндігі бар мәселелерді анықтау, жиналыстарға хаттаманың жетіспеушілігінің аралық қаржы ақпаратына тигізетін әсері туралы мәселелерді анықтау.

  • Бар болған жағдайда, алдыңғы аудит не шолу барысындағы аудиттің өзгертілуі немесе есептемені шолу, есептік түзетулер немесе түзетілмеген бұрмаланулар мәселелерін қарастыру.

  • Ұйымның маңызды компоненттері жайлы есептемесінде аралық қаржылық ақпаратқа шолуды дайындайтын басқа аудиторлармен байланыс орнату.

  • Қаржы мен есептеме мәселелеріне жауапты басқарма мүшелерін анықтау, және басқалары тиісінше төменгідей:

  • Аралық қаржы мағлұматының қолданыстағы қаржылық есебінің құрылымына сай орындалуы мен көрсетілуі.

  • Есеп ережелерінде немесе оларды қолданысқа енгізудің әдістемелерінде кез келген өзгерістердің болуы.

    • Кез келген жаңа рәсімнің жаңа есептік ережелерінің қолданысын қажетті етуі.

    • Аралық қаржы мағлұматында кез келген белгілі түзетілмеген бұрмалаулардың болуы.

    • Ерекше немесе күрделі оқиғалардың аралық қаржы мағлұматына әсер етуі, мәселен, іскерлік бірлестіктер немесе бизнес сегментіне қатысты өкім.

    • Әділ құнды бағалау немесе жариялауға қатысты маңызды болжамдар және басшылық ниеті мен компанияның атынан қызметтердің айқын курстарын өткізу қабілеті.

    • Өзара байланысқан тараптың рәсімдерінің дұрыс есептелуі және аралық қаржы мағлұматында жариялануы.

    • Тапсырма мен шарттық міндеттемелердегі маңызды өзгерістер.

    • Шартты қарыздағы, соның ішінде, соттық іс немесе даудағы, маңызды өзгерістер.

    • Қарыз бойынша келісім шартпен сәйкестілік.

    • Шолу жұмыстарын енгізу барысында қандай сұрақтардың пайда болғандығы туралы мәселе.

    • Маңызды рәсімдердің аралық кезеңнің соңғы бірнеше күнінде немесе келесі аралық кезеңнің алғашқы бірнеше күнінде пайда болуы.

    • Кез келген алаяқтық пен болжанған алаяқтық туралы компанияға қатысты ақпарат, оның ішінде:

  • Басқару;

  • Ішкі бақылаудағы маңызды рөлдегі қызметкерлер; немесе

  • Басқа да жерлердегі айлакерліктің аралық қаржы ақпаратына тигізетін материалдық әсері.

    • Кез келген айлакерлікке айып тағу немесе болжанған айлакерлік туралы ақпарат, қызметкерлер, бұрынғы қызметкерлер, талдампаз, бақылаушылар және басқа тұлғалармен таралған компанияның аралық қаржы ақпаратына әсері.

    • Заң мен ережелерге қатысты қандай да бір нақты не ықтимал сәйкессіздіктің аралық қаржы ақпаратына елеулі әсер етуі туралы ақпарат.

  • Өзара қатынастар мен жеке баптарды анықтау үшін орындалған, ерекше пайда болған және аралық қаржы ақпаратында елеулі бұрмалануды көрсете білетін талдамалы рәсімдерді аралық қаржы ақпаратына қолдану. Талдамалы рәсімдер коэффициенттік саралау мен статистикалық әдістер тренділік талдау не кемімелдік талдаудан құралуы мүмкін және қолмен не компьютерленген құралдармен орындалуы мүмкін. Аралық қаржы ақпаратына шолуды дайындауда аудитор қарастыратын талдамалы рәсімдердің мысалдары осы ШКХС стандартына 2 Қосымшада бар.

  • Аралық қаржылық ақпаратын оқу, және аралық қаржы ақпаратының қолданылудағы қаржылық есептіліктің жүйесіне сәйкес дайындалмағанына аудиторды сендіруде аудитордың қандай да бір назарына келгенін қарастыру.

22. Аудитор бірнеше шолу рәсімдерін кәсіпорынның аралық қаржылық ақпаратының дайындық кезеңінің алдында не бірге орындай алады. Мысалы, кәсіпорын және оның жағдайы, сонымен қатар оның ішкі бақылауы туралы түсінікті іс жүзінде жаңарта білу, және аралық кезеңнің соңына дейін қолданылудағы хаттамаларды оқып бастау. Шолу рәсімдерін аралық кезеңінен бұрын дайындау аралық қаржы ақпаратына ықпал ететін маңызды есеп мәселелерін қарастыру мен анықтауға рұқсат береді.

23. Аралық қаржы ақпаратына шолуды дайындайтын аудитор кәсіпорынның жылдық қаржылық есебінің аудитін де дайындауға тиіс. Қолайлылық және тиімділік үшін, аудитор аралық қаржы ақпаратына шолу рәсімімен қатар қажетті аудитті бір уақытта жасауға шешім қабылдай алады. Мысалы, жылдық аудит үшін директорлар кеңесінде оқылған мәжілістер хаттамаларынан және аралық қаржы ақпаратына шолудан алынған мағлұматтар пайдалы болады. Аудитор аралық шолу кезеңінде жылдық қаржы есебінің аудиті мақсатында аудит рәсімдерін дайындау үшін шешім қабылдай алады, мысалы, ұйымдардың бірігуі, қайта құрылымдау не маңызды кіріс мәмілесі кезеңдерінде пайда болған маңызды не ерекше транзакциялардың аудит рәсімдерін жасау.

24. Аралық қаржы ақпаратына шолу әдетте соттық процесс не бекітуге қатысты сұрақтарды растауды талап етпейді. Сондықтан да ұйымның заңгеріне сұраныс хатты жіберудің қажеті болмайды. Ұйымның заңгерімен соттық процесс не бекітуге қатысты тікелей байланысқа шығу, егерде аудитордың назарында қаржылық есептіліктің жүйесіне сәйкес аралық қаржы ақпаратының орындалмағаны туралы аудиторда сұрақ туындаса және аудитор ұйым заңгерінде қажетті ақпараттың болатынына сенімді болған жағдайда, қолайлы болады.

25. Аудитор аралық қаржы ақпаратының негізгі есеп жазбаларымен сәйкестігі не үйлесімі туралы дәлелді анықтауы тиіс. Аудитор аралық қаржы ақпаратының негізгі есеп жазбаларымен сәйкестігі не үйлесімі туралы дәлелді аралық қаржы ақпаратын қадағалау арқылы анықтай алады:

(a) Есеп жазбалары, бухгалтерлік есептің негізгі кітабы, немесе есеп жазбаларымен үйлесетін біріктірілген кесте; және

(ә) Ұйымның жазбасындағы қажетті басқа да қолдаушы ақпараттар.

26. Аудитор басқарманың барлық уақиғаларын есепті шолу кезеңіне дейін анықтап, оның аралық қаржы ақпаратында өзгертулер мен жариялымдарды талап етуін сұрастыруы тиіс. Аудиторға есепті шолу кезеңінен кейін пайда болған оқиғаларды анықтайтын басқа рәсімдерді орындауы қажет емес.

27. Аудитор басқарманың ұйым қызметін жалғастыра алу қабілетін бағалауын өзгерткені туралы сұрастыруы тиіс. Осы сауалнама не басқа шолу рәсімдері нәтижесінде, аудитор ұйымның қызметін жалғастыра алу мүмкіндігіне маңызды күмән тудыратын оқиғалар не жағдайларды сезіне алғанда, аудиторға қажет:

(a) Басқарманың сауалнамасы, оның қызметті жалғастыруды бағалауға негізделген болашақ әрекеттер жоспары, осы жоспардың орындаушылығы, сондай ақ басқарманың осы жоспар қорытындысының оқиғаны жақсартатынына сенімі; және

(ә) Осындай мәселелердің аралық қаржы ақпаратында жариялану баламалығын қарастыру.

28. Ұйымның қызметін жалғастыру қабілетіне маңызды күмән тудыратын оқиғалар не жағдайлар жылдық қаржы есебінің кезінде пайда болуы немесе басқарма сұранысының нәтижесінде, не болмаса шолу рәсімдерінің орындалу барысында анықталуы мүмкін. Осындай оқиға не жағдайлар аудитордың назарына келгенде, аудитор басқармадан сұраныс орнатады, себебі басқарма болашақ әрекетерді, активтерді тарату, ақша қарызға алу не қарызды қайта құру, шығыстарды азайту не кідірту, капиталды көбейтуді жоспарлайды. Аудитор басқарма жоспарының орындаушылығы туралы да сұраныс орнатады, сондай ақ басқарманың осы жоспар қорытындысының оқиғаны жақсартатынына сенеді. Алайда, аудиторға басқарма жоспарының орындаушылығы және осы жоспар қорытындысының оқиғаны жақсартатынын талап ету әдетте міндетті емес.

29. Аудитордың назарына, аудиторды аралық қаржы ақпаратының орындалуы үшін елеулі түзетулердің қолданылудағы қаржы есебінің жүйесіне сәйкес жасалынуын сұраққа тартатын бір мәселе оралғанда, аудитор қосымша сауалнамалар не аудитордың тұжырымды есеп шолуында көрсете алуы үшін басқа рәсімдер орындауы тиіс. Мысалы, егер аудитордың шолу рәсімдері аудиторды маңызды сауда операциялары қолданылудағы қаржы есебіне сәйкес жазылғаны туралы сұрақ туындаған жағдайда, аудитор қосымша аудитордың сұрақтарын, операция шарттарын бас маркетинг пен есеп кадрларымен талқыламасын, дәйекті шешу үшін қосымша рәсімдер орындайды.

Бұрмалануларды бағалау

30. Аудитор жеке немесе бірге аудитордың назарына келген түзетілмеген бұрмаланулардың аралық қаржы ақпаратына елеулілігін бағалауы тиіс.

31. Аралық қаржы ақпаратының шолуы, аудит міндеттемесімен салыстырғанда, аралық қаржы ақпаратының елеулі бұрмаланулардан тәуелсіз деген дәйекті кепілдікті иелену үшін орындалмаған. Дегенмен, аудитордың назарына келген бұрмаланулар, жеткіліксіз жариялануды қоса, жеке және топтамамен бірге аралық қаржы ақпаратының орындалуы үшін елеулі түзетулердің қолданылудағы қаржы есебінің жүйесіне сәйкес жасалынуын талап ету үшін бағаланады.

32. Аудитор кәсіби шешімді ұйым түзетпеген әлдеқандай бұрмаланулардың елеулігін бағалау үшін қолданады. Аудитор мынадай мәселелерді қарастырады: бұрмаланулардың табиғаты, себебі, көлемі, және алдыңғы не осы жылдың аралық кезеңінде көрінуі мен бұрмаланулардың болашақ аралық не жылдық кезеңге әлеуетті әсері.

33. Аудитор бұрмалануларды топтастырмау үшін жиынтық көлемін төмен тағайындай алады, себебі аудитор осы жиынтық көлемі аралық қаржы ақпаратынына елеулі әсер туғызбайды деп тосады. Осылай аудитор елеулікті айқындау фактісіне қатысты сандық және сапалық қарауларды, және сонда да бұрмаланулардың салыстырмалы аз көлемі аралық қаржы ақпаратына елеулі әсерінің болуын қарастырады.

Басқарма ұсынысы

34. Аудитор басқармадан келесідей жазбаша ұсынысты алуы тиіс:

(a) Оның айлакерлік пен қателіктердің алдын алуы және анықтауы үшін ішкі бақылауды орнату және енгізу жауапкершілігін жариялайтын;

(ә) Аралық қаржы ақпаратының қолданылудағы қаржылық есептілік жүйесіне сәйкес орындалғанын көрсететін;

(б) Шолу барысында аудитормен топтастырылған түзетілмеген бұрмаланулардың әсері елеусіз екені көрсетілген, екеуі де жеке және топпен бірге, жалпылай аралық қаржы ақпаратын алғанда. Осы мәселе нәтижесі жазбасша ұсынысқа кірістірілген не бекітілген;

(в) Әлдеқандай не күдікті айлакерліктерге қатысты, ұйымға ықпал ететін басқармаға белгілі, барлық маңызды фактілер аудиторға жариялайтын;

(г) Айлакерлік нәтижесінде аралық қаржы ақпаратының елеулі бұрмалану тәуекелдік бағаламасының қорытындыларын аудиторға жарияланған;²2

(ғ) Аралық қаржы ақпаратын дайындауда, заң және ережелермен барлық белгілі нақты не болжамды үйлесімсіздіктің әсерлерін аудиторға жариялаған; және

(д) теңгерімнің есеп беру уақытысынан кейінгі және есептемені шолуға дейінгі уақыттағы, аралық қаржы ақпаратына түзетулер не жариялымдарды талап ететін барлық маңызды оқиғаларды аудиторға жариялайтын.

35. Аудитор ұйымның бизнесі не өнеркәсіпке қатысты мәселелерге байланысты қосымша ұсыныстарды иеленеді. Басқарманың кескінді ұсыныс хаты осы ШКХС Қосымшаса 3 -де көрсетілген.



Ақпаратты жинақтауда Аудитордың жауапкершілігі

36. Аудитор басқа аралық қаржы ақпаратын сүйемелдейтін мағлұматтарды оқып білуі және осы мағлұматтардың аралық қаржы ақпаратына елеулі сәйкессіздігін қарастыруы тиіс. Егер аудитор елеулі үйлеспеушілікті анықтаған жағдайда, аудитор аралық қаржы ақпаратының немесе басқа мағлұматтардың түзетілу қажеттілігін қарастырады. Аралық қаржы ақпаратында түзетулер қажет болса, және басқарма түзетулер енгізуден бас тартса, аудитор шолу есептемесіне зардаптарды қарастырады. Егер басқа ақпараттарда түзетулер қажет болса, және басқарма түзетулер енгізуден бас тартса, аудитор шолу есептемесіне елеулі үйлеспеушілікті айқындайтын қосымша тармақты кірістіруді, немесе шолу есептемесінің шығарылуын шегеру не міндеттемеден бас тарту сияқты басқа әрекеттерді қарастырады. Мысалы, басқарма аралық қаржы ақпаратымен салыстырғанда қаржылық жағдайды дұрысырақ бейнелейтін нақты кірістің баламалы өлшемін көрсете алады, және мұндай нақты өлшеулер шектен тыс танымал, анық айқындалмаған, аралық қаржы ақпаратымен үйлеспейтін, шатасқан және әлеуетті алдамшы болып келеді.

37. Аудитордың назарына фактінің елеулі бұрмалануы бар басқа ақпараттың болатындығына аудитордың сенуіне себеп болған бір мәселе оралған кезде, аудитор ол мәселені ұйымның басқармасымен талқылауы керек. Елеулі келіспеушіліктерді анықтау мақсатында басқа ақпараттарды қарастыру кезінде, аудитордың назарына фактінің айқын елеулі бұрмалануы оралуы мүмкін. (аралық қаржы ақпаратындағы мәселелерге қатысы жоқ, дұрыс емес бектіліген не көрсетілген ақпараттар).

Ұйымның басқармасымен мәселені талқылау барысында, аудитор басқа ақпараттың дұрыстығы, және пайым не пікірдің айырмашылығы болатын, және басқарманың білікті үшінші жақпен фактінің айқын бұрмалануын шешу үшін талқылауды талап ететін, аудитордың сауалнамасына берілген ұйымның жауабын қарастырады. Фактінің елеулі бұрмалануын ретке келтіру үшін түзетулер қажет болса, егер басқарма түзетуді енгізуден бас тартса, аудитор үкімет қызметкерлеріне ескерту мен заңдық кепілдемені иелену сияқты келесі әрекеттерді қарастырады.



Қарым қатынас

38. Аралық қаржылық ақпаратына шолуды дайындау нәтижесінде, аудитордың назарына аралық қаржы ақпаратының дайын болуы үшін жасалған қажетті елеулі түзетулерді қолданылудағы қаржылық есеп жүйесімен сәйкесінше жасау туралы мәселе оралған кезде, аудитор осы мәселені тез арада басқарманың тиіс бөлімшесімен байланыс орнатуы тиіс.

39. Аудитордың пікірінше, басқарма белгілі уақыт арасында жауап қайтармаса, аудитор бұл мәселені тиісті өкімет органына хабарлауы тиіс. Байланыс таяу арада ауызша не жазбаша орнатылуы тиіс. Байланысты ауызша не жазбаша орнату туралы аудитордың шешімі мынадай факторларға: қарастырылатын мәселенің табиғаты, сезімталдығы, маңыздылығы, және уақытысына байланысты. Егер де байланыс ауызша орнатылған болса, аудитор оларды қағазға түсіруі қажет.

40. Егер, аудитордың пікірінше, тиісті өкімет органдарынан белгілі уақыт арасында жауап келмесе, аудитор келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:



(a) Есептемені өзгерту; не

(ә) Міндеттемеден бас тарту ықтималдығы; және

(б) Жылдық қаржы есебінің аудитін жасауға тағайындалу қызметінен кету ықтималдығы.

41. Аралық қаржылық ақпаратына шолуды дайындау нәтижесінде, аудитордың назарына заң мен ережелерге қайшы айлакерлік пен үйлесімсіздіктің ұйымда пайда болуына сенімді тудырған мәселе оралған жағдайда, аудитор тез арада басқарманың тиісті бөлімшесіне хабарлауы тиіс. Басқарманыңкеректі бөлімшесін анықтауда, басқарма мүшелері арасындағы қастаңдық не шиеленіс ықтималдығы әсер етеді. Сондай ақ аудитор осы мәселелер жөнінде тиісті өкімет органына есеп берудің қажеттілігін және шолуға кірістіруді де қарастырады.

42. Аудитор аралық қаржы ақпаратын шолудан туындаған өкімет мүддесінің тиісті мәселелерін үкімет қызметкерлеріне хабарлауы тиіс. Аралық қаржы ақпаратына шолуды дайындау нәтижесінде, аудитордың пікірінше маңызды және үкіметке қатысты қаржы есебін қарау мен жариялау рәсімдері мәселелерін қабылдайды. Аудитор осы мәселелерді үкіметке хабарлайды.

Аралық Қаржы Ақпаратына Шолудың Нәтижесі, Көлемі, Негізі туралы Есеп беру

43. Аудитор келесі мәселелерді қамтитын жазбаша есепті дайындауы тиіс:



  1. Тиісті тақырып.

(ә) Міндеттеме жағдайын талап еткен адрес иесі.

(б) Шолынған аралық қаржы ақпаратын анықтау, сонымен қоса аяқталған не қысқартылған қаржылық есеп жинағындағы әрбір сөйлемнің тақырыбын, және аралық қаржы ақпаратымен қамтылған уақыт пен мерзімін анықтау.

(в) Егер аралық қаржы ақпараты жалпы мақсаттағы, қолданылудағы қаржы есеп жүйесіне сәйкес, нақты көріністі алу үшін дайындалған қаржылық есептің толық жиынтығын қамтыса, менеджменттің аралық қаржы ақпаратын қолданылудағы қаржы есеп жүйесіне сәйкес дайындық мен көрсетілім туралы мәлімдеме.

(г) Басқа жағдайда, менеджменттің аралық қаржы ақпаратын қолданылудағы қаржы есеп жүйесіне сәйкес дайындық мен көрсетілім туралы мәлімдеме.

(ғ) Шолуға негізделген аралық қаржы ақпаратының қорытындысын жариялау үшін аудитордың жауапкершілігі туралы мәлімдеме.

(д) Аралық қаржы ақпаратына шолудың Шолу Келісімдер бойынша Халықаралық Стандартына (ШКХС) 2410, Ұйымның Тәуелсіз Аудиторы Орындаған Аралық Қаржы Ақпаратына Шолу, сай орындалғанын көрсететін мәлімдеме, және қаржы мен есеп мәселелеріне жауапты қызметкерлердің сұранысы, талдамалы жене басқа да шолу рәсімдерін енгізу туралы шолуда қамтылған мәлімдеме.

(е) Халықаралық Аудит Стандартына сай орындалған аудитпен салыстырғандағы шолудың аз көлемі туралы, және аудит барысында анықталатын барлық маңызды мәселелерді қарастыру туралы кепілдікті алуға аудиторға мүмкіндік бермейтін және еш аудит пікірі көрсетілмеген мәлімдеме.

(ж) Егер аралық қаржы ақпараты жалпы мақсаттағы, қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес, нақты көріністі алу үшін дайындалған қаржылық есептің толық жиынтығын қамтыса, аудитордың назарына, барлық елеулі жағдайда, аралық қаржы ақпаратының қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сай нақты және толық сипатты көрсетпейтініне сенім тудырған қорытынды ( сонымен бірге қолданылған қаржылық есеп жұйесінің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты болмаған жағдайда, қаржылық есеп жүйесінің негізі болған ұйым не мемлекетке сілтеме).

(з) Басқа жағдайларда аудитордың назарына, барлық елеулі жағдайда, аралық қаржы ақпаратының қолданылудағы қаржылық есеп жүйесіне сай нақты және толық сипатты көрсетпейтініне сенім тудырған қорытынды, ( сонымен бірге қолданылған қаржылық есеп жүйесінің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты болмаған жағдайда, қаржылық есеп жүйесінің негізі болған ұйым не мемлекетке сілтеме).

(и) Есептеме уақытысы.

(й) Аудитор тәжірбиеден өтетін мемлекет не ұйымның мекен жайы.

(к) Аудитордың қолтаңбасы.

Кескінді шолу есептемесі осы ШКХС-ның Қосымша 4-де көрсетілген.

44. Кейбір заң құзіреттерінде, аралық қаржы ақпаратына шолуды бақылайтын заң не ереже 43(ж) не (з) тараудағы сипатталған мәтіннен өзгеше аудитордың қорытындысының мәтініне үкім береді. Сондай-ақ аудиторға үкім берілген мәтінді қолдану мәжбүрленген, осы ШКХС стандартында жазылған аудитордың осы қорытындыға қатысты жауапкершілігі бұрынғыдай болып қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет