I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет117/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   224
24344 (1)

 
(жуады— жуынады, балға-балта, кесе стақан т. б.). Заттың сыртқы 
белгілері бойынша, кейде — функциясы бойынша (ішкі белгілері). 
алмастыру жиі байқалады, әдетте сөздерді мағынасы бойынша алмастыру 
бала тілі дамуының жоғары деңгейімен түсіндіріледі. В. К. Воробьева (1985), 


259 
айтқандай, мағынаның диффуздығы мен алмастырулар зат есімдерге 
қарағанда етістіктерді қолданғанда көрінеді. Балалар синонимам, антоним, 
жалпылама сөздерді қолдана алмайды. Сын есім мен үстеулерді аз 
қолданады. 
Балалардың сөз қоры күнделікті тұрмыстық тақырып аясындағымен 
шектелген, сапасы жағынан толыққанды емес (сөздердің мағынасы орынсыз
кеңейіп, шектелген, олады қолданғанда көптеген қателер байқалады), бала 
сөздердің мағынасын түсіндіре алмай, сөзжасам құралдарын қолдана 
алмайды. 
Сөйлеу тілі көпке дейін кедей болып қала береді, ана тіліне тән емес 
сипатқа ие болады. Н. Трауготттың айтуы бойынша, бала өзінің сөйлеу 
мүмкіндіктерінен есейіп кеткендей болады.
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының ерекшеліктері Н. Н. Трауготт, Р. Е. 
Левина, Б. М. Гриншпун, С. Н. Шаховская, Е. Ф. Соботович, В. А. Ковшиков 
т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. 
Балалар сөздердің жалғау, жұрнақтарын дұрыс қолдана алмайды. Сөздердің 
жалғаулықтарын қоспай тек сөз түбірін ғана қолданады, ойын айтудағы 
сөйлемдердің морфологиялық өңделмеуі байқалады. Олар тіл құбылыстарын 
байқап, талдап және жалпылай алмайды, ойлау арқылы тіл материалы 
бойынша әртүрлі операцияларды жасай алмайды, тіл белгісін түсініп және 
дұрыс қолдануды (белгілі морфеманы, сөзді нақты мағынасымен немесе 
құбылыспен сәйкестеуді) білмейді. Сөздерді өзгертілмеген түрде, ешбір 
флексияларсыз («Кітап, Асан!») айтады және ым-ишара қолданады. Мұндай 
аморфты фразалар, флексияларсыз және грамматикалық үйлестірулерсіз,
тек бір белгілі жағдайда ғана түсінікті болады. 
Сөйлемдердің қалыптасу процесінің ерекшеліктері алалиясы бар 
балаларда дамудың барлық кезеңдерінде кездеседі, әртүрлі аграмматизмдер 
байқалады (экспрессивті аграмматизм — өзіндік сөйлеуінің грамматикалық 
құрылымының бұзылуы, импрессивті — грамматикалық конструкцияларды 
түсінудегі 
қиындықтар): 
құрылымдық 
аграмматизм, 
семантикалық 
аграмматизм және сөйлемдегі сөздердің қате өңделуімен байланысты 
аграмматизм байқалады. 
Құрылымдық аграмматизм дегеніміз, сөйлемдегі сөздердің саны мен 
динамикалық 
кезектілігінің 
бұзылуы, 
сөздердің 
ретінің 
бұзылуы. 
Аграмматизмнің бұл түрі көбінесе сөйлеу тілінің күрделі түрде 
қалыптаспауында байқалады. Бала бір-екі сөзбен ым-ишара қолданып жауап 
береді. Лексикалық-грамматикалық және фонетикалық құралдардың 
жеткіліксіздігінде балада қарым-қатынастың ым-ишара формасының дамуы 
байқалады. Өз ойын жеткізу үшін бала зат есімнің номинативті формасын
септік жалғаусыз қолданады. Грамматикалық құрылымы баяу дамиды, 
сөзжасау мен сөзөзгерту кемшіліктері байқалады, грамматикалық 
категориялар меңгерілмейді, синтаксистік құрылымдар өте қарапайым 
болады. 
Алалиядағы сөйлемдер құрылымының қалыптаспауы ішкі сөз 
операцияларының (сөздерді іріктеп алып ойын айтудың жоспарын құру) 


260 
жетілмеуінің себебінен болады. Бала жеке сөздермен сөз тіркестерін 
қолдануда да қиналады. Сөз операцияларының қалыптаспауы (ойлау, сөз 
материалын бағдарламалау, іріктеу мен талдау) баланың өз ойын лексикалық 
және грамматикалық жағынан дұрыс өңдей алмауы себебінен болады. 
Сөйлемдерді лексика-семантикалық және лексика-грамматикалық жағынан 
өңдеуі қате, онда бала қоршаған ортадағы заттар арасындағы
байланыстардың толықтығын түсінбейді. Бұл семантикалық аграмматизм 
деп бағаланады: сөз мағынасының диффузды түрде кеңеюі, ассоциациялық 
сипаттағы алмастырулар т. б. 
Моторлы алалиядағы тіл белгілерінің жүйесін меңгерудің шектеулілігінен 
және әртүрлі деңгейдегі тіл құралдарының тапшылығынан сөйлеу 
функциясының номинативті және и предикативті функциялары бұзылады.
Алалияда сөйлеу тілі баланың қатынасын, тәртібімен жеке дамуын 
реттейтін толыққанды құралы болып табылмайды.
Балалар жеке сөйлемдерді байланыстырылған әңгімеге қосуда қиналады, 
оларда күрделі аналитика-синтетикалық әрекетті талап ететін мәтінді құрау 
білігі қалыптаспаған болып келеді. Балалардың сөйлеуі түсініксіз, жансақ, 
кідіріп қалады, себеп-салдар және уақыттық байланыстарды ашуға 
қиналады. 
Балалардың диалогтық сөйлеу тілі арқылы қатынастары дамыған 
жағдайдын өзінде, олар байланыстырып сөйлеу тілін меңгеруде қиналады.
Контекстті сөйлеудің қалыптаспауы ішкі жоспардың сыртқы сөйлеуге 
айналдырылмағандығымен байланысты. Әңгімелеулері фрагментті, үзілмелі, 
кезектілігі бұзылған, бір немесе жағдайдың бірнеше логикалық бөлімдерін 
тастап кету, ойдын шашыраңқы болуы байқалады. 
Әңгіменің кезектілігінің бұзылуының себебі эмоционалды фактор болуы 
мүмкін: бұл жағдайда бірінші орынға бала тәжірибесімен байланысты ең 
көрнекті элементі шығады. А. Р. Лурия бұл құбылысты сөйлеу тілінің 
біріншілік ақауы емес, бағдарламалау әрекетінің жалпы белсенділігінің 
бұзылысы ретінде сипаттайды.
Бала заттардың кеңістікте орналасуын білдіретін күрделі логика-
грамматикалық құрылымдарды меңгергенде үлкен қиындықтарға тап 
болады. Әңгімелеудің ретсізділігі, өңдеудің кедейлігі, байланыс 
құралдарының біркелкілігі мен өте қарапайымдалағы байқалады. Балалар
тақырыпты ашуда маңызды фактілерді, қажетті сөздерді іріктей алмайды, 
екіншілік маңызды емес заттарға тоқталып қалады, негізгі мазмұнын 
ұмытады. 
Сөйлеу тілі дамымауының көп түрі кездеседі: мүлдем сөйлемеуден сөйлеу 
тілінің жартылай болмауына дейін. Сөйлеу тілі дамуының жоғарғы 
кезеңдерінде 
байланыстырып 
сөйлеуінде 
қарым-қатынас 
жағдайын 
қиындатқанда, арнайы іріктелген тапсырмаларды орындауда, жазуында 
қиындықтар кезігеді. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысының
жеткіліксіздігі сөйлеу әрекеттерінің кедейлігінде, немесе керісінше көп 
сөйлеуінде, тавтологияда, перефразияларда байқалады. 


261 
Моторлы алалия өзінің белгілері бойынша біркелкі емес: кейде тіл 
құралдарын іріктеу операцияларының, яғни фонематикалық, лексикалық 
және грамматикалық элементтердің қалыптаспауы байқалады, басқа 
жағдайларда айтарлықтай бұзылыс - комбинациялау операцияларының 
қалыптаспауынан болады. Тіл жүйесі бұзылуының біркелкі еместігі 
айқындалады: 
фонематикалық 
немесе 
грамматикалық 
деңгейінің 
қалыптаспауындағы алалия және тіл жүйелерінің барлығының біркелкі 
қалыптаспауындағы алалия. Балалар меңгерген тіл құралдарын сөйлегенде 
іске асыру мүмкіндіктерінде айрмашылықтар байқалады.
Сөйлеу тілі дамымауындағы айырмашылықтарды кейбір авторлар бір 
бұзылыстың әртүрлі деңгейдегі көрінісі деп бағалайды және де олар, бала 
өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтетінін, сол кезеңдердің 
әрқайсысына бұзылыстың көрінісі тән екенін ескеріп, алалияны сөйлеу тілі 
дамымауының деңгейлері бойынша ажыратады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет