І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Білім беру жүйесінің басты міндеті



бет51/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналар,
Ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік- экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. 1992-ж., 1999 – жылы білім, жоғарғы білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекет саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттар бекітілді.
2007 жылы маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнату:
1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық даму мен психофизиологиялық және жеке
бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы
4. Жеке тұлғаның білімнің және дарындылылығының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім плу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына
байланысты әр түрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократия бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұсынуы керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10.Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11.Білім беру саласының информатикаландырылуы.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:

  • оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның шығармашылық , рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;

  • отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;

  • республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;

  • әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын, қазақ және басқада халықтардың салт-дәстүрлерін білу; мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;

  • білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқықын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;

«Білім туралы» заң білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субъектлердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттеріарнайы ескерілген.


Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттарды бірі-Білім берудің Мемлекеттік Стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және рны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның

жағдайын ескеру;
- нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;
- білім беру сапаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының
ережелерін бұзбау;

  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының

  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

  • оқушы жастардың қызығушылығы мен биімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, иектептердің білім мазмұнын көрсету;

  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету;

Білім беру стандартары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орындарында ооқытылатын оқу пәндерінің құрамын оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Бұл орайда мектеп бағдарламасының басқа да (вариативный) түрлері көрсетіледі, ол кейбір мектептерде оқу жоспарының өзгеше түрін құрастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Конципция білім берудің басты үш мақсатын( шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға баянды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды: Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік дағдырларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, синтездеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты конципция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:
- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуды балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;
- жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конститутциялық құқық пен қамтамасыз ету;
- бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;
- жоғар және жоғары оқу орындарына кейінгі білім: орта мектепті , бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.
Жоғарыда айтылған мәселелер: Қазақстан Республикадағы білім беру жүйесінің даму тенденцияларын (бағыттарын) айқындауға:
- Мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіруге;
- Білімнің идеологияландырмауына;
- Білімнің ғылыммен байланыста болуына;
- Оқу орындарын бітірушілерге жоғары талап қоюға;
- Оқу орындарының түрлерін көбейтуге;
- Білімді қаржыландыруға мемлекеттік және басқада табыс көздерін жұмылдыруға көмектеседі.
Осылайша мектеп туралы жүргізіліп жатқан нормативтік құжаттар білім беоу жүйесінің негізгі қызметтерін көрсетеді. Нормативтік құжаттарда бұл жүйенің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалып, даму жолдары көрсетілген. Әлемдегі білім беру жүйесіндегі ауқымды өзгерістер, елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктері, дүнеи жүзілік қауымдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет