І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Жалпы, политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру



бет101/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Жалпы, политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.
Жалпы білім – ғылым негіздерін оқушылардың меңгеруі және нәтижесі. Жалпы білімнің мазмұнына оқу пәндерінің негізгі 3 түрі енеді. Олар:

    • ғылыми-жаратылыс;

    • гуманитарлық;

    • еңбек және дене дайындығы.

Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат заңдылықтары туралы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді.
Гуманитарлық білімдер – тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу өнерлерінің баланың дамуына үлкен ықпалы бар.
Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, дағдыға үйретеді.
Жалпы білім – политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз байланыста болады.
Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін,заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорынға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кедесулер ұйымдастырылады.
Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы білімдер, іскерлік, дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалық білім негізінде беріледі.
Ал материалдық-техникалық негізгі мықты мектептерде өндірістік оқу ұйымдастырылып, оқушылыр кәмелеттік аттестатпен бірге мамандық алып шығады.
Стандарт туралы ұғым. Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұныны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгерілуі тиіс білім, іскерлік, дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгізіледі. Оның көп себептері бар. Солардың бірі – кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиетті стандартталады.
Дене тәрбиесінің стандарттары Президенттік тест негізінде жасалған.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалары ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндігіне сай жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылады.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймақтық ерекшеліктер ескеріледі.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірбиесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинақтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет