Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Араб әрпімен жазуы бар Алтын Орданың Өзбек хан тұсындағы күміс монеталары



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Араб әрпімен жазуы бар Алтын Орданың Өзбек хан тұсындағы күміс монеталары 
(«дәнгі») – мемлекеттегі ислам үстемдігінің белгісі 
 
Орыс тарихшысы Н.Веселовский Өзбек хан туралы «бұл тамаша хан еді, ол 
Ордаға тәртіп орнатты ... Оның билігі тұсында мемлекет өзінің дамуы мен күш 
қуатының ең жоғарғы шегіне жетті» деп жазған болатын. Ханның басқа дін 
өкілдеріне қатысты жекелеген акцияларын жалпы ереже ретінде, яғни ұстанған 
басым саяси бағыты деп түсінбеу керек. Р.Груссе атап өткендей «Өзбек ханның 
магометандық мақсаттары христиандыққа қатысты өзін либералды ұстауына 
кедергі болмады». XXII Папа Иоанн 1338 ж. 13 шілдеде Өзбекке жолдаған 
хатында ханның католиктік миссияларға толерантты қатынасы үшін өзінің 
алғысын білдірді. Жалпы Алтын Орда Өзбек пен Жәнібек кезінде Шығыс пен 
Батыс мемлекеттерімен өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, халықаралық 
сахнада үлкен беделге ие болды. Исламды нығайту саясатын Дешті-Қыпшақта 
Өзбектің ұлы Жәнібек жалғастырды (1342-1357 жж.).
Исламның ықпалымен жерлеу дәстүрінің түбегейлі өзгерісі орын ала 
бастады, мұсылмандық некрополдер пайда болды. Қазақстанның осы бағыттағы 
архитектуралық ескерткіштерінің көпшілігі ХІV-ХVІ ғасырларға жатады, соның 
ішінде Маңғыстаудың әйгілі үңгір мешіттері бар. Кейбір мамандардың пікірі 
бойынша Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешіті Хорезмдегі Өзбек ханның өкілі 
Тоғылық Темірдің қолдауымен салынды (немесе салынып бітуі, жаңарту ісіне 
қатысты). Археологтардың пікірінше Маңғыстау жер асты мешіттерін салу 
инженерлік білімді, көп көлемде жұмыс күшін қажет етті, сондықтан Алтын Орда 
хандарының қаржылық көмегінсіз бұл жалғыз сопылардың қолынан келмейтін іс 
болды.
Бұл кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақта ислам дінінің таралуының негізгі 
ерекшелігі (мысалы, Қарахандар дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда болған ұқсас 


126 
процестерден айырмашылығы) көшпелі-әскери қауымның арасында кең түрде 
таралуында болды; алғаш рет қазақтарға мұра болып қалған далалық ислам 
дәстүрі кең түрде танылып, нығая бастады. Оның дәлелі ретінде мыналарды 
келтіруге болады: Берке мен Өзбектің намаз ғибадатын әскери жарғыға енгізуі; 
киіз үйлерді қозғалмалы мешіттер мен медреселер ретінде пайдалану; жоғарыда 
аталған жерасты мешіттердің жартастарда және мемлекеттің орталық қалалары 
мен оазистерінен алшақ орналасқан жерлерінде салу тәжірибесінің болуы; исламға 
дейінгі мифтік сюжеттер мен мұсылмандық идеалдарының синтезінің пайда 
болуы (эпоста, фольклорда, дәстүрде және т.б.), көшпелі ақсүйектер арасында 
жекелеген мұсылман есімдерінің кең таралуы және т.б.
Осылайша, XIV ғасыр ішінде моңғол шапқыншылығымен тоқтатылған 
исламның таралуы үдерісі қайта жанданып, даму шегіне жетті. Нәтижесінде 
моңғолдар мен ұйғырлар түрік-мұсылман халқымен түбегейлі мәдени сіңісіп, бұл 
синтездің екі өзара байланысты аспектісі байқалды: исламдану мен түркілену. 
Сонымен қатар, мемлекеттің конфессиялық саясатының әлсіреуі кезеңінде діни 
уағыз негізінен өздерінің шын ықыласымен, күш-қуаты мен қасиеті (харизма) 
арқасында зор беделге ие болған сопылық шейхтар күшімен жүзеге асырылды. 
Алтын Орда мемлекеттілігінің құлдырауы мен Еділ өңіріндегі мұсылмандық 
урбанистік өркениеттің дағдарысқа ұшыраған кезеңде Жошы ұлысында көшпелі 
бұқара арасындағы сопылық қауымдастықтардың қызметі XIV ғ. соңы–XV ғ. аса 
кең көлемге жүргізіле бастайды. Сопылықтың ресми емес сипаты көшпелі далада 
XIV ғасырдың 60-80 жылдары орталық биліктің әлсіреуі кезінде ғана емес, 
сонымен қатар алтынордалық қалалардың 1395 ж. қиратылуынан кейін де, одан 
соң Жошы ұлысының ыдырауы дәуірінде де исламның ары қарай сәтті дамуына 
ықпал етіп келді. Көптеген ғалымдар Алтын Ордада Едіге әмірлігі кезінде жаңа 
діни өрлеу болғанын атап өтеді. 
Нумизматикалық материалдарды қарайтын болсақ, XIV ғасырдың соңына 
қарай және XV ғасырдың басында Тоқтамыс, Темір-Құтлұқ, Бек-Кибал, Шәдібек 
пен Болат кезіндегі дирхемдерде дін символы қайта пайда болды. Тоқтамыс 
билігінен кейін (мемлекет тұрғындарының менталитетінде көшпелі түркілік 
компонент күшейгені көрінеді) және әмір Темір әскері мұсылман мәдениетінің 
орталығы болған ірі қалаларды қиратқан соң, тұрғындардың белгілі бөлігі 
бұрынғы діни-наным сенімдеріне қайта оралуы немесе басқа дінді қабылдауы 
ықтимал деп есептейміз. Сондықтан таралған монеталар тұрғындарды, әсіресе 
қала тұрғындарын Аллаға бет бұруларына шақырады. Сол себепті Испан елшісі 
Руи Гонсалес де-Клавихо 1406 ж. әмір Едіге солтүстік мемлекет тұрғындарын 
мұсылмандарға айналдырып жатқанын жазады. Қазақстанда исламның 
таралуының хронологиясы мен кезеңдері – дискуссиялық мәселе, алайда XIV 
ғасырдан соң «исламдану» мәселесі емес, Қазақстандағы исламның кейінгі 
тағдыры, яғни оның дағдарысы, құлдырауы немесе белсенділіктің жаңа 
толқындары сөз болу керек сияқты. 


127 
Бірқатар авторлар исламға дейінгі шамандық жерлеу рәсімдерін XVI-XVII 
ғасырларда ғана апаратынына қарамастан негізінде Қазақстан даласының толық 
исламдануын көптеген археологиялық мәліметтер дәлелдей түседі. XІV ғасырдан 
бастап Алтын Орда территориясында мұсылмандық жерлеу дәстүрі ерекше 
басымдыққа ие болғанын көреміз. XІV ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 
көшпелілердің жерлеу дәстүрінде айқын фундаменталды инновациялар көрініс 
тапты, бұл жаңа дінді әскери-феодалдық ақсүйектердің белгілі тобы ғана емес 
империяның әлеуметі жаппай қабылдағанын дәлелдейді.
Культтік архитектура, көркем өнер дәстүрі аспектісінде XIV ғ. – XV ғ. 
басындағы Қазақстан мен онымен шекаралас аймақтар мәдени мұрасы ерекше 
маңызға ие. Мәселен, XIV ғасырдың соңында Әмір Темір бұйрығымен салынған 
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассуи кесенесі, аймақтық ислам символына, 
ортаазиялық архитектура шедеврына айналып, түркі-мұсылмандардың рухани-
діни белсенділігін арттыруда маңызы зор болды. 
Ұлы даланың түбегейлі исламдануы мен ұлттық дәстүрде осы діннің 
беделінің бекуі Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде бейнеленген: «Өзбек хан 
мұсылман болды және бүкіл халқын мұсылмандыққа бет бұрғызды. Осыдан бері 
халқымыз дінін өзгерткен емес». Ханның белсенді конфессиялық саясатын қазақ 
фольклоры дәлелдей түседі, өзіндік діни ренессанс уақыты болған Өзбек ханның 
билік құрған кезі бейнеленген мақал-мәтелдер, ән-жырлар сақталған (мысалы, 
қазақтар мен ноғайларда кездесетін «Дін Өзбектен қалған» деген мақал). XIV 
ғасырдағы діни реформалар нәтижесінде «Қыпшақ даласында ислам халықтық 
дінге айналды». Көшпелілерге тән діни плюрализм мен шаманизм қалдықтарының 
сақталуы XIV ғ. соңында – XV ғ.-да Орталық Азия ханафи-сүннилік түркі-
мұсылмандарының 
этноконфессионалдық 
қауымдастығы 
бірегейлігінің
қалыптасуына бөгет бола алмады. 
Исламданудың рухани-мәдени және интеллектуалды салдары қатарында 
Алтын Орда кезеңінің мәдени өрлеуін атап өтуге болады. Бұл мемлекеттің 
мәдениеті ислам мен түркі (қыпшақ) тілі негізінде үздіксіз дамыды және ол 
полиэтникалық евразиялық мемлекеттің мәдениетінің іргетасын қалады. 
Қалыптасу орталығы түркі тілді Хорезм болған Алтын Орданың әдеби тілі түркі 
әдеби тілінің дамуының (қарлұқ-қарахан ренессансынан кейінгі кезең) жаңа 
фазасы еді. Діни-мистикалық мазмұндағы шығармалар ерекше мәшһүр болды, 
олардың ішінде ең маңыздыларының бірі XІV ғасырда жазылған «Қисса әл-
әнбийа» Рабғузи.
Түркі-мұсылман ақындар қатарында Құтб, Мұхаммад Хорезми, Сайф Сараи, 
Дұрбек болды. Ал беделді мәдени қайраткерлер ретінде Құтб әд-дин Рази, Садад 
әд-дин ат-Тафтазани, Жәлел әд-дин, Хафиз әд-дин ал-Баззави, Ахмад әл-Ханджари 
есімдері белгілі еді. Қазіргі таңда Алтын Орданың рухани-діни тарихы әлі толық 
жазылып болған жоқ, алайда теологиялық білімнің матурилік ақидасы 
(самарқандық ғұлама Әбу Мансұр Матуриди негізін қалаған теориялық ілім) және 


128 
ханафиттік фикх (Әбу Ханифа мектебі) аймақтарына қазақстандық жолмен
исламның басты орталықтарына Хорезм, Алтын Орда, Қажы-Тархан, Қырым, Кіші 
Азия жерлері арқылы тарағаны белгілі.
Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында Дешті Қыпшақта дін мәселесі ерекше 
маңызға ие болып ислам тақырыбындағы поэмалар (қисса-дастандар) қыпшақ 
даласында 
кең 
таралды. 
Фольклор 
мен 
фольклордың 
төңірегіндегі 
(околофольклорный) әдебиетке Құраннан енген сюжеттер, аңыз-әфсаналар, 
хадистер ене бастады. Алтын Орда дәуіріндегі рухани ренессанс ислам мен 
көшпелі мәдениеттің синтезі ретінде батырлық эпоста көрініс тапқан, оның белгілі 
үлгілері ішінде «Қырымның қырық батыры» жырлар циклы және т.б. көптеген 
шығармалар ғалымдардың пікірінше қыпшақ-ноғай кезеңінде (ХІV-ХVІ ғғ.) 
қалыптасып болған. 
Дегенмен дін мен руханият – аса нәзік материя, сондықтан қоғам мен 
мемлекетте орныққаннан кейін ислам үнемі өзінің бастапқы жоғарғы статусын 
және ықпалын сақтап тұрады деп ойламау керек. Сондықтан, Қазақстан 
тарихының келесі ғасырларында деисламизация (діннің әлсіреуі, шегінуі) орын 
алған болатын. Алайда, қарама-қайшы құбылыстарда ылғи да өзгеріссіз қалып 
отыратын өркениеттік индикатор – ол халықтың исламға байланысты сана-сезімі 
мен өзін-өзі идентификациялауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет