36. Грамтеріс бактериялармен шақырылатын ауруханаішілік инфекциялар.
Грамм әдісімен дифференцирленген бактериялардың сорттарының бірі грам-теріс микроорганизмдер болып табылады. Бактериялардың ерекшелігі, олар зерттеу кезінде күлгін түспейді. Кез келген басқа бактериялар сияқты, олар денеде ұзақ уақыт өмір сүре алмайды, ешқандай көріністерсіз. Грам-теріс микроорганизмдер күшті антибиотиктермен күреседі. Мысалға, мысалы, E Coli және enterococci бактериалы ампициллинмен немесе амоксицилинмен жойылуы мүмкін.
Бруцеллёз - Вгасlla бактериЯсымен қоздырылатьш, зооноздар тобына жататьш, жедел жэне созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі — полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық жэне перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін жэне басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тэрізді үзаққа созылуымен жэне рецидивті ағымымен сипатталады.
Бруцеллез кең таралған инфекция, Барлық елдерде кездеседі, эсіресе мал шаруашылыгы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұнын бір себебі - Қырғызстан жзне Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан багамен сату.
1. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты калалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың түргынға 30,9% жаңа а^фу тіркелсе, оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балалар.
Бруцелла - жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде - 72 күн, суда - 90 күн, құргақ топырақта - 3-4 ай, малдың жүнінде жэне терісінде - 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы - ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. -Ісағатта, 50° температурада - 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° - 10 мин.арсында тіршілігін жояды, кайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2-1% хлорлы эк, 0,5% - лизол, 0,2% - формалин, 1% - креолин) төзімсіз.
Бруцеллаларға құбылмалык тэн: физикалык, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың эсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиетгерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратьш науқастардың бактериологиялык, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар 8- түрінен К-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немеее жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |