Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ______ жылғы «____ » тамыздағы
№ _____бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 113-1-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік "Абай мектептерінің" 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерін дамыту, коммуникативті құзыреттіліктерін жетілдіру, өздігінен және үздіксіз білім алуға жұмылдыру, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің қысқаша курсы арқылы әдебиет пәнін тереңдете оқыту, сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру көзделеді.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Қазақ әдебиеті пәні арқылы қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастырып, білімгерді өз ой-пайымдарын сөйлеу тілі мен жазба тілде еркін жеткізе алу, эстетикалық талғамын, өзіндік дүниетаным мен көзқарасын таныта алу, оқу материалдарын салыстыру, сараптау, бағалай алу дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлауға бағыттау мақсаты көзделеді.
Әдеби және теориялық материалдар оқушының әдеби білім мен дүниетанымын кеңейтуге және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын және көркем тілмен шұрайлы сөйлей алатын, өзіндік ұстанымы бар, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
Білім алушылар әдеби жанрларға интерпретация жасау арқылы шығармашылыққа машықтанады.
4. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман танымы қарастырылып, сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
5. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) көркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін, поэтикалық тілін, сюжеттік-композициялық құрылым жүйесін, образдық, типтік байланысты ұғынып, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін көркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы көркем заңдылықтарды терең танып, көркем шындық пен әдеби шешім, мазмұн мен форма тұтастығын талдап тану;
2) төл әдебиеттің ұлттық сипатын, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, көркем туындының идеялық өзегін түсіну;
3) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, дәстүр сабақтастығын ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын білу, бағалай алу;
4) қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, ұлттық кодты тану, түрлі ұлттар әдебиетіндегі көрнекті үлгілерімен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін ажырата алу;
5) білімгердің заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын қалыптастыру;
6) білімгердің сыни пайымы мен шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиеттің өзекті мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау.
2-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
11-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: «Оқу және түсіну», «Талдау және жинақтау», «Бағалау және шығармашылық өнім», сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Оқу және түсіну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қолданысын түсіну;
шығарма үзінділерімен жұмыс;
шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн;
көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі;
интерпретация (ауызша, жазбаша).
9. «Талдау және жинақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициялық құрылымы;
2) көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер;
3) көркем шығарманың тілі, стилі;
4) көркемдік тәсілдер;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар;
10. «Бағалау және шығармашылық өнім» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
тарихи шындық және көркемдік шешім;
көркемдік құндылығы;
әдеби эссе;
әдеби сын.
11. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) оқу және түсіну: шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу; жекелеген нысандардың (деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; көркем шығарманы өзге жанрда ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.
2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау; шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау; әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту.
3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.
11. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |